Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



жүктеу 1,91 Mb.
Pdf просмотр
бет3/22
Дата19.11.2018
өлшемі1,91 Mb.
#20655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

5

 



 

Бөлім А. Жалпы мәліметтер 

  

A.1. Сіздің ойыңызша Қазақстанда  



ерлер мен әйелдер арасында  

теңсіздік бар ма? 



 

 

 

Қос  жыныс  өкілдері  арасында  теңсіздіктің  бар-



жоқтығына  қатысты  қойылған  сұраққа  берілген 

жауаптардың 

жалпы 

көрінісі 



оның 

қазақстандықтар  өмірінде  белгілі  бір  дәрежеде 

бар  екендігін  білдіреді.  Бірақ    респонденттердің 

көпшілігі (37,1 %) «Жоқ, бізде барлығы тең» деген  

нұсқаны, 14,4 % «Иә, өте жоғары деңгейде» деген  

нұсқаны  таңдады.  Респонденттердің  бұл  сұраққа 

берген 

жауаптарында 



аймақтық 

деңгейде 

айырмашылықтар  бар  екендігін  айтуға  болады. 

Бұл  жайт  қызметтің  әр  түрлі  саласындағы  еңбек 

бөлінісіне  тән  ерекшелік  пен  этномәдени 

факторлардың әсерін көрсетеді. Жауаптарды жас 

мөлшеріне қарай саралағанда барлық жас санаты 

бойынша «Жоқ, бізде барлығы тең» деген жауап 

үстем  шықты.  Орта  білімді  респонденттерге 

қарағанда  жоғары  білімділердің  ішінде  «Иә,  бар, 

бірақ  айқын  емес»  (30,7  %)  және  «Жоқ,  бірақ 

кейде  байқалып  қалады»  (19,7  %)  деген 

нұсқаларды  таңдағандардың  үлесі  жоғарырақ. 

Сауалнамаға 

қатысқан 

орта 


білімділердің 

арасында  «Жоқ,  бізде  барлығы  тең»  деген 

жауапты  таңдағандардың  үлесі  көп  -  40  %. 

Гендерлік  теңсіздіктің  бар  екендігін  ауыл 

тұрғындарына  қарағанда  қала  тұрғындары 

көбірек  айтады.  Аталмыш  сұраққа  берілген 

жауаптарды 

саралау 


қазақстандықтардың 

гендерлік 

теңсіздіктің 

бар 


екендігін 

мойындамайтындығын  көрсетеді.  Ал  бұл  жайт 

гендерлік  саясатты  және  гендерлік  теңдік 

стратегиясын  жүзеге  асырудың  қажеттілігіне 

күмән тудырады.  Бірақ  гендерлік теңсіздіктің бар 

екендігін  жоққа  шығару  оның  қандай  әлеуметтік 

факт  екендігі  мен  қандай  салдары  бар  екендігі 

туралы  білімнің  жоқтығымен  байланысты  болу 

керек деп болжам жасауға болады.   

 

A.2. Егер бар болса, неден байқалады? 



 

 

 



Сауалнамаға  қатысушылардың  көпшілігі  -  31,4  % 

теңсіздіктің  басты  көрсеткіші  ретінде  «Үй 

шаруасының  бөлісін»  таңдады.  Олар  көбінесе 

әйелдер  атқаратын  еңбектің  бұл  түріне  ақы 

төленбейтіндігін 

әрі 


оның 

ауыр 


болып 

саналмайтындығын,  сөйте  тұра  уақыт  пен  күш-

қуатты  талап  ететіндігін  мәлімдейді.  Аймақтар 

деңгейінде 

сауалнамаға 

қатысқандардың 

көпшілігі  теңсіздік  көрсеткіші  ретінде  осы  «Үй 

шаруасының бөлісін» атап көрсетті. Екінші орынға 

«Балалар мен қарттарды бағып-қағу» деген нұсқа 

ие болды. Жас санаты бойынша барлық топтарда 

көпшілік  тағы  да  осы  екі  нұсқаны  –  «Үй 

шаруасының  бөлісі»  және  «Балалар  мен 

қарттарды бағып-қағу» – таңдады. Жоғары білімді 

респонденттер  арасында  «Үй  шаруасының 

бөлісін»  атап  көрсеткендер  көп,  өйткені  әдетте 

адамның  білім  деңгейі  оның  үйден  тыс 

қызметпен  қаншалықты  көп  айналысатындығын 

көрсетеді. 

Көп 

этностыққа 



қарамастан 

отбасындағы  гендерлік  рөлдердің  дәстүрлі  түрде 

бөлінуі  барлық  әйелдерді  қамтиды.  Берілген 

жауаптардың 

тұрғылықты 

жерге 


қатысты 

бөлісіндегі  айырмашылық  барлық  көрсеткіштер 

бойынша төмен деңгейде. Бұл дерек адамдардың 

өмір сүру салтындағы, қала мен ауыл арасындағы 

тұрмыс 

формаларындағы 



шекаралардың 


 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

6

 



 

жойылғанын  көрсетеді.  Қазақстандықтар  үшін 

гендерлік  тұрғыдағы  проблема  ретінде  атап 

көрсетілген  тек  үй  шаруасы  және  балалар  мен 

егде  жастағы  туыстарды  бағып-қағу  болды.  Бұл 

мәселе  Қазақстан  Республикасының  2006-2016 

жылдарға 

арналған 

гендерлік 

теңдік 


стратегиясында  қарастырылмаған.  Ал  бұл  жайт 

аталмыш  бағдарламалық  құжат  Қазақстан  ерлері 

мен  әйелдерінің  шынайы  мұқтаждықтары  мен 

проблемаларына  жеткілікті  көңіл  бөлмейді  деп 

жорамалдауға түрткі болады.   

 

A.3. Егер жоқ болса, неге? 



 

Бұл сұраққа жауап бергендердің көпшілігі - 26 % - 

«Бұл  менің  жеке  ойым»  деген  жауапты  таңдаса, 

респонденттердің  18,5  %  бұл  біздің    салт-

дәстүріміз;  18,4  %  бұл  жағдай  біздің  қоғамда 

тарих  барысында  қалыптасқан;  9,4  %  бұл  діни 

нұсқама  деп  санайды.  Қазақстанда  жыныстық 

белгі бойынша теңсіздік жоқ деп санайтын ерлер 

бұл  ойды  тарихи  алғышарттар  мен  мәдени  салт- 

дәстүрлермен  түсіндіреді,  ал  әйелдердің  көбі  

өздерінің жеке пікіріне сүйенеді. 18 - 30 жастағы 

топ 


«Біздің 

қоғамда 


тарих 

барысында 

қалыптасқан жайт» деген пікірді қолдайды - 22,7 

%.  Сауалнамаға  қатысушылардың  білім  деңгейі 

неғұрлым жоғары болған сайын «Бұл менің жеке 

пікірім»  деген  жауапты  соғұрлым  жиірек 

таңдағанын  айта  кету  керек.  Барлық  этникалық 

топтарда да «Бұл менің жеке ойым» деген жауап 

басым.  Ал  «Біздің  қоғамда  тарих  барысында 

қалыптасқан  жайт»  деген  жауап  бойынша  біраз 

айырмашылықтар бар: қазақтар - 17,6 %, орыстар 

- 18,7 %, басқа ұлт өкілдері - 21,7 %. Салт-дәстүрге 

қатысты  жауапты  көбінесе  қазақтар  таңдады  - 

19,6  %.  Қала  тұрғындарының  арасында  ең  көп 

кезіккен  жауап  «Бұл  менің  жеке  пікірім»  болды. 

Қызықты  бір  дерек,  діни  нұсқамалардың  әсері 

көп  деп  ойлайтындардың  басым  бөлігі  қала 

тұрғындары - 11,1 % болса, ауыл тұрғындарының 

3,9 % ғана бұл пікірді бөліседі.  

 

 



 

 

 



 

A.4. Сізге гендерлік саясат  

ұғымы  таныс па? 

 

   

 

 

 

Иә 

Естуім бар 

Жоқ 

37,2 % 

27,5 % 

35,3 % 

 

Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігіне - 37,2 % 



-  гендерлік  саясат  ұғымы  таныс  Әйтсе  де  35,3  % 

оның  не  екенін  білмейді.  Гендерлік  саясат 

ұғымынан  ең  көп  хабардар  –  Орал  қаласының 

тұрғындары  -  58,9  %.  Ал гендерлік саясат туралы 

ең  аз  білетін  қала  Семей  -  19,6  %.  Алматыда  

гендерлік  саясат  туралы  білетіндер  (38,3  %)  мен 

ол  туралы  естігендердің  (35,9  %)  жалпы  үлесі 

жоғары. Бұл тұрғыдан алғанда Алматы қаласы ең 

жоғары пайыздық көрсеткішке ие болғанын атап 

өту  керек.  Бірқатар  сұрақтар  бойынша  Алматы 

тұрғындарының көбірек хабардарлығын қаланың 

мәдени 


астана 

сипатымен 

және 

білім 


ордаларының  көптігімен  түсіндіруге  болады 

деген ойдамыз.    

 

45,8 %

23,4 % 

 

Гендерлік саясат туралы білетін әйелдердің үлесі 



(45,8  %)  ерлерге  қарағанда  әлдеқайда  жоғары 

(23,4 %). 

 



жүктеу 1,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау