«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамының директорлар кеңесі туралы ереже



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата30.12.2019
өлшемі0,8 Mb.
#25479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

 



Тексеріс 2 

«__ » ___________   2017 ж. 

СКС 05 АБ 

26-тен 3-бет 

8)  Директорлар  кеңесінің  Төрағасына  және  Қоғамның  Басқармасына  өзінің 

Директорлар  кеңесінің  отырысына  қатыса  алмау  себебін  көрсете  отырып,  алдын  ала 

хабарлауға; 

9)  Жалғыз  акционер  және  Директорлар  кеңесі  қабылдаған  шешімдерді  орындауға, 

егер    мұндай  шешімдер  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  келсе  және 

Директорлар кеңесі мүшесінің пікірі бойынша Жалғыз акционердің және/немесе Қоғамның 

мүдделеріне қайшы келмесе; 

10)  негізделген  шешімдер  қабылдауға,  ол  үшін  қажетті  ақпаратты  (құжаттарды, 

материалдарды) толық көлемде зерделеуге; 

11)  өзі  құрамына  сайланған  Директорлар  кеңесі  комитеттерінің  отырыстарына 

қатысуға; 

12) шешімдер қабылдау кезінде тәуекелдерді және қолайсыз салдарды бағалауға

13) үлестестік туындаған күннен бастап жеті күн ішінде өзінің үлестес тұлғалары туралы 

мәліметтерді  және  олардың  үлестестігінің  туындауының  негіздеріндегі  өзгерістер  туралы 

Қоғамға хабарлауға; 

14)  өз  (немесе  өзімен  үлестес  тұлғаның)  мүдделері  мен  Қоғам  мүдделері  арасында 

қақтығыс тууына әкелетін немесе қақтығыс тууына әкелуі ықтимал әрекеттерден тартынуға және 

мұндай  жағдайларға  жол  бермеуге,  ал  мұндай  қақтығыс  туындаған  жағдайда,  Директорлар 

кеңесіне мүдделер қақтығысының бар екендігі туралы дереу хабардар етуге;   

15)  өз  міндеттерін  орындау  үшін  жеткілікті  уақытының  болуын  бағалауға,  ал  өз 

міндеттерін толыққанды орындау үшін уақыты болмаған және жеткіліксіз болған жағдайда, 

Директорлар кеңесінің мүшесі өкілеттігінен өз еркімен босауға; 

16)  жасалуына  өзі  мүдделі  болуы  ықтимал  мәмілелер  туралы  Директорлар  кеңесіне 

жеткізуге

17)  шешім    қабылдануында  өз  мүддесі  бар  мәселелер  бойынша  дауыс  беруден 

тартынуға;  бұл  ретте,  Директорлар кеңесінің мүшесі Директорлар кеңесіне мұндай мүдделілік 

фактісін және оның туындау негізін дереу ашуға тиіс; 

18) Қоғам Жарғысының және Қоғамның Корпоративтік басқару кодексінің ережелерін 

сақтауға; 

19) Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес өз біліктілігін арттыруға; 

20) Қоғамның назарына:     

- негізгі  жұмыс орны  (заңды тұлғаның тлық  атауын, заңды  мекенжайын көрсетумен) 

мен атқаратын лауазымы туралы, басқа қоса атқаратын лауазымдары туралы, сонымен қатар 

негізгі жұмыс орны бойынша өзгерістер туралы

- төлқұжаттық деректері туралы (құжаттың сериясы, номері, кім және қашан берген), 

азаматтығы, сәкестендіру номері туралы; 

- пошталық мекенжайы, электрондық пошта жәшігі, байланыс телефоны туралы

-  оған  тиесілі  басқа  заңды  тұлғалардың  акциялары  (үлестері,  пайлары)  туралы, 

олардың саны мен санаттарын көрсетумен, сонымен қатар оларды сату және (немесе) сатып 

алу туралы; 

-  басқа  заңды  тұлғалардың  директорлар  кеңестері  мен  байқау  кеңестерінің 

құрамындағы мүшелік туралы ақпаратты жеткізуге; 

21)  Директорлар  кеңесін  және  Қоғам  Басқармасының  Төрағасын  Директорлар 

кеңесінің  мүшелерінің  басқа  ұйымдарда  лауазымға  ұсынылуы  және  сайлануы  туралы 

хабардар  етуге,  сондай-ақ  оның  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің  құрамына  сайланғаннан 

кейін  туындаған  басқа  заңды  тұлға  органына  сайлану  мүмкіндігі  немесе  басқа  ұйымға 

жұмысқа  қабылдану  мүмкіндігі  бойынша  алдын  ала  Директорлар  кеңесінің  келісімін  алуға 

міндетті. 

 

5.3. Директорлар кеңесі мүшесінің жауапкершілігі 

5.3.1.  Директорлар кеңесінің мүшесі:

 

1) адастыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат беру;



 


 

 

 



Тексеріс 2 

«__ » ___________   2017 ж. 

СКС 05 АБ 

26-тен 3-бет 

2)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  және  Қоғамның  ішкі  құжаттарымен 

белгіленген ақпаратты ұсыну тәртібін бұзу;

 

3) теріс пиғылды іс-әрекеттері  және (немесе) әрекетсіздігі нәтижесінде, оның ішінде 



олардың  не  олардың  үлестес  тұлғаларының  Қоғаммен  осындай  мәмілелер  жасасуы 

нәтижесінде пайда (табыс) алуы мақсатында Қоғам шығындарының туындауына әкеп соққан 

ірі  мәмілелерді  және  (немесе)  мүдделілік  болуына  орай  мәмілелерді  жасасу  туралы 

шешімдер  жасасуға  және  (немесе)  қабылдауға  ұсыныстар  нәтижесінде  келтірілген  залал 

шығындарды  қоса  алғанда,  бірақ  олармен  шектелмей,  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында  белгіленген  Қоғам  мен  акционерлер  (Жалғыз  акционер)  алдында  өз 

әрекеттерімен және (немесе) әрекетсіздігімен келтірілген зиян үшін және Қоғам шеккен зиян 

үшін жауапты болады.

 

Қоғам  Директорлар  кеңесі  мүшесінің  жауапкершілігін  Қоғамның  өз  қаражаты 



есебінен сақтандыруға міндетті. 

Жалғыз  акционердің  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  және  (немесе) 

Қоғамның  Жарғысында  көзделген  жағдайларда  ірі  мәміле  және  (немесе)  жасалуына 

мүдделілік  бар  мәміле  жасасу  туралы  шешім  қабылдауы  оларды  жасасуға  ұсынған 

Директорлар кеңесінің мүшесін немесе директорлар кеңесінің отырысында жосықсыз әрекет 

еткен  және  (немесе)  әрекет  етпеген  Директорлар  кеңесінің  мүшесін,  оның  ішінде  оның  не 

оның  үлестес  тұлғаларының  пайда  (табыс)  алуы  мақсатында,  егер  оларды  орындау 

нәтижесінде Қоғамға залал келтірілсе, жауапкершіліктен босатпайды. 

Қоғамның  лауазымды  тұлғасына  талап  арызбен  сотқа  жүгінудің  тәртібі  мен  негізі  

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді. 

 

 

6. Директорлар кеңесінің отырысы 



6.1. Директорлар кеңесінің отырыстарын жоспар бойынша өткізу 

6.1.1.  Директорлар  кеңесі  жыл  сайын  ұтымдылық,  тиімділік  және  тұрақтылық 

қағидатын  негізге  ала  отырып,  отырыстарды  өткізу  кестесімен  өз  жұмысының  жоспарын 

жасайды. Директорлар Кеңесінің отырыстары жүйелі түрде, бірақ жылына кемінде алты рет 

өткізілуге тиіс. 

Директорлар  кеңесінің  жұмыс  жоспары  осы  Ережеге  №2  қосымшадағы  нысан 

бойынша жасалады және Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.  

Қажет  болған  жағдайда,  Директорлар  кеңесі  Директорлар  кеңесінің  жұмыс 

жоспарына енгізілмеген мәселелерді қарауға құқылы. 

6.1.2  Директорлар  кеңесінің  отырыстары  көзбе-көз  неесе  сырттай  бола  алады. 

Директорлар  кеңесінің  жұмыс  жоспарын  дайындау  кезінде  сырттай  отырыстардың  саны 

барынша аз болуға тиіс. 

 

6.2. Директорлар кеңесінің отырыстарын шақыру 

6.2.1.  Директорлар  кеңесінің  отырысы  оның  Төрағасының  немесе  Қоғам 

Басқармасының бастамасымен немесе: 

1)  Директорлар кеңесінің кез келген мүшесінің; 

2)  Қоғамның аудитін жүзеге асырып жатқан аудиторлық ұйымның; 

3)  Жалғыз акционердің; 

4)  Қоғамның ішкі аудит қызметінің талаптары бойынша шақырыла алады. 

6.2.2. Директорлар кеңесінің отырысын шақыру туралы талап  Директорлар кеңесінің 

Төрағасына  ұсынылатын  күн  тәртібі  бар  тиісті  жазбаша  хабарлама  жолдау  арқылы 

қойылады. 

6.2.3. Директорлар кеңесінің отырысын шақыру туралы талапқа  отырысты шақыруға 

бастамашылық еткен тұлғаның қолы қойылуға тиіс. 

6.2.4. Директорлар кеңесінің отырысы аталған талапты қойған тұлғаны міндетті түрде 

шақыру арқылы өткізіледі.   




жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау