«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамының директорлар кеңесі туралы ереже


Тексеріс 2  «__ » ___________   2017 ж



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата30.12.2019
өлшемі0,8 Mb.
#25479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

 



Тексеріс 2 

«__ » ___________   2017 ж. 

СКС 05 АБ 

26-тен 3-бет 

4)  мүдделер  қақтығысы  бар  тұлғалар.  Директорлар  кеңесіне  Қоғаммен  бәсекелес 

заңды  тұлғаның  қатысушысы,  басқару  органының  мүшесі,  басшысы  немесе  жұмыскері 

болып табылатын тұлғаны сайлау ұсынылмайды. 

2.1.7.  Қоғамның  тәуелсіз  директорының  кандидатурасы  мынадай  өлшемшарттарға 

сәйкес келуге тиіс: 

1) 

Қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайды және оны Директорлар кеңесіне 



сайлау  алдындағы  үш  жыл  ішінде  үлестес  тұлға  болмаған  (Қоғамның  тәуелсіз  директоры 

лауазымында болған жағдайды қоспағанда); 

2) 

Қоғамның  және  оның  үлестес  тұлғаларының  жұмыскері  болып  табылмайды 



және оны Директорлар кеңесіне сайлау алдындағы үш жыл ішінде болмаған; 

3) 


оны  Қоғамның  Директорлар  кеңесіне  сайлау  алдындағы  үш  жыл  ішінде 

Қоғамның  жұмыскерімен  жақын  туыстықта  (ата-ана,  аға-іні,  апа-қарындас,  ұлы,  қызы), 

некеде, сонымен қатар жекжаттықта (жұбайының ағасы-інісі, апасы-қарындасы, ұлы, қызы) 

болмаған; 

4) 

Қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайды;  



5) 

Қоғамның немесе Қоғамның үлестес тұлғалары болып  табылатын ұйымдардың 

лауазымды  тұлғаларымен  бағыныстылықпен  байланысты  емес  және  оны  Директорлар 

кеңесіне сайлау алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағыныстылықпен байланысты 

болмаған; 

6) 


оны Директорлар кеңесіне сайлау алдындағы үш жыл ішінде Қоғамның немесе 

Қоғамның үлестес тұлғасының ірі клиентінің немесе жеткізушісінің үлестес тұлғасы болып 

табылмайды және болып табылмаған;  

7) 


Қоғамнан  немесе  оның  үлестес  тұлғасынан  елеулі  қаржыландыру  алатын 

коммерциялық емес ұйымның үлестес тұлғасы болып табылмайды; 

8) 

  Қоғамға  немесе  оның  үлестес  тұлғасына  кез  келген  түрдегі  ақылы  қызметтер, 



соның ішінде кеңестік қызметтер көрсетпейді; 

9) 


Қоғам  жұмыскері  Директорлар  кеңесінің  мүшесі  болып  табылатын  заңды 

тұлғаның лауазымды тұлғасы емес; 

10)  мемлекеттік қызметкер емес; 

11)  Қоғамның аудиторы болып табылмайды және оны Директорлар кеңесіне сайлау 

алдындағы үш жыл ішінде болып табылмаған;  

12)  аудиторлық  ұйым  құрамында  жұмыс  істейтін  аудитор  ретінде  Қоғамның 

аудитіне қатыспайды және осындай аудитке оны Директорлар кеңесіне сайлау алдындағы үш 

жыл ішінде қатыспаған; 

13)  оны  Директорлар  кеңесіне  сайлау  алдындағы  үш  жыл  ішінде  Қоғамның  немесе 

оның  үлестес  тұлғаларының  аудиторының  үлестес  тұлғасы  болып  табылмайды  және 

болмаған. 

2.1.8.  Директорлар  кеңесінде  және  оның  комитеттерінде  Қоғам  мүдделерінде  және 

Жалғыз  акционерге  әділ  қарым-қатынас  және  тұрақты  даму  қағидаттарын  ескере  отырып, 

тәуелсіз,  объективті  және  тиімді  шешімдер  қабылдауды  қамтамасыз  ететін    машықтар, 

тәжірибе мен білім теңгерімі сақталуға тиіс. 

2.1.9.  Директорлар  кеңесінің  құрамында  тәжірибе,  жеке  мінездеме  және  гендерлік 

құрам  бойынша  әралуандылықты  қамтамасыз  ету  қажет.  Қабылданатын  шешімдердің 

тәуелсіздігін  және  Жалғыз  акционерге  әділ  қарым-қатынас  қағидаттарын  қамтамасыз  ету 

үшін  Директорлар  кеңесінің  құрамына  тәуелсіз  директорлардың  жеткілікті  саны  болуы 

қажет. 


 

2.2. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау 

2.2.1.  Директорлар кеңесінің мүшелері Жалғыз акционердің шешімімен сайланады.  

2.2.2.  Директорлар  кеңесінің  құрамына  Директорлар  кеңесінің  өз  функцияларын 

атқаруы  үшін  және  ұзақмерзімдік  құндылықтың  өсуін  және  Қоғамның  дамуын  қамтамасыз 




 

 

 



Тексеріс 2 

«__ » ___________   2017 ж. 

СКС 05 АБ 

26-тен 3-бет 

ету үшін қажет білімге, машықтарға және тәжірибеге ие, сонымен қатар мінсіз іскери және 

жеке беделі бар тұлғалар кірулері қажет. 

Директорлар  кеңесінің  мүшелерін  іздеу,  іріктеу  процесі  «Акционерлік  қоғамдар 

туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына,  Корпоративтік  басқару  кодексіне  және 

Қордың ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. 

2.2.3. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі Директорлар кеңесінің бүкіл 

өкілеттік  мерзімімен  сәйкес  келеді.  Директорлар  кеңесінің  мүшелері  үш  жылға  дейінгі 

мерзімге сайланады, кейіннен қызметтің нәтижелері қанағаттанарлық болған жағдайда, тағы 

да  үш  жылға  дейінгі  мерзімге  қайта  сайлануы  мүмкін.  Директорлар  кеңесінің  құрамына 

қатарынан  алты  жылдан  артық  мерзімге  сайланудың  кез  келген  мерзімі  (мысалы,  екі  үш 

жылдық  мерзім)  Директорлар  кеңесінің  құрамын  сапалы  жаңарту  қажеттілігін  қажеттілігін 

ескере отырып, ерекше қарауға жатады. 

Тәуелсіз  директор  Директорлар  кеңесіне  қатарынан  тоғыз  жыл  мерзімге  сайлана 

алмайды.  Ерекше  жағдайларда  тоғыз  жылдан  асатын  мерзімге  сайлауға  жол  беріледі, 

Директорлар  кеңесіне  тәуелсіз  директор  сайлау  жыл  сайын,  Директорлар  кеңесінің  осы 

мүшесін  сайлау  қажеттілігін  және  шешімдерді  қабылдау  тәуелсіздігіне  осы  фактордың 

ықпалын егжей-тегжей түсіндірумен жүргізілуге тиіс. 

Ешбір  тұлға  өзінің  тағайындалуымен,  сайлануымен  және  қайта  сайлануымен 

байланысты шешімдер қабылдауға қатыспауға тиіс. 

Директорлар кеңесінің мүшелері Ереженің № 1 қосымшасына сәйкес Қоғамның құпия 

ақпаратын жарияламау туралы міндеттемеге қол қояды.  

2.2.4.  Директорлар  кеңесінің  өкілеттік  мерзімі  Жалғыз  акционер  жаңа  Директорлар 

кеңесін  сайлау  туралы  шешім  қабылдаған  кезде  аяқталады.  Жалғыз  акционер  Директорлар 

кеңесінің  барлық  немесе  жекелеген  мүшелерінің  өкілеттіктерін  өз  бастамасы  бойынша, 

сондай-ақ  Директорлар  кеңесі  мүшесінің  бастамасы  бойынша  оның  Директорлар  кеңесіне 

жазбаша хабарламасы негізінде мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы. 

Директорлар  кеңесінің  мұндай  мүшесінің  өкілеттіктері  Директорлар  кеңесі  аталған 

хабарламаны алған мезеттен бастап тоқтатылады. 

2.2.5.  Директорлар  кеңесі  мүшесінің  өкілеттігі  мерзімінен  бұрын  тоқтатылған  және 

Жалғыз  акционер  Директорлар  кеңесінің  жаңа  мүшесін  сайлаған  жағдайда,  соңғысының 

өкілеттігі  тұтастай  алғанда  Директорлар  кеңесінің  өкілеттік  мерзімінің  аяқталуымен  бір 

мезгілде аяқталады. 

2.2.6.  Директорлар  кеңесі  мүшелерінің  өкілеттіктерін  тоқтату  және  оларды  сайлау 

туралы шешім Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар 

кеңесінің  әрбір  мүшесінің  қызметін  жыл  сайынғы  бағалаудың  нәтижелері  бойынша 

қабылдана алады. 

2.2.7.  Директорлар  кеңесі  мүшесінің  көзбе-көз  отырыстардың  кемінде  50%-не 

қатысуы немесе  сырттай  дауыс беруге қойылған  мәселелердің кемінде  50%-ы толтырылған 

бюллетеньдер ұсынуы оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып  табылады. 

2.2.8.  Директорлар  кеңесі  Директорлар  кеңесінің  жаңа  сайланған    мүшелері  үшін 

лауазымға кірісу бағдарламасын және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі үшін кәсіби даму 

бағдарламасын  бекітеді.  Корпоративтік  хатшы  осы  бағдарламалардың  іске  асырылуын 

қамтамасыз етеді. 

Директорлар кеңесінің бірінші  рет сайланған мүшелері  лауазымға тағайындалғаннан 

кейін  лауазымға  кірісу  бағдарламасын  өтеді.  Лауазымға  кірісу  барысында  Директорлар 

кеңесінің  мүшелері  өз  құқықтарымен  және  міндеттерімен,  Қордың  және  Қоғамның 

қызметінің негізгі аспектілерімен және құжаттарымен, соның ішінде ең үлкен тәуекелдермен 

байланысты құжаттармен танысады. 

 

2.3. Директорлар кеңесінің төрағасы 

2.3.1.  Директорлар кеңесінің төрағасын  Жалғыз акционер сайлайды. 



жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау