«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»


Болымды-болымсыздық категориясы



жүктеу 0,75 Mb.
бет3/4
Дата21.05.2018
өлшемі0,75 Mb.
#15568
1   2   3   4

Болымды-болымсыздық категориясы.Етістік түбір күйінде де, әр түрлі грамматикалық (лексика-грамматикалық) тұлғаларында да қимылдың, іс-әрекеттің, амал-процестің болуын (болғанын, болып жатқанын, болатынын, болу сипатының әр түрлі реңін) білдіреді. Етістік білдіретін қимыл, іс-әрекеттің қарама-қайшы мәні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне (негізгі, туынды, күрделі), етістіктің лексика-грамматикалық категориялары (етіс, күшейтпелі етіс) тұлғаларына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдылық мәнге қарама-қайшы етістікгің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясын да жасайды.

Бақылау сұрақтары:

1.Етістіктің мағынасы қандай ұғымды білдіреді?

2. Етістіктің морфологиялық көрсеткіштеріне не жатады?



  1. Етістіктің негізгі синтаксистік қызметі қандай?

  2. Дара, күрделі етістіктер дегеніміз не?

5. Негізгі және көмекші етістіктер қандай ұғымды білдіреді?

6. Аналитикалық форманттардың мағыналары, құрылымы қандай ?

7. Етіс дегеніміз не? Етістің ұандай түрлері бар?

8. Өздік етістің мағынасы, жасалу жолы қандай?

9.Өзгелік етістің мағынасы мен жасалу жолы қандай?

10.Ырықсыз етістің мағынасы мен жасалу жолы қандай?

11.Ортақ етістің мағынасы мен жасалу жолы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Қалыбаева (Хасенова) А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы.А., 1951

  2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1991.281-284-6.

3.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.

14 дәріс тақырыбы: Үстеу және олардың мағыналық топтары мен сөйлемдегі қызметі

1. Үстеу жалпы түсінік.

2. Үстеудің мағыналық түрлері

3. Үстеудің жасалу жолдары

4. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары.

5. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі
Ең бір күрделі, әрі даулы сөз таптарының бірі -үстеулер. Сондықтан да тілде үстеулер мәселесі назардан тыс қалды деуге болмайды. Бұл жайында айтылған пікірлер мен бірнеше ғылыми зерттеулерді кездестіреміз. Үстеулер мәселесі өткен ғасырдағы түркі тілдеріне арналған грамматикаларда көрініс тауып жүрді. Мәселен, үстеулер туралы пікірлер И.Гиганов, М.А.Казембек, Г.М.Мелиоранский, А.М.Щербак, А.Н.Харитонов, А.Н.Кононов, И.И.Мещанинов, А.Н.Боровков, Н.А.Баскаков еңбектерінен орын алды.

Ал қазақ тілінде көрнекті ғалым А.Байтұрсынов үстеу сөздерді о баста шылау сөздердің құрамында демеу, жалғаулық, одағай сөздерінің қатарына қосып, оған: «... сөз үстіне қосылып сөздердің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз»-деген анықтама береді. Ғалым кейінірек үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді: «Үстеу дейміз-сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді» . АБайтұрсынов үстеуді бес мағыналық топқа бөледі. Олар: 1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік; 5)мекендік.

Профессор С.Аманжолов «Үстеу дегеніміз - істің қимылын, белгісін, мезгілін білдіретін сөз»-деген түсінік береді . Үстеу туралы арнайы еңбек жазған - профөссор А.Ысқақов. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер» атты еңбегі бар.

Үстеулер - қимылдың, іс-әрекеттің мекенін, мезгілін, жай-күйін, мақ-сатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп, грамматикалық жағынан түрленбейтін сөздер. Үстеулерді көпшілік ғалымдар түрленбейтін сөз табы деп қарастырса, кейбір ғалымдар оларды аз түрленетін сөз табы деп таниды.

Үстеу амал-әрекеттің әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық, себептік. мақсаттық сипаттарын білдіреді. Осымен байланысты, олар мынадай мағыналық топтарға бөлінеді: 1. Мезгіл үстеулері. 2. Мекен үстеулері. 3. Мөлшер үстеулері. 4. Сын-қимыл (бейне) үстеулері. 5. Күшейткіш үстеулер. 6. Мақсат үстеулері. 7. Себеп-салдар үстеулері. 8. Топтау үстеулері.

1. Мезгіл үстеулері амалдың, іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіріп қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеулері аса көп. Мезгіл үстеулерге мына сөздер жатады: бүгін, ертең, қазір т.б.

2. Мекен үстеулері қимыл-әрекеттің орнын, мекенін білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері мыналар: алға, артқа, артта, жоғары, темен, әрі, бері, кері, ілгері, әрмен т.б.

3. Мөлшер үстеулері амалдың, қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп, қанша? қаншама? қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулерге мына сөздер жатады: онша, сонша, оншалық, соншалық, мұншама, едәуір, бірқыдыру, анағұрлым т.б.

4. Сын-қимыл үстеулері қимылдың сан алуан бейнесін, орындалу амалын білдіріп, қалай? қалайша? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл үстеулеріне мына сөздер жатады: бірден, тез, жылдам, бірте-бірте, лезде, әрең, үиемі, қолма-қол, менше, құсша, емін-еркін т.б.

5. Күшейткіш (күшейту) үстеулер заттың сындық белгісін, қимыл, іс-әрекеттің сапасын, мөлшерін, көлемін күшейтіп я болмаса солғындатып көрсету үшін қолданылады. Күшейткіш үстеулер қашан? қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Күшейткіш үстеулерге ылғи, кілең, тіпті, нақ, нағыз, нық, әбден, мулде, өңкей, дәл, керемет т.б. сөздер жатады.

6. Мақсат үстеулері қимылдың мақсатын білдіреді. Мақсат үстеулерге жататын сөздер сан жағынан көп емес. Олар: әдейі, жорта, қасақана. Мысалы, - Әдейі істедің провалды, тұра тұр, саған көрсетермін провалды!-деп айқай салды (Ш.Жиенқулова).

7.Себеп-салдар үстеулері қимылдың себебін, нәтижесін білдіреді.Себеп-салдар үстеулері не себепті? неге?деген сұрақтарға жауап береді.

8. Топтау үстеулері қимылдың жасалуының топтық сипатын білдіреді. Топтау үстеулері нешеден? қаншадан? деген сұрақгарға жауап береді. Топтау үстеулеріне жататын сөздер төмендегідей: біреулеп т.б.

Үстеу - морфологиялық жағынан алғанда аз түрленетін сөз табы. Бұл оның морфологиялық ерекшелігі болып табылады десек те, үстеулер қандай сөзге тіркессе де өз формасын өзгертпейді.

Үстеудің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеудің ең негізгі синтаксистік қызметі - сөйлемде пысықтауыш болу. Сөйлемде үстеулер қашанда өздерінің пысықтайтын сөздерінен бұрын тұрады. Үстеулердің ішінде орын талғамайтындары да бар. Сондай орын талғамайтын үстеулердің бірі - мезгіл үстеулері. Мезгіл үстеулері баяндауыштан басқа мүшелерді пысықтаса, онда пысықтайтын мүшенің алдынан келеді. Ал баяндауышты пысықтаса одан алшақ тұра береді.

Бақылау сұрақтары:

1. Үстеу дегеніміз не?

2. Үстеу мағыналық түрлеріне қарай қалай бөлінеді?

3. Үстеудің жасалу жолдары қандай?

4. Үстеу сөйлемде қандай синтаксистік қызмет атқарады?

5. Үстеуді қай ғалымдар зерттеген?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

2. Искакова А. Наречие в казахском языке. Алма-Ата, 1960.

3.Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы, 1982, 108-112 б.


15 дәріс тақырыбы: Еліктеу сөздер және олардың семантикалық топтары, сөйлемдегі қызметі
1. Еліктеуіш сөздердің семантикалық сипаты.

2. Еліктеуіш сөздердің фонетика, морфологиялық сипаты.

3. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі.
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес, өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөздер еліктеу сөздер деп аталады.

Еліктеу сөздер дегеніміз - өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға-тұрпаты бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын, сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы түбірлерінен жұрнақтар арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.

Еліктеу сөздің жеке сөз табы болып танылуы, біріншіден, олардың бәріне ортақ дыбысқа, бейнеге еліктеу мағынасының болуы.

Еліктеу сөздерін сөз табы ретінде танудың екінші себебі, оларды түрлендіретін морфологиялық көрсеткішінің жоқтығы және оларды басқа сөз таптарынан бөліп тұратын айрықша белгі олардың дыбыстық құрамы жағынан өздеріне тән жүйесінің болуы.

Еліктеу сөздер ішкі мағыналық ерекшеліктеріне орай екі салаға бөлінеді, бірі - еліктеуіш (еліктеме) сөздер, екіншісі - бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер аталады.

1. Еліктеуіш (еліктеме) сөздер дегеніміз - өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын білдіретін еліктеу сөздердің бір мағыналық түрі.

2. Бейнелеуіш сөздер -табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет қимылдарын көру мүшесі-көз арқылы қабылданған бейне-көріністердің атаулары.

Негізгі еліктеу сөздер айналадағы табиғат құбылыстарын құлақпен есту арқылы қабылдаған дыбыстардан және көзбен көру арқылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары.

Туынды еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа атаушы сөздерге жалғанғанда еліктеу мағынасын тудыратын сөз тудырушы жұрнақтардың қосылуынан жасалынған, морфемдік құрамы жағынан екі морфемадан тұратын туынды сөздер жатады. Еліктеу сөздердің күрделі түрі негізінен қос сөзді түбірлер болып келеді. Күрделі түбір тұлғалы туынды еліктеу сөздер аналитикалық тәсіл арқылы негізгі не туынды түбір еліктеу сөздердің қайталанып немесе қосарланып келуінен жасалады. Бір сөздің қайталануынан жасалынған қайталама түбірлі еліктеу қос сөздердің бір қалыпты болған дыбысқа еліктеуді білдіреді. Еліктеу сөздер басқа сөз таптарынан жасалмайды. Керісінше басқа сөз таптарын жасауға негіз сөз болады. Еліктеу сөздердің зат есім мен етістік жасауға қабілеті күшті. Сөз тудыратын еліктеу сөздердің өнімді басты жұрнақтары: -ыл, -іл; -да, -де; -ақ, -ек; -ыр, -ір; -ық, -ік. Еліктеу сөздер синтаксистік қызметі жағынан қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы, оның сөйлем ішінде қолданылу орнына және олардың өзге сөздермен өзара тіркесіне байланысты болады. Еліктеу сөздер көп жағдайда зат есім сөздің алдында атау тұлғада тұрып, қандай? қай? сұрағына жауап беріп, анықталушы сөздің анықтауышы сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Еліктеуіш сөз әр уақытта етістік алдында тұрады. Еліктеуіш сөздер негізгі мағыналы етістіктермен тіркесіп оның алдында келгенде, әрдайым күрделі пысықтауыштың қызметін атқарады. «Ет» көмекші етістігімен тіркесіп қолданылғанда, күрделі баяндауыш не күрделі пысықтауыш болды.

Бақылау сұрақтары:

1. Еліктеуіш сөздердің семантикалық сипаты қандай ?

2.Еліктеуіш сөздердің фонетика, морфологиялық сипатына не жатады?

3. Еліктеу сөздер қандай синтаксистік қызмет атқарады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А., 2007

3. Сарыбаев Ш. Еліктеуіш сөздер. Алматы, 1982.

4.Катембаева Б. Подражательные слова в казахском языке. АКД., 1965.
16 дәріс тақырыбы: Одағай, мағыналық топтары және грамматикалық ерекшеліктері


  1. Одағай лексика-грамматикалық сипаты. Одағайлардың зерттелуі

  2. Одағайлардың түрлері: негізгі одағайлар, туынды одағайлар

  3. Одағайдың мағынасына қарай бөлінуі

  4. Екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алатындығы

Одағай - сөз таптары категориясының бірі. Одағай сөз табына жататын сөздер адамның әртүрлі көңіл-күйін білдіретін және де адамның көңіл-күйіне байланысты айтылатын ишараттар мен төрт түлік малға, үй хайуанаттарына арнайы шақыра айтылатын сөздер тобы. Қазақ тіліндегі одағай категориясы –басқа сөз таптарымен салыстырғанда, фонетикалық, грамматикалық және семантикалық жақтарымен ерекшеленіп көрінетін, сонымен бірге әуезділікке, арнайы ырғаққа, эмоциялы құбылысқа, интонацияға бай сөз табы. Одағай туралы мәліметтер революцияға дейін шыққан еңбектерде кездеседі. Ондағы мәліметтер одағайды сөз табы деп тануда авторлар пікірі әр түрлі болғанын көрсетеді. Түрік тілдерінде одағайды жеке сөз табы ретінде беру және оның мағыналық топтарын көрсету А.Н Кононов пен Н.А.Баскаковтың грамматикаларынан бастау алған, дегенмен бұл авторлардың одағайды мағыналық топтарға бөлуінде шатастырушылық бары көрінеді. Одағай сөздің табиғаты туралы нақты ғылыми пікір айтқан қазақ тіл білімі әлеміндегі ерекше қабілеті бар феномен атанған адам - Құдайберген Жұбанов.

Қазақ тіл білімінде тіліміздегі одағай сөздерді жан-жақты зерттеген ғалым Ш Ш. Сарыбаев. Ш. Сарыбаевтың орыс тілінде жазған кандидаттық диссертациясының бірінші тарауы одағайдың тіл білімінде жеке сөз табы ретінде танылуының тарихына арналған.

Одағай мағынасында жұмсалатын сөздер тұлға жағынан әр түрлі. Оның құрамындағы сөздер негізінен мына сияқты тұлғадағы сөздер болып келеді: Ойбай! Япырмай! Әттең! Тәйт! Тек! Жә! Сап-сап! т.б. Одағайға жататын сөздердің құрамында бір фонемадан тұратын сөз де болады. Одағай сөз ретінде қазақ тілінде а, ә, е, о, ы дауыстылары жиі қолданылады, әрі олар семантикасы жағынан мағынаға бай келеді.

Тілде тұтас ойға қатысты адамның әр түрлі сезімдерін білдіретін

Одағайлар білдіретін мағыналарының әр түрлілігіне қарай үш топқа бөлінеді.

1. Көңіл-күй одағайлары. Сөйлеуде сөйлеуші адам хабарды тек хабарлап қана қоймайды, хабармен бірге өз ойына өң бере сөйлейді. Хабар беруде сөйлеушінің қуанта, таңдандыра, күлдіре, ызаландыра, өтіне, кекесіндей, сұрай, бұйыра, айтқан ойы көңіл-күй одағайлары арқылы беріледі.

2. Императивтік ишара одағайлары. Бұл топқа адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіру, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер жатады. Бұлар бағытгалып отырған обьектісіне қарай екі топқа бөлінеді. Бірі - адамға бағышталып айтылатын одағайлар, екіншісі - малға, үй хайуанаттарына бағышталып айтылатын одағайлар.

Адамға бағышталып айтылатын одағайларға адамның атына, адресіне бұйыру, жекіру, тыйым салу, мақсатымен қолданылатын одағайлар қатарына Айда!, Ау! Әй! Тәйт!, Сап-Сап, Марш!, Стоп!, Кәне!, Жә!, Тек! (Тәк), Әлди!, Әуп! Тәй-тәй! Қаз-қаз! тағы басқа сөздер жатады. Малға бағышталып айтылатын одағай сөздерге: Моһ-моһ!, Шөре-шөре!, Сорап-сорап!, Көс-көс!, Шәуім-шәуім!, Әукім-әукім!, сияқты сөздер жатады. Бұлар үй жануарларын жемге шақыру, тоқтату, айдау, үркіту, қарғау мақсатымен қолданылатын одағай сөздер.

3. Тұрмыс-салт одағайлары. Бұл топқа жататын одағай сөздер сан жағынан шағындау, бірақ тұрмыста олар жиі қолданылатын бір мағынамен айтылып сипатталатын сөздер. Мұндай одағайлар қатарына адамның амандасу, қоштасу т.б. сыйластық жасаудың белгісі ретінде қолданылатын сөздер жатады. Олар: Хош!, Хайыр!, Рахмет!, Ассалаумағалейкум!, Кеш жарық!, Құп», Ләббай! Дат! т.б.сөздер.

Одағайға жататын сөздер басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалынбайды, сондықтан одағай тудыратын арнайы жұрнақтары жоқ. Кейбір одағайлардан басқа сөз таптарын тудыратын -ла, -ле -лап, -леп; -шыл, -шіл, -ақ жұрнақтары жалғану арқылы туынды түбір етістіктер мен есім сөздер жасалады. Одағай грамматикалық формаларға түспейтіндіктен, сөйлем мүшелерінің бірде-бірінің қызметін атқара алмайды. Заттанғанда не басқа сөздердің тіркесінде келіп, күрделі мүшенің қызметін атқаратыны болмаса, жеке дара тұрғанда сөйлемнің баламасы ретінде жұмсалады.

Одағайларды құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: 1) негізгі түбірлі одағайлар; 2) күрделі түбірлі одағайлар.

Негізгі түбір одағай сөздерге бір фонемадан тұратын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түбір сөздер жатады. Олар көбіне екі, үш, төрт дыбыстардан тұрады. Мысалы: Жә, уа, әй, паһ, оһо, тек, кәне, тәйтт.б.

Күрделі түбір одағайлар негізгі түбір одағайлардың немесе екі сөздің бірігуінен не қосарлануынан жасалады. Мысалы: Мәссаған! Апырым-ай!

Одағайдың қосарланған түрі сөйлемде жиі қолданылады. Одағайларды бірінен соң бірі дүркін-дүркін қайталанып айту, сезімнің күштілігін, не ишараның, бұйрықтың қаттылығын, қатаңдығын білдіреді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Одағай дегеніміз не?

  2. Одағайды кімдер зерттеген?

  3. Одағайдың түрлері қандай?

  4. Одағай мағынасына қарай қалай бөлінеді?

  5. Одағай қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сарыбаев Ш. Междометияв казахском языке. Алматы, 1959.

  2. Ыбыраев С. Бір фонемалы одағайлардың мағынасы мен интонациясы.// Қазақстан мектебі, 1984, №8, 71 б.

  3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002. 289-305 б.

17 дәріс тақырыбы: Шылау, түрлері грамматикалық қызметі




  1. Көмекші сөздер. Көмекші есімдер. Көмекші етістіктер

  2. Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшелігі

  3. Шылаулардың грамматикалық мағыналарының сипаттарына қарай жалғаулықтар, спетеуліктер, демеуліктер болып бөлінетіндігі

Көмекші сөздер деп нақтылы лексикалық мағыналары я әр түрлі дәрежеде солғынданып, я бүтіндей жоғалып, сөйлегенде жеке дара тұлға есебінде қолданылмай, тек толық мағыналы сөздермен тіркесіп қана жұмсалып, оларға жәрдемші болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз.

Көмекші сөздер көмекші есімдер және көмекші етістіктер болып екіге бөлінеді.

Шылаулардың о баста толық мағыналы сөздер болғандығы туралы барлық ғылыми еңбектерде жазылып келеді. А.Байтұрсынов шылауларды былайша үшке бөледі: 1. Үстеу. 2. Демеу. 3. Жалғаулық. Ғалым шылаулардың қатарына үстеулерді де жатқызады. Демеуліктерге да, де, ма, ме, әлде не, немесе, әйтпесе де т.б. жалғаулықтарды жатқызады. Ал жалғаулықтарға қазіргі күнде септеулік шылау делініп жүрген біраз сөздер енгізілген.

Толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып, түрлі грамматикалық мағына үстейтін көмекші сөздер шылаулар деп аталады. Шылаулардың өздеріне тән мынадай белгілері бар:

Біріншіден, шылаулар абстрактылы грамматикалық мағына білдіреді, олардың толық лексикалық мағынасы болмайды.

Екіншіден, шылаулар грамматикалық қызмет атқарады. Олар тең дәрежедегі сөз бен сезді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра және сабақтастыра байланыстырады.

Үшіншіден, шылаулар сөйлемде жеке сөйлем мүшесі бола алмайды.

Төртіншіден, шылаулар өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды, түрленбейді.

Шылаулардың білдіретін грамматикалық мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Олар: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.

Жалғаулықтар. Өзара тең дәрежедегі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстыратын көмекші сөздердің бір тобын жалғаулықтар дейміз. Мағынасына қарай жалғаулықтар алты топқа бөлінеді:

1. Ыңғайластық жалғаулықтар: мен (бен, пен), және, да, де, та, те, әрі.

2. Талғаулықты жалғаулықтар: әлде, біресе, не, немесе, болмаса, я, яки, кейде, мейлі.

3. Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, сонда да, әйткенмен.

4. Себептік жалғаулықтар: себебі, өйткені, неге десең.

5. Салдарлық жалғаулықтар: сондықтан, сол үшін, сол себепті.

6. Шарттық жалғаулықтар: егер, онда.

Септеуліктер. Объекті мен объектінің арасындағы әр қилы грамматикалық қатынасты білдіріп, белгілі бір септік жалғауын керек етіп тұратын сөздерді септеуліктер деп атаймыз.

Септеулік шылаулар мағынасы мен қызметіне қарай септік жалғауларына ұқсайды. Сондықтан да олар өзі тіркескен сөзінің белгілі бір септікте тұруын қажет етеді. Септеуліктер өздері тіркескен сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, мезгілдік, болжалдық, бірлестік, талғау, таңцау т.б. мағыналар үстейді.

Септеуліктер де басқа шылаулар сияқты өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды, яғни түрленбейді.

Септеуліктер зат есімдерге, заттанған басқа сөз таптарына, қимыл атауына (есіміне) тіркеседі. Оларға септеуліктер мынадай тұлғалардан кейін барып тіркеседі:

1. Атау септігін меңгеретін септеуліктер: үшін, сайын, сияқты, секілді.

2. Барыс септігін меңгеретін септеуліктер: шейін, дейін, таман, жуық, тарта, қарай, таяу, салым.

3. Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер: гері, кейін, соң, бері, әрі.

4. Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер: қатар, бірге, қабат.

Демеуліктер. Демеуліктер - шылаулардың құрамына енетін көмекші сөз таптары. Өздері тіркескен сөздерге әр алуан грамматикалық мағына қосатын сөздерді демеулік шылаулар деп атаймыз.

Демеулік шылаулардың білдіретін мағыналары алуан түрлі. Олардың тілдік жүйедегі қалыптасқан негізгі мағыналары мынадай:

1. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ай, -ау, да/де, та/те;

2. Сұраулық демеуліктер: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше;

3. Нақтылау демеуліктері: ды/ді, ты/ті, тын/тін, қой/ғой;

4. Шектеу демеуліктері: ғана/қана, тек;

5. Болжалдық демеуліктері: мыс/міс;

6. Қомсыну демеулігі: екеш;

7. Салыстыру демеуліктері: түгел, тұрсын, тұрмақ;



Бақылау сұрақтары:

  1. Шылаулар деген не?

  2. Демеулік шылауларға мысал келтір.

  3. Жалғаулық шылауларға мысал келтір.

  4. Септеулік шылауларға мысал келтір.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А.,Маржан, 2007

3. Әміров Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. Алматы, 1959.

4. Кенжебаева Ф. Шылау сөздер. «Қазақстан мектебі», №9, 1962.

5. Шақаман Ы. Демеулік шылаулардың зат есімге тіркесі мен қолданылу аясы. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 1967, №9, 77-80б.

18 дәріс тақырыбы: Модаль сөздер
1.Модаль сөздер туралы түсінік.

2. Модаль сөздердің зерттелуі.

3. Модаль сөздердің синтаксистік қызметіне қарай бөлінетін түрлері.

Модаль, модальность термині латынның мере деген сөзінен алынған.

Айналада үнемі болып отыратын әр алуан құбылыстар, өмірдегі сан-сала болмыс түрлері, белгілі бір заттың сын қимылы, іс-әрекеті сөйлемде жалпы жалаң хабар түрінде ғана айтыла салмайды. Сөйлеушінің осы хабар туралы пікірі, яғни сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі оның көзқарасы, әдетте қоса беріліп отырады.

Сөйлем мазмұнының ақиқат шындаққа қатынасы және сөйлеушінің ол жөніндегі пікірі тіл білімінде, әдетте, сөйлемнің модальділігі деп аталады. Сөйлемнің модалділігі тіл білімінде жалпы объектиті модальділік және субъективтік модальділік деп екі тұрғыдан қарастырылады. Мысалы, Сөйлем мазмұнының ақиқат шындықпен сәйкестігі объективтік модальділік деп аталады. Бұл көбінесе райлар арқылы беріледі.

Субъективтік модальділік сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі сөйлеуші көзқарас пікірін айтады. Бұл модальділік арнаулы жеке сөздер арқылы беріледі. Сөйлемнің модальділігі әр алуан.. Ол, әсіресе, экспрессивті, эмоциялық мағыналармен де ұқсас келеді.

Модаль сөздер төркіні соңғы кезде ғана сөз болып жүр. Е.И.Убрятова, Н.А.Баспанов, Н.Ж.Дмитриев, А.Н.Кононов, В.В.Виноградов т.б. ғалымдар сөйлеуші адамның пікірін білдіретін сөздерді жеке тақырыпша етіп алып, бөлек талдайды.

Модальдық реңк одағайларда да, қыстырма сөздерде де, сұраулық шылауларда да кездеседі. Бірақ бәрін модаль сөз деуге болмайды. Сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі сөйлеушінің пікірін білдіретін мұндай арнаулы сөздерді модаль сөздер дейді (пікірлеуші сөздер деуге болады.)

Сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны жөніндегі пікірін білдіру үшін қолданылатын осындай арнаулы модаль сөздер өздерінің құрамы жағынан түрлі-тшүрлі болып келеді. Модаль сөздер өздерінің лексикалық және грамматикалық белгілеріне қарай есім сөз табынан да, етістіктен де, комекші сөзден де кейбір басқа сөз таптарынан да бола береді. Мысалы, мүмкін шамасы, рас, әрине, тәрізді, зайыры, әлбетте, бәлкім – синтаксистік функциясы жағынан қыстырма сөздер. Ал мағыналық ерекшелігі жағынан Яғни сөйлемдегі ой жөнінде сөйлеушінің пікірі қандай – мақұлдай немесе күдіктене не біржола айта ма, әлде нық сенімділік білдіре ме – осы тұрғыдан алғанда бұлар – модаль сөздер. Өйткені кейінгі жылдардағы көптеген лингвистикалық әдебиеттерде сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны, яғни ондағы айтылған ой жөніндегі күдігін я болжамын, мақұлдау пікірін немесе қалауын, не оның нық сенімін осылар тәрізді басқа да пікірін білдіретін сөздерді модаль сөздерге жатқызады.

Модаль сөздер қазіргі қазақ тілінде сан жағынан оншалықты көп емес. Бірақ олар өздерінің қолдану ерекшеліктеріне қарай әр алуан болып келеді. Мысалы, білем, көрінеді, керек тәрізді біраз сөз күнделікті қолдану процесінде бірте-бірте грамматикализацияланып, лексикалық мағынасының сыртында модальдық мағына да білдіреді. Бұлардың модальдың мағынасы әуелгі лексикалық мағынасының негізінде кейіннен қалыптасты. Мысалы, Мен оны көптен білем – Мені оятқан сен білем. Бұл жерден ауыл анық көрінеді – Мұны істеген Асқар көрінеді. Маған кітап керек – Төргі үйдегілер қонақтар болу керек. – ол ендігі шықса керек.

Сияқты модаль сөзінің синонимі ретінде тілімізде тәрізді, әлпетті, сықылды, секілді сөздері де қолданылады. Соңғы екеуі фонетикалық тұрғыдан екі вариантта айтылғанымен негізінде, бір-ақ модаль сөз. Сияқты тәрізді, сықылды модаль сөздері өздерінің негізгі лексикалық мағынасында қолданылғанда адамдардың, басқа да әр түрлі заттардың арасында болатын өзара ұқсастықты білдіреді. Яғни салыстыру мағынасында айтылатын –дай, -дей қосымшасының қызметін атқарады. Бұл сөздер кейде әр түрлі етістік қосымшаларын да қабылдайды. Бұлармен тақылетті, реуішті, мәзімді, іспетті сөздері де мағыналас.

Тақылетті сөзі өзінің лексикалық мағынасында да, сондай-ақ модальдық мағынада да қолданылады. Басқалары модалдылық мағынада жұмсалмайды.

Керек сөзі де екі түрлі мағынада

1. Негізгі лексикалық мағынасы – баяндауыш, анықтауыш болады.

2. Модальдық мағына – Көмекші сөз есебінде қолданылады.

Керек сөзінің 2 түрлі модальдық мағынасы бар

1міндеттілік мағынасы

2.болжамдылық мағынасы

Керек сөзімен қажет, тиіс синонимдес. Шамасы, тәрізді, зады – сөйлемде қыстырма сөз позициясында қолданылады. Модальдылық мағына біреу-ақ. Сөйлеуші адамның сөйлемде айтылған хабар жөніндегі болжамын білдіреді. Бұлармен кейде сірә, тегі сөздері де қолданылады.

Модаль сөздер синтаксистік қызметіне қарай екіге бөлінеді. Олар:

1. Әртарап сөздер (бар, жоқ, аз, көп, қажет, керек, тиіс, мүмкін)

2. Бейтарап сөздер (бәлки, әрине, бәсе, әйтеуір, әлбетте, бәлкім, сірә, тегі)

Әртарап сөздердің сөйлемдегі қызметі:

Бастауыш қызметін атқарады: Көп қорқытады.

Баяндауыш қызметін атқадады: Байдалыға соларды салу қажет.

Толықтауыш қызметін атқадады: Бұл нәрсе бір керекке жарар.

Анықтауыш қызметін атқадады: Маған керек кітап бітіп қалыпты

Пысықтауыш қызметін атқадады: Жиналысқа студенттер көп жиналды.

Әртарап сөздер көмекші қызметін атқарады. Мысалы, айтылған жоқ, алуға тиіс, бастамақ керек.


жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау