Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет59/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72

129 
 
кіріспе»  атты  еңбегінде  деректемелік  талдаудың  негізгі  мақсаты  құжаттағы 
шынайы ақпаратты анықтау қажеттілігін дәлелдеді. 
Олар деректанушының барлық жұмысын екіге бөліп: сыртқы және ішкі сын деп 
атады.  Алдымен,  тарихшы  сенімді  ақтайтын,  зерттеушінің  қажетіне  жарайтын 
деректі таңдап алып, оның пайда болған уақытын, пайда болған жерін, авторын 
анықтау  –  алғашқы  міндет.  Келесі  кезекте  құжатқа  әсер  еткен  субьективті 
факторлар,  автордың  немесе  авторлар  ұжымының  психологиялық  ауытқулары 
нәтижесінде пайда болған келеңсіздіктен мәтінді та-зарту қажет. Осыдан кейін 
құжатта көрсетілген ақпараттың шындығын анықтау, оның ішіндегі кейбір сол 
заманның  болмысына  жанаспайтын,  шынайы  тексеріске  келмейтін  деректерді 
зерттеу  шеңберінен  шығарып  тасталады.  Соңында  деректің  ішіндегі  фак-
тілердің  бір-бірімен  байланысы  және  олардың  тарихи  шындыққа  жақындығы, 
сәйкестігі тексеріледі 
ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  орыс  тарихшысы  Лаппо-
Данилевский  деректің  әлеуметтік-мәдени  табиғаты  туралы  заңдылықты  ашты. 
Кез-келген  тарихи  дерек  сол  заманның  мәдениеті  аясында  пайда  болды. 
Сондықтан  оның  мазмұнына,  саясатта,  әлеуметтік  жағдайда,  автордың  білімі 
мен біліктілігі, оның ішкі жан-дүниесінің жағдайында да әсер етуі заңды құбы-
лыс. 
Тарихи  деректі  зерттеудің  осы  схемасын  Кеңес  тарихшылары  да  қабылдады. 
Тек  марксизмнің  әсерімен  деректерге  ішкі  сын  жасау  барысында  әлеуметтік-
таптық  талдау  әдісіне  басымдылық  берілді.  Яғни,  алдыңыздағы  деректің 
әлеуметтік  табиғаты,  қай  таптың  позициясы  тұрғасында  жазылған,  автордың 
саяси көзқарасы сияқты проблемалар оның құндылығын анықтады. 
 
2. Деректің сыртқы түрін талдау 
 
Жиналған  тарихи  деректерді  кәсіби  талдау  ғылыми-зерттеу  жұмысының 
ең  негізгі  және  жауапты  кезеңі.  Деректемелік  талдаудың  негізгі  мақсаты  – 
зерттеп отырған тақырыпты толық, әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету. 
Қазіргі  ғылыми-зерттеу  практикасында  деректерді  талдаудың  екі  деңгейі 
қалыптасқан:  деректің  сыртқы  түрін  формальді  талдауда;  оның  мазмұнын 
анықтау, ішкі мәнін берер мәліметінің пайдасын бағалау. 
Тарихи  деректің  сыртқы  ерекшеліктерін  анықтау.  Ғылыми-зерттеу 
жұмысының  сапасы  пайдаланған  деректердің  толықтығына  байланысты. 
Әлбетте, тарихшы тек құжаттың түпнұсқасымен ғана жұмыс істейді.  
Осы  күні  тарихшылар  сан  қилы  құжаттарды  пайдаланады.  Қолға  түскен 
деректердің  барлығы  бірдей  оның  түпнұсқасы  ма,  алде  көшірмесі  ме,  немесе 
оның  жалған  нұсқасы  ма?  Міне  осы  сұ-раққа  жауап  беру  қалған  шаруаның 
сапалы болуының кепілі. 
Кез-келген тарихи ескерткіштің айғақтығын (достоверность) анықтаудың 
бірнеше әдістері, тәсілдері бар. Құжаттың жалған нұсқасының болуы бірнеше 
себептерге  байланысты.  Көбінесе  оның  мазмұны  немесе  түрі  (формасы) 
бұрмаланады  (фальсификация).  Түпнұсқаның  өзгеріске  ұшырайтын  құжаттар 


130 
 
көбіне  саяси  немесе  мұралық  мазмұнда  екен.  Кейде  тарихи  құжаттардың 
сыртқы түрі де бұрмаланады. 
Деректердің  сыртқы  ерекшеліктерін  талдау  үшін  оның  жазу  түрін,  жазу 
құралын, жазу материалын, жазған адамның жазу мәнерін, шрифтісін және т.б. 
белгілерін  анықтау  қажет.Мұндай  жұмысты  тиімді  жүргізу  үшін  деректану 
ғылымының  бір  са-ласы  «Палеография»  пәнін  жақсы  меңгеру  қажеттілігі 
туындай-ды. 
Қазақстан  тарихы  бойынша  деректер  көбінесе  қытай,  араб,  парсы,  түркі  және 
орыс тілдерінде болып келеді. Сондықтан деректанушы тек сол елдің тілін біліп 
қана қоймай, олардың жазу жүйесінің тарихын да терең білуі керек.  
Мәтіннің  жазылған  уақытын  анықтау  үшін  оның  алфавитін  анықтау  қажет. 
Қазақ тарихының деректері бірнеше алфавит түрлерімен жазылған. Жазудың ең 
алғашқы  түрін  «Бітік  жазуы»  деп  атайды.  Орталық  Азияны  мекендеген  түрік 
тайпалары VІІІ–Х ғасырларда осы алфавитті пайдаланды. Ол 38 әріппен бөліну 
белгісінен тұрды. 
Кейбір деректер VІІІ–ХVІ ғасырларда көне ұйғыр алфавитімен жазылған. Қазақ 
жерлерінің  араб  халифатының  ықпалына  түсуіне  байланысты  елімізде  араб 
жазуына басымдылық берілді. 
Түркі  тарихының  ең  көне  ескерткіші  930  жылы  жазылған  «Ырық  бітік»  – 
қолжазба  кітабы.  Сақталған  жері  Британ  кітапханасында.  Лондон.  Батыс 
Түркістанда жазылған. 1902 жылы зерттелген. Көлемі 62 парақ. 4 беті қытайша. 
Биіктігі 13,1 см, ені 8,1 см. Зерттегендер: А.Ле-кок., М.А.Стейн, В.Томсен және 
т.б. 1902 жылы Ұлыбританияда «Азия қоғамы» журналында жарияланған. 
Жазбаша деректерді түр жағынан үш топқа бөлуге болады. ХІ–ХІІ ғғ. Евразия 
даласында  пайда  болған  деректер  кітап,  грамота  орама  түрінде  кездеседі. 
Кітаптың  форматы  1/4,  1/8,  1/32  сияқты  өлшемде  болады.  Кітап  16  беттен 
тұратын  бірнеше  дәптерлерден  құралған.  Мұқабасы  былғарымен  немесе 
матамен тысталған тақтайдан жасалған. 
Ал  енді  грамота  тек  бір  бет,  орама  бір  бетке  екіншісін,  екін-шісіне  үшіншісін 
жапсыру  арқылы  жасалған.  1649  жылы  жазыл-ған  «Соборные  уложение»  деп 
аталатын  орама  959  беттен  тұрып,  ұзындығы  300  метр  болған.  Оны  оқудың 
ыңғайсыздығына байланысты 1770 жылы мұндай орамалар жасау тоқтатылған.  
Қолжазбаны әшекейлеу.Ортағасырлық қолжазба кітаптары әртүрлі әдістермен 
әшекейленеді.  Мәнерлеп  жазуды  өрме  жазу  деп  атаған.  Осы  замандағы  орыс 
кітаптарында инциал, концовка, миниатюра белгілері кездеседі. Егер мәтіннің 
бірінші әрпі әшекейленіп, жазылса оны инциал деп атаған, ал енді дәл осындай 
әріп мәтін соңындағы сөйлемнің біріншісінде болса, оны концовка деп атаған. 
Кітап  толып  жатқан  кішкене  суреттермен  безендірілген,  мұны  миниатюра  деп 
атаған.  
3. Деректің пайда болуын анықтау 
 
Деректің  жазылған  уақытын  анықтау  үшін  хронология  ғылымының  әдіс-
тәсілдеріне  жүгіну  қажет.  Ғылымда  кез-келген  ескерткіштің  пайда  болған 
уақытын  абсолютті  немесе  салыстырмалы  түрде  анықтайды.  Мұның  мақсаты 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау