155
қажет болады. Келесі бір жағдайда деректер туралы анықтамалық-ақпараттық
басылымдардағы мәлімет те жеткілікті.
Тарихи деректер жарияланымыныңескісі бар, жаңасы бар. Қайсысын алдымен,
қайсысын кейін талдау керек. Деректерді іздеу процесі осыған да байланысты.
Алдымен олардың жаңа басылымдарынан бастаған дұрыс. Себебі, көбіне
бұрын,ертеректе жарияланған деректер қайта басылуы мүмкін.
Деректер мен тақырыпқа байланысты іздеудің бірнеше жолдары бар. Алдымен
кез келген монографиядағы әдебиеттер тізіміне көңіл аударған жөн.
Алғашқы мағұлыматты зерттеуші сол жерден табады.Мұндайда мақалалар
жинақтарын қарастырған жөн. Өйткені әрбір мақала соңында сілтемелер тізімі
беріледі. Әлбетте кітап бастыру оңай шаруа емес.Осы жұмыстың соңында
зерттеуші екі-үш жыл жүріп қалуы мүмкін. Ал осы аралықта оның пайдаланған
деректері мен арнаулы әдебиеттері ескіріп қалады. Сондықтан да ол өзінің
ғылыми жаңалығын мақала арқылы ғылыми көпшілікке жедел таныстыруға
тырысады.
Зерттеу тақырыбы бойынша азды-көпті әдебиеттер тізімін жинап алғаннан
кейін ол кітапханаға жол тартады.Алдымен кітапқа, кітапханаға байланысты
жиі кездесетін терминдермен танысып алайық.
Каталоггрек( katalogos ) сөзі – тізім деген мағынаны білдіреді.Оның бірнеше
түрлері болады.
Каталог – 1. Кітаптардың жүйелі тізбегі көрсетілген, анықтамалық және
жарнамалық басылым. Осы мағынада «Проспект» «Каталог проспект» деген
терминдер қолданылмайды;
Карточкалы каталог – нұскалы карточкалармен каталогтық бөлгіштерден
жинақталған кітапханалық каталог.
Жергілікті басылымдар каталогы– тақырыбына байланыссыз белгілі аймақ
көлемінде басылып шыққан баспа шығармаларының жинақталған каталогы.
Бұл шығармаларға жазылған сипаттама карточкалар басылу жылына қарай
бөлініп, оның ішінде авторлардың (туынды шығармалардың) аты-жөні мен
тақырыбының алфавит реті бойынша орналасады. Жергілікті басылымдар
каталогы өлкетану каталогын қосымша толықтырады.
Мерзімді басылымдар каталогы – мерзімді басылымдардың кітапханада бар
жиынтығы мен жеке нөмірлері туралы мәліметтер беретін (әдетте алфавит реті
бойынша орналасатын) каталог.
Каталогтаушы–
баспа
шығармаларына
кітапхана
каталогтарын
ұйымдастыратын, библиографиялық сипаттама жазу, жіктеу, пәндеу, жүргізу
және редакциялау (саралау) жұмыстарын жүзеге асыратын кітапхана
кызмекерлері.
Каталогтау – баспа шығармаларын кітапханалық өндеу, сипаттама жазу,
жіктеу және пәндеу, сондай-ақ кітапхана каталогын ұйымдастыруға кіретін
процестер мен операциялардың бір бөлігі болып табылатын әдістер мен
процестер жиынтығы
Басылымды каталогтау – орталықтанған каталогтау түрі - каталогтық
карточка макетін тікелей кітаптың өзіне басып шығару. Каталогтық айырғыш –
156
жәшіктегі каталог карточкаларынан сәл биіктеу татты материалдан жасалған
карточка. Айырғыштарда, бірқатар библиографиялық жазбалардың ортақ
белгілерін біріктіретін автор шығармасының (аты-жөні, мекеме аты, пәндік
айлар, жіктейтін нұсқа таңба т.с.) мәліметтері көрсетіледі.
Каталог шкафы – каталогтық карточкалар сақтауға арналған шкаф.
Мөлшерлері
мен
модельдері
әртүрлі.
Ішінде
каталог
жәшіктерін
орналастыратын ұялардан тұрады. Олар ағаштан, металдан, пластмассалардан
жасалады.
Каталог түрлері:алфавиттік, жүйелі және пәндік.
Катологтың бірінші түрінде кітапханадағы барлық басылым алфавит бойынша
беріледі.Жүйелі катологта әдебиет универсалдыондықклассификация бойынша
орналасқан. Әдебиетті ондық жүйе бойынша талдауды ойлап тапқан 1873
жылы Америка коллеждерінің бірінің студенті М.Дьюн.Мұндай топтау
кітаптарды кітапхана сөресінен тез тауып алу мақсатында қажет болды.Ғылыми
әдебиет мыны төмендегі тәртіппен орналастырылды.
100 философия және психология
200 дін
300 қоғамдық ғылымдар
400 тіл
500 жаратылыстану және математика
600 техника (қолданбалы ғылымдар)
700 өнер бейнелеужәне декоратив өнері
800 әдебиет және шешендік өнері
900 география және тарих
Ал енді пәндік катологта басылым мазмұны боынша топталады. Олар белгілі
бір рубрика бойынша біріктіріледі .
Католгтың көмегі: Каталог кітапхана қорының мазмұнын көрсетуде,
оқырмандардыңқажетті кітапты тез тауып алуында, кітапхана міндеттерін
шешуде көмекші құрал болып табылады. Кітапхананың кітап қорын жасайтын
түрлі тақырыптағы баспадан шыққан шығармалар мен оқырмандар талабының
әрқилылығы каталогтың күрделі жүйесін құруды қажет етеді. Атқаратын
қызметіне қарайкаталог – оқырмандар каталогы және жұмыс каталогы болып
бөлінеді. Жұмыс каталогына оқырмандар сирек талап ететін және ескірген
әдебиеттердің тізімі енеді.
Каталогтарға баспадан шыққан шығармалар түрлері тізіледі: кітаптар, мерзімді
басылымдар, графикалық шығармалар, стандарттар, патенттер және авторлық
куәліктер. Ірі кітапханаларда кітапхананың толық қорын қамтитын бас
Каталогпен
қатар
бөлімдердің
қорын
көрсететін
Каталогтар
құрастырылады.Кітапхананың және кітапханааралық абоненттің ақпараттық
қызметі кеңейген сайын жинақтау Каталогның маңызы артады. Ол бірнеше
дербес кітапханалардың қорын көрсетеді және территориясына не саласына
қарай жасалады. Форма жағынан каталогтар карточкалы каталог, баспалы
каталог(кітап түрінде), блоккарточкалы каталог (блокнот немесе альбом
Достарыңызбен бөлісу: |