135
Ал тарихи деректің пайда болуы сол рухани ортаға тығыз байланысты.
Жасыратыны жоқ осы күнге дейін Қазақстан тарихына байланысты көптеген
деректер орыстың әлеуметтік-мәдени ықпалында жазылып келеді. Соның кері
әсерін осы күнге дейін сезініп келеміз. Бөтен мәдениеттің лебі әсіресе саяси,
публицистикалық шығармаларда жиі кездеседі. Оның әсері ғылымда да бар.
Әсересе, қоғамдық ғылымдар басым мәдениеттің шырмауынан шыға алмайды.
Үнді елінің данышпан тұлғасы Д.Неру «елдің тарихын сол елді басып
алушылар жазады, немесе тарихи концепцияларда басып алушылардың пікіріне
басымдылық бері-леді деген екен.Белгілі бір елдің тарихи жағдайы сол елде
пайда болғандеректің мазмұнына әсерін тигізбей қоймайды.Көбіне мүндай
жағдай құжаттың әлеуметтік-мәдени функциясына байланысты.Өйткені құжат
сол ортаның сұранысына қарай пайда болады да соның мүддесін көздейді.
Міне, кез келген құжатты талдамас бұрын, мына төмендегі сұрақтарға жауап
іздеу қажет:
1.Құжаттың пайда болған уақыты?
2.Оның пайда болуы қандай уақиғаға байланысты?
3.Жазылу мақсаты?
4.Оның пайда болуына әсер еткен жағдай?
5.Мәтінде кездесетін кейбір сөздер мен сөз тіркестерінің мағанасы?
6.Құжаттың өз кезіндегі маңызы? жазбаша деректің заманын толық талдау
оның мазмұнын түсінуге жол ашады.
2. Мәтінді түсідіру
Жазбаша дерек белгілі бір заманның туындысы.Деректанушы осы дәуірдің
өкілі.Оның авторы мен деректі зерттеп отырған тарихшының арасында талай
уақыт аралығы бар. Құжат жасушы мен оны зерттеуші екі әлеуметтік-
мәденижүйенің өкілдері.
Тарихшы өзі зерттеп отырған елдің сол замандағы тұрмыс-тіршілігін,мәдени
деңгейін, әлеуметтік ахуалын, саяси бейнесін жақсы білуі керек. Ойша сол
кезде өмір сүрген қоғамның ортасында болса ол деректің пайда болуына әсер
еткен барлық факторларды ескеру мүмкіншілігіне ие болады.
Бұдан әрі біз дерек мәтінін түсіну әдістеріне тоқталайық.Түсінуді ғылымда
интерпретация деп атайды.Оның негізгі мәні деректегі ақпараттың шынайы
мағанасын ұғыну.Интерпретация барысында мына төмендегі әдістерді
пайдаланған жөн.
1.герменевтика әдісі.
2.әлуметтік мәдениеттануәдістері.
3.тарихи этнология.
4.психологиялық түсіну әдістері,дерек авторының көңіл күйін ескеру.
5.жекелеу,яғни деректі жазған автордың жеке басының ерекшеліктерін ескеру.
6.типологиялық әдіс,яғни деректі белгілі біртиптегі мәдениеттің ескерткіші
ретінде қарастыру.
136
Деректанушы ғалым филология ғылымын да өз дәрежесінде меңгеруі қажет.
Үйтпейінше мәтіндегі толып жатқан тілдік және грамматикалық кілтипандарды
дұрыс оқу мүмкін болмайды.Мәтінді филологиялық талдау оның құрлымы
структура мен жанрын анықтаудан бастау қажет. Талдау мына төмендегі
сұрақтарға жауап іздеуден басталады.
1.Құрылымы қандай?
2. Қай бөлімдеріне аса көңіл аударған жөн?
3.Мәтіннің әр бөлімі бір - бірімен қалай байланысқан?
4.Шығарманың компазициясын жасаудағы автордың түпкі ойы.
5.Шығарманың жанрын жазушы мен зерттеуші қалайанықтайды? Жанрдың
спецификасы.
Сонау замандарда жазылған ескерткіштерде бүгінгі заман оқырмандарына
түсініксіз толып жатқан сөздер,түсініктер, анықтамалар,сөз тіркестері
кездеседі. Деректанушы солардың бәрін бүгінгі қолданыстағы сөздермен
ауыстырып,деректі пайдалану мүмкіншілігін туғызуы керек сонда ғана ол
ғылым игілігіне айналады.Филолог-ғалым мәтінді жай ғана аударып қойса,
тарихшы оның мағанасын түсінуге тырысады,ондағы ақпаратты сол замандағы
нақтылы-тарихи уақиғалармен,мәдени жағдайлармен байланыстырады.
Деректанушы алдымен мәтінде кездескен түсініктер мен сөйлемшелерге
анықтама береді. Содан кейін ондағы әріп қателіктері түзетілді, түсіп қалған
сөздер,сөйлемдер
өз
орнына
қойылады,идиомдар,символдар,
аллегориялар,тұспалдап айтылған жерлері, астарлы сөздері ашылады.
Әсіресе нарративті шығармалар осындай талдауға зәру. Олардың көпшілігінің
мазмұны авторының ой– пікіріне сәйкес келе бермейді.
Мәтінді талдау дерекке әлеуметтік-мәдени баға берумен аяқталады. Зерттеуші
ескерткіштің мағынасын, құндылығын, идеалын анықтайды. Әрбір деректе
тарихи факт автордың көзқарасы арқылы беріледі. Сондықтан оның шын
мәніндегі мағынасын ашу ондағы мәдени құндылықтың бұрмалауынан
тазартуға мүмкіншілік береді. Мұның барлығы сайып келгенде деректің
әлеуметтік-мәдени жүйедегі орнын анықтауға көмектеседі.
Мұндай жұмыс әсіресе нарративті деректерді талдаған кезде қажет. Қазақстан
тарихына байланысты пайда болған түркі, қытай, парсы, араб, орыс тарихи
шығармаларын пайдаланғанда сақтықтың қажеттігі айтпаса да түсінікті.
Өйткені қазақ тарихына қалам тартқан әрбір автор белгілі бір заманның, белгілі
бір елдің әлеуметтік- мәдени жүйесінің тұлғасы.
Келесі кезекте деректанушы әрбір автордың өмір сүрген ортасын. Оның
әлеуметтік-мәдени құндылығын анықтауы қажет. Мұны деректі бағалаудың
кілті десе де болғандай. Мәтіннің шын мәніндегі мағынасын білгеннен кейін
зерттеуші ондағы берілген ақпараттың шынайылығын анықтауға кіріседі.
Шығарма автордың көқарасының айнасы. Мұнда ол болған оқиғаға, немесе
тарихи процеске өз ойын, өз пікірін білдіреді. Сондықтан да сол заманның
қоғамдық санасы /менталитет/ және автордың позицияы деректен айқын көрініс
табады. Алдымен автордың қандай әлеуметтік ортада туып және өмір сүргенін
анықтау қажет.Автордың білім деңгейі, оның өмірге деген көзқарасы,
Достарыңызбен бөлісу: |