Б. С. Абдуллаева м. Е. Жумаев м. М. Султанов



жүктеу 3,62 Mb.
Pdf просмотр
бет29/71
Дата06.01.2020
өлшемі3,62 Mb.
#26003
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71

 
80 
Валихан 16 көшет отырғызды, ал  Мұрат одан 4-еу кем болған көшет 
отырғызды. Барлық көшеттер қанша болды? 
2. Мысалдар 
(12+7)-10            47-(18-7)               52+3=55                           98-46 =52 
3. Салыстырыңыз 
2 дм  * 15 м                        11 см * 1 дм 
Тексерілуі қажет болған БКМ элементтерінің аты және саны: 
1.  Мәселенің шартын дұрыс жазу. 
2.  Мәселенің шешеімін дұрыс жазу. 
3.  Қосындыны табу. 
4.  Белгісіз қосылғышты табу. 
5.  Ұзындық өлшем бірліктерін білу. 
МСБЖ-7 
Тақырып: Екі таңбалы сандарды қосу  және азайту 
Мақсаты: Оқушылардың екі таңбалы сандардың үстінде амалдар бойынша 
білімдерін тексеру. 
Бақылаудың түрі:  Бақылау жұмысы 
1. Мәселе 
Кітап 82 беттен тұрады. Рүстем бірінші күні кітаптың 12 бетін, екінші күні 
7 бетін оқыды. Ол кітаптың және неше бетін оқуы керек? 
2. Мысалдар. 
(16+10)-5              (15+12)-3                    -12=75 
(22-8)+5                (55-5)+12                    +12=48 
3. Берілген фигурада барлығы болып неше үшбұрыш бар? 
Тексерілуі қажет болған БКМ элементтерінің аты және саны: 
1. Мәселенің шартын дұрыс жазу. 
2. Мәселеленің шешімін дұрыс табу. 


 
81 
3. Екі таңбалы сандарды қосу және бір таңбалы санды азайту. 
4. Екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту және сандарды қосу. 
5. Белгісіз қосылғыш пен азайтқышты табу. 
6. Логикалық пікірлеуді  білу. 
МСБЖ-8 
Тақырып:  Таңба  бірліктері. 
Мақсаты: Балалардың абак туралы түсініктерін анықтау. 
Бақылаудың түрі:  Бақылау жұмысы. 
1. Мына сандарды ондық пен бірлікке бөліңіз
50, 54, 65, 83, 98, 76. 
2. Сандарды таңба бірліктерінің қосындысы түрінде өрнектеңіз. 
 96=90+             72+10-                      44=40+ 
55=50+           85+15-                      92=     +    
3. Бір төртбұрыш фигурасында 4 үшбұрышты пайда етіңіз. 
 
Тексерілуі қажет болған БКМ элементтерінің аты және саны: 
1. Ондық пен бірлікті  ажырата  білу. 
2. 100 ішінде екі таңбалы сандарды қосуды білу. 
3. 100 ішінде екі таңбалы сандарды азайтуды білу. 
4. Пікірлеу жылдамдығының көлемін анықтау. 
5. Әдемі жазу.  
 
14-§. Бастауыш сыныптың математика сабақтарындағы 
көрнекіліктің маңызы және оны қолдану 
 
1.  Математиканы оқытуда көрнекіліктің маңызы 
 
Көрнекіліктердің  алуан  көздерін пайдалану  оқушылардың  белсенділігін 
арттырады,  олардың  мұқияттылығын  дамытады.  Оқу  материалдарын  берік 
меңгеруін қамтамасыз етеді және уақытты үнемдеу мүмкіндігін береді. 
Табиғи  пәндерге  қарағанда  математикадан  көрнекілік  пен көрнекіліктің 
көздері  түгелдей  ерекшеленеді.  Табиғат  пәндерінде  заттардың  өзін  ғана 


 
82 
көрсету  мүмкін  болса,  ал  математикада  абстракт  сипатға  ие  болып  жатқан 
оқиғаның өзін көрсету мүмкіндігі өте аз.  
Математикада көрнекілік: 
а) Көрсетіліп жатқан объектілер жиынның элементтері ретінде қаралады, 
олар үстінде кейбір амалдарды орындау мүмкін. Мысалы, оқытушы себеттегі 
алма,  ағаштағы  құстар  жайлы  айтқанда,  алманың  немесе  құстың  қандай 
екеніне тоқталмайды да олардың саны мен сандық қатынасын анықтайды. 
ә)  Ол  немесе  бұл  зат  жөнінде  айтқанда  оның  формасын  немесе  заттың 
мөлшері сандық сипаттауды тексеру мүмкін. Заттардың сандық қатынасын өз 
жағдайында және формаларын көруде көбінесе оқиғаның өзінен пайдалануға 
болмайды. Сондықтан оқытушының алуан түрдегі көрнекілік, бірінші кезекте 
моделдер,  сызбалар  көмек  береді.  Матиематиканы  оқытудың  түрлі 
басқыштарында  және  оның  түрлі  бөлімдерінде,  көрнекілікте  бірдей 
пайдаланудың қажеті жоқ. 
Мысалы,  математиканы  оқытудың  бірінші  басқыштарында  жиынның 
элементтерімен  тұрақты  түрде  байланыс  жасауға  туры  келеді.  Бірақ,  бұл 
көрнекіліктің  рөлі  біртіндеп  азаяды,  оның  орнын  символдар  (цифр,  белгі) 
иелейді.  Ал  мәселелерді  шешуде  көрнекі  ретінде  заттар  мен  олардың 
бейнелері қолданылады. 
Ал  геометрияны  оқытуда  арақыштық  және  фигура  қатынастарының 
көрнекілігі  ретінде  түрлі  моделдер  мен  олардың  бейнелерін  пайдаланады. 
Сонымен қатар оқытудың бірінші басқышында оқушының елестету қабілетін 
нығайту  қажет:  шексіз  түзу  сызық,  сәуле,  бұрыш  және  басқалар  жөніндегі 
елестерін түзу сызықтан басқа моделдермен көрсету мүмкін. 
 
2.Көрнекі құралдарға қойылатын талаптар 
 
Көрнекілік  нәтижелі  болуы  үшін  кейбір  талаптарға  мойынсұну  қажет. 
Көрнекі құралдарға қойылатын жалпы талаптар: мазмұнының ғылымилығы, 
оқу  бағдарламасына  сәйкес  келуі  және  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне 
сай  болуы.  Жасалуы  және  ішкі  көрінісінің  көру  қашықтығына  сәйкестігі, 
орындалуының тазалығы, пайдаланудың жеңілдігі, математиканы түсіндіруге 
пайдалылығы,  т.б.  Математиканы  оқытуда  көрнекілік  көздері  мазмұндық 
тұрғыдан  қарапайым  және  анық  болуы  тиіс.  Бұл  көрнекі  құралдар 
математиканы  оқыту  басқыштарында  рет-ретімен  төмендегідей  етіп 
қолданылады: 
а) айналадағы нәрселер (сынып бөлмесіндегі заттар, өсімдіктер)  
ә) оқушыларға жақсы таныс болған заттардың бейнелері мен суреттері 
б) сол заттардың шартты бейнелері 
в) сызбалар, т.б. 
3.Көрнекі құралдардың түрлері 
Бастауыш  сыныптың  математикасын  оқытуда  алуан  түрлі  көрнекі 
құралдары қолданылады. Олар төмендегідей түрлерге бөлінеді: 


 
83 
а)  айналадағы  предметтер.  Оқушыларға  бірінші  күннен  айналадағы 
заттарды  санау,  қосу,  азайтуда  пайдалану  мүмкін.  Мысалы,  кітап,  дәптер, 
қарандаш, санақ таяқшалары, т.б. 
ә)  бейнелі  көрнекілік  құралдар.  Мұндай  көрнекі  құралдарының  түріне 
оқушыларға  таныс  болған  оқу  кестелері  және  суреттерінен  басқа  құралдар 
кіреді. Мысалы, арифметикалық амалдарды орындауда 10 дана бірдей болған 
шөженің  суреті  салынған  картонды  пайдалану  мүмкін.  Сондай-ақ  мұндай 
көрнекі  құралдардың  түріне  өлшеу  аспаптарының  моделдері  (сағаттың 
стрелкасы, тараз), өлшеу моделі (метр, литр) сияқтылар жатады. 
б)  кестелер:  кесте  деп  белгілі  бір  тәртіпте  қатардағы  жазылған  сан 
немесе  мәтінді  жазуды  айтады.  Онда  материалдардың  бәрін  біріктіретін 
тақырып қойылады. Кестелер қолдануына орай. 
 4 түрге бөлінеді: 
1) білуге; 
2) нұсқау беруге; 
3) жаттығу жасауға; 
4) мәлімет беруге қатысты болады; 
Білуге  тиісті  кестелерге  жаңа  материалдарды  баяндауда  қолданылатын 
және жаңа мәліметтерді өз ішіне алған кестелер жатады. Мұндай кестелерді 
оқушылардың  білімін  байытуда,  жалпыландыру  мақсатында  қайталауда 
пайдалану  мүмкін.  Мұндай  кестелерге  санақ  бірліктерінің  бөлме  және 
сыныптарды  көрсететін,    ұзындықтарын  өлшеу  сияқтылар  кіреді.  Көрсету 
(инструктив) беру кестлері ол немесе бұл амалдарды орындау, мәселе шешу, 
есептеу  біліктілігін  арттыруда  қолданылады.  Мұнда  кестеге  цифрлардың 
қолжазба  үлгісі,  арифметикалық  амалдардың  орындалу  тәртібін  көрсететін 
кестелер мысал бола алады. 
Жаттығу 
жасау 
кестелері 
есептеу 
біліктілігін 
қалыптастыру 
мақсатындағы    көптген  жаттығуларды  орындауға  арналған.  Оларға  аузша 
есептеуде қолданылатын төмендегі кестелерді мысал етіп алуға болады. Қосу 
және көбейту (Пифагор) кестелері. 
Мәліметтер  кестесі  оқушылардың  мысал  және  мәселелерді  шешуде 
қажет болған материалдарды өз ішіне алады. Мұндай кестеге метрлі өлшем 
бірліктерінің кестесі, уақытты өлшеу кестелері мысал болады. 
в)  есептеу  құрылғылары.  Мұндай  көрнекі  кұралдарының  түріне  шот, 
абак,  арифметикалық  құты  және  компьютер,  микрокалькулиятор  жатады. 
Абак немесе есептеу таяқшалары көбінесе қолдан жасалады. Олар бірліктер, 
ондықтар,  жүздіктер  болуы  үшін  әртүрлі  реңде  боялады.  Арифметикалық 
жәшік  куб  формасында  жасалып,  екі  жағы  ашылатын  болады.  Ол  көп 
мөлшердегі есептеу материалын өз ішіне алады: Ағаш куб, квадрат тақта, т.б. 
Куб, тақтадан және номерлеуді және санауды оқытуда пайдалану мүмкін. 
г)  өлшеу  құрылғылары.  Өлшеу  құрылғылары  оқыту  процесінде  екі 
жақтама:  1)  практикалық  мазмұндағы  мәселелерді  шешу  және  түрлі 
жұмыстардағы байланыс пен өлшем бірліктерін оқытуда көмекші көрнекілік 
құрал ретінде қолданылады. 


жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау