Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



жүктеу 1,91 Mb.
Pdf просмотр
бет8/22
Дата19.11.2018
өлшемі1,91 Mb.
#20655
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

15

 



 

«Сіздің  ойыңызша  мемлекеттік  құрылымдар 

(үкімет, 

мәжіліс, 

мәслихат) 

бюджеттің 

гендерлік талдауын жүзеге асыруы қажет пе?» 

деген  сұраққа  15  сарапшының  10  бірауыздан 

гендерлік  сараптама  қажет  екенін  айтты. 

Сарапшылардың  бірі  өз  жауабын  былай  деп 

түсіндірді:  «Бұрын  гендерлік  көрсеткіштер 

аймақтарды 

әлеуметтік-экономикалық 

дамытудың 

индикативті 

жоспарына 

енгізілетін.  Ол  жоспар  нақты  шаралар  мен  

көрсеткіштерді  қарастыратын»  (3-С).  Қалған 

сарапшылар (5 адам) гендерлік бюджетті құрудың 

қажет екендігіне сенімсіздік танытты. Бұл тұста 10-

С пікірін атап көрсеткеніміз жөн: «Менің ойымша 



гендерлік  бюджеттендіру  –  Қазақстан  үшін 

күрделі 

тәжірибе. 

Халық  үшін 

«гендер» 

ұғымының  өзі  түсініксіз  болса,  гендерлік 

бюджеттендіру  туралы  айтудың  да  қажеті  

жоқ.  Гендерлік  бюджеттендіру  жүрілу  үшін 

алдымен  бізде  жеткіліксіз  болып  табылатын 

gender-aggregated  data  қажет.  Біз  гендерге 

қатысты  барлық  сала  бойынша  толық 

жағдайды  көрмейінше,  бір  ғана  жыныс  үшін 

пайдалы  болатын  қандай  да  бір  саланы 

бюджеттендіру 

бойынша 

арнайы 

бағдарламалар 

құра 

алмаймыз. 

Гендерлік 

бюджеттендіру  маған  сағат  секілді  жұмыс 

істеуге  тиіс  тұтас  бір  механизм  ретінде 

елестейді: Зерттеу ----- Талдау ---- Проблемалы 

жерлерді анықтау ----- Бағдарлама құрастыру --

--- Имплементация-Мониторинг ----- Бағалау --

---  Қайтадан  талдау.  Ол  үшін  аналитиктер, 

қаржыгерлер,  аудиторлар  қажет.  Гендерлік 

бюджеттендіру  ұзақ  мерзімді  келешекте 

қажетті  салаларға  қаржы  бөле  отырып, 

гендерлік  теңдіктің  нығаюына  әкелуі  мүкін. 

Алайда  қысқа  мерзімді  келешекте  гендерлік 

бюджеттендірудің  мәні  жоқ,  себебі,  қазіргі 

таңда  Қазақстанда  жалпы  бюджеттендіру 

ісінің өзі дағдарысты бастан кешіруде».    

 

«Сіздің  ойыңызша  Қазақстанда  бюджеттің 



гендерлік  талдауының  өзіндік  әдістемесін 

жасаудың  қажеттілігі  бар  ма?»  деген  сұраққа 

жауап алу барысында біз сарапшылар тарапынан  

арнайы  әдістеме  дайындаудың  қажеттілігіне 

деген  сенімділік  байқадық  (15  адамның  11). 

Мәселен,  2-С  өз  ойын  былай  білдірді:  «Иә, 

әлеуетті  әйелдер  ұйымдары  мен  ұлттық  

комиссияның  қатысуымен,  бірақ  халықаралық 

тәжірибенің негізінде».  

 

«Қазақстан  бюджетінің  қандай  шығындық 



салаларын гендерлік сипатта деп атар едіңіз?» 

деген  сұраққа  сарапшылардың  көпшілігі  (15-тің 

12-і)  әлеуметтік  салаларды  атап  көрсетті: 

денсаулық  сақтау,  білім,  балаларға  арналған 

жәрдемақылар, 

жүктілікке, 

босануға 

және 


баланың  тууына  қатысты  әйелдерге  арналған 

жәрдемақылар,  еңбек  қатынастары,  қала,  аудан, 

облыс  бюджеті.  11-С  гендерлік  сипаттағы 

салаларға  «бірінші  кезекте  әлеуметтік  және 



экономикалық,  сосын  орынды  болған  жағдайда 

саяси  салалардың»  жататындығын  атап  көрсетті. 

Бірнеше  сарапшы  (3  адам)  гендерлік  сипаттағы 

салаларды сеніммен атай алмады.  

 

Барлық  сарапшылардың  Қазақстанда  гендерлік 



саясатты 

жүзеге 

асыруға 

арналған 

шығындарды 

жеткіліксіз 

деңгейде 

деп 


санайтындықтарын  баса  айту  керек.  3-С  «Мүлде 

жеткіліксіз!» деген ойын білдірді. 

 

«Қазақстанның бюджеттік саясатын гендерлік 



тұрғыдан  алғанда  «соқыр»  деп  атауға  бола 

ма?» деген сұраққа 13 сарапшы бір ауыздан «Иә» 

деп  жауап  берді,  соның  ішінде  7-С  ойын 

эмоционалды түрде  былай деп білдірді:  «Иә. Дәл 

солай  деп  атауға  болады!»  Тек  1  сарапшы  ғана 

былай  деп  жауап  қатты:  «Олай  деп  айта 



алмаймын,  себебі  әлеуметтік  бөлік  оны  анық 

есепке  алады.  Экономикалық  бөлік  те  онымен 

формалды түрде болса да есептеседі».   

 

«Сіздің  ойыңызша  гендерлік  сипаттағы 



бюджеттің қандай жақсылықтары бар?» деген 

сұраққа  берілген  жауаптардың  бөлісі  мынадай 

болды:  

 

Бюджеттік қаржыны тең бөлу (1-С) 

 

Мемлекет  пен  қоғамның  барлық  саласында 

гендерлік теңгерімді сақтау (3-С) 

 

Бірінші  кезекте  әйелдер  мен  балалардың 



мұқтаждықтары  қанағаттандырылады  және 

қорғалады (11-С) 

 

Әділдік,  адам  құқықтарын  сақтау  мен  қолдау 

(2-С) 



жүктеу 1,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау