Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет16/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72

35 
 
барысындахронологиялық  аумақтық  (региональный),  этникалық,проблемалық 
және тұлғалық (персональный) принциптерді есте ұстаған абзал. 
1. 
Хронологиялық  дегеніміз  жүйелеу  барысында  деректің  пайда  болған 
уақытын ескеру(антикалық ортағасырлық,жаңа немесе қазіргі заманға жататын 
деректер). 
2.АумақтықҚостанай облсының тарихына байланысты деректер. 
3.  Этникалық  (татар  халқының  этникалық  тарихы,  Америка  жергілікті 
тайпаларының отаршылдыққа қарсы күресі). 
4.  Проблемалық(қазақ-қытай  қатнастары,екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезіндегі 
Қазақстан тарихы жөніндегі деректер). 
5.  Белгілі  бір  тұлғаға  байланыстыдеректер  (Аблай  ханның  мәмілегерлік 
саясаты, Бекмахановтың тарихи көзқарасы.). 
Көбіне  деректерді  бірнеше  белгілеріне  қарай  да  жүйелеуге  болады.  Мысалы: 
«Қазақстан тарихының деректері» 
 
2.Топтау түсінігі мен принциптері 
 
Тарихи деректерді топтаудың (сыныптаудың) тарихшылардың басым көпшілігі 
қолдаған  түрі  жоқ.ХІХ  ғасырдың  басында  белгілі  бір  тақырып  бойынша 
жинақталған  тарихи  деректердің  көбейуіне  байланысты  оларды  ретке  келтіру 
қажеттілігі  туындады.  Тарихшылардың  бір  тобы  жазбаша  деректерді  түріне 
(естеліктер,  дипломатиялық  құжаттар,  іс  қағаздары)  қарап,  ал  екінші-
лерімазмұнына (әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы деректер, сыртқы және 
ішкі  саясат  тарихының  деректері,  мәдениет  пен  қоғамдық-саяси  пікірді 
анықтайтын, айғақтайтын деректер) қарап топтауды қолдады. 
Үшіншітоптағы  ғалымдар  деректі  пайда  болу  принципі  бойынша  топтауды 
ұсынды.  Олардың  пікірінше  деректер  үш  топқа  бөлінеді:  әлеуметтік-
экономикалық  сферада  пайда  болған  деректер;  әлеуметтік-саяси  күрес 
нәтижесінде пайда болған деректер; және қоғамдық пікір, мәдениет, тұлғалық, 
отбасылық салалардан ақпарат беретін деректер.  
Мұның  бір  кемшілігі  тарихи  деректер  пайда  болу  жағынан  қоғамдық  өмірдің 
бірнеше  саласын  қамтуы  мүмкін.  Сондықтан  да  деректерді  талдау  барысында 
олардың әрбіреуінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеру қажет. 
Кейбір  тарихшылар  жоғарыда  аталған  пікірлердің  бірде  біреуін  қолдамайды. 
Олар  топтау  схемасында  тарихи  деректердің  түрлерінің  барлық  белгілерін 
ескеріп, мүмкіншілігін толық пайдалану қажеттілігін ескертеді. 
ХIХ  ғасыр  ғалымдарытарихи  деректерді  екі  топқа  бөлді:  «өткен  заманнан 
жеткенқалдық»(остатки)және«аңыз,  хикая»  (предания).  Өткен  заманнан 
бүгігі  күнгедейін  жеткен  дәстүрлі  киім  үлгілері,ұлттық  тағам  түрлері,үй 
жиһаздары,күнделікті тұрмысттық заттар,тіл, ән-күй, әдет-ғұрып, жора-жосын, 
жазбаша ескерткіштер сол заманның қалдығы болып есептелді. Олар келешек 
ұрпаққа  ескерткіш  ретінде,  немесе  сол  заманнанақпарат  беру  ретінде  әдейі 
жасалмаған. 
Ал  «аңыз  немесе  «хикая»  өткен  заманда  болған  тарихи  уақиғаны  баяндайды. 


36 
 
Ол  уақиғаларды бізге тура жеткізбейді, оны біз көзімізбен көре алмаймыз. Ол 
жөнінде  тек  біз  информатор  арқылы  біле  аламыз.  Яғни  оқиға  туралы  ақпарат 
информатор санасындағы ой-пікір арқылы білім ретінде келесі ұрпаққа жетеді. 
Тарихи  факт келер  ұрпаққа  жету  үшін  әдейі  аңыз  немесе  хикаят  түрінде 
жасалады. Сондықтан олар қалдыққа қарағанда субъективті. 
ХІХ  ғасырдағы  неміс  тарихшысы,  элиннизм  тарихы  туралы  үш  томдық  кітап 
жазған, 
Иоганн 
Густав 
БернхардДройзенБерлин, 
Киль, 
Йен 
университеттерінің  профессоры  (1808)  тарихи  деректерді  топтаудың  үлгісін 
ұсынды.  Ол  барлық  деректерді  тарихтың  қалдықтары  (барлық  ғылымның 
қалдықтары,  қолөнердің,  көркем  өнердің  қалдықтары,  тіл,  салт-сана,  жора-
жосын,  хаттама,  іс  қағаздары  т.б.  сол  сияқты  құжаттар)  және  тарихи 
әңгімелер(өлеңдер,  әңгімелер,  аңыздар,  анекдоттар,  мақал-мәтелдер,  қанатты 
сөздер)  екі  топқа  бөлді.Тарихи  деректерді  бұлайша  топтау  ғалымдардың 
жинақталған матералдарды ретке келтірудегі алғашқы талпынысы еді. 
Тарихи  деректерді  топтау  дегеніміз  деректің  мәнді  бір  ішкі  белгілеріне 
көңіл  аудара  отырып,  олардың  әр  текті  жиынтығын  бір  текті топтарға 
бөлу. 
Деректерді топтау барысында оның өзіне тән белгілеріне көңіл аударатынымыз 
белгілі.  Оны  ғылымда  критерий  немесе  белгілі  бір  деректі  екіншісінен 
айыратын негізгі белгісі деп атайды.Жоғарыда айтқанымыздай тарихи деректер 
әрқилы. Сондықтан оларды ерекше белгілеріне қарап түрлерге (типологиялық 
топтау)бөлеміз.  Кейде  түрдің  өз  ішінде  бірнеше  топқа(подвид)  бөлшектенуі 
мүмкін. 
Орыс тарихнамасында деректерді топтау мәселесіне ХІХ ғасырдың30-жылдары 
көңіл  аудара  бастады.  Орысжылнамалары  мен  заңнамалық  актілерді 
түрлендіріп  оларды  ғылыми  талдау  жолға  қойылды.  Дегенмен  деректерге 
түбегейлі  көзқарастың  өзгеруі  орыс  ғалымы  А.С.Лаппо-Данилевскийдің 
есімімен тығыз байланысты. 
Ол деректің ғылыми негізіне салмақ салды. Ол тарихи деректің болған оқиғаға 
жақындығын  ескерді.  Осының  негізінде  ол  деректерді  екі  топқа  бөлді: 
бейнелейтін 
деректер 
және 
көрсететін 
деректер 
(источники, 
изображающие  факт  и  источники,  обозначающие  факт.)  біріншісін 
мәдениеттің қалдығы (остатками культуры),екіншісін –тарихи хикаяттар 
(историческими преданиями). 
Болған  оқиғаның  қалдығын  ол  мәдениеттің  қалдығы  деп  есептеді.  Оған  ол 
біздің  заманымызға  дейін  жеткен  заттай  жәдігерлерді,  заңнамалық  актілерді 
жатқызды.Ал  болған  оқиғаны  баяндайтын  деректерді  хикаяттар  санатына 
кіргізді.  Екінші  топтағы  деректер  мұқият  талдауды,тексеруді  қажет 
етеді.Өйткені ол белгілі бір автордың санасындағы субъективті көрініс. Алғаш-
қы  топтағы  деректер  шынайы,  объективті.  Дегенмен  оларды  да  күні  бұрын 
тексерістен өткізу қажет деп есептеді орыс ғалымы.  
А.С.Лаппо-Данилевский  өз  заманында  орыс  тарихнамасында  тарихтың 
әдіснамалық  мәселелерімен  алғаш  айналысқан  ғалым.  Сондықтан  да  оның 
жасаған тарихи деректерді топтауының методологиялық тұғыры берік болды.  


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау