85
патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-
уақты оқиғаларды жатқа білу” деп жазды.
Әбілғазыжазған «Шежіре-и Тарахима» («Түрікмен шежіресі», 1661 жыл)
және«Шежіре-и Түрк» (Түрік шежіресі, 1665 жылы) атты тарихи екі шығарма
шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды.
«Шежіре-и түрк» ғыл. ортаға ХҮІІІ ғасырдың бас кезінде мәлім болды.
Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл
қаласынан тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан.
Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік
тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (1770, 1780) және
неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 ж. шежіренің араб әрпімен
жазылған түпнұсқасы граф Н.И. Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып
шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды.
Акад. Х. Френ бұл басылымды «шығыстану ғылымының даңқын шығаратын
үлкен іс» деп бағалады. 1854 жылы И.Н.Березин «Шығыс тарихшылары
кітапханасының» үшінші томына Г.С. Саблуков жасаған орысша аударманы
кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен
жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И.Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі
кітап етіп бастырып шығарды (1871–74).
Бұл шығарма – Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта
Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел
басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын
құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті
жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазыханның «Түрік шежіресі»– тарихи-
деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбек-терден шоқтығы биік
тұратын шығарма.
*XVIII ғасырда Шир-Мухаммад Аваз-би, лақап аты Мунис, «Фирдаус аль-
икбал» («Райский сад счастья»), атты тарихи шығарма жазды. Ол өзбектің юз
тайпасы ақсүйектерінің өкілі еді.Ол сарай ақыны әрі тарихшысы болды.
Мемлекеттік қайраткерлігі де бар. 1829 жылы дүниеден озып оның кітабын
немере інісі әрі оқушысы Агахи аяғына дейін жазып шығады. Еңбек шағатай
тілінде жазылған. Бірінші бөлімінде авторлар өзіне дейін жарық көрген
еңбектерді қайталайды.Ал қалған бөлімдерінде сол замандағы,яғни
ХVІІІғасырдағы, Орталық Азия елдеріндегі саяси оқиғалар баяндалады. Хиуа
хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы шиеленіскен оқиғаларға қазақ
сұлтандарының араласуы жөнінде қызықты материалдар кездеседі.
*XVII ғасырдыңорта шенінде Шығыс Түркістанда«Тарихи Кашгар» атты
шығарма дүниеге келді. Авторы белгісіз. Мазмұны мен құрылымы
шығыстүркістандық және ортаазиялық ортағасырлық тарихнама дәстүрінде
ұйғыр тілінде жазылған. Ресей ғылымдар Академиясының Азия халықтары
институтының Санкт Петербург бөлімшесіндеоның үш нұсқасы сақтаулы.
Оның бір нұсқасын 1902 жылы Ташкент қаласында белгілі орыс шығыста-
нушысыВ.В.Бартольсатып алып, Азия музейіне тапсырған.Өзіне дейінгі
деректерге сүйене отырып автор Оғыз хан туралы және Шыңғыс хан мен оның
86
ұрпақтары туралы аңыздарды келтіреді. Шағатай мен оның ұлысы және
Моғолстан жөнінде толық мәліметтер бар. 1670 жылдан кейінгі оқиғалар
жөніндегі мәліметтері өте қызық баяндалған.
Моғолдар мен қазақтар арасындағы шайқасжөнінде басқа авторларға қарағанда
оның өз ой-пікірі бар. Кітапта Даниал қожаның ХVІІ ғасырдың басында,Шығыс
Түркістанда Шағатай әулеттерінің билігі жойылған уақытында, Жәркенд тағын
қазақ ханы Есімге ұсынатындығы жөнінде қызықты деректер бар.
*Есім сұлтанның Шығыс Түркістандағы әрекеті жөнінде толығырақ
Мұхаммед-Садық Қашгари жазған «Тазкира-йиходжаган» (Жизнеописание
ходжи)баяндалады. Мұнда қалмақ-қазақ,моғол-қазақ қатынастары, Хакназар
ханның Абд аль-Латифа сұлтанды өлтіруі,Моғолстан ханы Абд ар-Рашидтің
қазақтарға қарсы жорығы туралы матералдар бар.
*Орта ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының ахуалы жөніндеМолла Муса
АйсажазғанТарих-и амнийа(История спокойствия и безопасности) еңбектен
мағұлымат алуға болады.Автор Сайрам қаласында туған.Саналы өмірін Шығыс
Түркістанда өткізген. Өз еңбегінде сол өлкенің тарихын ІІғасырданХІХ ғасырға
дейін
жеткізеді.Жоңғар
шапқыншылығына
ерекше
көңіл
аударады.
Қалмақтардың Сайрам тұрғындарын Шығыс Түркістанға көшіргендігі жөнінде
мәліметтер бар.Кітапта Убайдаллаханның грамотасы мәтіні бар.Грамотадан
Оңтүстік Қазақстандағы Сыр бойы қалаларының ХVІ ғасырдағы тарихы туралы
құнды материалдарды кездестіреміз.
*XVI ғасырдағыШейбанидтер сарайының тарихшысыМасуд бен Османи
КухистаниТарих-и Абул-хайр-хани ( Әбілқайырханның тарихы),атты
шығарманың авторы. Туған жылы белгісіз,1490 өмірден озған.Трактат жалпы
тарих түрінде жазылған, тіршілік жаралғаннан бастап 1460 жылға дейін
әкелінеді. Қолжазбаның басым бөлігі Джувейни,Джузджани,Шараф ад-Дин
Али Йездисияқты авторлар шығармаларының көшірмесі болып келеді де тек
соңғы 32 бетінде ғана ол Әбілхайыр хан жөніндегі өзінің пікірін білдірген.
Қолжазбаның бірнеше нұсқалары бар. Өзбекстан ғылымдар академиясында
оның үш нұсқасы сақтаулы.Оның біреуі ХҮІІІ ғасырдың аяғында көшірілген.
Өкініштісі не басы,не соңы жоқ. Екіншісіде толық емес,1900–1901 жылдары
көшірілген. 1825–26 жылдары бай иллюстрацисы бар үшінші нұсқаы өте құнды
дерек болып есептеледі.1818 жылы көшірілген Санкт-Петербург уни-
верситетінің кітапханасында, РҒА Шығыстану институтында, Британ
музейіндеде қолжазбаның нұсқалары сақталған.Зерттеуші С.К.Ибрагимов
қолжазбаны
орыс
тіліне
аударып
1969
жылы
Алматыдажарық
көрген«Материалы по истории казахских ханств XV–XVII веков (Извлечения
из персидских и тюркских сочинений)»деп аталатын жинаққа кіргізді.
Парсы тіліндегі нарративті деректер
*«Бадай ал-Уакаи» («Таңғажайып оқиғалар») (1485–1551/56) естеліктер
түрінде жазылған тарихи шығармасы.Парсы тіліндежазылған бұл шығарма 46
тараудан тұрады. Әр тарауда автордың өзі куә болған оқиғалар баяндалады.
ШығармадаХорасан,Орталық Азияныңтарихы, ХҮ ғасырдың соңы мен ХҮІ ға-
сырдың басындағы Гераттың саяси, экономикалық, мәдени өмірі сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |