40
5.МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
ТАРИХИ ДЕРЕК
Жоспары
1.Заттай деректер түсінігі және оларды топтау.
2.Көне дәуір тарихын зерттеудегі негізгі дерек- археологиялық артефактілер.
3.Көркем өнер туындылары-тарихи дерек.
4.Өндірістік және азаматтық ғимараттарың деректік маңызы.
1.Заттай деректер түсінігі және оларды топтау
Адамның қолымен жасалған барлық заттар мен объектілер тарихи деректер
қатарына жатады.Олар адамзат қоғамыныңәлеуметтік құрылымы,күнделікті
тұрмысы,эстетикалық талғамы және діни наным-сенімдері жөнінде мәлімет
береді.Бұл
термин
жазбаша
және
ауызша
ақпарат
бермейтін
деректердібілдіреді.Мұндай деректер мұражайларда сақталады.Бұлардың
қатарына археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған
ескерткіштер,күнделікті тұрмыста пайдаланған заттар,халықтың дәстүрлі киім-
кешектері,ыдыс-аяқтары,құрал-жабдықтары,қару-жарақтары
және
еңбек
құралдары жатады. Сонымен қатар архитектураескерткіштері мен техниканың
да көне нұсқаларын тарихи дерек ретінде пайдалануға болады.
Заттай ескерткіштер бірнеше гуманитарлық ғылымдар зерттейді:
археология (қазба жұмыстары нәтижесінде табылған ескерткіштер),
этнология (тұрғын үй, киім-кешек, әшекей бұйымдары, бас киім, аяқ-
киім, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары,музыка аспаптары және тағы басқалар),
өнертану (архитектуралық ғимараттар, сурет өнерінде пайдаланған
бояулардың химиялық құрамы, фарфор, фаянс, шыныдан жасалған заттардың,
метал қоспасының технологиялық процесі және басқалар ),
нумизматика (монеталар), сфрагистика (мөр), фалеристика (орден,
медаль, басқа да белгілер), бонистика (қағаз ақша), филиграноведения
(қағазжәне оның бетіндегі жасырын белгілер),
ғылым
мен
техника
тарихы(механизмдер,
машинлар,өндіріс
технологиясы),
музейтану және материалдық мәдениет пен адамзаттың күнделікті
тұрмысын зерттейтін ғылым салалары.
41
Бір өкініштісі заттай ескерткіштерді зерттейтін ғалымдардың немесе ғылыми
мекемелердің басы бірікпеген, барлығына бірдей ортақ әдістерді пайдалану
жолдары талданбаған.
2. Көне дәуір тарихын зерттеудегі негізгі
дерек- археологиялық артефактілер
Археология– ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының
заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін заттай деректер арқылы зерттейтін тарих
ғылымының саласы.
Басты зерттеу нысаны алғашқы қауымнан, ерте заман мен орта ғасырлардан
қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері,
мекенжай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-
іші заттары, зираттар, обалар, т.б.
Бұл заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа
көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында
бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар
археологияда мәдени қабаттар деп аталады.
Қазақстан жеріндегі ең үлкен қала болып есептелетін Отырардың мәдени
қабатының биіктігі 18 м. Кейбір обалардың биіктігі 20 метрге, аумағы 100
шаршы метргедейін жетеді. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық
деректерге ғылыми түсініктеме беру үшін археологияда антропология,
этнология, геология, ботаника, зоология, палеонтология, физика, химия,
топырақтану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады.
Археология(ол гректіңarchaіos– ескі,logos– ғылым деген сөздерінің
қосылуынан шыққан) термині біздің заманымыздан бұрынғы ІV ғасырда көне
заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми
археологиялық зерттеулер Еуропада қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді.
ХV-ХVІғасырларда Италияда ежелгі сәулет өнерінің мұраларын іздеуге,ХVІІІ-
ХІХ ғасырларда Қосөзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге
бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. ХІХ ғасырдың бірінші
жартысында Ресейде Қара теңіз жағалауындағы көне грек қалаларының
қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде зерттеу басталды.
Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер ХІХ ғасырдың 70-
жылдарында бастау алды және олар В. Радлов, Н. Веселовский, П. Лерх, В.
Бартольд есімдерімен байланысты. 1920 – 30 жылдары. Ә. Марғұлан, С.
Руденко, А. Бернштам, т. б. Басқарған экспедициялар Қазақстан жерінде
күрделі археологиялық барлау, қазба жұмыстарын жүргізді.
1946 жылыҚазақстанда жаңа құрылғанҒылым академиясыныңқұрамында
Тарих, археологиялық және этнография институты, ал 1991 жылы. Археология
бөлімі негізінде жеке Археология институты (1973 жылдан археология
мұражайы жұмыс істеді) құрылды. Ол республикадағы археологиялық
зерттеулердің орталығына айналды.
42
Орталық Қазақстанда қола дәуіріне жататын Беғазы, Ұлытау, Беласар
зираттары, Атасу, Бұғылы, т.б. қоныстар зерттелді. Жетісуда Бесшатыр, Кеген
маңында табылған обалар сақ-скиф мәдениеті жөнінде көптеген мағлұматтар
берді және олардың Алтай мен Днепр бойында кездескен скиф обаларымен өте
ұқсас екендігі дәлелденді.
Оңтүстік Қазақстанда палеолит қоныстары тыңғылықты зерттеліп, оның
андронов мәдениетінің негізгі аймақтарының бірі болғандығына ғылыми
тұжырым жасалды. Солтүстік Қазақстан қола дәуірінің хронологиялық
классификациясы жасалды. 1970 жылдан Қазақстан мен Орта Азияның мәдени
орталықтарының бірі болған Отырар алқабының ескерткіштерін зерттеу қолға
алынды.
Шығыс Қазақстандағы Шелекті сақ обаларындағы, ЖетісудағыЕсік
қорғанында, қала мәдениеті жөнінде мол мағлұмат берген Отырар мен
Құйрықтөбеде жүргізілген қазба жұмыстарыкөне және орта ғасырда қазақ
даласын мекендегентайпалар мен ұлыстардың материалдық мәдениетінің
сабақтастығы жөнінде дәйекті ғылыми тұжырым жасалды.
Заттай деректер тарих оқиғалар жөнінде баяндамайды. Археолог тек олардың
негізінде сол оқиғаның реконструциясын жасайды Тарихтың жазба деректері
жоқ болған жағдайда зерттеуші заттай деректердің көмегіне сүйенуге мәжбүр
болады.
Ғалымдардың айтуынша жазу өнерінің тарихы 5000 жыл. Сондықтан
археология ғылымының кеңістігі де уақыт шеңбері орасан зор.Жазу өнерінің
көне нұсқаларын ғылыми айналымға кіргізген де археолог ғалымдар. Мысалы
египет иероглифтері, гректің түзу жазуы, вавилоннның сына жазулары қазба
жұмыстары нәтижесінде табылып,ғылымның игілігіне айналды. Жазу өнері
пайда болғаннан кейін де жазба деректердің мәліметтерін зеттай деректер
толықтырып отырды.
Археологтың әрекетін үш кезеңге бөлуге болады: ескерткіштерді іздеу,
табу,оларды зерттеу және оларды тарихи реконструкция барысында
пайдалану.Әрбір әрекеттің өз әдістері бар. Бірінші кезеңде істі далалық
археология тындырады. Олар барлау және қазба жұмыстарының нәтижесінде
материал жинақтайды. Оның өзіне тән әдістері бар. Келесі кезекте табылған
ескерткіштер ішікі түйсік негізінде, типологиялық әдісті пайдалана отырып
зерттеледі. Соңғы жылдары формалдық әдістіқолданудың арқасында
археологтардың бұл әрекеті ғылыми негзге көшірілуде. Ал үшінші кезең ең
күрделісі, әрі пәнаралық байланыстар арқылы іске асырылады. Алдыңғы екі
кезеңде археологтар зерттеу жұмыстарынөз күшімен атқара береді.
Артефактілерды
интерпретациялау
үшін
бірнеше
ғылым
өкілдерініңмүмкіншіліктерін пайдалану қажет.
3. Көркем өнер туындылары-тарихи дерек
Өткен заман көркем өнертуындылары сол заманда өмір сүрген белгілі бір елдің
шаруашылығы, материалдық және рухани мәдениетінен зор мағлұмат
Достарыңызбен бөлісу: |