«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға



жүктеу 67,21 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі67,21 Kb.
#1022
түріКонкурс





«Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Саран қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ –нің

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға

осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында

ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-R-3 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
C-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;



жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

С-R-3

96607

129920

С-R-4

73288

99105


«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Саран қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ (101202, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі   33, анықтама телефоны: 8(72137-76819), электрондық мекен-жайы: iahmetbekov@srn.taxkrg.mgd.kz, I.Ahmetbekov@kgd.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы (С-R-3-санаты,
1 бірлік, СТЖЖБ-1-1).

Функционалдық міндеттері: бөлім жұмысына жедел басшылық ету, салық кодексінің қалпын сақтау, қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкес мемлекеттің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, салық төлеушілердің құқығын сақтау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, қосылған қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды, Салық Кодексінің 45, 46, 47,48 баптарына сәйкес уақытында орындалмаған салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бақылау. Бөлім жұмысын, қол астындағы қызметкерлердің жұмыстарын бақылау. Жүктелген тапсырмалардың уақытында, сапалы орындалуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша білім. Қаржы және салық салу саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

2. Мәжбүрлеп өндіріп алу және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы-заңгер (санаты C-R-4, 1 бірлік, №МӨАжҰЖБ-1-3).



Функционалдық міндеттері: сотта және салық төлеушілер мен салық органының арасындағы айтыс-тартысты қарастыратын басқа органдарда МКБ басқармасының мүддесін ұсыну, кінәрат-талап қою жұмыстарын жүргізу. Өндірістегі әкімшілік істерді есепке алу және сақтау; Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысына ұсынылатын әкімшілік құқық бұзу туралы құжаттарды заң талаптарына сәйкестігін тексеру; әкімшілік практиканы қорытындылау, айыппұл салынған туралы әкімшілік қаулылардың орындалуын бақылау; салық салуға қатысты басшылық құжаттарды орындау мәселесі бойынша басқа бөлімдермен өз-ара жұмыс жүргізу. Берешектері бар шаруашылық субъектілерге сот ретінде, соттан тыс, 94 б. сәйкес жоқ борышқор ретінде банкроттық тәртіпке ынтагерлік білдіруге материалдар байындау.Несиегерлер комтетінде салық басқармасының мүддесін ұсыну.Конкурстық өндірістің барысын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғарғы білім. Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Қаржы және салық салу саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті органмен бекітілген нысан бойынша өтініш; персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) өкілетті органның және мемлекеттік органның интернет-ресурстарында ішкі конкурстың жүргізілуі туралы хабарландырудың жарияланған соңғы күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде табыс етілуі тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды азаматтар өздері әкеліп тапсыра алады, немесе хабарландыруда көрсетілген Үкіметтің «Е-gov» электронды порталына немесе «Е-қызмет» интеграцияланған ақпарттық жүйесіне электрондық пошта болмаса пошта арқылы жіберген азаматтар (құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.)

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Саран қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-де Саран қаласы, Жеңіс көшесі   33 мекен-жайында өтеді. Конкурсқа қатысушыларға шығыс қаражаттары төленбейді, тұрғын-жай және жеңілдіктер көрсетілмейді.

Конкурстік комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қаматамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурстік комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшылар ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметшілері болып табылмайтын, конкурс жарияланған лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес салада тәжірибесі бар тұлғалар, сонымен қатар персоналды таңдау және дамыту бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және маслихат депутаттары қатыса алады.



Конкурсқа қатысушылар және кандидаттар конкурс комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда өкілетті органға, аймақтық бөлімшесіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағымдана алады.


жүктеу 67,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау