Run (жүгіру) — ran — run
Play (ойнау) — played — played
Көмекші етістіктер (auxiliary verbs) ретінде әдетте be, can, do, may, must, ought, shall, will, have, has, had етістіктердің формалары келеді. Бұл етістіктер мен олардың формаларына ерекше назар аудару керек.
2 Ағылшын және қазақ тілдерінің шақ категорияларын салыстырмалы тұрғыда зерттеу
2.1 Көркем мәтіндегі сөйлемдерді Past Simple және Present Perfect шақтарымен аудар кезіндегі кездесетін қиындықтар
Ағылшын және қазақ тілдерінің шақ категорияларын салыстырмалы тұрғыда теориялық сипаттама беру арқылы, зерттеу барысында ең алдымен қазақ тіліндегі «шақ» сөзінің мағынасын тереңінен ашып крсете алдық. Сонымен шақ - іс – әрекеттің өткенде болған, қазір, келешекте жүзеге асатын т.б. мезгіл мерзімін білдіретін етістік категориясы. Етістіктің үш – осы шақ, өткен шақ, келер шағы бар. Әр шақтың нақтылы, жалпылама түрлері болады. Олар белгілі жұрнақтар қосылып жасалады.Ғалым Е.М.Арынның еңбектеріне сүйене отырып «Шақ» сөзін зерттей келе «Шақ категориясы» деген ұғымның пайда болғанын аңғардық. [8,367].
Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы, басқа да категориялар сияқты, бірте - бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқан, өзіне лайық орныққан жүйесі бар аса бай грамматикалық категория. Әдетте, шақтың мазмұны, соған лайық, формалары мен қызметтері адамның сөйлеп я сөйлесіп отырған кезіне байланыстырыла айқындалады. Өйткені амал я әрекет, қимыл я қозғалыс тәрізді үрдістердің қай - қайсысы болсын не сөйлесіп отырған уақытқа дейін істеліп тынған, не сол сөйлесіп отырған уақытта істеліп жатқан (әлі тынбаған), не сөйлесіп отырған уақыттан кейін істелінбекші амалдар есебінде қабылданады (оқыдым; оқып отырмын, оқымақшымын).
Бірақ шақтарды бір - бірінен ажыратуда қиыншылықтар бар. Ол қиыншылықтыр, бір жағынан, шақ мазмұнының бір - бірімен ұштастығымен, соған орай, шақ формаларының бір - бірінен жіктері ашылмағандығымен байланысты болса, екінші жағынан, шақ категориясымен рай категориясының бір-бірінен мазмұн шегі де ажыратылмағандығымен байланысты [9,322].
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың мезгілі, шақтық мағынасы
төмендегідей болады:
Үнемі қайталанып, дағдыға айналған іс - қимыл, сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл, іс – әрекет
Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс - әрекет.
Сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін болуға тиісті қимыл - іс - әрекеттер. Мысалы, Өнер, білім бар жұрттар тастан сарай салғызды (Алтынсарин). Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі (Абай) Енді бүгін қарасам, Айналам бақыт кең жатыр. Бірімен - бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр (Жамбыл). Бұл сөйлемдердегі қалмайды, құлпырар, жатыр етістіктері мезгіл (шақ) мағынасын білдіруі жағынан бірдей емес. Салғызды деген салғызу қимылының сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткенін білдірсе, қалмайды құлпырар етістіктері қалмау, құлпыру қимылдарының әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын, ал жатыр етістігі бұл қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып отырғанын білдіріп тұр.
Мерзімдік мәнді білдіретін сөздердің бәрі бірдей шақ мәнін білдіре бермейді. Мысалы, Ертеңгі елдің қамын ойлайтын азаматтарымыз азып - тозғанын көрген қария қатты күрсініп, үлкен ойға кетті. («Ана тілі») деген сөйлемде ертеңгі сөзі мезгілдік мән білдірсе де, оларда шақтық қасиет жоқ. Бұл сөзде шақтық мағынаны білдіріп тұратын грамматикалық мағына жоқ. Демек, шақтық мағына сөздің жалпы мағынасынан ғана көрінбейді, ол мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық тұлға болу керек.
Сонымен, сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі. Соған сәйкес етістіктің шақ түрі де - үшеу. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ білдіреді. Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы жақтық мағына беріледі.
Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше, және арнайы шақ жұрнақтарына) кейін жалғанады. Күрделі етістікке жіктік жалғау оның құрамындағы көмекші етістікке жалғаанады. Қазіргі қазақ тілінде шақ категориясы мофологиялық белгісіне, шақтық мағынасына қарай өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып үшке бөлінеді.
Ағылшын тілінің қазақ тілінен өзгешелігі етістіктің шақтары төрт топқа бөлінеді:
Simple Tenses - Жалпы (белгісіз) шақтар тобы.
Progressive (Continious) Tenses - Созылыңқы шақтар тобы.
Perfect Tenses - Аяқталған шақтар тобы.
Perfect progressive (Continiuos) Tenses - Аяқталған созылыңқы шақтар тобы.
Simple Tenses - Жалпы (белгісіз) шақтар тобы үш шаққа бөлінеді:
The Present IndefiniteTense немесе The present Simple Tense - Жалпы (белгісіз) осы шақ.
The Past Indefinite (Simple) Tense - Жалпы (белгісіз) өткен шақ.
The Future Indefinite (Simple) Tense - Жалпы (белгісіз) келер шақ.
Progressive (Continious) Tenses - Созылыңқы шақтар тобы үш шаққа бөлінеді:
The Present Progressive Tense – Созылыңқы (Нақ) осы шақ.
The Past Progressive Tense - Созылыңқы өткен шақ.
The Future Progressive Tense - Созылыңқы келер шақ.
Perfect Tenses - Аяқталған шақтар тобы үш шаққа бөлінеді:
The Present Perfect Tense – Аяқталған осы шақ.
The Past Perfect Tense – Аяқталған өткен шақ.
The Future Perfect Tense – Аяқталған келер шақ.
IV. Perfect progressive (Continiuos) Tenses - Аяқталған созылыңқы шақтар тобы үш шаққа бөлінеді:
The Present Perfect Progressive Tense - Аяқталған созылыңқы осы шақ.
The Past Perfect Progressive Tense - Аяқталған созылыңқы өткен шақ.
The Future Perfect Progressive Tense - Аяқталған созылыңқы келер шақ. [12,79].
Қазақ тіліндегі етістік шақтарын жеке - жеке қарастырайық. Ағылшын тілімен салыстырғандағы өзгешеліктерін қарастырайық:
Өткен шақ.
Өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретін етістіктің грамматикалық формасы. Базаралы жағынан жамандық күткен кісінің бірі осы Әзімбай болған (Әуезов). Орыс - Қазақ балаларының арасындағы ырың - жырың ит - жығыстары аяқталғанша айлар өтіп кетіп еді (Мүсірепов). Сол жайды жанкүйер, жақындар арасында күйзеліп айтқан шақтарында еңкілдеп жылап та жіберетін (Ауезов). Берілген мысалдардағы болған, өтіп кетіп еді, жылап та жіберетін деген етістіктер болу, өту, беру, жылау қимылдарының болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр. Қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақ грамматикалық формасымен мағыналық ерекшеліктеріне қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді.
а) Жедел өткен шақ. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып , жіктеліп қолданылады. Нәргүл қолындағы көйлегін тастай беріп, шар айна алдында ұршықтай үйірілді (Райымқұлов). Қалмақтың қақты қара жорғасына, Айналды ақ алмастар қорғасынға (Жансүгіров). Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман (Абай).
Жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің тұлғаларына тікелей жалғанады. Әнші үш қайырмасын айтып тоқтайын деп еді, Базаралы тоқтаттырмады (Әуезов). Күрсініп сұлу бұрын көз тайғызды, Асықтық әлсіретті, лебі тартып (Байзақов). Жедел өткен шақтың болымсыз түрі етістіктің -ма, - ме, -ба, - бе, -па, -пе жұрнақтары арқылы жасалады.
Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп
бермедім (Абай).
Төмендегі 3- кестеден көрінетіндей жіктік жалғаулары жедел өткен шақ тұлғасындағы етістікке ерекше түрде жалғанады:
Кесте – 3
Жедел өткен шақтың жіктелу үлгісі
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
Ι
|
- м
|
- қ, - к
|
ΙΙ
|
- ң/ анайы түрі
ңыз/ - іңіз/ сыпайы түрі
|
-ндар, - ңдер/ анайы түрі /
-ңыздар, -ңіздер /сыпайы түрі/
|
ΙΙΙ
|
Жұрнағы жоқ, нөлдік тұлға
|
-
|
ә) Бұрынғы өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда, әлдеқашан бұрын болғандығын білдіреді. Жортар осы ортаның қолбасы, батыры болған. Тыныштықты білмеген, барымта соғыс десе қолды- аяққа тұрмайтын қызулы жас болыпты (Әуезов). Аттардың төртеуі де тұмарлаған, Мен айтқан сөзге шыдап тұра алмаған (Әзірбаев). Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.
а) Бұрынғы өткен шақ - ған,- ген, -қан, - кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады. Ту ұстап, тұлпар мініп, ел қорғауға, Азамат азамат па аттанбаған (Тоқмағанбетов). Ашынбай топқа енбеген, Алысқан сайын өрлеген, Айбынды бауырым Төлеген (Әбілев) [20,18].
Төмендегі 4- кестеде бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгісінің бірінші жолы көрсетілген:
Кесте - 4
а) Бұрынғы өткен шақтың жіктелуінің бірінші үлгісі.
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
Ι
|
- мын/ -мін, -бын/ -бін, -пын/ -пін
|
- быз/ біз,- мыз/- міз,- пыз/- піз
|
ΙΙ
|
- сың/ -сің
- сыз/ - сіз
|
- сындар/- сіндер
- сыздар/- сіздер
|
ΙΙΙ
|
Жұрнағы жоқ, нөлдік тұлға
|
|
ә) Бұрынғы өткен шақ етістікке көсемшенің – ып, - іп, - п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Ауылынан аттанып кеткен соң сыртымнан мені сұрапты (Жансүгіров). Баяғыда Мысыр елінің әрі ақылды, әрі әділ кедей- кепшікке қамқоршы бір сұлтаны дәурен кешіпті («Мың бір түн»).
Кесте - 5
ә) Бұрынғы өткен шақтың жіктелуінің екінші үлгісі
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
Ι
|
- пын/- пін
|
-пыз/ -піз
|
ΙΙ
|
-сың/ -сің
|
- сындар/- сіндер
|
|
- сыз/ - сіз
|
- сыздар/- сіздер
|
ΙΙΙ
|
- ты, -ті
|
-
|
Бұрынғы өткен шақтың күрделі түрі – ған/ - ген, - қан/ - кен тұлғалы есімшеге немесе - ып, - іп, - п тұлғалы көсемшеге (еді) көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.Есімше түрінде көмекші етістігі екен түрінде де тіркеседі. Бұрынғы өткен шақтың мұндай күрделі түрінде ( еді, екен) көмекші етістігі ғана жіктеледі.Тәкежанның үйінен Абай аттанғанда, күн кешкіріп, екінтіге тақап қалған екен (Әуезов).Кеше кешқұрым едәуір қар жауып, таңға жақын басылған еді (Сәрсенбаев).Жиреншенің қайда екенін Ұлжан білмеп еді (Әуезов).
6 – кестеде бұрынғы өткен шақтың жіктелуінің күрделі түрінің үлгісі көрсетілген:
Кесте - 6
Бұрынғы өткен шақ күрделі түрінің жіктелу үлгісі
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
Ι
|
оқыған едім (екенмін)
оқып едім
|
оқыған едік (екенбіз)
оқып едік
|
ΙΙ
|
оқыған едің (екенсін)
оқыған едініз
оқып едің
оқып едініз
|
оқыған едіңдер/
екеңсіндер
оқыған едіңіздер
оқып едіңдер
оқып едіңіздер
|
ΙΙΙ
|
оқыған еді/ екен/
оқып еді
|
оқыған еді/ екен/
оқып еді
|
б) Ауыспалы өткен шақ. Ауыспалы өткен шақ есімшенің - атын/ - етін,
-йтын / - йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақтық, бірде келер шақтық мағынада қолданылады. Ол күйдің себепшісі - бұл екеуінің аңшы інісі Шәке болатын(Әуезов). Есеней малымен, билігімен ғана айналысып жүре беретін (Нұршайықов).
Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады. Бұдан бұрынғы кештерде сиырлардың алдынан әндеткен қыз - келіншектер де шығатын еді (Мұқанов).
Ауыспалы өткен шақтың болымсыз түрі етістікке -ма,- ме, -ба, - бе, - па,
- пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: Олардың көпшілігі қала ішінде жөнін тауып жүре алмайтын (Мұқанов).
Ал ауыспалы келер шақ тікелей жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады. Жадағай болған соң панасы болмайтын еді (Әуезов). Құдалыққа бүгін кешке баратын едік (« Ана тілі»).
Ауыспалы өткен шақтың жіктелуін төмендегі 7 – кестеде көресетілген:
Кесте - 7
Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі.
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
Ι
|
білетінмін
|
білетінбіз
|
ΙΙ
|
айтатынмын, айтатын едім
білетінсің, айтатынсың, айтатын едің
білетінсіз, айтатынсыз, айтатын едіңіз
|
айтатынбыз, айтатын едік
білетінсіңдер, айтатынсыңдар, айтатын едіңдер
білетінсіздер, айтатынсыздар,
айтатын едіңіздер
|
ΙΙΙ
|
білетін, айтатын, айтатын еді
|
Есімшенің -атын/ -етін,- йтін/ - йтын түрінде тіркесіп, жіктеліп қолданылған еді көмекші етістігінен жасалған етістіктің күрделі түрі бірде ауыспалы өткен шақ, бірде ауыспалы келер шақ мәнінде жұмсала береді. Оның шақтық мағынасы көбінесе ол етістікпен тіркескен басқа сөзден айқындалып тұрады.Бейсенбі жай сөйлесе де, үнемі қапысыз есеппен сөйлейтін (Әуезов). Олар тау басына бүгін шығатын (ауызекі тілден) Бірінші сөйлемде үнемі сөзінің негізінде сөйлеу қимылының болып кеткені байқалады (ауыспалы өткен шақ). Екінші сөйлемде бүгін сөзі арқылы шығу қимылының әлі болмағаны аңғарылады (ауыспалы келер шақ).
Осы шақ
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың,іс-әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді.
Қыр басынан етекке қарай болат арқан тартып, он шақты жұмысшы жүр (Мұстафин). Ол төрт шананы үйіре тастап, үстіне қамыс жапқан, уақытша күркенің астында отырмыз (Сәрсенбаев). Елу басылар сары шымылдырықтың ар жағына қол созып жатыр (Әуезов).
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:
Сөйлеп тұрған кездегі іс - әрекетті білдіреді. Жұрт ойынмен болып жатыр (Майлин) [26,84].
Әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс - әрекетті көрсетеді. Арсыздық - ашыққаннан, ақсыздық - асыққаннан, пәмсіздік - масыққаннан шығады. («Аяз би»).
Басқа шақ түрлеріне қарағанда осы шақтың жасалуында кейбір ерекшелік бар. Ол қалып етістіктернің көмекші отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістік мәнінде немесе негізгі етістіктің көсемше (-а,-е,-й,-ып,-іп,-п) тұлғасына қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесіп тікелей жіктеліп барып жасалуын да, бұлар грамматикалаларда нақ осы шақ деп беріледі. Осыдан анық көрінетіндей, осы шақтың бұл түрі қазіргі кезде арнайы грамматикалық тұлғалар арқылы жасалмай, қалып етістіктерінің негізінде немесе көмекші етістік мәнінде жіктеліп келуінен (жіктелу шақ көрсеткіші емес) жасалады. Шақтық мән отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің өз семантикасында бар.
Көне кезде отыр – олтұрұр, тұр – тұрұр, жүр – жүрүр, жат – жатыр. Осы тұлғасын тек жатыр етістігі сақтап қалған. Сөз соңындағы - ұр, -үр қосымшасы процессуальдық мәнді, болып тұрған қимылды білдірген.
Сөйтіп қосымша түсіп қалса да,қосымша білдіретін мағына түбірге ауысқан қалып етістіктері (отыр, тұр, жатыр, жүр) осы күйінде шақ көрсеткіші де болып қалыптасқан. Сондықтан да қалып етістіктері тіліміздегі барлық етістіктерден өзгеше болып келеді. Әрі түбір етістіктер сияқты бұйрық райдың екінші жақ анайы жекеше түрімен сәйкес келеді: сен отыр, сен жүр, сен тұр, бірақ сен (жатыр емес) жат, әрі тікелей ешбір есімше, көсемше, шақ рай тұлғаларсыз - ақ қалып етістіктерінен жасалады да, ал тарихи тұрғыдан грамматикалық тұлғалары болған деген тұжырым жасауға болады.
Осы шақтың түрлері. Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ немесе ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.
а) Нақ осы шақ. Нақ осы шақ қимылдың, іс- әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді. Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады. Жарғақ шалбарының ызба бауы салбырап, жүресінен отыр (Мүсірепов). Оң жағымда ер жүрек комиссарым Мадияр жатыр (Момышұлы). Көрінгенді қарғап, ауылға бүйідей тиіп бәйбіше жүр (Майлин) [26, 56]. Белгілі жұрнақтардың жалғануымен жасалған нақ осы шақтың жіктелуін төмендегі 8 - кестеден көруге болады:
Кесте - 8
Нақ осы шақтың жіктелуі
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
Ι
|
отыр – мын, тұрмын, жатыр – мын, жүр - мін
|
отыр - мыз, тұр - мыз, жатыр - мыз, жүр - міз
|
ΙΙ
|
отыр – сың, тұр – сың…
отыр - сыз, тұр - сыз …
|
отыр - сыңдар, тұр - сыңдар …
отыр - сыздар, тұр - сыздар…
|
ΙΙΙ
|
Отыр, тұр, жатыр, жүр ( нөлдік тұлға)
|
ә)Ауыспалы осы шақ. Ауыспалы осы шақ қимыл, іс - әрекеттің, дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й,
Тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы, Жиырма шақты жігіт, жас қайыңдарды бөренелердің үстіне лақтырады (Мүсірепов). Өзін -өзі күндейді, жақынын жалған мінейді (Абай).
Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрі етістікке -ма/ -ме, -ба/ -бе, - па/
- пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Көбейту кестесін де жөнді білмейді (Қалдыбаев).
Төмендегі 9- кетеде ауыспалы осы шақтың жіктелуін көруге болады:
Кесте - 9
Ауыспалы осы шақтың жіктелуі
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
Ι
|
айтамын
|
айтамыз,
|
ΙΙ
|
айтасың, айтасыз
|
айтасыңдар, айтасыздар
|
ΙΙΙ
|
айтады
|
-
|
Сонымен бірге процессуальдық мәнді білдіретін, әсіресе баспасөз тілінде ΙΙΙ жақта жиі қолданылып жүрген - уда, - уде тұлғасы (жатыс септіктегі тұйық етістіктің баяндауыш қызметінде келуі) да осы шақтың грамматикалық көрсеткіші деп беріліп жүр.Бүгінде 50 – ге таяу елшіліктер жұмыс істеуде («Егемен Қазақстан»).
Келер шақ
Келер шақ қимыл, іс - әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Мысалы: Ал енді жол осы арадан екі айрылады (Майлин). Атымды айтпасам да аңғарарсың (Тұрмағанбет). Кейін біреуді көрсететін приговорлар өз қолдарында болмақ (Әуезов).
Келер шақтың түрлері
Мағыналық ерекшеліктеріне қарай келер шақ үшке бөлінеді:
Болжалдық келер шақ
Мақсатты келер шақ
Ауыспалы келер шақ
а) Болжалды келер шақ. Болжалды келер шақ қимылдың, іс - әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді. Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап - күлмес (Абай).
Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р, болымсыз етістіктен кейін –с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауының үстелуі арқылы жасалады, Бірақ оның ойлағанының бәрі бола бермес (Әуезов).
Болжалды келер шақ -с жұрнағы арқылы жасалған болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл, іс - әрекеттің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі, жігерлі, үзілді – кесілді мән беруге бейім болады. Амандық, тыныштық іздемеспін (Әуезов).
Кейде Ι жақ жіктік жалғауы -пын / - пін ықшамдалып - н түрінде ғана жұмсалады. Мысалы, барма - с - пын - бар - ма - н. Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі. Ескі бише отырман, бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (Абай).[1, 41]
Төмендегі 10 - кестеден болжалды келер шақтың үлгісі көрсетілген:
Кесте - 10
Болжалды келер шақтың жіктелуі
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
Ι
|
бар - ар - мын, бар - ма - с - пын
|
бар - ар - мыз, бар - ма - с - пыз
|
ΙΙ
|
бар - ар - сыз, бар - ма - с - сыз
|
бар - ар - сың - дар, бар - ма - с - сың - дар, бар - ар - сыз - дар, бар - ма - с - сыз - дар
|
ΙΙΙ
|
бар - ар, бар - ма - с (нөлдік тұлға)
|
ә) Мақсатты келер шақ. Мақсатты келер шақ қимылдың, іс - әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне - мақ / -мек, - пақ / - пек, - бақ / - бек жұрнақтарының жалғанып, одан кейін жіктік жалғауының үстелуі арқылы жасалады. Ол ертең өз еліне қайтпақ. Ноғайлының қалған әскері Ақторғын сұлуды көшіріп, Яссыға жетпек (Есенберлин).
Етістіктің - мақ , - мек, - пақ, - пек, - бақ, - бек жұрнақтарының үстіне - шы , - ші жұрнағы жалғанып, жіктелуі арқылы да мақсатты келер шақ жасалады. Етікбайды күзетке қойып, Петр мен Қойшығара бой жазып отырмақшы. Сосыңғы жұмыс өзінен - өзі шешіле бермекші (Майлин).
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі - мақ , - мек, - пақ, - пек, - бақ, - бек және - шы , - ші тұлғалы етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондай да жіктік жалғау емес көмекші етістігіне жалғанады. Әлсізге тимекші емес. Мынау көріністен Абай безбек емес (Әуезов).
Төмендегі 11 - кестеге сүйенетін болсақ, мақсатты келер шақтың жіктелу кезінде қолданылатын жіктік жалғауларды көруге болады:
Кесте - 11
Мақсатты келер шақтың жіктелуі
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
Ι
|
бармақ - пын
|
бармақ - пыз
|
ΙΙ
|
бармақ - сың, бармақ - сыз
|
бармақ - сыңдар, бармақ - сыздар
|
ΙΙΙ
|
бар - мақ (нөлдік тұлға)
|
б) Ауыспалы келер шақ. Ауыспалы келер шақ та осы шақ сияқты - а, - е, - й жұрнақты көсемшенің жіктеліп келуі арқылы жасалады. Ішімнен шыққан Құтжаннан кем көрмеймін (Әуезов). Осыдан Бүркітбайға бармадың ғой, ақ сүтімді аспанға сауамын (Нұршайықов). Шын ғашық сый болмас, Арызымды айтайын Құй болар, күй болмас (Абай)[ 1, 73]
Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір - бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Ауысплы келер шақтың болымсыз түрі етістіктің - ма / - ме, - ба / - бе, - па / - пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Ыққаннан еш нәрсе шықпайды (Майлин)[ 26, 37]
Ауыспалы келер шақтың осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнді басқа сөздерден де байқалып отырады, Мысалы: Бүгінге місе тұтпай, ертеңге көз жібереміз (Мәуленов). [19, 519]
Ағылшын тілінің етістік шақтарына қарайтын болсақ, шақ формаларының жасалу жолдарында айтарлықтай ерекшеліктер көп. Мысалға, Ағылшын тілінде етістіктер үш шаққа ғана бөлініп қоймай, өз ішінен тағы
жалпы, созылыңқы, аяқталған және аяқталған созылыңқы болып бөлінеді.
Simplе Tenses - Етістіктің жалпы шақтары
Ағылшын тілінде етістіктің жалпы шақтары сөйлеу кезіне қатыссыз, дағдылы, жалпы іс - әрекетті білдіреді. Бұл шақтар тобы үш шаққа бөлінеді.
The Рresent Simple Tense - Жалпы осы шақ.
The Past Indefinite (Simple) Tense - Жалпы өткен шақ.
The Future Indefinite (Simple) Tense - Жалпы келер шақ.
The Рresent Simple Tense (Жалпы осы шақ)
The Рresent Simple әдеттегі, дағдылы, күнделікті қайталанатын және ұзақ уақытқа созылатын жалпы іс - әрекетті білдіреді.
We play tennis at weekends.
He usually has breakfast very early.
Almas lives in Almaty.
The Рast Simple Tense (Жалпы өткен шақ)
Жалпы өткен шақ ағылшын тілінде іс - әрекеттің бұрын болғанын осы кезбен байланыссыз, оған қатыссыз екендігін көрсетеді. Жалпы өткен шақ қимыл - әрекеттің үнемі қайталанып отырғанын немесе жүйелі түрде болғанын білдіреді. Maksat wrote a letter to his mother twice a week. – Мақсат аптасына екі рет анасына хат жазып тұрды. Sanzhar turned off the light and went to bed. - Санжар шамды сөндіріп, ұйықтауға жатты. (Бұл сөйлем қазақ тіліндегі жедел өткен шаққа сәйкес аударылады). Saltanat and Erlan passed all their exams. Салтанат пен Ерлан Барлық емтихандарын тапсырып бітті. Қазақ тіліндегі жедел өткен шақ, ауыспалы өткен шақ реңктері The рast Simple жалпы өткен шақта кездеседі.
The Future Simple - Жалпы келер шақ
Жалпы келер шақ қайталанатын дағдылы іс - әрекеттің, қимылдың болашақта іске асатындығын білдіреді: I shall wait for your downstairs - мен сізді төменде күтемін. The president will return by the end of the week - Президент аптаның соңына қарай қайтады. Saltanat will have her first exam
tomorrow - Ертең Салтанаттың бірінші емтиханы болады.
The Present Progressive (Сontinuous) Tense
Созылыңқы (нақ) осы шақ
Бұл шақ - іс - әрекеттің сөйлеу кезінде болып, жалғасып жатқанын аяқталмағанын білдіреді: Two o’clock in the afternoon now. Kambaruly is receiving the foreign businessmen - Қазір күндізгі сағат екі. Қамбарұлы шетел іскерлерін қабылдап жатыр. His secretary is making coffee - Оның хатшысы кофе әзірлеп жатыр.
The Past ( Continious) Progressive Tense
Созылыңқы өткен шақ
Созылыңқы өткен шақ іс - әрекеттің белгілі бір уақытта, өткен шақта болғанын, болып жатқанын, созыла іске асқанын мезгіл пысықтауыш немесе басқа бір қимыл арқылы көрсетеді де, созылыңқы іс - қимылдың басталу не аяқталу кезеңі белгісіз болады.
I was writing a letter when he telephone rang – Телефон шылдырлағанда, мен хат жазып отырғанмын. When I came home she was sewing a dress - Мен үйге келгенімде, ол көйлек тігіп отыр екен. When I saw him he was typing - Мен оны көргенімде, ол машинка басып отыр еді. When Richard came home Lizzie was sleeping - Ричард үйге келгенде, Лиза ұйықтап жатты.
The Future Progressive (Continious) Tense
Созылыңқы келер шақ
Бұл келешекте іске асатын, бітпеген іс - әрекеттің созылыңқылығын білдіреді.
Perfect Tenses (Аяқталған шақтар)
Бұл шақтар іс әрекеттің белгілі бір уақытқа дейінгі осы өткен, келер шақтағы нәтижелі, тиянақты орындалуын білдіреді.
The Present Perfect Simple - Аяқталған осы шақ
Етістіктің бұл шағы іс – әрекеттің бұрын басталып, осы кезде іске асқандығын, орындалғанын, бірақ оның нәтижесімен байланысты болуын білдіреді. They have already discussed the terms of shipment –Олар жүк тиеу
шартын әлдеқашан талқылап бітті.
The Past Perfect Simple - Аяқталған өткен шақ
Бұл шақ бұрын болған іс- әрекеттің белгілі бір уақытта нәтижелі аяқталғанын немесе басқа бір іс –әрекеттің алдында болғанын білдіреді. Бұл шақтың ерекшелігі - аяқталған нәтижелі іс- әрекеттің орындалған мерзімі емес, оның нәтижесі. I had typed the letters by 5 o’clock - Мен хаттарды сағат 5 – те машинкаға басып бітірдім. We had not bought the map by last Sunday – Соңғы жексенбіге дейін біз карта сатып алған жоқпыз.
The Future Perfect Tense - Аяқталған келер шақ
Етістіктің бұл шағы сөйлеу кезіндегі аяқталатын іс - әрекеттің нақты нәтижесінің болатынын көрсететін шақ: She will have passed all her exams by the end of the week – Келесі аптаның соңына қарай, ол барлық емтиханын тапсырады.
Perfect Progressive (Continuous) Tenses
Аяқталған созылыңқы шақтар
Етістіктің бұл шақтары белгілі бір кезеңге дейін болған нәтижелі іс – әрекеттің болып жатқанын, Present Perfect Progressive (Continuous); болғанын, аяқталғанын Past Perfect Progressive (Continuous); болатынын, жалғаса беретінін, Future Perfect Progressive (Continuous) арқылы білдіреді.
Бұл топтағы шақтар іс - әрекеттің нәтижелілігін және созылыңқылығын білдіреді.
The Present Perfect Progressive (Continuous)
Аяқталған созылыңқы осы шақ
The Present Perfect Progressive шағы бұрын басталған іс – әрекеттің осы кезге дейінгі болып жатқан созылыңқылығын білдіреді: I have been waiting for you a long time - Мен сізді ұзақ уақыттан бері күтіп жүрмін.
The Past Perfect Progressive tense
Аяқталған созылыңқы өткен шақ
Бұл шақта бұрын басталған іс – әрекеттің белгілі бір уақытқа дейін болғанын және оның созылыңқылығын, яғни осы кезге дейін жалғасқанын білдіреді. Бұл шақтағы іс – әрекеттің ертерек, бұрынырақ болғандығын білдіреді: The businessmen had been discussing the contract terms for 2 days - Іскер адамдар келісім шартын екі күннен бері талқылап жатқан. It had been snowing heavily for 2 hours when we left our house - Біз үйден шыққан кезде, қалың қар екі сағаттан бері жауып тұрған. [33, 98]
The Future Perfect Progressive Tense
Нәтижелі аяқталатын созылыңқы келер шақ
Белгілі бір уақыт кезеңіне дейін басталып, болашақта осы кезге дейін созылатын, созыла беретін қимылды білдіретін шақ.Мысалы, By the end of this year they will have been here for 2 years - Осы жылдың аяғында, олардың мұнда тұрғанына екі жыл толады.
Өздеріңіз көріп отырғандай қазақ және ағылшын тілдеріндегі етістік шақтарын теориялық тұрғыда сипаттау барысында көптеген айырмашылықтарды аңғардық. Қазақ тілінде «өткен шақ» категориясы үшке бөлінеді:
1. Жедел өткен шақ
2. бұрыңғы өткен шақ
3. ауыспалы өткен шақ – деп көрсетілсе, ағылшын тілінде «өткен шақ», «Past Tenses» категориясы қазақ тілінен айырмашылығы төртке бөлінеді:
1. Past Simple
2. Past progressive
3. Past Perfect
4. Past Perfect Progressive [12, 99-124].
Ал қазақ тіліндегі «осы шақ» категориясы нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екі түрден құралса, ағылшын тілінде «осы шақ», «Present Tenses» категориясы өзгермей төрт түрден тұрады. Келесі соңғы «келер шақ» категориясы қазақ тілінде «өткен шақ» категориясы сияқты үш түрден тұрса да, атаулары басқа, олар: болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ және ауыспалы келер шақ деп беріледі.
The Present Perfect шағын салыстыру
Етістіктің бұл шағы бұрын басталған істің, жай –күйдің, қалыптың сөйлеушінің сөйлеп тұрған кезіне дейін созылғанын, болып жатқандығын аяқталмағандығын көрсетілетіндігін білдіріп for … - дан бері, since – содан бері сөздері қолданылуы арқылы жасалады: I have been teacher for 20 years - Мен жиырма жылдан бері мұғалім болып істеймін.We have known the Omirzhanovs for 40 years – Біз Өміржановтар отбасын 40 жылдан бері білеміз.The Alimbekovs have lived in Almaty since 1960 – Алимбековтар
отбасы Алматыда 1960 жылдан бері тұрады.
Етістіктің бұл шағы бұрынғы кезден, осы уақытқа дейінгі іс – қимылды көрсету үшін созылыңқы шақтарда қолданылмайтын to hear, to see, to forget т.б. етістіктермен қолданылады: He has heard about his arrivial in London - Ол оның Лондонға келгендігін естіді. I haven’t seen my family for 2 days - Мен отбасымды көрмегеніме 2 күн болды. [ 35, 125]
Етістіктің бұл шағы мына мезгіл үстеулермен қолданылады: already – әлдеқашан, never – ешқашан, ever – қашан болса да, often – жиі, seldom – сирек, always – әрқашан, hardly ever – ешқашан, so far – өте алыс, just – қазір ғана, yet – әлі (болымсыз сөйлемде) – әлдеқашан, содан бері (сұраулы сөйлемде), lately – кейінгі кезде, соңғы уақытта, жақында, recently – жақында. Бұлар негізгі етістіктердің алдында, ал yet, lately, recently сөздері сөйлемнің соңында келеді. Мысалы, We have just come in – Біз қазір ғана кірдік. He has not finished reading yet – Ол әлі оқып біткен жоқ. We have heard much about him recently – Біз ол жайында соңғы кезде көп естідік. Yet – сұраулы және болымсыз сөйлемдерде, ал ever сұраулы сөйлемде қолданылады: I haven’t seen the Tower of London yet - Мен Лондондағы Тауэрді әлі көрген жоқпын. Has he bought a ticket yet? – Ол билетті әлі сатып алған жоқ па? Have you ever filled in the card? – Сіз мына карточканы бұрын соңды толтырып па едіңіз?
Бұл шақ бұрын болған іс – әрекет нәтижесін қазіргі кезбен байланыстырғанда қолданылады: Мысалы, She has broken her arm, that is why she can’t work – Ол қолын сындырып алғандықтан, жұмыс істей алмайды. I have opened the window, that is why it is cool - Мен терезені ашқандықтан ауа тазарды.
Жаңа хабар, жаңалық осы кезбен байланысты іске асырылғанда қолданылады: Мысалы, Have you heard? We have received an order from White and C0 lately – Eстідіңіздер ме…? Біз жақында Уайт және оның компаниясынан тапсырыс алдық. Егер бұл жаңалық болған уақыт дәл көрсетілсе, оны білдіретін етістіктің шағы өзгереді: We received an order from White and C0 at 5 in the evening – Біз Уайт және компания тапсырысын кешкі сағат 5 – те алдық. Қазақ тіліне аударғанда екі сөйлем де өткен шақта тұр, ал 9- кестеден Аяқталған осы шақ формасын қазқ тіліне аударғанда үш түрлі шақ категориясында қолданылуын салыстырмалы түрде байқай аламыз:
Кесте - 9
The Present Perfect шағын қазақ тілі шақ формасымен салыстыру
Ағылшын тілі
|
Қазақ тілі
|
Қазақ тілі шақ формасы
|
1. I have written me exercises, here they are.
|
1. Мен жаттығуды жаздым. Олар міне
|
Нақ осы шақ
|
2. I have known him for three years
|
2. Мен оны үш жылдан бері білемін
|
Бұрынғы өткен шақ
|
3. After I have read the book, I’ll give it to you.
|
3. Кітапты оқып болған соң, саған беремін.
|
Мақсатты келер шақ
|
Жоғарыда көрсетілген кестелерге сүйенетін болсақ, біз ағылшын және қазақ тілі етістік шақтарының аударып салыстырғанда, құрылымдарындағы гамматикалық өзгешеліктерге ие болдық. Өздеріңіз байқағандай, ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктің шақ категорияларын салыстырып талдау осы шақ, өткен шақ және келер шақ категорияларында жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |