ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
13
мәжілісіндегі әйелдерге бөлінетін орын үлесін
таңдады.
Аймақтар бойынша пікір айырмашылығы өте
үлкен.
Мәселен,
Астана
қаласында
респонденттердің жартысы әйелдердің саяси
партиясын құруды қолдағанымен (52 %),
саясаттағы әйелдерге бөлінетін орын үлесі
бойынша төмен нәтиже көрсетті (24,4 %).
Әйелдердің саяси партиясын құруды Семей
қаласының тұрғындары да қолдайды (47,9 %).
Әйелдер
партиясын
құруды
ең
аз
қалайтындардың үлесі Павлодар қаласының
тұрғындарына тиесілі (17 %). Сауалнамаға
қатысқан ерлердің көпшілігі (41,3 %) әйелдерді
белсенді түрде саясатқа тарту үшін әйелдердің
саяси партиясы, ал әйелдердің көпшілігі (52 %)
саясат пен отбасын қатар алып жүруге мүмкіндік
беретін
жеңілдіктер
қажет
деп
біледі.
Сауалнамаға қатысқан 18 - 30 жас аралығындағы
респонденттердің көпшілігі (42,4 %) әйелдерді
саясатқа тарту үшін оларды саяси жетекшілікке
үйрету қажет деп есептейді. 31 - 45 жас
аралығындағы респонденттердің басым көпшілігі
(50,6 %) әйелдерге саясат пен отбасын қатар алып
жүруді мүмкін ететіндей жеңілдіктер көрсетілу
қажет деп біледі. 46 - 59 жас аралығындағы
респонденттердің көпшілігі (44,4 %) мен 60 және
одан жоғары жастағылар (43,7 %) да тура сондай
пікірде. Сауалнамаға қатысқан жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар
респонденттердің басым көпшілігі (48 %)
әйелдерді саясатқа тартуға жеңілдіктер ұсыну
көмектеседі деп біледі. Қазақтардың (47,6 %),
орыстардың (43,1 %) және басқа ұлт өкілдерінің
(41,5 %) басым бөлігі де әйелдердің отбасын, ана
міндеті мен саясатты қатар алып жүруі үшін
оларға жеңілдіктер көрсетілуі қажет деп
есептейді. Саяси құрылымдардағы әйелдерге
бөлінген орын үлесі ең тиімсіз әдіс болып
табылады. Қала/ауыл деңгейіндегі пікірлерді
саралау ауыл тұрғындарының да (48,2 %), қала
тұрғындарының да (45,2 %) көпшілігі әйелдерді
саясатқа тарту үшін жеңілдіктер көмектеседі
деген ойда екендігін көрсетті. Ауыл тұрғындары
(19,3 %) үшін де, қала тұрғындары (25%) үшін де
ең тиімсіз әдіс әйелдерге бөлінетін орын үлесі
болып табылады. Қазақстандық әйелдерді
саясатқа тартуға қандай жолдар көмектесетіндігі
жөніндегі сұраққа берілген ортақ және дәстүрлі
жауаптар
жеңілдіктер
ұсыну
мен
саяси
басшылыққа үйрету болса, мәслихат пен
мәжілістегі әйелдерге бөлінетін орын үлесі
толығымен
қабылданбаған
жауап
болды.
Сауалнамаға қатысушылар жеңілдіктер мен
жетекшілікке үйрету секілді айқын емес
шараларды олар нақты іс-әрекеттер мен
салдарды
талап
етпейтіндіктен
қолдаса,
әйелдерге бөлінетін орын үлесін ол шараны
түсінбейтіндіктен жоққа шығарды. Оның тағы бір
себебі ықтимал салдарға қатысты қорқыныштар
болуы керек.
B.17. Сіз гендерлік бюджеттендірудің
не екенін білесіз бе?
68,1 %
10,1 %
Жауаптарды саралау сауалнамаға қатысқан
информанттардың
68,1
%
гендерлік
бюджеттендіруден
бейхабар екендігін көрсетті.
Респонденттердің тек 10,1 %-на ғана гендерлік
бағыттағы бюджет ұғымы таныс. Гендерлік
бюджеттендіру
ісінен ең хабардар топ Павлодар
қаласының тұрғындары (17,6 %) болса, ең аз
хабардар топ – Шымкент қаласының тұрғындары
(78 %). Ерлердің де (73,4 %), әйелдердің де (65,3
%) басым көпшілігі гендерлік бюджеттендірудің
не екенінен бейхабар. Респонденттердің жас
мөлшері бойынша жауаптарды саралау да
көптеген жас топтарының (69,6 %) гендерлік
бюджеттендіруден
хабарсыз екендігін көрсетті.
Сонымен қатар жоғары білімді информанттардың
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
14
да (66,6 %), орта және арнайы орта білімді
информанттардың да (70,8 %) көпшілігі гендерлік
бюджеттендіруді білмейді. Тек 10,8 % жоғары
білімді және 8,9 % орта және арнайы орта білімді
респонденттер ғана гендерлік бюджеттендірудің
не екенін біледі. Гендерлік бюджеттендіру
бойынша ең аз ақпаратқа ие қазақ ұлтының
өкілдері (69,7 %) болса, ең көп ақпаратқа ие –
басқа ұлттардың (8,8 %) және орыс ұлтының
өкілдері (8,6 %). Аталмыш мәселеден қала
тұрғындарына қарағанда (67,8 %) ауылдық елді
мекендердің тұрғындары (69,2 %) азырақ
хабардар. Атап айтқанда, ауыл тұрғындарының
тек 7,9 %, қала тұрғындарының 10,8 % гендерлік
бюджеттендірудің не екенін біледі. Тағы бір айта
кететін жайт, «Басқа» деген жауап нұсқасын
респонденттердің ешқайсысы таңдамады. Жауап
нұсқаларының мұндай бөлісі біздің зерттеуіміздің
қазақстандықтар үшін гендерлік бюджеттендіру
мәселесі өзекті емес деген болжамымыздың
дұрыстығын
көрсетеді.
Гендерлік
бюджеттендірудің не екендігі, оның қандай
жолдармен дайындалатындығы, қандай пайдасы
бар
екендігі
және
онымен
кімнің
айналысатындығы туралы білетін адамдар аз.
Зерттеу барысында біз гендерлік мәселе ерлерге
қарағанда әйелдер үшін маңыздырақ деген
тұжырым жасадық. Гендерлік мәселеде ерлерге
қарағанда әйелдердің көбірек ақпаратқа ие
екендігі байқалады.
B.18. Сіздің ойыңызша Мемлекеттік
құрылымдар (үкімет, мәжіліс, мәслихат)
бюджеттің гендерлік талдауын
жүзеге асыруы қажет пе?
7 %
88 %
1,3 %
Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі - 88 % -
бұл сұраққа жауап бере алмады. Тек 7 % ғана
мемлекеттік
құрылымдардың
бюджеттің
гендерлік талдауымен айналысуы қажет деп
есептесе, 1,3 % оның қажеті жоқ деген пікірде.
Аймақтық деңгейде алғанда да пікірлердің бөлісі
тура осындай жағдайда. Ерлердің де (91,2 %),
әйелдердің де (86,1 %) көпшілігі мемлекеттік
құрылымдардың
бюджеттің
гендерлік
сараптамасымен айналысуы қажет пе, жоқ па
деген
сұраққа
жауап
бере
алмады.
Респонденттердің жас деңгейі бойынша да дәл
осындай жағдайды көруге болады. Орта және
арнайы орта білім өкілдері де (91 %), жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар
респонденттер де (86,1 %) аталмыш сұраққа
жауап берген жоқ. Сондай-ақ басқа ұлт
өкілдерінің 89,1 %, қазақ ұлтының 87,9 % және
орыс ұлтының 87,8 % бұл сұраққа жауап берген
жоқ. Ауыл тұрғындарының 90,1 %, қала
тұрғындарының 87,3 % да жауап бермеді.
Мемлекеттік құрылымдар тарапынан бюджеттің
гендерлік талдауының қажеттілігі жөніндегі
сұраққа берілген жауаптардың мұндай бөлісі
бізге сауалнамаға қатысушылардың гендерлік
бюджеттендірудің өзі туралы айқын түсініктері
жоқ болғандықтан, онымен кімнің айналысуы
қажет екендігін де білмейтіндігін көрсетті. Бұдан
гендерлік
бюджеттендіру
мәселесі
қазақстандықтар үшін мүлде өзекті емес деген
тұжырым жасауға болады.
B.1. Гендерлік бюджеттендіру.
Сарапшылар пікірі
2016 жылдың мамыр-маусым айларында біз тағы
да сараптамалық сауалнама өткіздік. Алуан түрлі
қызмет ету салаларының кәсіби мамандарымен
(үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік
қызметкерлер, қоғамдық қайраткерлер және т.б.)
15 тереңдетілген жартылай құрылымдық сұхбат
жүргізілді.
Сарапшыларға
гендерлік
бюджеттендіруге қатысты 5 сұрақ қойылды. Енді
сараптамалық сауалнаманың нәтижелерімен
танысайық.