Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
«Педагогика» пәні бойынша курстық жұмыс орындауға
5В010300 – Педагогика және психология мамандығының студенттеріне арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Павлодар
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
|
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор __________ Н.Э.Пфейфер
20__ж. «___»____________
|
Қ ұрастырушы: ___________п.ғ.к., доцент Б.Х.Галиева
Психология және педагогика кафедрасы
«Педагогика» пәні бойынша
5В010300 – Педагогика және психология мамандығының студенттеріне арналған
әдістемелік ұсыныстар
Кафедраның отырысында ұсынылды
20__ж. «___»______________,№__ хаттама
Кафедра меңгерушісі_______ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» ________
Гуманитарлы-педагогикалық факультеттің ОӘК мақұлданды
20__ж. «___»______________, №____ хаттама
ОӘК төрайымы __________Е.Н.Жуманкулова 20__ж. «____» ________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ЖжӘҚБ бастығы _______ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ж. «___»______________ №____ хаттама
Қазіргі білім берудің басты міндеттерінің бірі – студенттердің өздік аналитикалық жұмыс дағдыларын дамыту. Курстық жұмысты орындау жоғары кәсіби білім алу бағдарламасы бойынша оқытудың маңызды бөлігі болып табылады, өйткені ол білім алушының біліктілігін және дербестігін бақылауға мүмкіндік береді. Курстық жұмыстан жақсы нәтижеге қол жеткізудің негізгі шарттары – студенттің өздігінен жұмыс істеуі, жұмыстың еңбек сыйымдылығы және әдеби, желілік көздермен сауатты жұмыс. Сонымен бірге деректерді талдау тереңдігі, ақаулардың болмауы, жұмыстың дұрыс рәсімделуі және тағы да с.с. шарттар есепке алынады.
Төменде әрбір бағаның негізгі сипаттамасы келтіріледі:
«Өте жақсы» - автордың өз қорытындыларына негізделген өздік жұмыс. Мұндай қорытындылар (егер бұл тарихи-педагогикалық жұмыс болмаса), ең әуелі, ақпаратты талдауға негізделуі тиіс. Тарихи-педагогикалық жұмыс үшін басты шарт – деректердің сауатты жүйеленуі, талдаудың дербестігі және деректердің репрезентативтілігі. Әрбір курстық жұмыста тиесілі зерттеу әдісі нақты қолданылуы керек. Сондай-ақ, кіріспе (яғни ғылыми аппарат) дұрыс рәсімделуі қажет және жұмыс құрылымындағы қорытындыда автордың өзінің ойлары кемінде 2-3 бетте орын алып, жалпылама түйін шығарылғыны жөн.
«Жақсы» - жұмыс ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындыларын жүйелеуге және белгілі бір дәрежеде талдауға негізделеді, автор осы қорытындыларды өзінің тұжырымдарының негізіне салады. Егер жұмыс дереккөздердің жеткіліксіз санына негізделсе, оның бағасы бір дәрежеге төмендетіледі. Сондай-ақ, кіріспе (яғни ғылыми аппарат) дұрыс рәсімделуі қажет және жұмыс құрылымындағы қорытындыда автордың өзінің ойлары кемінде 2-3 бетте орын алып, жалпылама түйін шығарылғыны жөн.
«Қанағаттанарлық» - жұмыстың негізгі мәтіні белгілі зерттеу жұмыстар тұжырымдарының қосындысы болып табылады. Автордың үлесі жұмыстың кейбір жерлерінде (мәселен, тараудың, тармақтың соңында, қорытындыда) оның дербес түйін жасауында көрінеді. Міндетті талап: кіріспе (яғни ғылыми аппарат) дұрыс рәсімделуі қажет және жұмыс құрылымындағы қорытындыда автордың өзінің ойлары кемінде 2-3 бетте орын алып, жалпылама түйін шығарылуы керек.
«Қанағаттанарлықсыз» - плагиат немесе өздік идеяларсыз компиляция (белгілі зерттеу жұмыстар тұжырымдарының қосындысы), өз зерттеуінің тірек тұжырымдамаларын ауызшы әңгімелесу (жұмысты қорғау) кезінде түсіндіре алмау. Жұмысты рәсімдеуде дөрекі ақаулықтардың жіберілуі. Курстық жұмысты белгіленген уақытта тапсырмау.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Титулдық парақ;
жұмыстың мазмұны;
кіріспе;
негізгі бөлім;
қорытынды;
пайдаланылған әдебиеттердің тізімі;
қосымшалар.
Титулдық парақ С. Торайғыров атындағы ПМУ ұйым стандартының талаптарына сай толтырылуы қажет.
Курстық жұмыстың мазмұны жұмыстың барлық бөлімдерінің атауын әрбір бөлім басталуының ретін белгілеумен қамтуы керек.
Кіріспеде тақырыптың таңдалуы негізделіп, зерттелетін мәселенің өзектілігі, оның теориялық тұрғыдан зерттелу дәрежесі, тәжірибенің қарама-қайшылықтары бағаланып, осы мәселені әрі қарай зерттеу қажеттілігі белгіленуі керек. Сондай-ақ, кіріспеде міндетті түрде зерттеудің объектісі мен пәні анықталып, мақсаты мен міндеттері тұжырымдалуы тиіс. Зерттеу болжамы болса, ол да тұжырымдалып, қысқаша түсіндірілуі керек.
Негізгі бөлім, әдетте, екі бөлімнен тұрады – теориялық және практикалық, олар өз алдына бірнеше бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім автордың өздік түйін шығаруымен аяқталуы тиіс.
Қорытындыда жүргізілген зерттеудің нәтижелері шығарылады, негізгі теориялық тұжырымдар жалпыланады, сондай-ақ зерттеу мәселесінің әрі қарай зерттеудің негізгі бағыттары белгіленеді.
Әдебиеттер тізімінде жұмыс барысында қолданылған нормативтік, әдеби және желілік дереккөздер курстық жұмыста пайдаланылған ретімен немесе алфавиттік ретпен көрсетіледі.
Қосымшада жұмыс барысында пайдаланылған жұмыс материалдары, қосымша материалдар, анықтамалар, т.с.с. беріледі.
Курстық жұмыс критерийлері:
тақырыптың өзектілігі мен зерттелу дәрежесі;
ұсынылған тұжырымдардың ғылыми негізділігі мен дәлелділігі;
дереккөздерге шолу жасаудың толықтығы;
талдау, қорытынды және жалпылама жасау дербестігі;
қорытындылар мен ұсыныстардың негізділігі;
зерттеу әдіснамасын меңгеру деңгейі;
зерттеуге шығармашылық тұрғыдан қарау;
баяндаудың ғылыми стилі;
курстық жұмыстың рәсімделуіне қойылатын талаптарды ұстану және оны орындау және тапсыру мерзімін бұзбау.
Достарыңызбен бөлісу: |