Орындаған: зуинф-305 тобының оқушысы Қайыркенова Н. М. Ғылыми жетекшісі



жүктеу 1,88 Mb.
бет1/5
Дата25.12.2017
өлшемі1,88 Mb.
#6127
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: ««Видеотека» деректер қоры»


Орындаған:

ЗУИнф-305 тобының оқушысы

Қайыркенова Н.М.

Ғылыми жетекшісі: Базикова Қ.М.

Қарағанды 2015

МАЗМҰНЫ






КІРІСПЕ........................................................................................................

3










1

ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚҰРУ.......................................

5

1.1

Техникалық тапсырысты және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді саралау........................................................

5


1.2

Пәндік аймақтың сипатталуы.....................................................................

10

1.3

Ақпараттық ағымның анализі.....................................................................

13

1.4

Модельдердің құрылуы...............................................................................

15

1.5

Техникалық құралдарды таңдау.................................................................

17

1.6

Деректер қорының құрылымының сызбасы және кестелер қасиетінің сипатталуы....................................................................................................

18











2

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕДЕ ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ ИНТЕРФЕЙСТІҢ ҚҰРЫЛУЫ....................................................................................................

27


2.1

Пайдаланушылық мәзір...............................................................................

27

2.2

Деректер қорында мәліметтерді қосу, өшіру, қарау және өзгерту формалары....................................................................................................

30


2.3

Деректер қорында сұраныстың құрылуы..................................................

32

2.4

Есептердің құрылуы.....................................................................................

35

2.5

Анықтамалық жүйе......................................................................................

37













ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................

39




ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ..........................................

41



КІРІСПЕ

Қазіргі техника мен технологияның дамып, маңызы артқан XXI-ғасыр заманында мәліметтер қоры адамзат баласы өмірінің бір бөлшегіне айналып отыр. Ал мәліметтер қоры қазіргі таңда кез келген сферада қолданылып жүргені бәрімізге мәлім. Бұл туралы тұрақты анықтама жоқ, себебі бұл ұғымның қасиеттеріне байланысты аясы кең болып саналады. Мәліметтер қорын деректер қоры деп те айтады. Екеуінің мағынасы бір. Мәліметтер қорын құру және жұмысқа арналған қосымшалардың, олардың бағдарламалық қамтамасыз ету өңдеулері маңызды бөлімі болып келеді, себебі осы заманауи ақпараттық жүйелер үлкен көлемдермен және күрделі құрылымдармен жұмыс атқарады. Басқару құралдары базалармен осылардың ақпараттық жүйелердің жалпы бөлімін ерекшелеуге рұқсат етеді, осы күрделі құрылымды басқаруға жауап береді.

Ғылыми-техникалық прогресс шарттарында компьютеризацияны ендіру процесі қоғам өндірісінің әр түрлі облыстарында еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда ЭЕМ-ді қолдануға дейін еңбек өнімділігінің өсуі тым баяу байқалатын облыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл, бірінші кезекте, адамның ой еңбегімен байланысты болып келетін облыстар, яғни өндірісті басқару, процестерді жобалау және зерттеу және т.б. Егер өндіріс саласында еңбек өнімділігі ХХІ ғасырдың басында 100 есе өскенін аңғаруға болатын болса, жобалау облыстарындағы бұл көрсеткіш тек 1,5-2 есе өскенін байқауға болады. Бұл жаңа объектілерді жобалауға кететін уақыт мерзімі тым жоғары болатынын білдіреді.

Кез-келген ұйымда ол үлкен не кіші болсын деректерді басқару ең тиімді жұмысты қанағаттандыратындай етіп ұйымдастыру мәселесі туындайды. Кейбір мекемелер ол үшін құжаттарды сақтайтын үлкен шкафтарды пайдаланады, ал көбісі ақпаратты тиімді сақтау және шығаруды, үлкен көлемдегі деректерді басқаруды қамтамасыз ететін компьютерлендірілген деректер қорын басқару жүйесін (ДҚБЖ) пайдаланады.

Деректер қоры пайда болғаннан бастап қажетті ақпаратты алу процессін жеделдетуге болады, себебі ақпратты беру процессімен көптеген қызметкерлер кездеседі де, көбіне тегін ғана ауыстырып бір ақпаратты көшіріп беру қажет болады. Деректер қорын құру көптеген деректерді сақтап, оңай өзгеру және жаңа деректерді еңгізіп, сонымен қатар компьютер экранына қажетті мөлшердегі ақпаратты шығаруға мүмкіндік береді.

