«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамының директорлар кеңесі туралы ереже



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата30.12.2019
өлшемі0,8 Mb.
#25479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

 



Тексеріс 2 

«__ » ___________   2017 ж. 

СКС 05 АБ 

26-тен 3-бет 

 6.5.2. Директорлар кеңесінің отырысы өтетін орынның немесе уақыттың өзгертілгені 

туралы  Директорлар  кеңесінің  барлық  мүшелеріне  Қоғамның  корпоративтік  хатшысы 

олардың отырысқа келіп жетулеріне жеткілікті уақыт қалуы үшін алдын ала хабарлауға тиіс. 

Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  аталған  өзгерістер  туралы  хабарлама  Директорлар 

кеңесінің мүшесінің хабарламаны алғанын кепілдендіретін кез келген нысанда жолданады. 

 

6.6. Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібі 

6.6.1.  Отырыста  Директорлар  кеңесінің  шешімдері  осы  отырыстың  күн  тәртібіне 

енгізілген мәселелер бойынша қабылданады.  

6.6.2.  Директорлар  кеңесінің  отырысының  күн  тәртібі  Директорлар  кеңесінің 

отырысы  өткізілетіні  туралы  Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  хабарлама  жолданғаннан 

кейін,  Ереженің  6.6  тармағының  6.6.3  және  6.6.4  тармақшаларында  көрсеілген  өзгерістерді 

қоспағанда, өзгертуге жатпайды. 

6.6.3.  Мәселені күн тәртібіне енгізуге бастамашы шешімдер шығарылғанға дейін кез 

келген уақытта өз мәселесін күн тәртібінен алып тастай алады, бұл міндетті түрде хаттамаға 

түсіріледі. 

6.6.4.  Директорлар  кеңесінің  мүшелерінің  жалпы  құрамының  2/3  (үштен  екі)  бөлігі 

қатысып  отырған  Директорлар  кеңесінің  кез  келген  отырысының  барысында,  егер  оларды 

күн  тәртібіне  қосу  үшін  Директорлар  кеңесінің  қатысып  отырған  мүшелерінің  барлығы 

дауыс беретін болса, күн тәртібіне қосымша мәселелерді қоса қарауға болады.  

6.6.5.  Директорлар  кеңесінің  тиімді  және  уақтылы  шешімдер  қабылдауы  үшін  

мынадай факторлардың сақталуын қамтамасыз ету қажет: 

1)  Директорлар  кеңесіне  ұсынылатын  материалдардың,  ақпараттың,  құжаттардың 

жоғары сапалылығы, оның ішінде қажет болған жағдайда ағылшын тіліне аудармасы;   

2)  қажет  болған  жағдайда  сарапшылардың  (ішкі  және  сыртқы)  пікірін  алу 

(сарапшыларды  тарту  қабылданған  шешімдер  үшін  Директорлар  кеңесін  жауапкершіліктен 

босатпайтынын ескеру қажет); 

3)  Директорлар  кеңесінде  талдауға,  әсіресе  маңызды  және  күрделі  мәселелер  үшін 

бөлінетін уақыт; 

4) мәселелердің уақтылы қаралуы; 

5) шешімдерде одан арғы іс-әрекеттердің жоспары, мерзімдері және жауапты тұлғалар 

бекітілуге тиіс.   

Мына факторлар Директорлар кеңесінің шешімдеріне теріс ықпал етуі мүмкін: 

1)  отырыста  бір  немесе  бірнеше  директордың  басым  болуы,  бұл  басқа 

директорлардың талқылауларға толыққанды қатысуын шектеуі мүмкін; 

2) тәуекелдерге формалды түрде қарау; 

3) жеке мүдделерінің бар болуы және төмен этикалық стандарттар; 

4)  Директорлар  кеңесінің  отырысында  нақты  және  белсенді  талқылауларсыз 

формалды шешімдер қабылдау; 

5)  ымырасыздық  позициясы  (икемділіктің  жоқтығы)  немесе  дамуға  ұмтылыстың 

жоқтығы (ағымдағы жағдайға қанағаттану); 

6) әлсіз ұйымдастырушылық мәдениет.  

Директорлар  кеңесінің  мүшелері  шешімдер  қабылдау  үшін  күн  тәртібінің  барлық 

мәселелері бойынша қажет қосымша ақпарат сұрай алады. 



 

6.7. Алдын ала кеңес 

Директорлар 

кеңесінің 

қарауына 

шығарылатын 

материалдар 

бойынша 

ұйымдастырушылық  және  заңгерлік  мәселелерді  талқылау  және  пысықтау  мақсатында  

Қоғам қызметкерлерінің қатысуымен Қоғамның Корпоративтік хатшысының басшылығымен  

алдын ала кеңес өткізілуі мүмкін. 



 

 


 

 

 



Тексеріс 2 

«__ » ___________   2017 ж. 

СКС 05 АБ 

26-тен 3-бет 

6.8. Директорлар кеңесі отырыстарының регламенті 

6.8.1.  Директорлар кеңесінің отырысы хабарламада көрсетілген уақытта, кворум бар 

болған  жағдайда  басталады  және  оны  Директорлар  кеңесінің  Төрағасы  немесе  оның 

міндеттерін атқаратын Директорлар кеңесінің мүшесі ашады. 

6.8.2.  Директорлар  кеңесінің  отырысын  өткізу  үшін  кворум  Директорлар  кеңесінің 

техникалық  байланыс  құралдарын  пайдаланатын  мүшелерін  қоса  алғанда  (яғни 

бейнеконференция  сеансы  және  телефон  конференцбайланыс  режимінде),  Директорлар 

кеңесі  мүшелері  санының  кемінде  жартысын  құрайды.  Кворум  осы  Ереженің  №4 

қосымшасына сәйкес жазбаша түрде берілген дауыстары болған кезде директорлар кеңесінің 

болмаған  мүшелері  ескеріле  отырып  айқындалуы  мүмкін.  Кворумды  және  дауыс  беру 

нәтижелерін анықтау кезінде осы пікір  Директорлар кеңесі  мүшесінің дауыс беру нәтижесі 

бар күн тәртібінің мәселелері бойынша ғана ескеріледі. 

Директорлар  кеңесінің  мүшелерінің  саны  осы  тармақшаның  алдыңғы  абзацында 

анықталған  кворумға  жету  үшін  жеткіліксіз  болған  жағдайда,  Директорлар  кеңесі  Жалғыз 

акционердің  қарауына  Директорлар  кеңесінің  жаңа  мүшелерін  сайлау  (тағайындау) 

мәселесін  шығаруға  міндетті.  Директорлар  кеңесінің  қалған  мүшелері  мұндай  мәселені 

Жалғыз акционердің қарауына шығару туралы шешім қабылдауға ғана құқылы. 

6.8.3.  Кворумның  жиналғанын  отырыстың  алдында  Директорлар  кеңесінің  Төрағасы 

немесе оның міндеттерін атқаратын Директорлар кеңесінің мүшесі анықтайды.  

Кворум  жоқ  болған  жағдайда,  Директорлар  кеңесінің  төрағасы  немесе  оның 

міндеттерін  атқаратын  Директорлар  кеңесінің  мүшесі  отырыстың  14  (он  төрт)  күнтізбелік 

күннен аспайтын мерзімге көшірілетінін хабарлайды. 

 

6.8.4.  Директорлар  кеңесінің  төрағасы  немесе  оның  міндеттерін  атқаратын 



Директорлар  кеңесінің  мүшесі  қатысып  отырғандарға    Директорлар  кеңесінің  отырысын 

өткізу  кворумының  жиналғанын  және  Директорлар  кеңесінің  отырысының  күн  тәртібін 

хабарлайды. 

 

6.8.5.  Директорлар кеңесінің отырысы мынадай сатылардан тұрады: 



- отырыстың күн тәртібін бекіту; 

-  Директорлар  кеңесінің  мүшесінің  немесе  шақырылған  тұлғаның  күн  тәртібіндегі 

мәселе бойынша баяндама жасауы; 

- күн тәртібіндегі мәселені талқылау; 

-  күн  тәртібіндегі  мәселе  бойынша  шешімдердің  тұжырымдамасы  жөнінде  

ұсыныстар; 

- дауыстарды санау және дауыс беруді қорытындылау; 

- дауыс беруді қорытындыларын және күн тәртібіндегі мәселе бойынша қабылданған  

шешімдерді жариялау. 

6.8.6. Директорлар кеңесінің отырысы отырысты өткізу туралы талап енгізген тұлғаны 

міндетті түрде шақыру арқылы өткізіледі. 

6.8.7.  Директорлар  кеңесі  тек  Директорлар  кеңесінің  мүшелері  ғана  қатыса  алатын 

жабық отырыс өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы. 

6.8.8.  Директорлар  кеңесінің  отырысына  Қоғамның  аудитін  жүргізген  аудиторлық 

ұйымның  өкілдері,  Қоғамның  ішкі  аудит  қызметінің  өкілдері,  Қоғам  Басқармасының 

мүшелері, Қоғамның жұмыскерлері, сонымен қатар өзге тұлғалар шақырыла алады. 



 

6.9. Директорлар кеңесінің көзбе-көз отырысында дауыс беру 

6.9.1.  Директорлар  кеңесі  шешімдер  қабылдау  кезінде  отырысқа  қатысып  отырған 

Директорлар кеңесінің мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру жолымен  

өз пікірлерін білдіруге құқықтары бар. 

Директорлар  кеңесінің  мүшелерінің  біреуі  немесе  бірнешеуі  Директорлар  кеңесінің 

отырысына келіп қатыса алмайтын жағдайда, олар қарастырылатын мәселелерді талқылауға 

техникалық 

байланыс 

құралдарын 

(яғни, 


бейнеконференция 

және 


телефон 

конференцбайланысы сеансы режимінде) пайдалана отырып қатыса алады) қатыса алады. 




жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау