ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
16
Күллі аймақты дамыту (7-С)
Бюджеттің гендерлік талдауы өзінен өзі
өзгерістерге әкелмейді, бірақ ол әйелдер, ерлер,
ұлдар, қыздар және т.б. белгілі бір топтың
пайдасы үшін шешімдер қабылдауға негіз
болады (4-С)
Бұл мемлекеттік қаржыларды әлеуметтік
тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да
сапалы әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік берер
еді (5-С).
Сөйтіп
гендерлік
мәселе
саласындағы
сарапшылардың
қазақстандық
тәжірибеде
гендерлік бюджеттендіру шаралары жүрілмейді
деген пікірде екендіктерін білдік. Алайда
сарапшылар бюджеттің гендерлік сараптамасын
жүргізудің қажет екендігіне сенімді. Бұл аталмыш
шараның гендерлік теңдікті дамыту жолындағы
маңыздылығы мен тиімділігін айқын түсінумен
байланысты болып отыр. Сарапшылар бюджеттің
денсаулық сақтау, білім жүйесі, балаға қарау
жәрдемақысы тәрізді дәстүрлі салаларына
гендерлік сараптама қажет деп біледі. Бұл жайт
сарапшыларды
гендерлік
бюджеттендірудің
тиімділігі, салдары мен маңыздылығы жөнінде
әдеттегі, таптаурын сипаттағы көзқараста –
гендер = әйел және балалар, бірақ гендер = әйел
+ ер адам + балалар = емес – деп тұжырымдауға
ерік береді.
В.2. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1325
«Әйелдер, бейбітшілік және
қауіпсіздік» қарарының
орындалуы. Сарапшылар пікірі.
2016
жылдың
мамыр-маусым
айларында
жүргізілген сараптамалық сауалнама аясында БҰҰ
Қауіпсіздік кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік және
қауіпсіздік»
резолюциясының
орындалуына
қатысты сұрақтар тобы қойылды. Үкіметтік емес
ұйымдар өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер,
қоғам қайраткерлері болып табылатын 15 кәсіби
сарапшы аталмыш резолюцияның Қазақстанда
жүзеге асуының ерекшеліктеріне қатысты 7
сұраққа жауап берді. Сараптамалық сауалнама
мынадай нәтижелер көрсетті:
«БҰҰ ҚК 1325 қарарының қандай қырлары
Қазақстанда жүзеге асыру үшін өзекті?» деген
сұраққа 15 сарапшының 7 «бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қолдау шараларына әйелдердің
қатысуы», «бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіндегі
әйелдердің рөлі мен қосар үлесін бекіту»,
«әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деп
көрсетті. Ал қалған 8 сарапшы аталмыш
тақырыптың өздеріне таныс емес екендігін айтып,
бұл сұраққа түсініктеме бере алмады.
«Сіздің ойыңызша Қазақстанда БҰҰ ҚК 1325
қарарын жүзеге асыруға кім бастама
көрсетеді?» деген сұраққа сарапшылардың
көпшілігі (15 сарапшының 11) резолюцияны
жүзеге асыруға бастама көрсететін негізгі агент
мемлекет деп біледі. Ал үкіметтік емес ұйымдар,
халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам –
мемлекеттің негізгі көмекшілері. 3-С бұл сұраққа
былай деп жауап берді: «Үкіметтік емес
ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері бірінші
кезекте өздерінің мақсатты топтарының
прагматикалық және арнайы мәселелеріне ден
қоятындықтан, мемлекеттік және халықаралық
ұйымдар».
«Қазақстан
Республикасының
үкіметі
бекіткен
бағдарламалық
құжаттарды,
заңдарды («Қазақстан Республикасында 2006-
2016 жылдарға арналған
гендерлік теңдікке
қол жеткізу
стратегиясы»,
«Тұрмыстық
зорлық-зомбылықтың
алдын-алу»
заңы,
«Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен
тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері
туралы» заң) БҰҰ ҚК 1325 қарарын жүзеге
асырудың жолдары ретінде қарастыруға бола
ма?» деген сұраққа 15 сарапшының 5 гендерлік
құқықтар мен еркіндіктерді жүзеге асыруға
қатысты қазақстандық үкіметтік құжаттарды БҰҰ
ҚК 1325 резолюциясын жүзеге асырудың
жолдары ретінде қарастыруға болмайды деген
пікірлерін білдірсе, 3 сарапшы бұл құжаттарда
резолюцияның мазмұны қамтылғандығына шүбә
келтірді. 7 сарапшы сенімді түрде «Иә» деп жауап
берді. Олардың ойынша қазақстандық заңдар
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
17
мен үкіметтік бағдарламалар резолюцияның
мақсаттары мен міндеттеріне сай келеді.
«БҰҰ ҚК 1325 қарарын Қазақстанда жүзеге
асыру
барысында
қандай
проблемалы
аймақтар бар деп ойлайсыз?» деген сұраққа
11-С «Саяси ерік бар, бірақ оның жүзеге асуы
менің ойымша үзік-үзік түрде өтіп жатыр және
ол көптеген басқа құрылымдардың еркіне
тәуелді. Сол себептен қаржыландыру мен есеп
беру жеткіліксіз деңгейде. Ынтымақтастықтың
үрдісі мен механизмдері бар және олар жолға
қойылған. Бірақ қоғамның дауысы жеткілікті
түрде есепке алынбайды» деген ойын білдірді.
Сарапшылардың үшеуі саяси еріктің, жеткілікті
қаржыландырудың
және
есеп
беруге
міндеттіліктің жоқ екендігін алға тартты. С-7
мынадай ой білдірді: «Іс-әрекеттер үйлестігі
жоқ, мемлекет әлі күнге дейін үкіметтік емес
ұйымдармен нашар жұмыс істейді, оларға
шындап көңіл бөлмейді».
«Сіздің ойыңызша жергілікті билік органдары
БҰҰ ҚК 1325 қарарының қағидаларын өз іс-
әрекеттеріне қоса ма?» деген сұраққа 11
сарапшы жергілікті билік органдарының
БҰҰ ҚК
1325
қарарын
жүзеге
асырумен
айналыспайтындығын тілге тиек етсе, бір
сарапшы өзінің болжамын былай деп білдірді:
«Айналысады деп ойлаймын, бірақ бар мәселе
формалды қатынаста».
«БҰҰ ҚК 1325 қарарының қағидаларын
Қазақстанда тиімді түрде жүзеге асыру үшін
Сіз қандай ұсыныс жасар едіңіз?» деген
сұраққа сарапшылар төмендегідей пікірлер
білдірді: «Мемлекет басшыларының қатысуымен
елде әйелдердің халықаралық форумдарын
ұйымдастыру» (С-1); «әйелдер құқықтары
бойынша пәрменді, таңдаулы комитеттер
құру» (С-2); «саяси ерік пен жеткілікті
қаржыландыру
қажет»
(С-4);
«халықты
жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін
үкіметтік емес ұйымдарды тарту» (С-8);
«халық
арасында гендерлік теңдік идеологиясын кеңінен
енгізу және дамыту» (С-7).
«Сіздің ойыңызша Қазақстан БҰҰ ҚК 1325
қарарында атап көрсетілген мақсаттарға қол
жеткізе ала ма?» деген сұраққа
нақты бір баға
мен түсініктеме беру сарапшыларға қиынға түсті.
Олар негізінен «Сенімді емеспін» (С-5), «Қазір
емес» (С-9); «Мүмкін» (С-7) деген пікірлерге
тоқталды.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1325 «Әйелдер,
бейбітшілік
және
қауіпсіздік»
қарарының
Қазақстанда орындалуына қатысты сарапшылар
сұхбатын талдай отырып, мынадай қорытынды
жасай аламыз: шиеленістердің алдын алу жұмысы
бойынша әйелдер мен қыздардың құқықтарын
институционалды
түрде
қорғау
жүйесін
қалыптастыру, қауіпсіздік, қорғаныс, құқықтық
тәртіп және төтенше оқиғалар саласындағы
әйелдердің
рөлін
күшейту,
жанжалды
жағдайларда әйелдер мен қыздардың зорлыққа
төзбеуін қалыптастыру,
әйелдер мен қыздар үшін
қауіпсіз орта құру және қолдау, жанжалды
жағдайларда әйелдер мен қыздарды қорғауға
қатысты субъектілердің дайындығын күшейту
сияқты
шаралар
қажетті
деңгейде
іске
асырылмайды. Аталмыш резолюцияны жүзеге
асырудың басты агенті ретінде сарапшылар
мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдарды,
халықаралық ұйымдарды атады. Олар сондай-ақ
басты проблемалар ретінде резолюцияны жүзеге
асыру
бойынша
іс-әрекеттер
үйлестігінің
жоқтығын, әлсіз саяси ерікті, немқұрайлылықты
қаржыландыру мен есеп беру міндетінің
жеткіліксіздігін атап көрсетті. Осы аталған
жағымсыз шарттарды жою үшін сарапшылар
халықаралық форумдар ұйымдастырып, әйелдер
құқықтары бойынша таңдаулы комитеттер құру,
қаржыландыруды көбейту, халыққа ақпарат
тарату үшін үкіметтік емес ұйымдарды белсенді
түрде іске қосу, сонымен қатар гендерлік теңдік
идеологиясын халық арасына кеңінен енгізу және
дамыту қатарлы ұсыныстар жасады.