Бақылау сұрақтары:
1.Зат есімнің жасалу жолдары
2.Есімдерден зат есім жасайтын аффикстер
3.Еліктеу сөздерден зат есім жасайтын аффикстер
Реңк мәнін білдіретін жұрнақтар
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
3. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-А., 2000.
4. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989ж.
5. Қалиев Ғ. Қазақ тілінің сөзжасам мәселелері. Алматы, 20002ж.
5 дәріс тақырыбы: Сын есімнің сөзжасамы
1.Сын есімнің жасалу жолдары
2.Сан есімнің сөзжасамы
Сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы., Сын есім жасауға негіз болатын сөз таптары, сөз тұлғалары. Сын есімнің сөзжасамдық жұр-нақтары. Есімдерден сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар. Етістіктен сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар, етістіктерден сын есім жасайтын өнімсіз жұрнақтар. Сын есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сын есімдердің күрделі сын есім жасайтыны. Күрделі сын есімнің жасалуының жолдары, оларға қатыса-тын негізі, туынды сын есімдер, есім сөздер.
Бақылау сұрақтары:
1.Сын есімнің жасалу жолдары
2.Сан есімнің сөзжасамы
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
3. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-А., 2000.
4. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989ж.
6 дәріс тақырыбы: Сан есім сөзжасамы
1.Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі
2. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері
Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі бар, сан есім сөзжасамына қа-тысатын тілдік тұлғалар, олардың негізгілері. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері. Аналитикалық тәсілдің сан есім сөзжасамында негізгі орын ала-тыны, аналитикалық тәсіл арқылы сан есімнің жасалу үлгілері, жолдары. Синтетикалық тәсілдің де сан есім жасауға қатысатыны, оның өзіндік ерекшелігі, бұл туралы түрлі көзқарастар. Сан есім сөзжасамының тарихи іспеті, қазіргі дәуірде сан есім сөзжасам арқылы өз құрамын толық-тырмайтыны. Бірлік сандарға алты, жеті, сегіз, тоғыз сандары туралы. Ондық сан атауларындағы алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сан атаулары туралы. Сан атауларының қосу, көбейту тәсілі арқылы жасалуы. Бірлік пен ондық аралас сандардың жасалуы. Жүздік атауларының жасалуы. Мыңдық, жүздік, ондық, бірлік аралас сан атауаларының жасалуы.
Есімдіктің сөзжасамының өзіндік ерекшелігі, сөзжасам мүмкіндігінің аздығы. Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы есімдіктің жасалуы.
Бақылау сұрақтары:
1.Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі
2. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері
3. Есімдіктің сөзжасамының өзіндік ерекшелігі, сөзжасам мүмкіндігінің аздығы. Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы есімдіктің жасалуы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
3. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-А., 2000.
4. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989ж.
7 дәріс тақырыбы: Үстеудің сөзжасамы
1.Үстеудің жасалуының өзіндік ерекшелігі.
2.Үстеудің сөзжасамдық түрлері
Үстеу сөзжасамға кедей сөз табы. Үстеудің жасалуының өзіндік ерекшелігі. Үстеудің сөзжасамдық түрлері: аналитикалық, синтетикалық тәсілдер, көнеру арқылы үстеуге көшудің белгілі орын алатындығы. Үстеудің жасалуына негіз болатын сөз таптары: үстеу, зат есім, сын есім, есімдік, сан есім. Есім сөздерден үстеу жасайтын жұрнақтар, олардың мағыналары. Қосымшалардың түбірге көнеруі арқылы үстеудің жасалуы. Үстеудің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған үстеудің түрлері: 1) біріккен үстеулер, 2) қосарланған үстеулер, 3) тіркесті үстеулер.
Бақылау сұрақтары:
1.Үстеудің жасалуының өзіндік ерекшелігі.
2.Үстеудің сөзжасамдық түрлері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
3. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-А., 2000.
4. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989ж.
8 дәріс тақырыбы: Етістіктің сөзжасамы
1. Етістіктің қалыптасқан күрделі сөзжасам жүйесі
2. Етістік құрамын әр кезеңде де сөзжасам арқылы толықтырып отыратыны
Етістіктің қалыптасқан күрделі сөзжасам жүйесі. Етістік құрамын әр кезеңде де сөзжасам арқылы толықтырып отыратыны. Етістіктің сөзжасам арқылы құрамын толықтыруға басқа сөз таптарының да, етістіктің өзінің де негіз болатыны. Етістіктің семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Етістіктің сөзжасам жүйесінде бұл тәсілдің үлкен орын алатыны, сондықтан етістіктің туынды түбір етістіктерге байланысты екені. Есім негізді туынды түбір етістіктер, олардың негіз сөздері, есім негізді туынды түбір жасайтын жұрнақтар, олардың беретін мағыналары. Етістік негізді туынды түбір етістіктер, оларға есім негізгі туынды түбір етістіктің негіз болуы, негізгі түбір етістікьің негіз болуы. Етістіктен етістік жасайтын өнімсіз жұрнақтар –ла,-ле, -ғышта, -гіште, ыңқыра,-іңкіре, -қыла,-кіле, -лық,-лік, ық-, -ік, -ғы, -гі, -ыр, -ір, -бі,- ді. Етістіктен етістік жасайтын өнімді жұрнақтар-етіс жұрнақтары. Етіс жұрнақтарының сөзжасамға қатысы туралы көзқарастар. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың қызметі, мағына жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын күрделі етістіктер. Күрделі етістіктердің құрамы, олардың орны, қызметі, сөзжасамдық қабілеті, күрделі етістік жасауда тірек сыңар болатын етістіктер. Аналитикалық тәсіл арқылы құранды етістіктің жасалуы, оның құрамы, құранды етістіктің тірек сыңары. Құранды етістіктің құрамындағы сыңарларының беретін мағынасы. Сөздік құрамнан құранды етістіктің алатын орны.
Бақылау сұрақтары:
1. Етістіктің қалыптасқан күрделі сөзжасам жүйесі
2. Етістік құрамын әр кезеңде де сөзжасам арқылы толықтырып отыратыны
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
3. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-А., 2000.
№3 модуль.
Сөздің морфологиялық құрылымы. Сөз таптары және олардың құрылымы
9 дәріс тақырыбы: Зат есім (көмекші есімдер). Зат есімнің құрамы және түрленуі. Зат есімнің категориялары
1.Адамзат, ғаламзат есімдері, оларға тән ерекшеліктер.
2. Жалпы мен жалқы есім, бұлардың семантикалық-морфологиялық сипаты.
3. Көптік мәнді білдіретін зат есімдер.
4. Эмоционалды-экспрессивті мәнді зат есімдер, жасалу жолдары.
5. Көмекші есімдердің қолданылу ерекшелігі.
1. Зат есімнің грамматикалық ерекшеліктері.
2. Зат есімнің морфологиялық сипаты. Зат есімдердің құрылымы туралы.
3. Зат есімнің синтаксистік қызметі.
Зат есім - жалпы грамматикалық мағынасы бойынша заттық ұғымды білдіретін сөздерден тұратын, олардың сандылық, тәуелдік, септік, категориялары бар, баяндауыш қызметінде жақ категориясының көрсеткіштерімен түрленетін сөз табы. Заттық ұғым-зат есім сөздердің лексикалық мағыналарынан абстракцияланған зат есім сөздердің бәріне ортақ мағына. Сөздерді таптастыру ұстанымының 2-түрі бойынша сөз табының грамматикалық құрылымына, грамматикалық сипатына мән беріледі. Бұл ұстаным бойынша зат есімнің сандылық категориясы, тәуелдік, септік категориялары мен олардың көрсеткіштері зат есім сөздердің морфемдік құрамын басқа сөз таптарынан ажырататын белгі қызметін атқарады. Себебі бұл категориялар басқа сөз табында жоқ. Сондықтан олар зат есімнің морфологиялық белгісі деп те аталып жүр. Зат есімді жеке сөз табы деп тану, ажыратудың 3-ұстанымы оның синтаксистік қызметіне байланысты. Зат есім сөздердің негізгі синтаксистік қызметі - бастауыш, толықтауыш болу. Зат есімнің қай-қайсы болсын заттық ұғымды білдіргендіктен, олар негізінен алғанда, біркелкі болғандарымен іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларды қамтиды. Зат есімдердің ішінде даралау және жинақтау ұғымын білдіру қабілеті де жоқ емес. Зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтар да жоқ емес. Ондай, семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар топтарға: адамзат және ғаламзат есімдерін, жалқы есімдерді, көптік мәнді есімдерді эмоциялы-экспрессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жатқызуға болады.
Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-апыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы)\ қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды.
Бақылау сұрақтары:
1.Адамзат, ғаламзат есімдері, оларға тән ерекшеліктер.
2. Жалпы мен жалқы есім, бұлардың семантикалық-морфологиялық сипаты.
3. Көптік мәнді білдіретін зат есімдер.
4. Эмоционалды-экспрессивті мәнді зат есімдер, жасалу жолдары.
5. Көмекші есімдердің қолданылу ерекшелігі.
1. Зат есімнің грамматикалық ерекшеліктері.
2. Зат есімнің морфологиялық сипаты. Зат есімдердің құрылымы туралы.
3. Зат есімнің синтаксистік қызметі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің грамматикасы Алматы,1967
2.Қазақ грамматикасы Астана, 2002
3.Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі Алматы,1966
4. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, 1991
10 дәріс тақырыбы: Сын есім. мағыналық түрлері. сын есімдердің құрамы. шырай категориясы және сөйлемдегі қызметі
1. Сын есімнің семантикалық топтары.
2. Сын есімнің морфемалық құрамдары.
3. Сын есімнің шырай категориясы
3. Сын есімнің сөзжасамы
Сөздерді таптастыру ұстанымдары бойынша сын есімнің жалпы грамматикалық мағынасы-сындық белгі. Сын есім деп заттың эр түрлі сыр-сипатын қасиеттерін тікелей не басқа заттың катысуы арқылы білдіретін сөздер аталады. Мысалы, жақсы, жаман, тогайлы, елсіз т.б.
Әр сөз табының ерекшелігін танытатын өзіндік морфологиялық көрсеткіштері болады. Олар екі түрлі, бірі- сөз табының грамматикалық категорияларының көрсеткіштері, екіншісі- сөз табының сөзжасамдық жұрнақтары. Бұл екі түрлі морфологиялық көрсеткіштің екеуі де сын есімде бар. Сын есімнің шырай категориясы оны басқа сөз таптарынан ерекшелендіреді. Сын есімді танытатын екінші морфологиялық белгі - сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары. Сөзжасамдық жұрнақтардың өзіндік бір ерекшелігі-олар сөз табына байлаулы, әр сөз табының өзіне ғана тән сөзжасамдық жұрнақтары бар. Сөз таптары танылу үшін қойылатын синтаксистік ұстаным түрғысынан келгенде, сын есімнің атқаратын негізгі синтаксистік қызметі-анықтауыш. Сын есім сөйлемнің баяндауышы қызметін де жиі атқарады, ал сын есімнің пысықтауыш қызметінде қолданылуы сиректеу.
Сөйлемде қолданылатын сын есім сөздер төмендегі тұлғаларда болады: негізгі түбір сын есімдер, туынды түбір, біріккен түбір, қос сөз, тіркесті күрделі сын есімдер.
Негізгі түбір сын есім сөздер бір ғана морфемадан тұратын, тілдің казіргі даму сатысында әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі морфемалар: ақ, қцара, көк, қызыл, жасыл, қоңыр, сары, үлкен, кіші т. б.
Туынды түбір сын есімдер ең кемі екі морфемадан құралады- негізгі морфема және сөзжасамдық жұрнақ: өнерпаз, білгіш, үйшіл т.б.
Біріккен түбір сын есімдер: жалауқазықтай, жалңаяқтай, жалмауыздай, басыбайлы, бәйшешектей, бойкүйез, аққудай т.б.
Қос сөзді сын есім сөздер: үлкенді- кішілі, аумалы- төкпелі т. б.
Тіркесті күрделі сын есімдер: көк ала, сара көк, қара күрең т.б.
Сын есімдер морфемалық құрамдарына қарай, негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер деп бөлуге болады. Бірақ оларды осылайша жіктеу шартты нәрсе екенін есте ұстау қажет, өйткені қазіргі кезде негізгі сын деп жүрген сөздердің көпшілігінің төркінін талдап қарағанымызда, туынды сындар болып келеді. Мысалы: тұнық, суық. Сын есімдер морфологиялық, синтаксистік, морфологиялық-синтастиктік тәсілдер арқылы жасалады.
Зат есім, етістік сөзжасамынан кейінгі орында сын есім сөзжасамы тұрады. Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Сын есімнің туынды атаулары құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Дара туындыларға бір сөзден тұратын жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір сын атаулары жатады.
Өнімсіз жұрнақтар тілге жекелеген туынды түбір сын аталымдарын ғана қосқан, сондықтан олар өнімсіз жұрнақ аталады.Мысалы: -қы, -кі жұрнағы арқылы жинақы, күлдіргі, бұралқы сияқты туынды сын атаулары ғана жасалған. Сол сияқты –ын, -ін жұрнағы да аз ғана туынды жасаған. Мыс: бүтін, ұзын, ортан.
Заттың белгісі я сипаты біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары деп аталады. Сын есімнің 4 түрлі шырайы бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.
Бақылау сұрақтары:
1. Сын есімнің семантикалық топтары қандай?
2. Сын есімнің морфемалық құрамы неден тұрады?
3. Сын есімдердің жасалу жолдары қандай?
4. Шырайдың қандай түрлері бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А., 2007.
11 дәріс тақырыбы: Сан есімдер және олардың лексика-грамматикалық сипаты
1. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі.
2. Сан есімнің морфологиялық өзгешелігі.
3. Сан есімнің синтаксистік өзгешелігі.
Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін, есімдер тобына жататын сөз табы. Сан есімдер заттың саңдық белгісін білдіретін болғандықтан, ол белгіні білдіретін сөздер тобына жатады. Бұл тұрғыдан сан есім сын есімге жақын, өйткені сын есім де заттың белгісін білдіретін сөз табы. Бірақ сан есім заттың сандық белгісін білдірсе, сын есім заттың сындық белгісін білдіреді.
Сан есім сөздер тілде екі түрлі жазылады, олар әріппен де, цифрмен де жазылады. Бұл- сан есімнің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі, жоғарыда келтірілген сөздерде бұл белгі жоқ.
Сөз табы ұстанымдары тұрғысынан алғанда, сан есімнің өзіне тән семантикалық мағынасы бар, яғни олар - сандық ұғымды білдіретін сөздер. Шындық өмірде заттар өте көп, зат болған жерде заттың саны да болады. Ол жанды затқа да, жансыз затқа да қатысты. Сондықтан сан есім сөздер затты талғамай тіркеседі, сан есім зат атауының алдынан тіркесіп, оның санын білдіреді. Сан есім зат есіммен ешбір қосымшасыз орын арқылы ғана байланысады.
Сөздерді таптастырудың екінші ұстанымы- сөз табының морфологиялық белгісі. Бұл көбіне сөз табының сөздерді түрлеңдіру жүйесіне қатысты екені белгілі. Сан есімнің өзіне тән грамматикалық категориясы, яғни түрлендіру жүйесі жоқ. Бұл ерекшелік басқа да бірнеше сөз табына қатысты. Сондықтан ол сан есімнің сөз табы ретінде танылуына кедергі бола алмайды. Сан есім морфологиялық көрсеткішке кедей сөз табы болғанымен, оның мағыналық топтарының жекелеген қосымшалары бар. Олар реттік санның -ншы, -нші, -ыншы, -інші жүрнағы мен жинақтау санның -ау, -еу жұрнақтары.
Сөздерді топтастырудың үшінші ұстанымы – сөз табының негізгі синтаксистік қызметі болуы. Бүл үстанымға сан есімнің анықтауыштық қызметі жауап береді. Сан есім түрлі морфемдік құрамда қолданылады. Қүрамына қарай сан есімдер дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдер бір негізгі морфемадан тұрып, сандық ұғымды атайды.
Күрделі сандар сан есімде өте көп, оның санын көрсету де мүмкін емес. Күрделі сандар ешқандай қосымшаның көмегінсіз бір сан мен екінші санның тіркесуі арқылы жасалып, үшінші санның атын жасайды.
Бақылау сұрақтары:
Сан есімдер қандай үғымды білдіреді?
Сан есімдердің затқа қатысы қандай?
Сан есімнің грамматикалық категориясы бар ма?
Сан есімнің негізгі синтаксистік қызметі қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А.,2007
12 дәріс тақырыбы: Есімдік және оның лексика-грамматикалық ерекшелігі
1. Есімдіктер туралы жалпы сипаттама.
2. Есімдіктер және олардың түрлері.
Есімдік - басқа сөз таптарынан ерекшелігі мол сөз табы. Есімдіктің басты ерекшелігінің бірі-оның өте жалпы мағынасы. Дәл есімдіктей жалпы лексикалық мағыналы бір де бір сөз табын көрсету мүмкін емес. Сондықтан есімдіктің жалпы мағынасы оның негізгі ерекшелігі саналады.
Есімдіктің мағынасы сөйлеу әрекетімен, яғни ол сөйлемде не туралы айтылғанымен, сөйлеуге қатысушылармен тікелей байланысты.
