84
Бастауыш сыныптарда ұзындық, масса (салмақ), көлем, аудан өлшеу
құрылғылары қолданылады және негізгі өлшеу жұмыстарын атқарады.
Өлшеу құрылғыларына төмендегілер жатады:
1) сызғыш, үшбұрыш, метрлі сызғыш, өлшеу циркулы;
2) таразы (тастарымен) циферблатты тараз;
3) литрлі және жарты литрлі ыдыстар.
4) цифербалат;
5) палетка;
6) сынып циркулы.
Математикада дидактикалық материалдар: 1) предметке тиісті
дидактикалық материал; 2) математикалық жаттығулы (бағдарламалы)
түрдегі дидактикалық материалдар болуы мүмкін.
Предаметті дидактикалық материалдарға есеп қаламы, алуан түрдегі
геометриялық фигуралардың жиынтығы, т.б. жатады. Математикалық
жаттығу карточка материалы оқушылардың индивидуал ерекшелігіне
арналып, көбірек жаттығу орындауды қамтиды.
Сынып тақтасындағы жазу, сызба және схемалар көрнекіліктің бір көзі
ретінде пайдаланылады.
Сызба мен схемаларды зат және оқиғаның белгілерін, маңызын көрсету
түрінде пайдаланылады. Сызба мен схемалар арқылы мәселенің мазмұнын
түсіндіру, предмет және оқиғалар арасындағы байланысты көрсету мүмкін.
Суреттерді шартты белігілермен ауыстыру, әдетте төртбұрыш және
жолақшаны кесінділермен ауыстыру арқылы схеманы түзуде пайдалану
мүмкін.
Мысалы, графикалық иллюстрацияның түрінен бірі диаграмма саналады.
Диаграммалар нүктелердің арасындағы байланысты көрсету түрі болып,
оқушылардың
төртбұрышты
координата
жүйесі
және
функция,
графиктардың негізгі бастапқы түсініктерімен таныстыру болып табылады.
4. Оқушылармен көрнекі құралдар дайындау
Көптеген көрнекі құралдарды: кестелер, моделдер, индивидуал
пайдалану үшін абак, палетка, есептеу материалдары, таратпалы
материалдардың кейбір түрлері және басқаларын оқушылардың өздері жасау
мүмкін.
Әрбір көрнекі құралдарды дайындау оқушылардың қызығуын оятып,
оқушыда математикалық жүйені білуге деген ынтасы пайда болады. Ал бұл
оқу материалын жақсы түсінуге және меңгеруге алып келеді. Көрнекі
құралдарды дайындау процесінде предмет аралық байланысты жүзеге
шығару мүмкін: біріншіден оқушылар өздерінің математикалық білім мен
біліктіліктерін (есептеу, өлшеу, сызу) қолданады, екіншіден еңбек сабағында
пайдаланады. Оқушылар математикадан дайындаған көрнекі құралдарға
мысал келтіреміз және оларды жасау жөнінде қысқаша көрнекі беріледі.
Геометриялық фигура, қағаздағы суреттер тағы басқа предметтер
қағаздан немесе кардоннан жасалуы мүмкін. Оларды көбейтуде карточка
немесе резинаны пайдалану мүмкін.
85
Индивидуал пайдаланатын абак
жүздік ондық бірлік
Мысалы фигурада 342 суреттелген
Қозғалушы стрелкалы сағат циферблатының моделі
Дөңгелек сызып, оны оқушылар сағатты көрсетіп тұрғанын анық көре
алатындай етіп бөлу қажет. Бірақ бастауыш сыныптың оқушылары
дөңгелекті тең 12-ге бөлінуін білмейді. Сондықтан кардоннан 10-12 см
диаметрлі шеңбер формасында қалып жасалып, оны 12 тең бөлікке бөлініп,
ортасынада азғана тесік қалдыру қажет. Бұл қалыптың көмегімен әр оқушы
өзінің кардон қағазына сиферблат контурын жасап алады. Студенттер мұны
еңбек сабағында орындайды.
Оқытушының көрнекілігімен оқушылар қазықтар дайындайды. Бұл
моделдерді пайдаланып, сыныптан тыс сабақтарда мысалы, түзу сызық және
тіктөртбұрыш жасау мүмкін.
Ұсынатын кестелер, схемалар, диаграммалар
Бұндай көрнекіліктерді дайындау үшін ескі кітап, журнал, күнтізбенің
суреттерін пайдалану мүмкін. Суреттер үлкендеу қағаздарға жабыстырылып,
қажетті сызық және сандармен толтырылады. Сандарды бейнелеу үшін
сандар ескі күнтізбеден қырқып алынады.
5.Оқулық пен оқу қолданбаларының маңызы
Математика оқулығы бастауыш сыныптың мектеп бағдарламасымен
байланысты түрде жасалады және әр сынып үшін арнайы түзіледі.
Оқулық бастауыш математика курсының негізгі мазмұнын анық жүйеде
түсінікті етіп, баяндалатын кітап. Оқулықтың негізгі міндеті оқушылардың
еркін білім алуында, сабақта алған білімін дамытыу және тереңдетуде көмек
беретін басты құрал болып табылады. Оқулық мазмұны орташа оқитын
оқушының меңгеру дәрежесіне сай түрде түзіледі. Қабілетті балаларға
сабақтан басқа күрделірек түзілген оқу қолданбаларын пайдалануға туры
келеді.
Оқулықта ең алдымен теориялық материал, кейін оған байланысты
болған практикалық материал орын алады. Бұдан басқа жаттығулар жүйесі
де берілген, олар оқушылардың білімін нығайтуда және дамытуда үлкен рөл
ойнайды.
Сабақтан тыс оқытушылар үшін қолданбалар да жасалған, оқытушы
одан сабақтың нәтижелілігін арттыруда пайдаланады. Мысалы, мәселелердің
жиынтығы методикалық және оқушылармен индивидуал түрде жұмыс
жүргізу үшін қолданбалар ұсынылады.
Оқытушыларға көмек ретінде көптеген қосымша қолданбалар және
журналдар басылады. Бұлар сабақты өткізуге тиісті методикалық ұсыныстар,
тестер жинағы, қабілетті балалар үшін мәселелердің жиынтығы, индивидуал
86
және топпен жұмыс істеу үшін дидактикалық жиынтықтар, методикалық
журналдар болып табылады.
6. Оқулық және бағдарламаның өзара сәйкестігі
Оқулық математиканы оқытуда оқу процесін қамтамасыз етудің негізгі
құралы болып қызмет етеді және мемлекеттік бағдарламаға сәйкестендіріліп
түзілген болады.
Оқулық оқытушыға өзінің жұмысын рационал түрде жоспарлауға көмек
береді. Өйткені ол кез келген тақрыптың оқу материалын нығайтуды ашып
береді, материалды үйрену үшін дайындықты өз уақытында қамтиды,
сондай-ақ бұрын өтілген материалды жүйелі түрде және үздіксіз дамытудың,
қайталаудың көзі болып табылады.
Оқулықтың мазмұынына енетін сұрақтар бағдарламада берілген болуы
тиіс. Оқулықтың басты ерекшелігі бағларламаның талабын ашуы, оны
тиянақтытеуі, бағдарламада берілген сұрақтар қай деңгейде қаралуын өзінде
көрсетуі керек.
Мысалы, 2-сыныптың бағдарламасында “теңдей екі бөлікке бөлу және
мазмұны бойынша бөлу, оны жалпыландыру” деген тақырыптың оқулықта
берілуін алсақ, оны баяндауда кішігірім қатеге жол беру мүмкін. Оқытушы
бұл тақырыптың мазмұнын мұқият түсінбесе, оқушыларға тақырыпта
берілген екі жағдайды: теңдей екі бөлікке бөлу және мазмұны бойынша бөлу
сұрақтарын дұрыс түсіндіре алмаған болады. Көп сандағы мысалдарды шешу
арқылы да сандарды теңдей екіге бөлудегі пікірлерді түсіндіре алмауы
мүмкін.
Шынында да оқулықта мәселелер шешілуінің мұндай түрлеріне арнаулы
бөлім ажыратылмаған, еш жерде бұған ұқсас сұрақ пен міндеттер ажыратып
көрсетілмеген.
IV сыныптың бағдарламасынан тағы бір мысал келтірейік. Бағдарламада
“миллиондар сыныбының ішінде жазбаша немесе ауызша номерлеу” деген
тақырып бар. Бірақ бұл тақырыпқа алуан түрдегі сұрақтардың жиынтығы
кіреді. IV сыныптың оқушылармен жұмыс жүргізуде қайсы сұрақтардың
негізгі болуы, қайсылары жол-жөнекей қосылып түсіндірілуі, қайсы
сұрақтардың негізгі орнын иелеу қажеттігін оқулық көрсетіп беруі қажет.
Сондай-ақ, оқулық бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың
мазмұнын бағдарламаның талабына орай анықтайды.
Оқулық көбінесе бағдарламадағы арнаулы сұрақтарды оқытудың ретін
анықтайды, бағдарламаның талабымен түзіледі.
Ал, бағдарлама курстың құрылым жүйесін толығымен ашып береді
(негізгі тақырыптарды оқу және бөлу), кейде тақырыптардың ішінде
орналасу жүйесін көрсетеді. Бірақ бағдарлама әр тақырыптың оқыту
методикасын ашуын көрсетпейді, себебі олардың мазмұны оқулықта
баяндалады.
Мысалы, 1-сынып бьағдарламасында “10 ішінде қосу кестесі, 10 ішінде
азайту”, деп атап жалпыланған бақыт берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |