69
История Казахстана в произведениях античных авторов.В двух томах. Астана:
Фолиант, 2005.
История Казахстана в персидских источниках. Алматы: «Дайк-Пресс»,
2005.«Таным тармактары». Алматы., «Санат», 1998./Сост.К.Салгараулы.
«Сиуңну.
Хан
Кітабінан»
(«Сюнну»).
Алматы,
«Санат»,
1998./
Сост.К.Салгараулы.
«100 құжат». Алматы, «Санат», 1998./ Сост.К.Салгараулы.
«Дунху. Гаучы». Алматы, «Санат», 1999./ Сост.К.Салгараулы.
Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. 1-2т. Алматы; 2005.
Абусеитова М.Х., Баранова Ю.Г. Письменные источники по истории
икультуреКазахстанаиЦентральнойАзииXIII,XVΙΙΙвв.:(библиографические
обзоры).Алматы, «Дайк-Пресс», 2001. – 426с.
8. НАРРАТИВ ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ
Жоспары
1. Тарихи зерттеулердегі нарративті деректердің орны.
2.Еуропа нарративті деректері.
3.Орта ғасырдағы қазақ нарративті деректері.
1. Тарихи зерттеулердегі нарративті деректердің орны
Тарихи зерттеулерде нарративті деректердің орны ерекше. Мұндай деректер
тек тарих ғылымында ғана емес, сонымен қатар, басқа да гуманитарлық
пәндерге тән. Сонымен нарратив дегеніміз не? Нарратив дерегінің бірнеше
нұсқасы бар, алғашқысы латын тіліндегі narrare және gnarus деген екі сөздің
қосындысынан пайда болған. Қазақ тіліне аударғанда «бірдеңе жөнінде біле-
тін» және «эксперт» осы ұғымға ұқсас ағылшын тілінде де «narrative»
аударғанда әңгіме деген сөз бар. Біздің пікірімізше, осы термин әңгіме еткелі
отырған нарратив түсінігіне сәйкес келетін сияқты. Бүгінгі ғылымда нарративті
деректер психология, әлеуметтану, саясаттану, филология, философия тіпті
психотрия ғылымында да кездеседі. Ғылымда нарративті, наррация, нарра-
тивтік техника сияқты нарратология ғылымының бағыттары бар.
Жо
ғарда айтылғандай нарратив термині білім және әңгіме ұғымдарына сәйкес.
Яғни нарратив дегеніміз болған оқиғаны баяндауды білдіреді. Бірақ
нарративтің жәй әңгімеден түсінігі бөлек. Нарративті әңгімелеудің өз сипаты
және ерекшеліктері бар. Сондықтанда оны жәй әңгімемен шатыстыруға
болмайды. Енді оның ерекшеліктеріне тоқталайық: Жәй әңгіме бұл коммуника-
70
ция әдісі, ақпарат алмасу түрі ал нарратив сол ақпаратқа мағына беретін,
түсіндіретін әңгіме. Американың философы және өнер зерттеушісі Артур
Данто өзінің тарихтың аналитикалық философиясы атты еңбегінде бұған
«түсіндіретін әңгіме» деген сипаттама берген болатын. Нарратив объективті
емес керісінше субъективті әңгімелеу. Нарративтік әңгіме дегеніміз өмірде жие
кездесетін жәй әңгімені субъективті эмоцияны және әңгіме айтушының бағасын
қоса беру арқылы жасалатын әңгіме. Әңгіме айтушы ақпарат беру барысында
болған оқиғаға жәй ғана констатация жасамай оған өзінің жеке басының
эмоциясын қосып және сол оқиғаға өз бағасын береді. Сөйтіп тыңдарманды,
оқырманды өзіне тартуға тырысады, берген ақпаратына қызықтырады.
Тарихи оқиғалар бір-бірімен себеп-салдарлар байланыста болатындығы белгілі.
Нарративті әңгіме айтушы осы оқиғаларды қисынды байланыстырады.
Мысалы: 1812 жылы Бородино түбінде орыс әскері шегінуге мәжбүр болды.
Бұл жәй әңгіме түрі ал енді осы әңгімеге оның себебін білдіретін сөздерді
қоссақ ол нарративті әңгіме болып шығады. 1812 жылы «орыс әскері тактика-
лық қулық жасап Бородина түбінде елдің ішкі аудандарына қарай шегінді десек
бұл нарративті әңгіме болып шығады. Мазмұны жағынан бұл әңгіменің екі
нұсқасының да бірінен-бірінің айырмашылығы жоқ, дегенмен екінші нұсқадағы
«тактикалық қулық жасады» деген сөз тіркесі жәй әңгімені нарративке
айналдырып отыр. Бірінші нұсқасында субъективтілік көзқарас жоқ, ал екінші-
сінде субъективтік көзқарас негізгі ойды білдіріп тұр.
Жалпы, нарратология ХХ ғ. 60-70 жылдарында жазба әңгімелерді, көркем
мәтіндерді зерттеудің структуралистік әдісі ретінде пайда болды. Оның негізгі
міндеті әңгімелеудің астарында жатқан «терең құрылымдар» мен «әмбебап
грамматиканы» іздеу деп белгіленді. Нарративті тарих аясында оқиғалардың
мағынасы түбегейлі негізделген тарихи процесс деп емес, оқиға туралы әңгі-
менің контексінде туындайтын және интерпретациямен ішкі байланыста
болады деп түсіндірілді. Нарративтік талдаудың көмегімен фактілер, оқиғалар
іріктеледі және түсінік беріледі.
Олар белгілі бір «сюжетке» айналып, оқиғалар неге дәл осылай болу мәнісі
ашылады. Нарратив шындықты түсіндіру моделін жасайды, тәртіпке келтіреді,
ұйымдастырады, сендіреді. Ол аудитория назарын бір құбылыстарға аударады,
ал екіншісін тасада қалдырады. Нәтижесінде құбылыстар әлеуметтік және
коммуникативтік контексте мән мағынаға ие болады. Нарратив арқылы субъект
өзін әлеуметтік аудиторияға белгілі бір қоғамның, мәдениеттің өкілімін деп
таныстырады. Нарративтің ерекшелігі де осында, өйткені когнитивтік
практикасын түсіндіруші субъект таным процесінің «ішінен шыққан».
Нарратив 6 элементтен – тезис (қысқаша мазмұны, резюмесі), бағыт-бағдар
(болған уақыты мен жері, кейіпкерлері), оқиға реттілігі, бағасы (айтушының
оқиғаны бағалауы), резолюциясы (оқиға немен бітті), коды (айтушының қазіргі
уақытқа қайтуы) – тұрады.
Нарративтік талдау барысында сұхбат материалдары мазмұндық ғана емес,
мәтін формасына қатысты да сарапталады. Яғни сұхбат берушінің жеке басына
қатысты немесе белгілі бір оқиғаны субъективті қабылдауына байланысты өз
Достарыңызбен бөлісу: |