Осы курстық жобаның мақсаты «Видеотека» қызметкерлерінің жұмысын жетілдіру, ол өз кезегінде автоматизация деңгейін жоғарылатып, деректерді табыстау тәртібін оңайлатар еді.




1 ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚҰРУ
1.1 Техникалық тапсырысты және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді саралау
Курстық жұмыстың тапсырмасы «Видеотека» үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді құру. Деректер қорын құру үшін «Видеотека» қызметкері арқылы өтетін құжаттар мен деректер қажет. Деректер қоры көрнекті интерфейспен жабдықталу қажет, жаңа деректерді еңгізу және ескі деректері өзгерту мүмкіншілігі болу және қажетті деректі іздеу мүмкіншілігі болу міндетті. Жұмыстың нәтижесінде толық құрылған әрі бағдарламаланған деректер қоры пайда болады.

Деректері сақтаудың ескі тәсілдерін пайдалану берілген сұраныстар бойынша деректерді іздеу немесе деректерді сұрыптау және тікелей нәтиже беру мүмкіншілігін (деректердің өте көп болу салдарынан) туғыза алмайды.

Сонымен қатар қажетті ақпаратты іздеумен айналысатын қызметкерлердің үлкен құрамын ұстау қажет.

Деректері сақтаудың ескі тәсілдерін пайдалану кезінде деректерді орталықтандырып, сол деректерді алу мәселесі шешілмей қалады.

Сондай-ақ, бағдарламаның ыңғайлы әрі жарқын жүзді интерфейсі арқасында, жұмыс істеу қолайлырақ болады, соған сәйкес ЭЕМ операторының еңбек өнімділігі артады.

Басты міндет – ақпаратты сақтау құрылымының (яғни деректер қорының құрылымы), ақпаратты еңгізу, оқу, түзету алгоритмінің дұрыс ұйымдастырылуы. Ал жалпы бағдарлама видеотекадағы сатылым мен жаңа фильмдерді тіркеу жұмысын жеңілдететін, қолда бар фильмдер жайлы толық хабарды беретін анықтама жүйесі болады.

Бағдарламалық құралдардың көптеп дамуына байланысты дербес компьютерлерде пайдаланыла алатын өте ыңғайлы әрі сенімді деректер қорын құру қажет. Қазіргі уақытта деректер қорын құруға арналған бірнеше өте жақсы құралдар бар. Олардың барлығының өз артықшылықтар мен кемшіліктері бар. Келесі бөлімдерде дұрыс таңдау жасап, бізге лайықты деректер қорын құруға арналған құралды таңдау ерекшеліктерін қарстырамыз.

Курстық жұмыстың техникалық тапсырмасынан түсінікті болғандай, бізге бағдарламалық қамтамасыз етуді құру қажет. Деректер қорын құрудағы бар білімімізге сүйене отырып, SQL технологиясы мен «клиент-сервер» архитектурасын пайдалану жөн деп шешілді. Ал бағдарлама интерфейсін, қазір өте кең тараған, әрі ыңғайлы, әрі сенімді жүйе болып қалыптасқан Borland Delphi-де жазу дұрыс деп ұйғарылды. Бұл құралдардың болашағы бар, бастысы қойылған тапсырманы, қойылған талаптарға сәйкес орындауға мүмкіндік береді.

SQL (көбіне қателестіріліп, «сиквэл» деп айтылады, негізгі Structured Query Language қысқартылған) Құрылымдық Сұраныстар Тілін қалыптастырады. SQL компьютерлік деректер қорында сақталған мәліметтерді оқып, өңдеуге арналған. Бұл тіл реляционды деректер қорын тиімді құрастырып, онымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Деректер қорының әлемі келе-келе көбірек біртұтас болып келеді, сондықтан алуан-түрлі компьютерлік орталарда қызмет ете алатын әмбебап әрі стандартты тілдің құрастырылуы қажет болды. Стандартты тіл бір түрлі пәрмендері (команда) білетін пайдаланушыларға жұмыс істеу ортасынан тәуелсіз (дербес компьютер, желілік жұмыс станциясы не әмбебап ЭЕМ болса да), ақпаратты құрып, іздеп, өзгертіп және тарата алатындай пайдалана алу мүмкіндігін береді. Қазіргі өте бір-бірімен байланысқан компьютерлік ортада осындай тілмен қамтылған пайдаланушы көптеген ақпарат дерекнамасын кқп түрлі тәсілмен алып, қоладнып қорытындылау тұрғысында үлкен артықшылыққа ие.



Атынан белгілі болып отырғандай, SQL пайдаланушыны деректер қорымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін қолданылатын бағдарламалау тілі болып табылады. Негізінде SQL реляционды түрдегі деректер қорымен ғана жұмыс істей алады. Сұлба 1– SQL-дің жұмыс істеу сұлбасы көрсетілген.

Сұлба 1. Деректер қорынан деректерді алу үшін SQL-ді пайдалану


Осы сұлбаға сүйене отырып, есептеуіш жүйесінде (ЕЖ) маңызды ақпарат сақталған деректер қоры бар екені көріп отырмыз. Егер ЕЖ бизнес саласына қатысты болса, онда деректер қорында материалды құндылықтар, сату және жалақы көлемі сияқты ақпарат сақталуы мүмкін. Дербес компьютердегі деректер қорында жазылған чектер, телефон номерлері, адрестер немесе әлдеқайда улкен ЕЖ-ден шағырылып алынған ақпарат сақталуы мүмкін.

Егер пайдаланушыға деректер қорынан қандайда бір мәліметті оқығысы келсе, ол SQL көмегімен оны ДҚБЖ-дан сұрастырады. ДҚБЖ сұранысты өңдеп, қажетті мәліметті тауып, пайдаланушыға жібереді. Мәліметтерді сұрау процессі және нәтижені алу деректер қорының сұранысы деп аталады: осыдан оныңғ атауы - құрылымдық сұраныстар тілі.

SQL-ді пайдалану қолайлығын сипаттайтын басты көрсеткіштері:


  • Деректерді ұйымдастыру. SQL пайдаланушыға деректерді ұсынудың құрылымын өзгертуге, сонымен қатар ДҚ элементтерінің арасындақатынастарды құруға мүмкіндік береді;

  • Деректерді оқу. SQL пайдаланушыға немесе қосымша модульдерге ДҚ-да орналасқан мәліметтерді оқып, пайдалануға мүмкіндік береді;

  • Деректерді өңдеу. SQL пайдаланушыға немесе қосымша модульдерге ДҚ-ын өзгертуге, яғни оған жаңа мәліметтерді еңгізуге және онда бар ақпаратты жаңартып не өшіруге мүмкіндік береді;

  • Деректерді алуға рұқсат етуді басқару. SQL көмегімен пайдаланушыларға деректерді оқу, өзгертуге шектеу қоюға және ДҚ-ын рұқсат етілмеген енуден қорғауға мүмкіндік береді;

  • Деректермен ортақ пайдалану. SQL параллель жұмыс істеп отырған пайдаланушылардың бір-бірінен кедергі келтірмеуі үшін деректермен ортақ пайдалауын үйлестіреді;

    • Деректердің тұтастығы. SQL жүйенің әстен шығуы немесе келісілмеген өзгерістерден ДҚ-ның құртылуынан қорғап, деректер қорының тұтастығын қамтамасыз етеді.

Осыған орай, SQL ДҚБЖ-мен өзара қарым-қатынасып жұмыс істеу үшін мықты тіл болып табылады[11, 80 б].

Курстық жұмыс Delphi 7.0 бағдарламалау жүйесінде орындалып жатыр, себебі ол деректер қорының қосымша модульдерін жасаудың кең мүмкіндіктеріне ие. Ертеде шыққан түрлерінен бастап Delphi жүйесі деректер қорының белгілі үлгілерімен жұмыс істеуге, жергілікті дисктегі және алыстағы сервердегі ақпаратқа қол жеткізуге арналған ыңғайлы әрі дамыған тәсілдермен және қажетті драйверлермен қамтылған. Өнімнің базалық құрамында, орындалатын код пен пайдаланушы арасындағы ыңғайлы интерфейсті жасауға мүмкіндік беретін, экранда көрсетілетін терезелерді құрастыратын алуан-түрлі құрамдас бөліктерімен қамтылған.

Алуан-түрлі ұйымдардың әрекет етуі үшін деректер қорының пайдалануы өте маңызды. Деректер қорының қосымшаларын жасаушылар, осындай қосымшаларды жасайтын құралдарға үңілген көңіл бөледі.

Қосымшаларды құруға арналған көптеген бағдарламалау өнімдерінің ішінде Delphi құралы алдыңғы қатарлы өнім болып табылады. Delphi-ді әр-түрлі стажы бар, әдет-дағдылыры, кәсіби мүдделері бар әзірлеушілер пайдаланады. Delphi көмегімен өте көп бағдарламалар жасалған, көптеген фирмалар мен мыңдаған дербес бағдарламашылар Delphi үшін қосымша құрамдас бөліктерін жасалған[4, 57 б].

Delphi көпшілікте танылып, кең қолданысқа енуінің тағы бір факторы, жоғарыда аталып өткен барлық талаптарды орындауға мүмкіндіктің болуы. Шынында да, Delphi қосымшаларды жасау салыстырмалы түрде көп уақыт алмайды, сонымен қатар әзірлеушінің Delphi интерактивті ортасымен өзара іс-қимылдасуы ішкі ыңғайсыздықты туғызбайды, керісінше жайлылық сезімін қалдырады. Delphi-де жасалған қоымшалар әзірлеушінің анықталған қағидаларды ұстанған жағдайында тиімді болып келеді (және жиі – егер ұстанбаған жағдайында). Бұл қосымшалар сенімді және пайдалану кезінде алдын-ала болжағанындай әрекет етеді.

Delphi-дің бұл үлгісінің басты тіреуі - кодты максималды түрде қайта пайдалану. Бұл эзірлеушілерге алдын-ала даярланған объекттер көмегімен қосымшаларды тез құруға және Delphi ортасы үшін өзінің жеке объекттерін құруға мүмкіндік береді. Әзірлеушілерге өз объекттерін құруда ешқандай түрлеріне шектеулер жоқ. Шынында да, Delphi-дегі барлық заттар, соның өзінде жасалған, сондықтан әзірлеуші-пайдаланушылар осы бағдарламалау өнімім жасауға пайдаланылған құралдар мен объекттерге қол жеткізе алады. Нәтижесінде Borland компаниясының шығарған өнімі мен кез-келген басқа бағдарламалаушының жасаған объекттері арасында ешқандай айырмашылық жоқ.

Delphi әзірлеушілерге ашық сәулетті ұсынады, онда жаңа құрамдас бөліктерді қосып, олармен кез-келген уақытта пайдалануға болады. Әзірлеушілер CASE-құралдарын, кодты генераторларды, авторлық help-терді (Delphi мәзірі арқылы пайдалануға болады) қоса алады.

1.2 Пәндік аймақтың сипатталуы
Құрылып отырған ақпараттық жүйе есепті автоматты түрде сақтауға және видеотекадағы жалға берілетін кассеттерге арналған. Бұл жүйе кассеталардың жалға беруге байланысты, барлық операциялардың есебін басқаруымен қоса алдын ала ескеруді қамтамасыз етеді, сонымен қатар видеотеканың клиенттері жайлы ақпарат сақталады.

Видеотекада сақтаулы тұрған әр фильм келесідей параметрлерден тұрады:



  • фильм коды;

  • атаулары;

  • шығарылу мерзімі;

  • жанр коды;

  • режиссер коды;

  • мемлекет коды;

  • фильмнің жалғасы;

  • қысқаша мазмұны.

Фильмнің жанрлары туралы ақпарат келесідей мәліметтерден

тұрады:


  • жанр коды;

  • атаулары.

  • Фильмнің режиссерлері туралы мәлімет келесідей:

  • режиссер коды;

  • аты-жөні, әкесінің аты.

Фильмнің қай мемлекетте өндірілгені жайлы ақпарат келесідей :

  • мемлекет коды;

  • атаулары.

Әр кассета бірнеше данадан тұруы мүмкін. Видеотекадағы кассеталар жайлы ақпарат келесідей параметрлерден тұрады:

  • кассета номері;

  • кепіл бағасы;

  • бір күнге аренда құны;

  • жалпы дана саны;

  • қолда бар данасы.

Кассета жайлы мәлімет келесідей тізімнен тұрады:

  • кассета номері;

  • фильм коды.

Видеотекада клиенттер жайлы есеп жүргізіледі. Видеотека жүйесінде әр клиент жайлы ақпарат келесідей мәліметтерден тұрады:

  • клиент коды;

  • клиенттің аты-жөні;

  • мекен-жайы;

  • телефон.

Клиентке кассета данасын берген кезде видеотекада келесідей ақпараттар сақталуы қажет:

  • кассета номері;

  • клиент коды;

  • берілген күні;

  • кассета қай мерзімге дейін берілген;

  • кепіл түрінің коды;

  • қайтару мерзімі.

Кепіл түрі келесідей тізімнен тұрады:

  • кепіл түрінің коды;

  • атаулары.

Видеотека қызметінің клиенттерге төлемі қадағаланады және келесі мәліметтерден тұрады:

  • клиент коды;

  • кассета саны;

  • төлем мерзімі;

  • кепіл сомасы;

  • қызмет сомасы;

  • қосымша сомасы.

Жүйеде ақпараттың шектеуі міндетті түрде қаралуы келесідей:

  • әрбір код уникалды болуы тиіс;

  • клиенттің әкесінің атының болуы міндетті емес.

Ақпараттық жүйеде келесідей қолданушылық топтар жұмыс істеу қажет:

  • видеотека қызметкерлері;

  • клиенттер.

Бұл жүйеде видеотека қызметкерлері келесідей тапсырмаларды орындай алуы қажет:

  • видеотекадағы ақпараттарды қарау;

  • жаңа кассеталарды тіркеу және оларды өңдеу қажет;

  • видеотекада фильмдерді жанрларға бөлу;

  • видеотекадағы құртылған немесе клиентпен жоғалтылған кассеталар жайлы ақпараттарды өшіру;

  • клиенттерге берілген кассета жайлы есеп жүргізу, бұл үшін екі режимде жұмыс атқарылады: клиентке берілген кассета және видеотекаға қайтарылатын кассеталарды кері қабылдауды. Кассеталарды берген кезде клиенттің мәліметтері бойынша: берілген күні, кассета нөмері, кепіл түрінің коды және қайтарылу күні бақыланады. Кассетаны кері қайтарған кезде, клиент кассета берілген мерзімде бақылайды. Егер клиент кепілге берілген мерзімінен кассетаны кеш қайтарса, онда клиент қосымша төлем төлеуіне міндетті.

  • егер клиент көп уақыт бойы видеотека қызметімен қолданбағанда және қарыз болмаған жағдайда клиент туралы ақпарат өшіріледі.

  • клиенттің сұрауы бойынша клиент таңдаған фильм туралы ақпаратты, яғни режиссер, өндірген мемлекет жайлы, шығарылған жылы және қысқаша мазмұны жайлы айту.

  • ағымдық айдағы ең әйгілі фильмдер жайлы ақпарат алуға.

  • ағымдық күнге дейін кассетаны ұстаған клиенттер тізімі.

Клиент келесідей тапсырмаларды орындай алуы керек:

  • видеотекада бар фильмдер тізімін қарауға;

  • фильмнің жанрлар тізімін қарауға;.

  • режиссерлер тізімін қарауға;

  • фильмдерді өндірген мемлекеттер тізімін қарауға;

  • кепіл түрін тізімін қарауға.

1.3 Ақпараттық ағымның анализі
Кіріс ақпараттарының сипаттамасы

Экономикалық ақпаратты өңдеудің ақпараттық жүйесінің және басқарудың ақпараттық жүйесін жасау және енгізу процестері басқарудың автоматтандырылған жүйесінің бірыңғай стандарттар жүйесіне сәйкес жүргізіледі.

Кіріс ақпараты бөлімі, енгізілетін мәліметтердің сипаттамасы мен тізімінен және оларға енетін ақпараттың құрылымдық бірлігінен тұрады. Әрбір ену мәліметі бойынша идентификатор, ұсыну формасы және есептеу орталығына келіп түсу жиілігі көрсетіледі. Ақпараттың әрбір құрылымдық бірлігінің сипаттамасында атауы, талап етілетін дәлдік, ақпарат көзі және ақпарат көзінің идентификаторы көрсетіледі. Кіріс ақпараты мекен-жайлы болуы керек, басқарудың берілген деңгейіне сәйкес болуы тиіс. Бұған қоса, деректерді өңдеу, жаңарту, сақтау, жинау процестері басқару процесінің өмірлік циклі процестерімен уақытымен сәйкес болуы қажет.

Кіріс ақпараты келесі мәліметтерден тұрады:



  • Фильмнің жанры (жанр коды, атаулары);

  • Фильм (фильм коды, атаулары, шығарылған мерзімі, жанр коды, режиссер коды, мемлекет коды, фильм ұзақтығы, қысқаша мазмұны);

  • Кассет мазмұны (кассет номері, фильм коды);

  • Мемлекет (мемлекет коды, атаулары);

  • Режиссер (режиссер коды, аты-жөні);

  • Кепіл түрінің тізімі (кепіл түрінің коды, атаулары);

  • Клиент (клиент коды, клиенттің аты-жөні, мекен - жайы, телефон).

Кіріс ақпаратының оперативті мәліметтері:

  • Кассета (кассет номері, кепіл құны, бір күндік аренда құны, жалпы дана саны, қолда бар даналар);

  • Әрекеттері (кассет номері, клиент коды, берілген күні, қай күнге дейін берілгені, кепіл түрінің коды, қайтару мерзімі);

  • Төлем (клиент коды, кассета саны, төлем күні, кепіл сомасы, қызмет сомасы, қосымша сомасы).

Шығыс ақпараттары

Шығыс ақпаратты қалыптастыру үшін алдымен онда кездесетін кіріс ақпараттары қажет, себебі кіріс ақпараттар негізінде көптеген шығыс ақпараттар жиынтықтары құрастырылады.

Сұраныстар:


  • Кассета тізімі, «i-нші» фильмі бар;

  • Фильмдер тізімі, «…» сөзі бар;

  • Клиенттер тізімі, кассета ұсталынған ағымдағы күн;

  • Жалпы фильмдер саны, фильмотекада бар режиссерлер;

  • Ағымды айдың фильмнің әйгілі жанрлар тізімі;

Есептер:

  • «i-нші» айдағы кассета ағының есебі;

  • «i-і» күнгі қаржылық есеп;

  • «i-нші» режиссердің фильмдер тізімі.

Деректер базасының көлемі мен өсу жылдамдығы

Деректер базасының бастапқы көлемі 10 Мб мөлшерінде берілген, бұл алғашқы жүйені қолдануға жеткілікті. Деректер базасын енгізе отырып оны 10% ұлғайтылуы автоматты түрде орнатылған, деректер базасында шектеуді максималды мөлшерде алыптастауға және сол уақытта максималды түрде дискілік аймақты қолдануға мүмкіндік береді.




1.4 Модельдердің құрылуы
Инфологиялық моделдің құрылуы

Инфологиялық модельдің орталық компоненті болып пәндік аймақ объектілерінің сипаттамасы мен олардың арасындағы байланыс табылады. Ақпаратты-логикалық моделі (АЛМ) пәндік аймақты ақпараттық объектілер жиыны ретінде және олардың арасындағы құрылымдық байланыстары ретінде көрсетілуін айтады (ER – модель). Пәндік аймақтың сипаттамасы әр қашан қандай-да бір белгі жүйесінде көрсетіледі. Сол себепті АЛМ құру барысында синонимдік, изоморфизм және т.б. сияқты лингвистикалық деңгейлер (қатынастар) ескерілуі қажет.

АЛМ-де көрсеткіштер арасындағы алгоритмдік байланыстар да көрсетілуі қажет. Көп жағдайда осы мақсаттар үшін көрсеткіштердің өзара байланыстары графтары қолданылады, олар басқаларын есептеу үшін шығыс болып табылатын көрсеткіштер. Есептік формулалар, сонымен қатар есептеу алгоритмдері АЛМ-де көрсетілуі қажет.

АЛМ келесі компоненті болып қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктерін сипаттау табылады. Осы мақсаттар үшін арнайы тілдік құралдар қолданылады. Олар сұраныс типтерін, көлемді-жиілікті сипаттамаларын, деректерді қолдану режимдерін және т.с.с көрсетуі қажет.

Пәндік аймақтың маңызды сипаттамасы болып бүтінділікті қамтамасыздандыру табылады.

АЛМ үшін сәйкес объектілерді қосымша сипаттайтын графикалық тәсілдер мен талдау тәсілдері қолданылуы мүмкін.

Графикалық көрініс болып қабылдау мен талдау үшін көріністік және қарапайымдылық табылады. Сондықтан кейінгі уақыттарда модельді «Объект-Қасиет-Қатынас» графикалық тәсілімен қолданамыз[10, 812 б].

Объекті мен оның қасиеті арасындағы байланыстың басқа сипаттамасы болып барлық сынып объектілерінде бар ма немесе кейбіреулерінде жок па екендігі табылады.

Инфологиялық (концептуалды) модельдеудің мақсаты – жасалатын мәліметтер базасында сақтауды пайымдайтын ақпараттарды жинақтау мен қалыптастыру әдістерінің адам үшін түсінікті, табиғи болып табылатынымен қамтамасыз ету. Сондықтан мәліметтердің инфологиялық моделін табиғи тілге ұқсастықпен құрастыруға тырысады (соңғысы текстер мен кез – келген табиғи тілдің бір мәнде болмағандығынан компьютерлік өңдеулердегі қиындықтарға байланысты таза күйінде пайдаланылмауы мүмкін).

Датологиялық модельдің құрылуы

Датологиялық модель деп ақпараттар элементтерінің арасындағы олардың мазмұны мен физикалық мекемелеріне қатыссыз логикалық өзара байланысын бейнелеуімен түсіндіріледі. Сонымен бірге уақыттық-логикалық модель ДҚБЖ-нің нақты жүзеге асыруын, сонымен қатар оның ақпараттық-логикалық моделінің негізіндегі нақты заттық спецификаны ескере отырып жасалынады.

Схеманың дұрыстығын талдаудың негізі болып ақпараттар базасының атрибуттары арасындағы функционалдық деп аталатын тәуелділіктер табылады.

Қатынастар атрибуттарының арасындағы кейбір тәуелділіктер жағымсыз қосымша әсерлердің салдары болып табылады. Ақпараттар базасының модификациясы үрдісінде жаңа мәліметтерді базаға енгізу немесе ақпараттар базасынан кейбір мәліметтерді жою, сонымен қатар кейбір атрибуттардың мәндерін жаңарту түсіндіріледі.



Жалпы бұл кезеңді орындау нәтижесінде келесі қорытындылаушы құжаттар болуы керек:

  • деректер қорының (ДҚ) концептуалды схемасы ақпараттар базасын басқару жүйесінде (ДҚБЖ) таңдалған терминдерде бейнеленеді;

  • таңдап алынған ДҚБЖ терминінде сыртқы модельдерді бейнелеу;

  • ДҚ-ның тұтастығын қолдау ережелерін бейнелеу;

  • ДҚ-ның семантикалық тұтастығын қолдау шараларын өңдеу.



1.5 Техникалық құралдарды таңдау
Деректер қорымен жұмыс істегенде қатты дискіде келесідей физикалық жады болу қажет:

  • Анықтамалақ ақпаратты сақтау үшін 20-30Мб дейін жады қажет;

  • Деректер қоры шамамен 500 қызметкерге арналып жасалып отыр, сонымен бірге жұмыстан шығып жатқан және жаңадан қабылданып жатқан қызметкерлерді де ұмытпау қажет. Олардың әр-біреуі үшін 10-ға тақау бұйрықтар жасалып, MS Word сақталады, басқада есеп берулер бар. Сының барлығын санай келе қосымша қатты дискіде 2-2,5Гб жады қажет болуы мүмкін.

Бағдарламаның жұмыс істеуі үшін дербес компьютердің ұсынылатын конфигурациясы кесте 1 көрсетілген.
Кесте 1. Техникалық құралдар кешенінің құрылымы

Құрылым бөлігі

Үлгісі

Процессор

Intel Pentium Dual Core E6500, 2.93GHz/LGA-775

Аналық плата

Asus P5QPL-AM, S-775, iG41/1333Mhz,iG41/1333M,PCI-E16x,2DDR-II800,4SATA,6ch,2PCI,GLAN,mATX

Жедел жады

DDR-2 DIMM 1Gb/800MHz PC6400 Transcend JETRAM

Қатты диск (HDD)

HDD 320 Gb Seagate Barracuda (7200.11), 16Mb, 7200rpm, Serial ATA II-300

Монитор

17" HP GS917AA L1710, Silver, 0.264mm, 1280x1024@75H

Видеокарта

Аналық платамен біріктірлген

Оптикалық привод

DVD+R/RW&CDRW Sony-NEC Optiarc 5240S, SATA

Желілік адаптер

Аналық платамен біріктірлген, 100Mбит/сек

Пернетақта

Genius Comfy KB-21E, PS/2

Тінтуір (тышқан)

Genius NetScroll 200, Laser, 1600dpi, PS/2

Принтер

HP LaserJet P1005, A4, 14 ppm, 600x600dpi, 2Mb, USB, tray 150 page, 5000 стр/мес



1.6 Деректер қорының құрылымының сызбасы және кестелер қасиетінің сипатталуы

Деректердің құрылымы – бұл деректер құрудың сызбасы және олар осыған байланысты реттелген, сол белгіленген операцияларды орындауға және интерпритациялауға мүмкіндік береді.

«Видеотека» деректер қоры реляциялық болып табылады. Деректер қорын құра бастағанда келесідей кестелер құрыла бастады:


  • Film (Фильм);

  • Genres (Фильм жанры);

  • Countries (Мемлекет);

  • Director (Режиссер);

  • Cassette (Кассета);

  • Client (Клиент);

  • Content_Cassetes (Кассета мазмұны);

  • Movement (Әрекеті);

  • List_TypePledge (Кепіл түрінің тізімі);

  • Payment (Төлем).

Деректер қорында тағы ID_Type қолданушылық типі бар, smallint бастапқы базалық типінде құралған, ID_Rule ережесі, ал тағы сақтаулы процедуралары T-SQL тілінде құрылған.

ID_Rule ережесі кілт мәнін тексеру үшін құралған.

Деректер қорында келесідей сақтаулы процедуралар бар:


  • Proc_Genres

  • Proc_Film

  • Proc_Movement

  • Proc_Cassette

Деректер қорында кестелер қасиетінің сипатталуы

Деректер қорындағы кестелер – бұл деректер қорының объектісі, қолданушының мәліметтерін сақтау үшін арналған.



«Видеотека» деректер қорында кестелер қасиетінің сипатталуы сурет 1 – 10 бейнеленген.

Сурет 1. Genres фильм жанры


Сурет 2. Director режиссер


Сурет 3. Countries мемлекет


Сурет 4. Film фильм


Сурет 5. List_TypePledge кепіл түрінің тізімі


Сурет 6. Content_Cassettes кассета мазмұны


Сурет 7. Client клиент


Сурет 8. Cassette кассета


Сурет 9. Movement әрекеттер


Сурет 10. Payment төлем


Сурет 11. «Видеотека» деректер базасының диаграммасы

Сақталатын процедуралардың сипатталуы

Сақталатын процедуруралар – бұл T-SQL операторларының жиынтығы, SQL Server жүйесіндегі бірлескен жоспардың орындалуы. Сақталатын процедуруралар T-SQL процедураға сәйкес бағдарламалық тілге де, олар кіріс параметрлеріне рұқсат береді және параметр түрінде шығыс мәнін қайтарады немесе хабарлайды. Барлық процедура операторлары процедура шақырылған кезде өңделеді. Бірдей тапсырмаларды және түрлі қосымшаларды орындау үшін кез – келген қолданушы қолдана алады.

Деректер қорында келесідей сақталатын процедуралар бар:

Сақталатын процедура 1 – Іс – әрекет кестесінен мынадай жол талабын таңдау қажет: қайтару күні>берілген күні

CREATE PROCEDURE procMovement

AS

SELECT *


FROM Movement

WHERE Date_Return>Date_Issue

GO

exec procMovement



Сақталатын процедура 2 – Фильм кестесінен мынадай жол талабын таңдау қажет: фильмдер «i-нші» жанрлы (*жанр кодын параметр ретінде қою)

CREATE PROCEDURE procFilm @kod_genre ID_Type

AS

SELECT Film.Name_Film,Genres.ID_Genre,Genres.Name_Genre



FROM Film,Genres

WHERE Film.ID_Genre=@kod_genre AND

Film.ID_Genre=Genres.ID_Genre

GO

exec procFilm 1



Сақталатын процедура 3 – Фильм жанры кестесіне жаңа 3 жол кірістіру

CREATE PROCEDURE procGenres

AS

DECLARE @numstr smallint



SELECT @numstr=1

WHILE (@numstr<4)

BEGIN

INSERT


INTO Genres

VALUES ('новая строка'+CONVERT(VARCHAR,@numstr))

SELECT @numstr=@numstr+1

END


GO

exec procGenres

Сақталатын процедура 4 – Кассета кестесінде сақтаулы тұрған кассеталардың кепіл құнын есептеп шығару *кепіл құны, (*кассета кодын параметр ретінде қою)

CREATE PROCEDURE procCassette @kodcas ID_Type

AS

SELECT Pledge_Price, Presense_Copies,Pledge_Price*Presense_Copies AS



Pledge_Price_Cassette

FROM Cassette

WHERE Cassette.ID_Cassette=@kodcas

GO

exec procCassette 10



жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау