Б. К. Копжасаров «Өсімдік коргау жоне карантин» кафедрасынын



жүктеу 16,49 Mb.
Pdf просмотр
бет153/190
Дата01.10.2023
өлшемі16,49 Mb.
#43615
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   190
2b0936db-98be-4c50-b1dc-5b5d01e6f4e9

Платигастера
деп аталатын паразит жүмыртқаларын 
гессен
іиыбыны
дернәсілдерің асказанына, ал 
трихациса
деп аталатын 
паразит сол шыбын дернәсілдерін нерв бағанасына салады.
Жарғақ қанатты эндопаразиттердің көпшілігі иесінің ішкі 
қуысында (немесе жүмыртқаның ішінде) қуыршақтанып, ересек 
бөжекге айналады да, одан соң оның тері қабын кеміріп, тесіп 
сыртқа 
шығады. 
Ал 
эндопаразиттердің 
кейбір 
түрлерінің 
дернәсілдері, 
мысалы, 
қырыққабат 
ақ 
көбелегінің 
паразиті 
апантелес
қоректенуін және дамуын тоқтатқан соң иесінің терісін 
бұзып, сыртқа шығады да, соның маңайында қуыршаққа айналады. 
Дернәсіл ішінен шыққан соң паразиттің иесі өліп қалады.
ГІаразиттік тіршілік ететін тахин шыбындардың дернәсілдері 
ислерінің ішіпде қуыршаққа айналады немесе олардың терісін 
бүзып, сыртқа шығады да топыраққа еніп, сонда қуыршақтанады. 
Паразиттердің ересектері еркін өмір сүреді. Олар гүл шырынын,
321


өсімдіктердің шырын сүйық заттарын, шық тамшыларын және 
иелерінің денесінен бөліл шығатын сүйык заттарды сорып 
коректенеді. Ал кокцидтердің паразиттері 
коккофагустар
мен 
афитистер
көмірсуларды 
шырындармен 
қоса 
иелерінің 
гемолимфасын 
жалап 
қоректенеді. 
Паразиттер 
ересектерінің 
тіршілігінде қосымша көмірсулармен қоректенудің маңызы өте зор. 
Паразиттердің кейбір түрлерінің, мысалы, алма және жеміс күйелері 
көбелектерінің паразмті 
агениаспистің,
алгаш үшып шыққанда пісіп 
жетілетін жүмыртқаларының саны өте аз болады. Оларды 2-3 күн 
ішінде-ақ салып бітіреді. Бірак шырынмен қоректенген соң оның 
өмірі 30-40 күнге дейін созылып. өсімталдыгы арта түседі. Ал баска 
паразиттер. 
мысалы 
тахин 
шыбындарының 
кейбіреулері, 
қоректенбейінше жүмыртқалары пісіп жетілмейді олар гүлді 
өсімдіктердің шырындарымен қоректенуді керек етеді. Кейбір 
паразиттер, мысалы, 
трихограмманың
жыныс өнімі 
иесінің 
жұмыртқасын тесіп сыртқа шыққан кезде-ақ пісіп жетілген күйде 
болады. Сондықтан олар жүмыртка қорының көпшілігін бірінші 
күні-ақ салып үлгереді. Бірақ қоректенген соң олардың өмірі 
үзарады, қоректенбей аш түргандарына Караганда жұмыртканы 
көбірек салады. Паразиттердің ересектерінде өз иелерін тез іздеп 
тауып 
алу 
қасиеті 
өте 
маңызды. 
Олардың 
аналықтары 
жұмырткаларын салу үшін иесінің мүшелерін тез тауып алады. 
Онымен коса кейбір паразиттер әуелі жасырын тіршілік ететін 
иелерін де тез тауып алады. Мысалы, дән сүр көбелегінің паразиті 
менискус
дәндерінің ішінде көбелектіц жүлдызкүрттар бар масакты 
сыртынан 
жүмыртқа 
салғыш 
аппаратымен 
түйреп. 
өзінің 
жұмырткаларын жұлдызкұрттардың денесіне салады.
Ал 
лариофагус
деп аталатын паразит 
ңамба бізтүмсық
коңызыныц (Calandra granaria L) дернәсілдерін астықтың калың 
кабатынан іздеп тауып алып, оларды залалдайды. ІІаразиттік 
тіршілік ететін бөжектер 
алгашцы
және 
үстеме
немесе 
соңгы
паразиттер болып екі топка бөлінеді. Өсімдік қоректі бөжектерді 
мекендеп, олардың есебінде тіршілік ететін паразиттерді 
алгаиіқы
паразиттер дейді. Ал осы алғашкы паразиттердің дернәсілдерін. 
қуыршактарын (олар иесінің ішінде жатқан күйде) мекендеп, 
солардың есебінде тіршілік ететін паразиттерді үстеме немесе 
соцгы
паразиттер деп атайды. Үстеме паразиттердің аналыгы жүмыртқа 
салгышымен өсімдік коректі дернәсілдің денесін түйреп, өзінің
322


