133
зерттейтін ономастиканын бір тармағы.Бұл ғылым сонымен қатар күнделікті
өмірде пайдаланылатын және канондык есімдерді, сол сияқты бір есімнің әдеби
және диалектілік, ресми және биресми түрлерін ажыратып қарастырады.
Әрбір этностың әр дәуірде өзіне тәнесімдер тізімі қалыптасады.Жеке
адамесімдерібасқаөздерініңдербестігіменерекшеленеді. Бала туа сала оған жеке
есім
беріледі.
Есімдертізілімішектеулі.
Жеке
есімдер
қайталап
отыратындықтан, оларға қосымша атаулар беріледіДамыған қоғамда адамның
ресми атауларының өзіндік жүйесі болады. Мәселен,Римдегі есімдердің
тұрақты жүйесі мынадай:адамның жеке есімі + ру тегі + жалған аты +
ататек есімі + қосымша аты. Үнді елінде бүл жүйе үш құрамнан тұрады:
гороскоптық
есімі,
жыныстык
немсе
діни-секта-
лықесімі,касталықесімі.Мысалы,РабиндрантТагордыңесімі:Рабиндра(Күн
құдайы),Натх(еркек),Тхакур(жер иеленушілер қастасынан) құралымынан
тұрған.
Қазақ елінде, арабтарда, қытайда, орыста адам атаулары жүйесі әртүрлі болады.
Мысалы, орыс елінде фамилия тек ХVІІІ ғасырда пайда болды. Оның өзінде
қара халықтың ата-тегі болмады. Олар тек лақап атқа ие болды. Орыстарда аты-
жөнінің бірнеше түрі болды: тек – фамилия, аты-имя, лақап аты-псевдоним,
бүркеме аты-криптоним және прозвище. ХVІІІ ғасырда дворяндар арасында
отечество деген пайда болды. Мәселен, өзінің атымен қатар әкесінің аты аталды
(Иван Петрович). Ал енді орта таптың өкілдері полуотечествоға ие болды (Иван
Петров). Христиан дініне кіргеннен кейін олар балаға шоқынған кезінде шіркеу
күнтізбесіне байланысты канондық ат берді. Ал енді күнделікті тұрмыста олар
басқа атпен аталды. Мәселен, Николай-Никола, Иван-Ваня, Николай-Коля,
Александр-Саша.
Қазақтың тегі әкесі мен баласының аты қатар жүрді. Тереңдеп қазбалап сұраса,
ол руын, тайпасын, елін, жерін айтатын. Араб халқының атыменен әкесінің аты,
жерінің аты, туған қаласының аты қатар жүрді.
Мәтінді түсіндіру, оған мағына беру (Истолкование).Жазбаша деректердің
пайда болу себептерін, мақсатын және тарихи жағдайын айқындау
деректанушының негізгі міндеті. Тарихи деректің авторы жеке тұлға
болғанымен ол белгілі бір әлеуметтік ортаның белсенді мүшесі екендігін біз
жоғарыда айтып өттік. Оның осы деректі жазуға итермелеген себептері
болғандығы мәлім. Мұны жазарда ол алдына мақсат, міндеттер қойды. Сондық-
тан деректанушы сол заманның тарихи жағдайын, сол қоғамның әлеуметтік
саяси, қоғамдық және шаруашылық әлеуетін көз алдына келтіруге тырысуы
қажет.
Тарихи деректің пайда болуына екі жағдай әсер етуі мүмкін. Біріншісі, сол
әлеуметтік-мәдени ортаның ішкі қажеттілігі тарихи ескерткіштің пайда
болуына әкеп соғады. Бұған кейбір заң жинақтары, саяси шығармалар жатады.
Ал енді екіншісі, басқа, бөтен әлеуметтік-мәдени кешендердің әсерінен болады.
Көрші мемлекетке тәуелділік, немесе белгілі бір елге екінші бір елдің саяси,
шаруашылық басымдылығы сол елдің рухани өміріне тікелей әсер етеді. Ал
тарихи дерекрухани ортаға тығыз байланысты.
134
Қазақстан тарихына байланысты көптеген деректер орыстың әлеуметтік-мәдени
ықпалында жазылғандығы бүгін бәрімізге де белгілі. Соның кері әсерін осы
күнге дейін сезініп келеміз.
Бөтен мәдениеттің лебі әсіресе саяси, публицистикалық шығармаларда жиі
кездеседі. Оның әсері ғылымда да бар. Әсересе, қоғамдық ғылымдар басым
мәдениеттің шырмауынан шыға алмайды.
Әдебиет
Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. І том. –Астана, "1С -Сервис" ЖШС, 2006. –
400 б.
Сарбасова Қ.Б., Чукенаева Г.Т.Жетісу гидронимдері:оқу құралы. –«Жетісу
университеті» баспа орталығы. Талдықорған, 2011. – 86 б.
Мырзалиев Э.М.Очерки топонимики. – М., «Мысль», 1974.
Кузембайұлы А.,Әбіл Е., ӘлібекТ.Историческая топонимика Костанайской
области. В пяти томах. КРИИИ. Костанай, 2006–2010 г.
14. ТАРИХИ ДЕРЕКТІҢ МАЗМҰНЫН ТАЛДАУ
Жоспары
1.Тарихи деректің пайда болған заманы.
2. Мәтінді түсідіру.
3. Деректемелік синтез.
4.Деректердің генеологиялық байланысының түрлері.
1.Тарихи деректің пайда болған заманы
Жазбаша деректердің пайда болу себептерін, мақсатын және тарихи жағдайын
айқындау деректанушының негізгі міндеті. Тарихи деректің авторы жеке тұлға
болғанымен ол белгілі бір әлеуметтік ортаның белсенді мүшесі екендігін біз
жоғарыда айтып өттік. Оның осы деректі жазуға итермелеген себептері
болғандығы мәлім. Мұны жазарда ол алдына мақсат, міндеттер қойды. Сон-
дықтан деректанушы сол заманның тарихи жағдайын, сол қоғамның әлеуметтік
саяси, қоғамдық және шаруашылық әлеуметін көз алдына келтіруге тырысуы
қажет.
Тарихи деректің пайда болуына екі жағдай әсер етуі мүмкін. Біріншісі, сол
әлеуметтік-мәдени ортаның ішкі қажеттілігі тарихи ескерткіштің пайда
болуынасебепкер
болады.
Бұған
кейбір
заң
жинақтары,
саяси
шығармалар,құжаттық деректер, іс қағаздары,әртүрлі келісім шарттар сияқты
құжаттар жатады.
Ал енді екіншісі, басқа, бөтен әлеуметтік-мәдени кешен-дердің әсерінен
болады. Көрші мемлекетке тәуелділік, немесе белгілі бір елге екінші бір елдің
саяси, шаруашылық басымдылығы сол елдің рухани өміріне тікелей әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |