126
4.Турашылдығы
(көңіл-күйін
жасырмай
білдіреді,
соған
орай
әңгімелесушісінен де соны сыпайы талап ете біледі).
5.Қырағылығы (өзі байқаған, бағамдаған жәйттерді білдіруге шебер, білгісі
келген мәселесін сұрауда да аса сыпайылық танытады).
6.Өзінің және халқының құқығын терең білетіндігі (мәселе шенеуніктер мен
феодалдардың жүгенсіздігі мен озбырлығына тірелген кезде ол әр кезде
бұқараның жағына шығады, үнемі сыпайы сөйлейтін жігіттің бұл тұрғыда
өзіндік характерін байқауға болады).
7.Жоғары мәдениеттілігінде (үнемі үлкенмен де, кішімен де тіл табысады,
таласу-тартысу фактісі кездеспейді).
Атап өтетін жайт, Шоқан хаттарынанқарапайымдылық пен сыпайгершілік, өз
ұлтының алдындағы патриоттық парызын қарызындай қабылдап, асқан
ұлтшылдық рухты тұлға екендігін сеземіз. Ал оның эпистолярлық мұрасының
әрқайсысы – өз алдына шоқтығы биік, тарихи да, тәрбиелік маңызыбар асыл
дүниелер.
Ыбырай
Алтынсарин1860–1889
жылдарыөзінің
В.В.Катринский
(30),Н.И.Ильминский
(26),
А.А.Мазохин
(19),
Ф.Д.Соколов
(4),А.А.Бобровников (1), В.В.Григорьев (1), Б.Кейкин (1), сияқты орыс
әріптестеріне 91 хат жазған. Бұлар архив қорларынан табылып жарияланғаны
ғана. Оның атасы Балғожамен жазысқан хаттары сақталмаған.
Хаттары – негізінен, ағартушылық көзқарас жемісі. ХІХ ға-сыр аяғында
жазылған Ы.Алтынсариннің хаттарына талдау жасасақ, орыс сөздерінің (школ,
учитель) жиі қолданылғандығын байқаймыз. Хаттарда ай аттары орысша
аталуынша беріледі. Бұған қарағанда ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ
жазба тілінде ай аттарының көне қазақша немесе арабша атауларын орыс күн-
тізбесі ығыстырғаны байқалады. Бұл да, сірә, орыс мәдениетінің қазақ даласына
күшті әсер ете бастағанының бір куәсі тәрізді. Орыс сөздері жұмсала бастайды.
Қазақ тарихында хаттардың бірнеше түрлері бар. Әсіресе құндысы хандар мен
сұлтандардың көрші мемлекет басшыларына жазған, бір-бірімен жазысқан
хаттары зерттеуші үшін таптырмайтын дерек болып есептеледі.
Ал белгілі тарихшы М.П.Вяткин арнайы зерттеу жұмысын жүргізбесе де, қазақ
хандары мен сұлтандарының орыс әкімшілігіне әр түрлі мақсатта жолдаған
хаттарын өзінің «Қазақ ССР тарихы бойынша материалдар» деген еңбегінің
2,3,4 томдарында жариялаған.
М.Сералиннің «Айқап» журналына жазған беташар сөзі, «Талапкерге жауап»
хаты – эпистолярлық жанрдың жазушы мен оқырман арасын баспасөз арқылы
жалғайтын журналистикаға қызмет етуінің көрінісі. Баспасөзде жарияланған
хат үлгілерін ХХ ғасыр басындағы газет-журнал бетінен жиі кездестіруге бола-
ды. Айтылған жайлар – хаттың қазақ халқы өміріне қатынас құралы ретінде, әрі
мәдениет үлгісі райында дендеп енуін айғақтайтын деректер. С.Торайғыров
жазған кейбір хаттар ақынның екі томдық шығар-малар жинағында
жарияланды. Ақынның эпистолярлық мұрасы жинақталған.
Эпистолярлық әдебиет 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты
халық поэзиясынан кең көрініс тапты («Құбаша ақынның Әбдірахман
127
Иманқұлұлына жазған хаты», т.б.). Бұл жыр-хаттар ақ патшаның бұйрығына
наразылық, ыза-кек білдіріп, тікелей көтеріліске шығуға, Амангелді Иманов
бастаған топқа қосылуға үндейді.
Майданнан жазылған хаттарда жауыздық пен әділетсіздікке қарсылық білдірсе,
майданға жазылған хаттарда ел-жұрттың сағыныш сезімі, амандық-саулық
баяндалады. Эпистолярлық әдебиет кеңестік дәуірде кең өріс алып, айрықша
дамыды. (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б.). 1916 жылғы сәлем хат
жырлары екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында туған эпистолярлық
әдебиетке келіп жалғасты. Бұл кезде жазылған хаттарда патриотизм, Отанды
қанқұйлы жаудан қорғап қалу, дұшпанға деген өшпенділік сезімі басым.
Ал С.Мұқановтың хат формасында жазылған «Қандас досыма хат»
(М.Шолоховқа),«Досыма хат» (Ү.Балқашевқа) т.б. сын мақалалары әдебиет
мәселелерін терең толғайтындығымен қатар, халық тарихын шежіредей
тарататындығымен құнды. Бұл хат – мақалалар да С.Мұқановтың эпистолярлық
жанрға ерекше құрметпен қарағанынын белгісі.
Жалпы, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында жазылған хаттар
сол кезеңдегі тілді көрсететін нұсқаларға жатады. Бұл кезеңдегі хаттардың
көпшілігі
шағатай
тілінде
жазыл-
ғанекерткіштер.М.Әуезов,С.Мұқанов,Ғ.Мүсірепов,Ғ.Мұстафин, Қ.Аманжолов,
т.б. жазысқан хаттар эпистолярлық әдебиеттің көрнекті үлгілері болып
табылады.
Қорыта айтқанда, хаттар тарихи деректің бір түрі. Бұларды талдаудың өз
әдістері бар.
Әдебиет
Д.А.Қонаев. О моем времени.Алматы, 1992.
АлтынсаринИ. Собрание сочинений. В трех томах. Алма-Ата,1978. Т.ІІІ, 9-156
сс.
ВалихановЧ.Ч.Собрание сочинений.В пяти томах. «Наука» т.ІV,Алма-
ата,1968,сс.43-124.
Өмірбаяндық деректер. (С.Мұқанов. «Әр жылдардағы хаттар») –Алматы, 2002.
– 286 б.
Вяткин М.П.«Қазақ ССР тарихы бойынша материалдар» – М-Л., 1940, Т4 -334
б.
«Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675–1821 гг. Сборник
исторических документов в двух томах»Алматы. 2015.
128
13.ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕРДІ ФОРМАЛЬДІ ТАЛДАУ
Жоспары
1.Деректемелік талдаудың реті.
2.Деректің сыртқы түрін талдау.
3.Деректің пайда болуын анықтау.
4. Деректің авторын анықтау.
1.Деректемелік талдаудың реті
Деректемелік талдау жұмысының реттері. ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін
тарихшылар қолына түскен деректерді сол күйінде өз зерттеулерінде
пайдаланған. Сондықтан да олар деректерді талдауға, тексеруге, түпнұсқасын
анықтауға онша мән бере қоймаған. Оның сыртқы түріне көз жүгіртіп,
мұқабасына, қағазына, жазу-құралдарына, мәтіннің көркемделуіне ғана көңіл
бөлген. Яғни, олар деректі тек формальді түрде ғана сын тезінен өткізген
Кейін келе, орыс ғалымдары, ортағасырлық жылнамалардың бірнеше нұсқасын
салыстыра отыра, олардың бір-біріне сәйкес келмейтіндігін байқайды. Міне
осыдан кейін деректерге сенімсіздік туындайды.Алғашқылардың бірі болып
бұл мәселеге көңіл аударған орыс тарихшысы Болтин еді. Ол кез-келген
деректі, егер ол көшірме болса, түпнұсқасымен салыстыру, мәтінді толық тү-
сіндіре отырып, оның шынайылығын анықтау қажеттілігін дәлелдеді.
Келесі бір ғалым Шлецер деректерді сынның екі деңгейіне өткізу туралы
ұсыныс енгізді. Бірінші деңгейде, мұны ол төменгі сын деп атайды, мәтінде
кездесетін сөздерді, терминдерді түсіну. Ал енді екінші деңгейде құжаттың
шынайылығын анықтау керектігін айтады. Келесі деңгейін ол «жоғарғы сын»
деп атайды
Міне, осыдан кейін тарихшылар кез келген деректі талдау қажеттілігін түсініп,
бірлі-жарымды
ғалымдар
өз
пікірлерін
білдіре
бастады.
Әсіресе,
жылнамаларды, кейбір заңнамалық актілерді дерек ретінде пайдаланғанда өте
мұқият болу әрбір тарихшының күнделікті міндетіне айналды.
Орыстың М.П.Погодин, Н.И.Надеждин, С.М.Соловьев, О.И. Ключевский
сияқты ғалымдары осы мәселеге аса көңіл аударды. Соңғысы әрбір деректі
филологиялық және нақтылы тарихи сыннан өткізу керектігін баса көрсетті.
ХІХ ғасырдың соңында гуманитарлық ғылымдарда позитивистік әдіснаманың
әсері біліне бастады. Міне, осыған байланысты деректану ғылым болып
қалыптасып, оның принциптері мен негізгі әдіс-тәсілдері жасалды.
Осылардың бәрін қорытындылай келе Бернгейм (1850–1972), Ланглуа (1863–
1929) және Сеньобос (1854–1942) 1897 жылы жарық көрген «Тарихты зерттеуге
Достарыңызбен бөлісу: |