Компьютердің негізгі құраушыларын жөндеу және ақауларын анықтаудың айырмашылығын салыстырыңыз
Диагностикалық (кейде сараптама жасап, ақауларды іздеу бағдарламалары деп те атайды) бағдарламаларға келсек, бірінші орында Everest Ultimate Edition бағдарламасы, ал екінші орында - PC Wizard 2008.
Кейде компьютерді қосқан кезде экраннан ештеңе көрмеуі және естілмеуі мүмкін. Бұл жүйелік динамиктің қосылмағанын әлде жүйелік тақшаның ақаулығын білдіреді. Бірінші жағдайда, оның ақаулығын тексеру оңай, ал екінші жағдайда жүйелік тақшаны, тіпті оның басқа да құраушыларын, яғни онда орнатылған – жедел жады, процессор және т.б. ауыстыру қажет.
Жүйелік динамикті тексеру
Мысалы, бейнекарта аздап слоттан шығып қалса, жүйелік динамик қосылмағандықтан бұл туралы хабарлай алмайды. Мұны жасау үшін жүйелік тақшада арнайы байланыстар болады: RESET, HDD-LED, POWER және т.б. Олар тақшаның кез келген жерінде орналасуы мүмкін, бірақ бұл байланыстар бірге орналасады, сондай –ақ оларды табу қиын емес. Осы байланыстардың атаулары ағытпа тобында жазбалары болады, әдетте олар жүйелік блоктың алдыңғы тақтасының батырмаларымен жалғаулы. Динамикті қосуға арналған пластикалық ағытпа төрт байланысқа сай келетін болады, бірақ тек екеуі ғана қолданылады. Ағытпалар қосылғанын және сондай–ақ олардың сенімді бекітілгеніне көз жеткізу қажет. Егерде ағытпаға, компьютерді қосуға арналған байланыс сәйкес жалғаспаса, ақауды байқау қиын. Егер POST бағдарламасы ешқандай дыбыстық сигнал бермей, монитордің экраны қара күйінде қалса, ал сыртқы байқауын жүргізуі еш нәтиже көрсетпесе, тығырықтан шығудың бір амалы - BIOS параметрін босатып көру.
Ал оны жасаудың екі амалы бар:
1. CMOS-жадын қоректендіретін аккумуляторлық батареяны алу керек. Ол үшін батареяның орнын ұстайтын қысқышты жанына итеріп алу қажет. Әдетте CMOS жадын параметрін тазарту үшін 1-2 секунд жетерлік. Кейін батареяны қайта орнына қою керек.
2. Жүйелік тақшадан арнайы Enable әлде On жағдайы бар маңдайшаны табу керек. Ол CMOS жадының параметрлерін босатады. Бұл үшін жүйелік тақшаның құжаттамасын қарау қажет.
Осы әрекеттерден кейін, қолданушының берілген ұсыныстары жойылып BIOS-қа үнсіздік келісім бойынша берілген конфигурациясы жүктеледі.
Мәселелерді шешу жолдары
Мәселелерді шешу жолдары компьютердің ақауларына қарай әр-түрлі тәсілдермен іске асады, дегенмен 70%-да кездесетін мәселелерді қарапайым жолдармен шешуге болады.
Компьютер іске қосылмайды.
1. Компьютердің артқы тақтасындағы және монитордағы ажыратқыштың іске қосылғанын тексеру.
2. Монитор және компьютердің қоректендіргіш кабельдерінің қосылғанын тексеру.
Компьютерді іске қосқанда жүйелік блокпен монитордың индикаторы жанады, бірақ мониторда бейне жоқ. Жүктеу процессінде компьютер қысқа дыбысты сигнал береді.
Достарыңызбен бөлісу: |