Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет17/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72

37 
 
Кеңес тарихшылары ХХ ғасырдың 50-інші жылдарына дейін деректерді топтау 
мәселесіне елелі бір жаңалық кіргізе алған жоқ.  
Ғасырдың  екінші  жартсында  тарихшылар  теориялық-методологиялық 
тақырыптарға  көңіл  аудара  бастады.  Өзекті  мәселелердің  қатарына  тарихи 
деректерді тиімді пайдалану проблемасыда кірді. 
1975  жылы  кеңес  ғалымы  Лев  Никитич  Пушкарев  тарихи  деректерді 
топтаудың жаңа нұсқасын ұсынды. Айта кету абзал, оның топтауы көпшіліктің 
көңілінен шықты. 
Ол тарихи деректерді жеті топқа бөлді: 
1) заттай (археологиялық); 
2) жазбаша; 
3) ауызша(фольклор); 
4) этнографиялық; 
5) лингвистикалық; 
6) фото, киноқұжаттар; 
7) фоноқұжаттар. 
Топтаудың  екі  негізі  бар,бірі–ақпаратты  кодтау(способ  кодирования 
информации)  әдісі,  екіншісі–деректің  қай  гуманитарлық  ғылымның  еншісінде 
екендігінде.  Бұл  нұсқа  ғалымдар  үшін  ыңғайлы  болғанымен,  кейбір 
кемшіліктері  ойландырмай  қоймайды.  Мысалы  белгілібір  дерек  екі  бірдей 
топқа  жатуы  мүкін.  Ауызша  және  этнографиялық  деректер  арасында  кейде 
айтарлықтай айырмашылық болмай қалады. 
Кейін ол тек қана жазбаша деректерді он топқа бөлді:  
1) жылнама; 
2) заңнамалық актілер; 
3) іс қағаздары; 
4) акт материалдары (грамота); 
5) статистика; 
6) мерзімді баспасөз; 
7) жеке тұлға құжаттары (мемуар,күнделік, хаттар); 
8) көркем шығарма; 
9) көсемсөз және саяси шығармалар; 
10) ғылыми еңбектер. 
1981  жылы  Москва  Университетінің  профессоры  Иван  Дмитриевич 
Ковальченко  тарихи  деректерді  топтаудың  тек  қана  ақпаратты  кодтау  әдісіне 
негізделген,  жетілдірілген  нұсқасын  жариялады.  Оның  пікірінше  берлық 
деректер небары төрт топқа жіктеледі:  
1) заттай; 
2) жазбаша; 
3) бейнелейтін; 
4) фоно. 
Оның  екінші  бір  жаңалығы  жазбаша  деректерді  екі  топқа  бөлуі.  Ол 
ғылымғабұқаралық  жәнежеке  тұлғалық  (массовые  и  индивидуальные 
источники)деректер 
деген 
түсінік 
кіргізді. 
Біріншісіне–статистика,іс 


38 
 
қағаздары,актілер  сияқты  бұқаралық,қоғамдық  жүйелерге  байланысты 
туындаған  құжаттарды  жатқызды.  Ал  екіншісіне  -  бірін-бірі  қайталамайтын, 
әдеби  шығармалар,жеке  тұлғалар  қолынан  шыққан  жазбаша  құжаттар  сияқты 
деректер түрлерін жатқызған. Кейбір деректердің бұқаралық та жеке тұлғалық 
та  белгілері  болуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  құжат  екі  топқа  да  жатады. 
Дерекердің  кейбіртоптары  өз  ішінде  бөлінуі  мүмкін.  Мысалы  жеке  бас 
құжаттары –естелік, күнделік және хаттар болып өз ішінде жіктеледі. 
Тарихшылардың  бір  тобы  тек  жазбаша  деректерді  ғана  мойындадыСолардың 
бірі кеңес ғалымы Харьков университетінің профессорыИсай Львович Шерман 
өзінің  Русские  исторические  источники  X-XVIIIвв.  (Х.,  1959)  кітабында 
деректерді  қалдық  (остатки)  және  хикаят  (предания)  деп  екі  топқа  бөледі. 
Оның  ойынша  құжаттық  материалдар  қалдықи  баяндайтын  не-
месенарративті материалдар хикаят болып есептеледі.  
Соңғы  жылдары  ғалымдар  арасында  кең  қолдау  тапқан  Сигурт 
ОттовичШмидтің топтауы. Біріншіден ол тарихи деректердің барлығын да 
қамтиды,  Екіншіден  ол  пайдалануға  өте  ыңғайлы.  Өйткені  топтау  негізінде 
деректің  ішкі  «матералдық»  түрі  жатыр.  С.О.  Шмидт  деректердің  мына 
төмендегідей түрлері мен түршелерін (типы и подтипы) бөліп көрсетеді: 
1)  заттай  (археологиялық  ескерткіштерден  қазіргі  заманның  техникасы  мен 
тұрмыстық заттарына дейін); 
2)бейнелеу (көркем бейнелеу, көркем-графикалық, көркем-натуралды); 
3)сөз (сөйлесу, ауыз әдебиетінің үлгілері, жазбаша ескерткіштер); 
4)конвенционалды  (лат.  conventionalis  –шартты)  нота,  математика,  химия  т.б. 
нақтылы ғылымдардың белгілері); 
5)жора-жосын,  салт-сана  (халықтың  күнделікті  тұрмысындағы  еңбекке, 
тұрмысқа байланысты мейрамдарда өткізілетін адамдардың іс-әрекеті); 
6)дыбыстық және аудио деректер. 
Қысқаша  С.О.Шмид  топтуына  сипаттама  бере  кетелік.  Конвенционалды 
деректер дегеніміз кейбір ғылым және мәдениет саласында кездесетін шартты 
белгілер.  Нотна  жазбалары,  математика,  физика,  химия  сиқты  жаратылыстану 
ғылымдарында  кездесетін  символика  мен  формулалардың  да  деректемелік 
маңызы бар. Деректану ғылымында бұл тақырып аз зерттелгендер қатарында. 
С.О.  Шмидт  ғылымға  «поведенческие  источники»  деген  атпен  тарихи 
деректердің  жаңа  термин  кіргізді.  Оларды  бұрын  «этнографиялық  деректер» 
деп  атайтынбыз.  Ғалымның  пікірінше  этнографиялық  деректерге  заттай 
деректер мен жазбаша деректердің кейбір түрлері де жатады. Сондықтан көзбен 
көріп, бақылау мүмкіншілігі бар халықтың салт-санасын, жора-жосынын бөлек 
бір деректер тобына жатқызуға болатындығын дәлелдейді. 
Дыбыстық  деректер  түріне  де  автор  басқаша  пікірде.  Бұл  түрге  ол  тек  қана 
музыка  емес,  сонымен  қатар  құстардың,  аңдардың,  жануарлардың,адамның 
қуанғанда немесе ренжігенде, қорыққанда шығаратын дыбыстарын жатқызады.  
Әрине  оның  тарих  деректерді  топту  әдісін  ғылымның  шыңы  деп  есептеуге 
болмайды. Табиғатта өзгеріссіз, өте жетілген,барлық талаптарға сай келетін ой-
пікірдің  болуы  мүмкін  емес.  Тарихи  дерек  түрлерін  белгілі  бір  топқа  ғана 


39 
 
жатқызуға болмайды. Кез келген топтау шартты. Бүгінгі таңда С.О. Шмидттің 
топтауы  оқу  процессінің  талаптарына  сәкес  келгендіктен,аздаған  өзгерістер 
енгізіп, оқу-әдістемелік құжаттарымыздың негізіне алдық. 
 
 
 
3.Қазақ тарихы деректерін жіктеу 
 
Қазақ тарихының деректері сан-алуан.Оларға мыналар жатады:  
1.Материалдық мәдениет ескерткіштері; 
2. Этнографиялық деректер; 
3. Фольклордеректері; 
4. Жазбаша деректер; 
5. Көркемөнер деректері; 
6.Аудиовизуалды деректер. 
1.Материалдық  мәдениет  ескерткіштері  археологиялық  артефактілер, 
көркем  өнер  туындылары,өндірістік  және  азаматтық  ғимараттар,техника 
қалдықтарын тарихи дерек ретінде пайдалану. 
2.Этнографиялық  деректерге  әдет-ғұрып,  жора-жосын,  дәстүрлі  тұрғын 
үй,ұлттық  киім  жәнедәстүрлі  тағам,дәстүрлі  тұрмыс  заттар  деректері 
және т.б. жатады. 
3.  Фольклордеректері  қатарынахалық  ауыз  әдебиеті  нұсқалары,қазақ 
ақындарының 
шығармалары,генеологиялық 
шығармалар,әдет-ғұрыптық 
заңдар,жер-су аттары тікелей тарихи дерек. 
4.Қазақ  тарихы  бойынша  жазбаша  деректері  қатарына  бітік  жазу 
ескерткіштері,ортағасырлық 
тарихи 
нарративті 
шығармалар,VІІІ–ХХ 
ғасырлардағы  қазақ  әдебиеті  шығармалары,заңнамалық  және  нормативті 
актілер,мемлекеттік  және  қоғамдық  мекемелердің  іс  қағаздары,статистикалық 
материалдар,жеке тұлғалардың естелігі, күнделіктері мен бір-бірімен жазысқан 
хаттары,ғылыми еңбектер т.б. жатады. фильмдер 
5.Қазақ  тарихы  бойынша  көркемөнер  деректеріБейнелу  өнері  деректеріне 
көркем бейнелеу және графикалық бейнелеу шығармалары жатады. 
6.Аудиовизулды 
деректерге 
көркем 
фильмдер,документальды 
және 
хроникалды фильмдерді жатқызамыз. 
 
Әдебиет 
 
Никулин  П.Ф.  Учебное  пособие  «Теория  и  методика  источниковедения  в 
отечественной истории X – начала ХХ вв.» М., 2004. с. 48. 
Медушевская О.М. Источниковедение. М., 2007. с. 24. 
Сейдембеков А. Қазақтың ауызша тарихы. 
 
 
 
 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау