34
әдістемелік негіздерін ашуға арналған. Арнайы бөлім деректерді жариялау
ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
1966 жылы
В. Эккерман және Г. Мор«Тарихты зерттеуге кіріспе» деген
іргелі зерттеу шығарды. Ол жоғары білікті мамандардан, ЖОО профессорлары
мен оқытушылардан, мұрағаттар, кітапханалар, мұражайлар ғылыми
қызметкерлерінен құралған үлкен ұжым еңбегінің нәтижесі болды. Кітап
авторлары алдарына «студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыру,
оларды ғылыми жұмысқа даярлаумақсатында деректану мен қосалқы тарихи
пәндердің жалпы мәселелерін» ашып көрсету міндетін қойды. Деректерді
талдауға арналған тарау, жалпы кітап сияқты марксистік бағдар тұрғысынан
жазылған. Ол мұқият құрастырылған әдебиеттер тізімінен және түрлі
көрсеткіштерден тұрады.
Қазақстанда деректанудың теориялық мәселелері іс жүзінде қарастырылған
жоқ. Соңғы уақытта әл-Фараби атындағы ҰлттықУниверситеттің деректану
және тарихнама кафедрасының меңгерушісіқызметін атқарған, бүгінде марқұм
болған
Қамбар Атабаев табысты жұмыс жүргізді. Ол конференцияларда,
мерзімді басылым беттерінде сөз сөйлеп, тарихи деректерді іздеу, анықтау және
зерттеу әдістерін түбегейлі зерттеуге шақырды. Ол 2001 жылы жазған оқулық
бүгінгі күні библиографиялық сирек кездесетін затқа айналды.
Әдебиеттер мен деректану мәселелерінің зерттелу жағдайына қысқаша шолу
осындай болды.
4.ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ТОПТАУ
Жоспары
1.Деректерді жүйелеу.
2.Топтау түсінігі мен принциптері.
3. Қазақ тарихы деректерін жіктеу.
1. Деректерді жүйелеу
Тарихи деректердің түрі жағынын да мазмұны жағынан да ақпарат алу
мүмкіндігі жағынан да, оның объективтілігі мен субъективтілігі жағынанда
әрқилы болатындығы баршамызға белгілі. Сондықтан зерттеуші жинақталған
материалдарын ретке келтіріп алып, олдарды талдау әрекеттерін бастайды. Бұл
жұмыс
терең біліктілікті, қажырлы еңбекті әрі көп уақытты қажет етеді.
Деректердіретке келтірудің екіжолы бар. Бірін жүйелеу(систематизация) деп,
екіншісін топтау(классификация) деп атаймыз.
Тарихи деректерді жүйелеу
дегеніміз әр текті деректерді осы ғылымның мәнсіз бір белгілеріне қарай
жіктеу.
Жүйелеудің қызметтік (служебный),қосалқы (вспомогательный),техникалық
(технический) сияқты бірнеше түрлері болады. Осы әрекетті іске асыру