жұмыртқаларын іште жатқан алғашқы паразиттің дернәсіліне 
салады. 
Одан 
да 
үстеме 
паразиттің дернәсілдері 
алғашқы 
паразиттердің дернәсілдерімен қоректеніп, акырында оларды бірте- 
бірте әлсіретіп барып өлтіреді. Мысалы, 
цераптероцерус
деп 
аталатын үстеме паразит алқоры жалган қалқаншасының тиімді 
алғашқы паразиті қола түсті 
дискодесаныц
70% залалдап қүртады.
Осыган орай 
цераптероцерус
көп болатын жерде алқоры 
жалган 
қалқаншасы ешбір кедергісіз өсіп-өнеді. 
Сондықтан 
алғашқы 
паразиттер 
қаншалықты 
пайдалы
болса, 
үстеме 
паразиттер соншалықты 
зиянды
болады. Үстеме паразиттерді жете 
білудің тәжірмбеде маңызы өте зор. Биологиялық күресу тәсілін 
жүзеге асыру үшін алгашқы паразиттерді қоныстандыру кезінде 
олармен қоса үстеме паразиттерді апармаудың қамын жасау керек.
Тәжірибеде қосымша паразитизмнің, ягни өсімдік қоректі 
бөжектердің біреуін бір мезгілде әр түрге жататын екі паразиттің 
залалдауының да маңызы өте зор. 
Қосымиіа паразитизм
туралы 
көптеген мысалдар келтіруге болады. Біз солардың біреуі сыңар 
жібек көбелектің жүлдызқүрттардың басты паразиті -
апантелес
жаргақ 
қанатты 
бөжек. 
Сонымен 
қатар 
бұл 
көбелектің 
жүлдызқүрттарын 
апантелес
залалданган кезде оларды тахина 
тұқымдасына жататын 
фороцера
деген шыбын да залалдайды.
Қосымиіа паразитизм
кезінде мынадай жагдайлар болуы 
мүмкін. Бір жағдайда бүрын шыққан дернәсіл соңғы дернәсілді 
қүртады; екінші жағдайда ие-бөжек алгашқы паразмттің әрекеті 
салдарынан өледі, ал сонымен коса соңғы паразит қүриды; үшінші 
бір жагдайда ие-бөжекнің әлсіреуіне байланысты екі паразит те 
өледі. Кейбір жагдайда екеуі де тірі қалуы мүмкін. Қосымша 
паразитизмде бір паразиттің екінші паразитті 
ыгыстырып шыгару
оқиғасына мынадай бір мысал келтіруге болады. Калифорнияга 
цитрус агашының қауіпті знянкесі 
ац үнтацты сымырмен
күресу 
үшін Аустралиядан 
тетракнемус
жэне 
коккофагус
деп аталатын екі 
паразитті әкелген болатын. Алгашында 
тетракнемус
жақсы нәтиже 
берген, 
бірақ 
соңынан 
оны 
коккофугустыц
ыгыстырып
шыгаргандагы байқалган.
Энтомофагтар 
өздерінің 
иелерін 
залалдауға 
мамандану 
дәрежесіне 
байланысты 
монофагтар, 
полифагтар
және
олигофагтар
болып 3 түрлі биологиялық топтарға бөлінеді. 
Монофагтар
бір немесе екі түрге жататын бөжектерді, полифагтар
323


бөжектердің әртүрлі топтары өкілдерін, ал олигофагтар бір 
түқымдаска жататын бірнеше түрлерді залалдайды.
Энтомофагтардың 
иелеріне 
мамандану 
дәрежесі 
мына 
жағдайларға тэуелді болады: 1) негізгі иесінің даму кезеңіне 
энтомофагтың даму кезецінің үйлесімді болып келуі; 2) энтомофаг 
пен оның иесінің сыртқы орта жагдайларына қоятын талаптарының 
үқсас болуы; 3) энтомофагтың иесінің организмінде тіршілік етуге 
бейімделуі және т.б. Әнтомофагтардың тиімділігі олардың ие- 
бөжектерді залалдауға мамандалу дәрежесіне байланысты. Мысалы. 
алма агашының аса қауіпті зиянкесі қан бітесінің өте жақсы 
мамандалган 
паразиті 
афелинус
иесінің 
өсіп-өнуін 
басқа 
факторлардың көмегінсіз-ақ тежей алады. Энтомофагтардың ішінде 
олигофагтарда зиянкес бөжектердің сан мөлшерінің көбейіп кетуіне 
жол бермей, олардың қаулап өсіп-өнуін тежей алады.
Воронеж қорығында паразит бөжектер жапырақты орман 
ағаштарының кауіпті зиянкесі 
сыңар көбелектің
жаппай өсіп-өнуін 
дер кезінде тежеген болатын. Солардың ішіндегі негізгісі жарғақ 
к,аналъ\пард,ан-апаителестер,
ал паразит-шыбындардан орман 
фороцерасы
мен қалқанша 
блефариподасы
болды.
Қазақстанның 
солтүстігінде 
дэнді 
дақылдардың, 
әсіресе 
бидайдың, басты зиянкесі дәннің сүр көбелегінің жаппай өсіп-өнуін 
тежеуде басты рөльді энтомофагтар атқарады. Олардың ішінде ен 
негізгілері мыналар: жаргак қанаттылар отядынан 
менискус
,
қосқанаттылар топынан 
изомера
мен 
maxima.
Краснодар өлкесінің оңтүстігінде 
кокцинеллида
тұқымдасына 
жататын жыртқыш қоңыз 
хилокорус
- калифорния қалқаншасының 
90-95% жойғаны мәлім. Энтомофагтардың осындай айтылған 
пайдалы әрекеттері туралы көптеген мысалдар келтіруге болады.
Тапсырма:
Әнтомофагтардың 
қысқаша 
биологиясына
конспект жасап. сурет дэптерге суреттерін салу.
Баңылау сүрацтары:
1. 
Энтомофагтар өздерінің иелерін залалдау дәрежесіне 
байланысты нешеге бөлінеді және қандай?
2. Паразиттік тіршілік ететін бөжектер неше топқа бөлінеді?
3. Эндопаразиттің тіршілік ету жолдары?
324



жүктеу 16,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   190




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау