118
ҚазаҚ
стандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
ГлОССаРИй:
Ксм
– кадр сыртындағы мәтін: кіріспеден (жүргізуші кадрде) басталады, сценарийдегі ВХОД деген
сөзден режиссер видеоны қосады, жүргізуші енді көрінбейді, бірақ дауысы естіле береді – ол
мәтінді соңына дейін оқиды. Сценарийдегі ВЫХОД деген сөзде видео аяқталып, жүргізуші қайтадан
көрінеді немесе спикердің пікірі беріледі.
снХ
– синхрон, сұхбат алынып отырған адамның қойылған сұраққа берілген жауабы жазылған
видео.
БОБслей
– бір сұраққа бірнеше адамнан жауап алу.
ХРИП
– сауал қойылған адамның телефон арқылы жазып алынған жауабы. Онымен бір мезгілде
видео, фотосурет немесе инфографика көрсетілуі мүмкін.
сЮжет
– толықтай түсірілген, монтаждалған тілші материалы, оқиғаның баяны. Диктор сюжеттің
кіріспесін оқиды.
тИтР
– кадрдегі мәтін, оның көмегімен көрерменге кім сөйлеп тұрғанын (мысалы, Ерлан Сағадиев,
Білім және ғылым министрі), оқиға қайда болып жатқанын (геотитр: Астана, петропавл, Оңтүстік
Қазақстан облысы) түсіндіреміз.
тЕСт:
1. Жаңалықтар шығарылымы спорт ақпаратынан бастала ала ма?
A. Жоқ, жаңалықтарды не төтенше оқиғалар туралы, не саяси ақпаратпен бастау керек
B. Иә, ел үшін аса маңызды сенсациялық жаңалық болса
C. Иә, ол жарыстың басы-қасында тікелей эфирде байланысқа шығауға әзір тілшіміз жүрсе
D Жоқ, спорт жаңалықтары тек сол тақырыпты жақсы білетін диктор жүгізетін спорт бөлімінде
айтылады
2. Тікелей эфирде қателесіп не сөзінен жаңалып қалса, диктор не істеуі керек?
A. Мәтінді басынан бастап оқу керек
B. Мән бермей, жалғастыра береді
C. Қысқа ғана кешірім сұрап, жалғастыра береді
D. Кешірім сұрап, мәтінді жаңа көріп отырғанын түсіндіреді
3. Суфлер тоқтап қалғандағы диктордың әрекеті:
A. Ештеңе істемей, суфлер қайта іске қосылғанын күтіп отырады
B. не айтып отырғанын есіне түсіріп, өз сөзімен жалғастыра береді
C. Эфирді толтыру керек: суфлер өшіп қалғанын, техниктер тобы оны жөндеп жатқанын, жөнделген
соң эфирді қайта жалғастыратынын айтады
D. Камераға қарап қойып, қолындағы қағазға басылған мәтінді оқиды
4. Сюжет соңына жетпей өшіп, тоқтап қалса диктор не істеуі керек?
A. Ештеңе істемей, келесі кіріспені оқи береді
B. Техникалық ақау үшін кешірім сұрап, бұл тақырыпқа әлі ораламыз деп уәде береді
C. Сюжет немен аяқталғанын қысқаша баяндап береді
D. Кейін сюжет толық сайтқа салынады, сол жерден қарап алыңыздар дейді
5. Ақпараттық шығарылымда оқиға орнынан тікелей қосылу жоспарланған. Видео бар,
алайда тілші сізді естімейді. Диктордың әрекеті: