47
Іңкар-дария ауылынан оңтүстікке қарай 25 шақырым жерде, аттас ағыс құрғақ
арнасының жағасында орналасқан.
Асан ата кесенесін Орталық Азияның барлық түркі халықтарының мұрасы
деуге болады. Кесене Қызылорда облысы Шиелі ауданыБәйгеқұм теміржол
бекетінен шығысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Салынған уақыты – XVI ғ.
ғимарат авторы белгісіз.
Сәулет өнері Қазақстанның Х-ХІІ ғасырларда Қарахан дәуірінде өркендей
бастады. ХІҮ-ХҮ ғасырларда да архитектуралық маңызы бар ірі құрылыс
салына бастады. Ол кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша
үлгілерінеАрыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Көккесене, Алаша хан,
Дәуітбек, Тек-тұрмас сияқты кесенелер жатады.
Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына
салынған кесен осы күнге дейін көрген адамды таң қалдырады.Аумағы 30х13
метр яғни 390 шаршы метр.Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана,азан
шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне
бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен
салыстырғанда едәуір биік.Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында
салынған. Мазар ХІV ғасырда қайта жөнделген.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның
ені – 46,5 м, ұзындығы – 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені – 50 метрге
жуық, порталдық аркасының ұзындығы – 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар.
Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.
Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің
ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі – 37,5 метр. Сыртқы
қабырғалардың қалындығы – 1,8–2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы –
3
метр.
Бұл
зәулімғимаратқазандық,үлкен
ақ-сарай,кіші
ақсарай,
құдықхана,кітапхана,асхана,көрхана,мешіт сияқты 8 түрлі бөлмелер тобынан
тұрады.
Әлемдегі еңтаңқаларлық архитектуралық ескерткіш «Ұлы қытай Қорғаны».
Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар Қытай қорғаны адамзаттың сәулет
өнері тарихындағы ғажайып кереметтердің бірі.Жалпы ұзындығы 6700 км
артық. Екінші бір деректе 8 851,9 км десе, үшінші бір деректе оның
ұзындығын21 196 шақырымға жеткізеді. ТолщинаҚорған құрылысынабір мил-
лионға жуық адам қатынасқан, Мұның өзі солкездегі Қытай халқының бестен
бір бөлігі еді.Б.э.д. 770–221 жылдар аралығында салынған. Минәулеті 1368 –
1644 жылдарысолтүстігіндегі көршілері – шүршіттер (маньчжур) мен
моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдаланып,
қорғанды ұзарта түсті. Қытай қорғанының бүгінгі күнге дейін бүлінбей жеткен
5000 километрден астам бөлігі сол Мин дәуірін-де жөнделіп, жаңадан
тұрғызылған. Мұның негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7 – 8 метр, табанының
ені 6,5 метр, үстіңгі жағының ені 5,8 метр.
Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2–3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы
салынған.
48
Алайда солтүстіктегі көшпелі жауынгер халықтарға ол ешқандай тосқауыл бола
алған жоқ. Ғұндар,түріктер,қидандар,моңғолдармен шүршіттер (маньчжурлер)
қорғаннан өтіп, отырықшы елдермен емін-еркін саяси, мәдени және сауда
байланыстарын жүргізді.Әуелі олар Қытай жерінде Вэй (табғаш), Ляо (қидан),
Юань (моңғол), Цинь (маньчжур) империяларын құрып, Қытайды көптеген
ғасыр биледі.
1961 жылы ҚХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп,
мемлекет қорғауына алды, ал 1987 жылы ол адамзаттың мәдени құндылығы
ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдениет және табиғат ескерткіштері
тізіміне кіргізілді.
Тәж–Махал– Үндістандағы ең әйгілі ғимарат жәнеЮНЕСКО әлемдік мұра
нысаны.Делиден 204 шақырым жерде орналасқан. Әлемге танымал бұл Тәж –
Махал кесенесін Ақсақ Темірдің ұрпағы Жақан шах 13 бала туып, 14-інші баладан
қайтыс болған тоқалы Мұмтаз Махалға арнап салдырған.1630 жылы басталған
кесененің құрылысы 22 жылға созылған. «Өлмес махаббат» нышаны болып
саналатын Тәж - Махал – әлемдегі жеті кереметтің бірі. Төрт құбыласында төрт
минареті, биіктігі 74 метр бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған мазардың
құрылысына Орта Азия, Парсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мың зергер-ұсталар
жұмылдырып, құрылысты 1643 жылы аяқтады. Тәж - Махал ансамблі –
архитектураның шыңы.
Жамуна өзенінің арғы бетінде қара мәрмәрдан жасалған іргетас жатыр. Жақан
осы жерге қара мәрмәрдан өзіне арнап тура сол Тәж Махалдың көшірмесіндей
мовзалей салуды жоспарлайды.Екеуінің арасында ағып жатқан Жамуна өзеніне
қос мазарды жалғастыратын көпір салынуы тиіс еді. Алайда мемлекеттің
қазынасы тағы бір құрылысты көтере алмайтын болды. 1658 жылы Жақан
шахты ұлы Аурангзеб орнынан алып, Қызыл бекініске қамап қойды. Тоғыз жыл
қамауда отырған Жақан шахты қайтыс болғаннан кейін тоқалының жанына
апарып жерледі.
Еуропа өркениетінің орталығы – Рим қаласы. Үш мың жылдық тарихы бар
қаладаархитектуралық ескерткіштердің озық үлгілері осы күнге дейін адамды
таң қалдырады. Әулие Петр Соборы,Венеция сарайы,Сикст капелласы,
Капитолий
Консерваторлар
сарайы,Рим
форумы,Апий
жолы,Треви
субұрқағы,Әулие Каллиста Катакомбасы,Испания алаңы,Пантеон,Әулие
періште қамалысияқты ғимараттардың әрқайсысын жеке алып айтса да болар
еді.
Көне Римнің ғажайып ескерткіштерінің бірі Колизей. Атауы латынның
«колоссеум» («алапат ауқамды») деген сөзінен шыққан. Бұл амфитеатрдың
ұзындығы 188 метр, ені 156 метр, сыртқы қабырғасының биіктігі – 48 метр, бұл
дегеніңіз кәдімгі 12 қабат үймен тең, іргетасының тереңдігі 13 метр,
амфитеатрдың мыңдаған жыл бойы қозғалмай тұрғанының да себебі сонда.
Колизейге бір мезгілде 50 мың көрермен сыятын болған. Мұндай ауқымдағы
стадионға 100000 мың адам да сыйып кететіні белгілі, бұл арадағы
айырмашылық ерте замандағы көрермендердің қазіргідей сығылыспай, еркін
отырғандығында. Сексен жерден кіріп шығатын есіктерден енген адамдар
Достарыңызбен бөлісу: |