77
1271–1275 ж.ж. олар теңізбен Кіші Азияның оңтүстік-шығыс жағалауына келіп
жетті,осы
жерден
Қытай
құрлығына
табан
тіреді.
Қытайда17
жылтұрды.Моңғолханы Құбылайдың қарамағында болып, Қытайды аралады.
Қызмет бабыменҮндістанғабарып қайтты. Қытайда Полоның «мансабы
өрледі»,қызметіменҚұбылай ханға қатты ұнап,елдің әр аймағына орын
ауыстыра жүріп,Құбылай ханға 15 жыл қызмет етті.Ол ел басқарудың күрде-
лілігі мен тиімділігіне,мәселен,пошта жүйесіне қатты таңданды.Осы жүйенің
арқасында салт аттылар санаулы сағаттар ішінде патшалықтың ең шалғайдағы
бұрышынан астанаға хабар жеткізетін(пошта жүйесін 300000 ат қамтамасыз
етті).
1295 жылытеңіз жолыменОңтүстік Азияныайналып өтіп, Жерорта теңізі
арқылы
еліне
қайтып
оралды.Генуяменарадағы
соғыста
тұтқынға
түскен.Тұтқында отырған кезінде түрмеде бірге отырған кәсіби жазушы
пизалықРустичеллоғаөзінің
естеліктерін
жаздырған.
Оның
еңбегі
бүкілАзия,Солтүстік, Еуропажәне бірқатарАфрикаелдерінің географиясы,
тарихы және халқы туралы құнды мағлұмат береді.Бұл кітап орасан табысқа ие
болды
және
XIV-XVI
ғ.ғ
теңізшілерге,картографтарға,жазушыларға
айтарлықтай әсер етті.
Христафор Колумб Америкаға алғаш теңіз сапары кезінде оны өзімен бірге
алып жүрді.Қытайға тап болған жағдайда кәдеге жарар деп дәмеленді. ХІV–ХV
ғасырлардабұл естеліктерЕуропаныңбірқатар елдерінің тілдеріне аударылып,
Азия картасын жасауға негіз болды. ХV–ХVІ ғасырлар даиспан және португал
экспедицияларын ұйымдастырушылар оның еңбегінен Азия құрлығы батыстан
шығысқа қарай созылып жатқандығын білді. Сөйтіп Еуропаның батыс және
Азияның шығыс жағалауы бір-бірінежақын, Еуропадан батысқа қарай жүзген
саяхатшы Үндістан жағалауынан шығады деген қорытынды жасалды. Мұндай
сенім Х.КолумбтыңАмериканыашуына себеп болды.
*Игорь жасағы туралы жырорта ғасырлық әдеби ескерткіш.Жырдың
сюжетіне – ХІ ғасырдаИгорь СвятославовичтіңКиев Русінде билік үшін талас
кезінде өзіне қолдау көрсеткен қыпшақтарға опасыз қарсы жорығы, жасағының
ойсырап жеңіліске ұшырауы, өзінің тұтқынға түсуі арқау болған. Сондай-ақ,
жырда өзара қырқысып береке таппағанКиев Русікнязьдерінің тарихы,
қыпшақтардың үстемдігі баяндалады.
Жыр – эпикалық шығарма болғанымен, онда лирикалық шегіністер,
фольклорлық (жоқтау, жұбату, мадақ, т.б.) элементтер кездеседі. Жырдың
поэтикалық, көркемдік қуатын байқататын әсірелеу, теңеу, ұлғайту сияқты
бейнелеуіш құралдар мол.
Жырдың түпнұсқа қолжазбасы жоқ. Ал көшірме қолжазбасын тұңғыш рет граф
А.И. Мусин-Пушкин діни ғимараттардың архивтері мен кітапханаларындағы
көне қолжазбаларды жинау барысында кездестіріп, қайта көшірткен. Ал
жырдың түпнұсқасы болып есептелетін алғашқы көшірме нұсқасы – 1812
жылғыМәскеудегіөрт кезінде Мусин-Пушкин үйімен қоса өртеніп кеткен.
Түпнұсқа көшірменің осылайша жоғалуы ғалымдардың жырға күмәнмен
қарауына негіз болды. Сондай-ақ, көптеген ғалымдар жырда түркі тілінің
78
ықпалы зор екенін, қайсыбір христиан дініне қатысты мәліметтердің қондырма
екенін, жырды айтушы әрі оның кейіпкері Баян жыраудың бейнесі бұл
шығарманы тудыруға түркі халықтарының да қатысы барлығын байқатады.
«Игорь жасағы туралы жыр» туралы көптеген зерттеу еңбектер жазылған. Жыр
ақынБ.Аманшинніңаудармасы бойынша қазақ тілінде жарық көрді (1951, 1985).
3. Ортағасырдағықазақ нарративті деректері
Бірнеше нарративті деректер өзінің көркем әдебиеттілігімен, түрлі
құбылыстағы көркем бейнесімен айқындалады. Өз кезіндегі түрлі
ортағасырлық шығармалар, хроникалар, шежірелер, өмірбаяндар, қандай да бір
тарихи оқиғаларды жатқызуға болады.
Нарративті деректердің бірінші тобына парсы деректері жатады.
Тарихты зерттеулердің аталмыш уақыт кезеңі көршілес және шығыс
мемлекеттерінің жекелеген авторларының негізінен жазбаша материалдарға
жүгінеді. Нарративті шығармаларындағы маңызды материалдар негізінен
тарихи, географиялық және мемуарлы шығармалар болып табылады. Олардың
бастысы парсы тілінде жазылған. Бұларды араб, түркі және шағатай
тілдеріндегі шығармалар толықтырады, көрсетілген деректегі алшақтаған дең-
гейі әртүрлі. Көршілес жатқан шығыс Түркістандық авторлардың еңбектері
нақты деректермен жазылған. Сонымен бірге, өте көлемді және жеткілікті
нақты мәліметтер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу туралы жазылған.
Қазақ хандығының тарихы өте күрделі әрі қызықты дәуірлерді басынан
кешірді. Әсіресе ХV ғ. соңы мен ХVI ғасыр көп зерттелмеген әрі түрлі
қиындықтар туындаған кезең болғандықтан, бұл кезеңді тарихи жазба деректер
арқылы қалпына келтіру қажеттілігі туындап отыр. Ал бұл уақытта пайда
болған деректердің өзін деректанулық талдаудан өткізіп, шынайылық деңгейін
анықтау қажет. Онсыз таза тарихты қалпына келтіру мүмкін емес. Бұл
деректерді тиімді пайдалану үшін классификациялаудың маңызы зор. Бүгінгі
таңға дейін деректерді классификациялаудың ортақ және нақты жүйесі
қалыптаспағанын да атап айту қажет. Тек қана белгілі бір авторлардың зерттеу
кезеңі мен аумағына, деректерде сақталған ақпараттардың бірегейлігі мен
ерекшелігіне қарай бөліп қарастыру принципі ғана негізге алынады.
Қазақстандық ғалымдар өз зерттеулерінде шығыстық жазба ескерткіштердің
үзінділерін мейлінше көбірек пайдаланып, оларды ғылыми айналымға енгізе
отырып, отандық деректану ғылымының қалыптасуына елеулі үлестерін қосты.
Тарих философиясымен және тарихи зерттеулердің методологиясымен,
деректанумен айналысатын еліміздегі тарихшы-медиевистердің бір тобы
белгілі шығыстанушы-ғалым В.П.Юдиннің төңірегіне шоғырланды. Олар
ортағасырлық шығыстық жазба деректерді салыстырмалы-мәтіндік талдау,
оларды идеялық-саяси және текстологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеу
сияқты деректанулық мәселелерге үлкен көңіл қойды. Осының нәтижесінде
ортағасырлық қазақ тарихына қатысты жазылған он жеті парсы және түркі
деректер жинақтаған «XV–XVІІІ ғғ. Қазақ хандығы бойынша материалдар»
Достарыңызбен бөлісу: |