Сөздерді таптастыру үстанымы түрғысынан алғанда, сөздерді таптастырудың 1-ұстанымына яғни семантикалық ұстанымға есімдіктің жалпылық мағынасы жауап береді, өйткені жалпылық мағына- бүкіл есімдік сөздерге ортақ мағына. Сөздерді таптастырудың 2-ұстанымы морфологиялық көрсеткіштер тұрғысынан алғанда, есімдіктің өзіне ғана тән грамматикалық категориясы, өзіне ғана қатысты сөз түрлендіру парадигмасы жоқ. Бірақ есімдіктер түрленбейтін сөздердің тобына жатпайды. Есімдіктер өзінің табиғатында түрлі сөздердің орнына қолданылатын сөздер болғандықтан, олар қай сөз табының орнына қолданылса сол сөз табының түрлену жүйесімен түрленеді. Сөздерді таптастырудың 3-ұстанымы тұрғысынан алғанда, есімдіктің синтаксистік қызметі оның табиғатымен тікелей байланысты. Есімдік белгілі бір синтаксистік қызметке байлаулы емес, ол қай сөз табының орнына қолданылса, сол сөз табының синтаксистік қызметін атқара береді.
Заттық есімдіктер қолданыста зат есімнің жалпы грамматикалық мағынасы- заттық үғым мағынасында зат есім сөздерінің орнына қолданылып, оның мағынасына сілтейді, сөйлемде зат есім атқаратын синтаксистік қызметті атқарады. Яғни көбіне бастауыш, толықтауыш қызметінде қолданылады.
Белгі есімдіктері заттың нақты белгісін атамаса да, заттың белгісіне сілтейді де, қай? қайсы? қандай? деген сүрақтарға жауап береді. Белгі есімдіктері мыналар: бұл, сол, мына, ана, осы, мынау, анау, осынау, сонау, пгонау, әне, міне, әнекей, мінекей. Бұларды аттрибутивтік есімдіктер деп те атайды. Мысалы, Темірбек сен менімен сонау үйге дейін бірге жүр(С.М.). Аттрибутивтік есімдіктер түрленбейді. Тек заттанғанда ғана түрленіп қолданылады. Мысалы, мынаны ал, соны түсін т.б.
Есімдіктің бірнеше түрлері бар: Өздік есімдігі, бел гісіздік есімдіктері,
болымсыздық есімдіктері, жалпылау есімдіктері
Бақылау сұрақтары:
1. Есімдіктің өзіндік негізгі ерекшелігі қандай?
2. Есімдіктің қандай түрлері бар?
3.Есімдік сөйлемде қаңдай қызмет заттарға атқарады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: 2007
13 дәріс тақырыбы: Етістік, оның лексика-cемантикалық сипаты, морфологиялық құрамы. Етістік және олардың категориялары мен синтаксистік қызметі
Етістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлігі
Негізгі түбір етістіктер.Туынды түбір етістіктер
Күрделі етістіктер
Негізгі және көмекші етістіктер
Аналитикалық форманттар, олардың мағыналары, құрылымы
Салттылық және сабақтылық категориясы
Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері
Етістіктің болымды-болымсыз категориясы
Етістік- сөз таптарының ішіндегі құрамы жағынан да, грамматикалық қүрылымы жағы нан да ең күрделі сөз табы.
Етістік деп заттардың қимыл-әрекетін білдіретін сөз табы аталады. Етістіктің жалпы қимыл ұғымын білдіруі сөздерді таптастырудың 1-ұстанымына жауап береді.
Етістіктің қимыл атауы, есімше, көсемше түрлері, салт, сабақты етістікке бөлінуі де етістікті басқа сөз табынан ажырататын белгілеріне жатады. Өйткені ол мәселелер басқа сөз табында жоқ.
Етістік басқа сөз таптарынан мағынасы жағынан ғана емес, өте күрделі грамматикалық құрылымы арқылы да ерекшеленген. Етістіктің грамматикалық категориялары ешбір сөз табында жоқ және олар өте күрделі, етістік грамматикалық категорияларға өте бай. Әр грамматикалық категориялардың өз мағынасы, өз көрсеткіштері тілде қалыптасып, әбден орныққан. Мәселен, етістіктің болымдылық, болымсыздык категориясы, қимылдың өту сипаты категориясы, модальдық, рай категориясы, шақ, жақ категориясы басқа ешбір сөз табында жоқ. Сондықтан ол грамматикалық көрсеткіштер етістіктің морфологиялық көрсеткіштері болып саналады. Бұл етістіктің сөздерді таптастыру теориясының 2-ұстанымына жауап беретінін дәлелдейді. Сонымен бірге, етістіктің өзіне тән сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі бар. Ол- сөйлемнің баяндауыш мүшесі қызметін атқарады. Етістіктің ішінде баяңдауыш қызметін атқара алмайтын бірде-бір етістік жоқ. Сондықтан баяндауыш- етістіктің негізгі синтаксистік қызметі. Ол сөздерді таптастырудың 3-ұстанымына етістіктің жауап беретінін білдіреді. Бұл етістіктің жалғыз синтаксистік қызметі емес, етістік пысықтауыш қызметін де атқарады.
Тілдегі етістіктер екі үлкен топқа бөлінеді, олар- дербес етістіктер мен көмекші етістіктер. Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, т. т. Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады.
Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады. Көмекші етістікгердің қолданылу аясы, жетекші етістікке тіркескенде оларға қосатын мағынасы мен түрлену сипаты жағынан бәрінде бірдей емес. Сондықтан олардың өзі іштей толымды және толымсыз көмекші етістіктер болып екіге бөлінеді.
«Аналитикалық формант» термині есімге де, етістікке де тән. Грамматикалық категориясы бар зат есім мен сын есімдегі грамматикалық аналитизм мәселесі дәлелденбегендіктен, аналитикалық формант ұғымы тек етістікпен байланысты қаралып жүр. Аналитикалық формант туралы айтпас бұрын аналитикалық форма ұғымына түсінік берген жөн. Аналитикалық формант - сөздің аналитикалық формасын жасаушы көрсеткіш. Мысалы, келе жатыр, айта бастады, білсе екен, өте жақсы деген сөздердегі =е жатыр, =а баста, =са екен, өте дегендер - аналитикалық форманттар.
Қазақ тіл білімінде сабақты етістік пен салт етістік етістіктің жеке семантика - синтаксистік категориясы -деп танылады.
Салт, сабақгы етістіктерді тануда ғылыми әдебиеттерде айтылып жүрген қимылдың субъектіге не объекгіге бағытталуына байланысты болады деген жалпылама анықтама жеткіліксіз сондықтан, олардың бір-бірінен ерекшелігін ажырату қажет. Олар:
1.Салт етістікте қимылды субьекті жасайды, бірақ ол қимылға түсетін, қимыл жасалатын субъектіден басқа зат болмайды. Ал сабақты етістікте қимылды басқа зат жасайды, яғни сабақты етістікте қимылға түсетін объекті зат болады.
2. Салт етістік тек субъеістіге қатысты қимылды білдіретін болғандықган, салт етістіктегі қимыл бір затқа ғана қатысты болады. Ал сабақты етістіктер субъектінің объектіге жасапатын қимылын білдіреді. Сондықтан да ол кемі екі затқа байланысты қимыл болады.
3. Салт етістіктер тек субьектіге қатысты қимылды білдіретін объектісіз етістіктер болса, сабақты етістіктер қимылдың белгілі бір обьектіде өтуін қажет ететін обьектілі етістік .
Етіс жұрнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түр-түрлеріне де жалғана береді. Оқулықтарда етіс - негізгі етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, - деген бес түрге бөлініп, негізгі етіске мынадай түсінік берілген: «Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердің де, күрделі етістікгердің де негіздері жатады. Етіс категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс түрлері ғана бар.
1. Өздік етіс. Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің субьектісіне қарай бағытталып, сабақты етістікке-ын,-ін,-н қосымшасы қосылу арқылы жасалады.
2. Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс іс істеуші арнайы айтылмай, ол іспен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын көрсететін етістіктің түрін айтады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л қосымшасы (түбір құрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н) арқылы жасалады.
3. Өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес, екінші бір субьекті арқылы істелетінін, іске асыратынын білдіріп, етістікке арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -кіз, -ғыз,-гіз қосымшаларының бірі жалғану арқылы сабақты етістік жасалатын етістіктің етіс категориясының бір түрі болып табылады.
4. Ортақ етіс. Етістің ортақ етіс түрі етістіктің салт етістік, сабақты етістік тұлғаларынан арнайы -ыс,-іс,-с қосымшаларының жалғануы арқылы жасалып, қимыл іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субьекті арқылы іске асатынын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |