79
атты ұжымдық аударма-еңбек жарияланды. Қазақ хандығы дәуірінен мәлімет
беретін бұл маңызды жазба ескерткіштер мыналар еді.
Түркі тілді деректер. Қазақ тарихының нарративті деректерінің ішінде орта
ғасырдың соңғы дәуіріндегі түркі тілінде жазылған шығармалардың маңызы
жоғары екендігі белгілі. Олар кейде парсы тілдес деректермен мазмұны
жағынан, жазылу дәстүрі жағынан қабысып жатады.Оларда қазақ этносының
қалыптасуы, қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы кезеңіндегі қым-қуат
оқиғалар жөніндеқұнды мәліметтер бар. Сондай шығармалардың бірнешеуіне
тоқтала кетейік.
*Қазіргі түркі халықтарының– оның ішінде қыпшақ тобына жататын ру -
тайпаларының- қоғамдық, саяси – әлеуметтік, этнографиялық және мәдени
тарихын зерттеуге «Кодекс Куманикус» материалдарының деректер ретінде
тигізген пайдасы өте мол. Шығарма 164 беттен құралған қолжазба, алғашқы
бетінде «1303 ж.» деген белгі бар. Авторы мен жазылған жері белгісіз.
Тіл ерекшелігі жағынан ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ
тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді. «Кодекс Куманикустен»
қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық
құбылыстар байқалады.Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл
еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы
жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен. «Кодекс
Куманикус»Дешті
қыпшақтанемесеҚырымда(Солхат
қаласында)
жинастырылып,
бір
ізге
түсірілген.
Осы
өңірді
қоныстанған
қыпшақтардыБатыс Еуропажұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы
«Кодекс Куманикус» түпнұсқаданАлтын Ордамемлекетінің астанасы Сарай
қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс
Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.
Біріншібөлімі(1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша
сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай
топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке
байланысты сөздер, т.б. Екінші бөлімі(111–164 б.) – діни уағыздар. Осы
бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон
Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері
көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер
мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар,
қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар.
Ол кезде (ХІІІ-ХІV ғасырларлар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі
елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа
шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта
Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде
пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі
қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де
сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус»ВенециядағыМарк әулие
шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.
80
Осы уақытқа дейін «Кодекс Куманикустің» қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге
аударылып, төрт рет басылып шықты:1828жылы француз тіліне (Г.Ю.Клапрот,
Париж, 1–бөл.),1880жылы латын тіліне (А.Кун, Будапешт, 1–2-бөл.),1884жылы
неміс
тіліне
(В.В.Радлов,Санкт-Петербург,
Кун
баспасының
негізінде),1936жылы түпнұсқа (факсимилие) түрінде бір рет жарық көрді (Грен-
берг, Копенгаген, түпнұсқа),1942жылы (Гренберг, Копенгаген, куманша-
немісше сөздік). Қолжазба қазіргі Тіл білімі институтында бірінші рет орыс
тіліне аударылып, түгелдей баспаға (1972) дайындалды, ал парсыша
бөлімі1972жылыИрандабасылып шықты.
*Орта ғасырдың аса маңызды тарихи және әдеби шығармаларының бірі,Жүсіп
Баласағұнның "Құтадғу білік" (Құтты білім) деген еңбегі, Қарахан хандығы
дәуірінде (1070 ж.) жазылды. Бұл – қазақстан мен Орта Азияның түркі тілдес
халықтарының азаматтық әдебиетінің аса бағалы ескерткіші. Онда ақын
заманындағы өмір шындығы, белгілі әлеуметтік топтардың қоғамдық санасы
мен саяси концепциясы өзіндік ерекшеліктерімен суреттелген.
Құтадғу білік – қоғамдық – саяси өмірдің шиеленісуі нәтижесінде Қарахан
мемлекетінің орталық өкіметі нәтижесінде Қарахан мемлекетінің орталық
өкіметі әлсіреп, елге ыдырау қаупі төнген кезеңде, «мемлекетті қалай басқару
керек, оның ішкі және сыртқы тәртібін сақтап отыру үшін қандай саясат
жүргізу қажет, қоғам мүшелері арасындағы өзара қарым - қатынас қандай болу
керек?» деген сұрақтарға жауап ретінде жазылған шығарма.
Құтадғу білікті жан – жақты зерттеп, оны басқа тілдерге аударма жасау
саласында келелі жұмыс атқарған адам – академик В.В.Радлов. Ол осы
шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен жиырма жыл (1890–1910)
шұғылданған.
Оны тарих, әдебиеттану, тілі білімі тұрғысынан зерттеугеВ.В.Радловтан басқа
да көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты.
Жүсіп Баласағұнныңшығармасының Қазақстан тарихы ғылымындағы мәні ерекше
зор. Бұл шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген ру –
тайпаларың ежелгі дәуірдегі шаруашылық – тіршілігін, қоғамдық өмірін,
мәдениетін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті тарихи дерек болып табылады [12,
616 б].
*Түркі тілдес қыпшақтардың ортағасыр тарихының құнды жазба деректерінің
бірі –«Диуани луғат ат-түрк». (Түркі сөздерінің жинағы). Еңбек –ХІ ғасырда,
Қарахан дәуірінде жазылған мұра, оның авторы – Қарахан әулетінен шыққан
түркі ғалымы Махмұд Қашқари (1029–138 жылдар арасында Қашқарда туған,
өлген жылы белгісіз), толық аты – Махмұд ибн ул - Хусаин ибн Мұхаммед ал -
Қашқари.
Махмұд Қашқаридің өзі айтуынша, бұл еңбекті жазудан бұрын ол түріктердің
барлық елі мен даласын түгел аралап шыққан. «диуани луғат ат – түркте»
қамтылған сөздер түгелдей түркі тілдеріне тән сөздер. Ол сөздердің түсінігін
Махмұд Қашқари араб тілінде жазған.
Кітапта қамтылған материалдары академик А.Н.Кононов бес салаға бөліп
қараған. Олар: 1. белгілі бір тайпа тәндігі дәл көрсетілген сөздер қоры; 2. түркі
Достарыңызбен бөлісу: |