Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет50/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72

109 
 
Ақмола,Семей,  Жетісу  облыстарын  билеген  Дала  генерал  губернаторының 
органы  болды.  Газеттің  ресми  бөлімінде  патша  өкіметінің  және  жергілікті 
ұлықтардың бұйрық-жарлықтары басылды, патшаға табыну уағыздалды.  
Ал бейресми әлемінде қазақтың әлеуметтік, шаруашылық және мәдени өмірінің 
мәселелері көтерілді. Сонымен қатар газетте қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, 
орыстың  белгілі  ақын-жазушыларының  кейбір  шығармалары,  қазақтың  әдет-
ғұрпын, тұрмысын, мәдениетін зерттеуші орыс ғалымдарының мақалалары жа-
рияланып  тұрды.  Қазақ  әдебиеті  мен  тілінің  мәселелері  сөз  етілді.«Қазақ»  – 
қоғамдық-саяси  және  әдеби  газет.  1913  жылы  2  ақпаннан  бастап  Орынборда 
аптасына  бір  рет,  1915  жылы  аптасына  екі  рет  шығып  тұрған.  Тиражы  3000, 
кейбір  мағлұматтарда  8000  ға  жеткен.  Бірінші  редакторы  –  белгілі  ғалым, 
жазушы,  қоғам  қайраткері  Ахмет  Байрұрсынов,  екінші  редакторы  –  қоғам 
қайраткері,  ақын  Міржақып  Дулатов,  бастырушысы  Мұстафа  Оразаев,  кейін 
«Азамат»  серіктігі  болған.  Газеттің  басылып  шығуына  қаражат  шығарған 
Ахмет  ишан  Оразаев  болған.  А.Байтұрсынұлы  газетке  автор  ретінде  де 
қатысып«Қызылқұм  елінде»  деген  сияқты  мақалалар  да  жарияланып  отырған. 
Хусаинов  –Каримов  баспаханасында  басылып  тұрған.Газеттің  1918  жылғы 
сандарының редакторы Жанұзық Жәнібеков. Барлығы 265 нөмірі жарық көрді. 
Газетте ХХ  ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің ең 
түйінді мәселелеріне, шаруашылық жағдайына, жер мәселесіне, басқа елдермен 
қарым-қатынасына,  оқу-ағарту,  бала  тәрбиесіне,  әдебиет  пен  мәдениет,  әдет-
ғұрып,  салт-санаға,  тарих  пен  шежіреге  арналған  Ә.Бөкейхановтың, 
Ш.Құдайбердиевтің,  Ғ.Қарашев,  А.Мәметов,  Б.  Серікбаев,  Р.Малабаев, 
Қ.Қоңыратбаев  сынды  әдебиетіміздің  даму  шығармалары,  әңгіме,  өлеңдері 
басылып,  аудармалары  туралы  сын-мақалалар  мен  қатар  Л.Толстойдан, 
А.Чеховтан, 
М.Лермонтовтан,  В.Короленкодан,  И.Крыловтан  алғашқы 
аудармалар жарық көрген. 
Қазақ  халқьшың  әлеуметтік-саяси  және  мәдени  емірінде  XX  ғасырдың  бас 
кезінде  болған  елеулі  уақиғалардың  бірі  –«Айқап»  журналының  баспадан 
шығуы.  Ол  қазақтың  тұңғыш  қоғамдық-саяси  жене  әдеби  журналы  болды.  Ол 
өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, қазақтың қоғамдық 
ой-пікірінің,  әдебиетінің,  публицистикасының  прогресшілдік  және  демокра-
тиялық  дәстүрлерін  жалғастырып,  ілгері  дамытқан  журнал  болы.  Оның 
редакторы  демократ-жазушы  Мұхаметжан  Сералин  (1872–1929)  еді.Журнал 
1911  жылдың  қаңтарынан  1915  жылдың  қыркүйек  айына  дейіносы  күнгі 
Троицк қаласында ай сайын шығып тұрды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX 
ғасырдың  бас  түрлі  себептермен  жабылып  қалды.1917–1920  жылдары 
шығарылған газеттердің саны 20-дан асты.  
1989  жылы  Қазақстан  бойынша  баспадан  450  түрлі  газет  пен  94  журнал  және 
журнал типіндегі басылымдар шығып тұрған.Бұлардың көптеген материалдары 
құнды тарихи деректер болып саналады. 
 
2. Мерзімді баспасөздің топтастырылуы,  
газет-журнал жанрлары 


110 
 
 
Қазіргі  кездеҚазақстанда1200-ден  астам  газет-журналдар,  апталықтар  жарық 
көреді.  Сондай-ақ,  әртүрлі  меншік  нысанындағы  260-тан  астам  баспадан 
мыңдаған 
таралыммен 
кітаптар,буклеттерменплакаттар, 
т.б. 
шығады. 
Республикадағы  Баспасөз  жүйесінің  қызметі  ҚР-ның  «Бұқаралық  ақпарат 
құралдары туралы» заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі. 
Журнал –түрлі саяси, ғылыми материалдардан кітап түрінде ай сайын (немесе 
екі айда бір, әлде үш айда бір) шығып түратын мерзімдік басылым. 
Мерзімдік 
басылым 
органдарының 
көпшілік 
қабылдап 
қолдаған 
топтастырылуы кездеспейді. Әдетте оларды бір-бірінен төменгіше ажыратады: 
-басылып шығу мерзімі бойынша (күн сайын, ай сайын, тоқсан сайын); 
-территориялық  белгісі  бойынша  (астаналық  баспасөз,  орталық,  аймақтық, 
жергілікті, баспасөз); 
-тілі бойынша (қазақ немесе орыс газеттері мен журнаддары, шетелдік газеттер 
мен журнаддар); 
-басып  шығарушылары  бойынша  (ресми  баспасөз,  мемлекеттік,  салалық,  жеке 
меншік баспасөз, қоғамдық уйымдардың баспасөзі); 
-басылымның  мағынасы  мен  типтері  бойынша  (әдеби-қоғамдық  журнал, 
газеттер;  ресми-ведомстволық,  ғылыми  және  арнайы;  салалық;  сатиралық, 
иллюстративтік;. 
Баспасөз  жанрлары.  мерзімді  баспасөзде  жарияланатынматериалдардың 
түрісан  алуан.  Жанрлық  ерекшеліктер  мәтіннің  мазмұнына,  жазылу  пішіміне, 
деректерді  іріктеп,  сұрыптау  немесе  жинақтап,  талдау  ыңғайына,  тілдік-
стильдік  әдісіне  қарай  айқындалады.  Оларды  негізінен,  3  топқа:  ақпаратты 
(хабар,есеп,сұхбат,репортаж),  талдамалы  (мақала,рецензия,шолу,хат)  және 
көркем-публицистикалық 
(суреттеме,очерк,публицистика,эссе, 
баллада) 
жанрларға  бөлуге  болады.  Сондай-ақ,  көркем-публицистикалық  жанрлардың 
сатиралық  түрлері  (фельетон,памфлет,мысал,эпиграмма,  пародия,шарж  т.б.) 
бар. 
Жанр дегеніміз – белгілібір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, 
телевизия  хабарының  көріністабу  формасы.  Нақты  болмыс-құбылыстыжазып, 
суреттеп  айтып  берудің,  оқиға,  фактілерді  көрсетудің  ғылым  белгілеген,  жұрт 
таныған формалары болады. Өзіндіксипаты, өзіндік белгілері барсол формалар-
дың әрқайсысы жанр деп аталады. 
Баспасөз жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды нақты деректер мен 
мәліметтерге  сүйене  отырып  баяндайды.  Әр  жанрдың  өзіне  тән  ерекшеліктері 
мен  сипаты,  әрі  бәріне  ортақ  белгілері  бар.  Ақпаратты  жанрлар  күнделікті 
оқиғаларды  жедел  де  шынайы  түрде  хабарлап,  жаңалықтар  мен  өзгерістерді 
оқырман қауымға қаз-қалпында жеткізуге тырысады.  
Талдамалы  жанрларға  оқиғаларды  салыстыра  зерттеу,  деректер  мен 
мәліметтерді тарата талдап, солардың төңірегінде ой қорыту, бағалау тәсілі тән. 
Ал,  көркем-публицистикалық  жанрлар  типтік  деректерді  талдау,  суреттеу 
әдісімен жазылады; әрқилы әдеби тәсілдер (даралау, образ жасау, мінез-құлық 
қақтығысы,  оқиға  шиеленісі,  т.б.)  арқылы  әлдебір  деректі  құбылыстың  ішкі 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау