«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамының директорлар кеңесі туралы ереже



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата30.12.2019
өлшемі0,8 Mb.
#25479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

 



Тексеріс 2 

«__ » ___________   2017 ж. 

СКС 05 АБ 

26-тен 3-бет 

6.9.2.  Директорлар  кеңесінің  отырысында  Директорлар  кеңесінің  әрбір  мүшесі  бір 

дауысқа ие.  

6.9.3.  Директорлар  кеңесінің  мүшесінің  дауыс  беру  құқығын  өзге  тұлғаға,  соның 

ішінде  Директорлар кеңесінің басқа мүшесіне беруіне жол берілмейді. 

6.9.4.  Қоғамның  жасауына  мүдделілік  бар  мәмілелер  жасасу  туралы  шешім  оның 

жасалуында  мүдделері  жоқ  Директорлар  кеңесінің  мүшелерінің  жай  көпшілік  дауысымен 

қабылданады.  Директорлар  кеңесінің  тәуелсіз  директорлардан  басқа  мүшелерінің  барлығы 

осындай  мәміленің  жасалуында  мүдделі  болған  жағдайда,  шешім  тәуелсіз  директорлардың 

жай көпшілік дауысымен қабылданады. 

Қоғамның мүдделілік бар мәміле жасасуы туралы шешімді Жалғыз акционер мынадай 

жағдайларда: 

1) егер Директорлар кеңесінің барлық мүшелері мүдделі тұлғалар болып табылса

2)  шешім  қабылдау  үшін  қажет  дауыстар  санының  болмауына  байланысты, 

Директорлар  кеңесінің  осындай  мәмілелер  жасасу  туралы  шешім  қабылдауы  мүмкін 

болмаған жағдайларда қабылдайды. 

 

6.10. Директорлар кеңесінің шешімдер қабылдауы 

6.10.1.  Директорлар  кеңесінің  отырысының  белгіленген  тәртіпте  бекітілген  күн 

тәртібінің  мәселелері  бойынша  Директорлар  кеңесінің  шешімдері  мынадай  тәсілдермен 

қабылданады: 

- көзбе-көз дауыс беру; 

- сырттай дауыс беру; 

-  дауыс  берудің  екі  түрін  де  қолданумен  (аралас  дауыс  беру).  Дауыс  берудің  мұндай 

түрі    Директорлар  кеңесінің  мүшесі  (мүшелері)    Директорлар  кеңесінің  отырысына  келіп 

қатыса алмайтын және өз пікірлерін жазбаша түрде ұсынбаған  жағдайларда қолданылады. 

6.10.2.  Егер  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  өзгеше  қарастырылмаған 

болса, Директорлар кеңесінің шешімдері отырысқа қатысып отырған немесе сырттай дауыс 

беруге  қатысатын  Директорлар  кеңесінің  мүшелерінің  жай  көпшілік  дауысымен 

қабылданады (соның ішінде қатыспай отырған Директорлар кеңесінің мүшелерінің жазбаша 

пікірлері ескеріле отырып). 

6.10.3.  Дауыстар  тең  болған  жағдайда,  Директорлар  кеңесі  Төрағасының  немесе 

Директорлар  кеңесінің  отырысына  төрағалық  етуші  тұлғаның  дауысы  шешуші  болып 

табылады. 

 

6.11. Директорлар кеңесінің көзбе-көз отырысында болмаған мүшесінің жазбаша 

пікірін ескеру 

6.11.1.  Егер  Директорлар кеңесінің мүшесі отырысқа келіп қатыса алмайтын болса, 

осы Ереженің №4 Қосымшасына сәйкес ол өз пікірін жазбаша білдіруге құқылы. 

6.11.2.  Жазбаша  пікір  Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  Директорлар  кеңесінің 

отырысы өткізілгенге дейін 1 (бір) күнтізбелік күннен кешіктірілмей  берілуге тиіс. 

6.11.3.  Директорлар  кеңесінің  төрағасы  немесе  Директорлар  кеңесінің  отырысында 

төрағалық  етуші  тұлға    Директорлар  кеңесінің  отырысына  қатыспай  отырған  Директорлар 

кеңесінің мүшелерінің ұсынылған жазбаша пікірлерін жариялауға міндетті. 

6.11.4.  Егер  күн  тәртібі  бойынша  бұрын  жазбаша  пікір  ұсынған  Директорлар 

кеңесінің  мүшесі  аралас  дауыс  беру  пайдаланылатын  Директорлар  кеңесінің  отырысына 

келсе, оның жазбаша пікірі есепке алынбайды. 

 

6.12. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасы 

6.12.1.  Директорлар  кеңесінің  оның  көзбе-көз  өткізілген  отырысында  қабылданған 

шешімдері хаттамамен ресімделеді. 

6.12.2.  Директорлар  кеңесінің  отырысының  хаттамасын  Қоғамның  корпоративтік 

хатшысы жүргізеді. 




 

 

 



Тексеріс 2 

«__ » ___________   2017 ж. 

СКС 05 АБ 

26-тен 3-бет 

6.12.3.  Директорлар  кеңесінің  отырысының  хаттамасы  ол  өткізілгеннен  кейін  3  (үш) 

күннен кешіктірмей жасалады.  

6.12.4. Отырыстың хаттамасында мыналар көрсетіледі: 

- Қоғамның (оның Басқармасының) толық атауы мен орналасқан жері

- отырыс өткізілетін күні, уақыты және орны

- отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер

- отырыс кворумының жиналғаны туралы  ақпарат

- отырыстың күн тәртібі; 

- дауыс беруге қойылған мәселелер және олар бойынша дауыс беру қорытындылары, 

Директорлар  кеңесінің  әрбір  мүшесінің  күн  тәртібіндегі  әрбір  мәселе  бойынша  дауыс 

беруінің нәтижесін көрсетумен; 

- қабылданған шешімдер; 

-  Директорлар  кеңесінің  мүшелерінің  күн  тәртібіндегі  мәселелер  мен  қабылданатын 

шешімдер бойынша айрықша пікірлері

- Директорлар кеңесінің шешімі бойынша өзге мәліметтер. 

6.12.5. 

Директорлар  кеңесінің  отырысының  хаттамасына  Директорлар  кеңесінің 

Төрағасы  немесе  отырыста  төрағалық  еткен  тұлға,  Директорлар  кеңесінің  отырысқа 

қатысқан,  соның  ішінде  техникалық  байланыс  құралдарын  (яғни,  бейнеконференция  және 

телефон конференцбайланысы сеансы режимінде) пайдаланумен қатысқан барлық мүшелері 

және  Корпоративтік  хатшы  қол  қояды.  Хаттамаға  Директорлар  кеңесінің  отырысқа 

қатыспаған мүшелерінің жазбаша пікірлері, егер олар болса, қоса тігіледі.  

6.12.6. 


Қоғамның корпоративтік хатшысы Директорлар кеңесінің отырыстарының 

стенограммасын ұйымдастыруға құқылы. 

6.12.7. 

Қоғам    отырыстардың  хаттамалары  мен  Директорлар  кеңесінің  көзбе-көз 

және  сырттай  дауыс  беру  жолымен  қабылданған  шешімдерін  Қоғамның  мұрағатында 

сақтауға міндетті. 

6.12.8. 

Қоғам  отырыстардың  хаттамалары  мен  Директорлар  кеңесінің  көзбе-көз 

және  сырттай  дауыс  беру  жолымен  қабылданған  шешімдеріне  Директорлар  кеңесінің 

мүшелерінің қолжетімділігін тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.  

6.12.9. 

Қоғамның корпоративтік хатшысы, Директорлар кеңесінің мүшесінің талап 

етуі  бойынша,  10  (он)  күнтізбелік  күн  ішінде  оған  Директорлар  кеңесінің  (Директорлар 

кеңесінің  комитеттерінің)  отырысының  хаттамасын  және  (немесе)  көзбе-көз  және  сырттай 

дауыс  беру  жолымен  қабылданған  шешімдерді  танысу  үшін  беруге  және  (немесе)  оған  

хаттама  мен  шешімдердің  Қоғамның  Корпоративтік  хатшысының  қолы  қойылып  және 

Директорлар кеңесінің мөрі басылып куәландырылған көшірмелерін беруге міндетті. 

6.12.10. 

Қоғамның  корпоративтік  хатшысы  хаттамаға  қол  қойылғаннан  кейін  20 

(жиырма)  күнтізбелік күннен кешіктірмей  Директорлар кеңесінің мүшелеріне  қол қойылған 

хаттаманың көшірмесін жолдауға  міндетті. 

6.12.11. 

Қоғамның  корпоративтік  хатшысы  Директорлар  кеңесінің  отырысының 

хаттамасына  және  (немесе)  Директорлар  кеңесінің  шешімдеріне  қол  қойылған  мезеттен 

бастап  10  (он)  күнтізбелік  күн  ішінде  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  және 

Қоғамның  ішкі  құжаттарымен  белгіленген  тәртіпте  Қоғам  Басқармасының  хатшысына  

хаттамадан  және  (немесе)  шешімнен  Қоғамның  Корпоративтік хатшысының  қолымен  және  

Директорлар кеңесінің мөрі басылып куәландырылған үзінді көшірмелер жолдауға міндетті. 

6.12.12. 

Директорлар  кеңесінің  отырысына  қатыспаған  немесе  Директорлар  кеңесі 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  және  Қоғамның  Жарғысымен  белгіленген 

тәртіпті бұзумен қабылдаған шешімдерге қарсы дауыс берген Директорлар кеңесінің мүшесі 

оны сот тәртібімен даулауға құқылы. 

 

6.13.Директорлар кеңесінің сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдауы 

6.13.1. Директорлар кеңесінің Төрағасының ұйғаруы бойынша, Директорлар кеңесінің 

оның қарастыруына шығарылған мәселелер бойынша сырттай дауыс беру арқылы шешімдер 




жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау