ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
18
Бөлім С. Мамандықтар
С.19. Сіздің ойыңызша Қазақстанда
мамандықтар «ерлердікі» және
«әйелдердікі» деп бөліне ме?
мамандықтар
жыныс бойынша
бөлінбейді
45,8 %
еңбектің
гендерлік
тұрғыдан бөлінуі
мүмкін екендігін
білмейді
9,0 %
мамандықтардың
жыныс бойынша
бөлінетіндігін
мойындайды
39,6 %
Сауалнамаға
қатысушылардың
45,8
%
мамандықтарды жыныстық белгі бойынша
бөлмейді, 9 % еңбектің гендерлік бөлінісінің
мүмкін
екендігін
білмейді,
ал
39,6
%
мамандықтардың жыныстық белгі бойынша
бөлінісін
мойындайды.
Орал
қаласы
тұрғындарының 47,2 % мамандықтар ерлердікі
және әйелдердікі деп бөлінеді деп санайды.
Мұны көбінесе ер адамдар жұмыс істейтін ауыр
өнеркәсіптің бар екендігімен түсіндіруге болады.
Қарағанды тұрғындарының көпшілігі (49,5 %)
мамандықтардың ерлердікі және әйелдердікі
деген бөлінісінің бар екендігін алға тартады.
Сауалнамаға қатысқан ер адамдардың басым
бөлігі (51,4 %) ондай қиыншылықтарға ешқашан
тап
болмағандықтан,
Қазақстанда
мамандықтардың гендерлік белгісі жоқ деп
есептейді.
Қазақстанда
мамандықтардың
ерлердікі мен әйелдердікі деп бөлінуін жоққа
шығаратын әйелдердің үлесі айтарлықтай жоғары
(42,7 %). Бұл жайт әйелдер үшін қызметтің
бірқатар саласында «әйнек төбе» әсерінің бар
екендігі туралы біздің жорамалымызды да жоққа
шығарады. Бірақ ол сонымен қатар әйелдер
аталмыш проблемаға ден қойып, саралаған да
жоқ деп болжауға да негіз болады. Жас санаты
бойынша 18 - 30 жас аралығындағы топ негізінен
(43,8 %) ер және әйел мамандықтардың бар
екендігін атап көрсетеді. Маманды еңбекпен
айналыспағандықтан болу керек, 60 және одан
жоғары жастағы топ (56,9 %) Қазақстанда
мамандықтар гендерлік белгіге қарай бөлінбейді
деген
пікірді
қолдайды.
Респонденттердің
көпшілігі (жоғары білімділер - 44,7 %, орта
білімділер - 47,5 %) білім деңгейінен тыс
мамандықтардың
«ер»
мен
«әйелге»
бөлінбейтіндігін алға тартты. Бұл сұраққа берілген
жауаптарды этникалық деңгейде саралау орыс
ұлты өкілдерінің басым бөлігінің (52,3 %) ондай
бөлініс жоқ деп есептейтіндігін көрсетті. «Иә»
деген
жауапты
таңдағандар
арасында
орыстардың үлесі 34,9 %, қазақтар - 40,6 % және
басқа ұлттар - 41,5 %. Жауаптардың мұндай
бөлінісі этномәдени ерекшеліктер мен әйелдің
ақы төленуге тиіс мамандық ретінде де, қызметтің
түрі
ретінде
де
қарастырылмайтын
үй
шаруасымен
белсенді
айналысатындығымен
байланысты болуы мүмкін. Қала тұрғындарының
көпшілігі (48,2 %) мамандықтар ердікі және
әйелдікі деп бөлінбейді деген пікірде. Ал ауыл
тұрғындарының басым бөлігі (47,3 %) «иә» деген
жауапты таңдады. Ауылдық өмірдің дәстүрлі
салты еңбек түрін айқын бөле білетіні анық.
кенші
қарауыл
құтқарушы
45,1 %
38,2 %
37,7 %
Респонденттер
мынадай
мамандықтарды
ерлердікі деп санайды: кенші - 45,1 %; қарауыл -
38,2 %; құтқарушы - 37,7 %. Ерлерге олардың
күш-қуатын қолдануға болатын және қолдануға
тиіс мамандықтар лайық деген пікірдің көптеген
адамдарға ортақ екендігін айта кету қажет.
Әйелдер арасында 48,4 % кенші мамандығы тек
қана ерлердікі деп есептейді, бұл пікір ерлерге
қарағанда 10 %-ға артық. Ал ерлердің көпшілігі
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
19
ең жоғары деңгейде өздеріне лайық деп таныған
мамандық «құтқарушы» болды (40,6 %). Мұғалім
мамандығын ерлерге лайық деп таныған
әйелдердің жауабы ең аз үлеске ие болды (0,6 %).
Ерлер өздеріне ең сай келмейтін мамандық
ретінде кітапханашы мамандығын атап көрсетті
(0,2 %).
Жас санаты бойынша барлық топтар кеншіні ер
адам мамандығы деп біледі. 18 - 30 жас
аралығындағы топ ерлерге ең сай келмейтін
мамандық шаштараз (0,2 %) деген пікірде; 31 - 45
жас аралығындағы топ сатушы және дизайнер
мамандықтарына 1 %-дан дауыс берсе, 46 - 59
жас аралығындағы топ өкілдері соңғы орындарға
мұғалім (0,6 %), кітапханашы (0%) мамандықтарын
қойды, ал 60 және одан жоғары жастағылар
шаштараз (0 %) бен аспаз (0 %) мамандықтарын
ерлердікі емес деп санайды.
Жоғары және арнайы орта мамандылар кенші,
құтқарушы және қарауыл мамандықтарын
ерлерге ең лайық мамандықтар деп біледі.
Жоғары білім өкілдері дизайнер (0,5 %),
кітапханашы (0,6 %) және шаштараз (0,7 %)
мамандықтарын
ерлерге
ең
сай
емес
мамандықтар деп біледі. Ал арнайы орта маман
өкілдері ерлерге жарамсыз мамандықтар ретінде
мұғалім (0,4 %), кітапханашы (0,5 %), хатшы (0,7 %)
мамандықтарын атап көрсетті.
Қала тұрғындарының көбі дәрігерді ерлердің
мамандығы деп санайды (2,8 %). Мұғалім
мамандығына берілген тең бағаға тұрғылықты
жердің әсері болған жоқ (0,6 %). Саясаткер
мамандығына да шамамен ұқсас баға берілді
(қала - 18,4 %, ауыл - 18,1 %) . Ең төменгі деңгейде
берілген көрсеткіштер кітапханашы мамандығына
тиесілі: қала - 0,6 %, ауыл - 0,3 %.
С.20. Егер солай ойласаңыз,
қандай мамандықтарды
әйелдердікі деп санайсыз?
хатшы
37,9 %
кітапханашы
36 %
бет әрлеуші
28,2 %
Төмендегі мамандықтар ең көп дауыспен
әйелдердікі деген сипатқа ие болды: хатшы (37,9
%), кітапханашы (36 %), бет әрлеуші
(28,2 %). Ең
төменгі көрсеткіштерді құтқарушы (0 %), кенші (0
%), жүргізуші (0%) мамандықтары иеленді.
Әйелдердің 0,9 % кеншінің, 0,8 % жүргізушінің
және 0,3 % құтқарушының жұмысын өздері үшін
мүмкін деп санайды. Ерлерге қарағанда әйелдер
көбірек бухгалтерлікті өздеріне лайық мамандық
деп біледі. Барлық ұлт өкілдерінің әйелдер үшін
ең қолайлы үш мамандыққа қатысты пікірлері
өзара ұқсас: хатшы, кітапханашы, бет әрлеуші.
Қалалықтарға қарағанда ауыл тұрғындары
әйелдерге
лайық
мамандықтар
қатарына
төмендегілерді көбірек жатқызады: аспаз - 15,4
%, мұғалім - 13,6 %, дәрігер - 5,7 %. Ал қала
тұрғындарының ойынша шаштараз - 11,5 % және
кенші - 0,6 % мамандықтары әйелдерге қолайлы.