Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017


ҚазаҚстандағы  практикалық журналистика



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет14/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50

64
ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика    
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
аҚПаРат КөзДЕРІмЕн ЖұмыС ІСтЕуДЕГІ ЖЕРГІлІКтІ ЕРЕКШЕлІКтЕР 
Ақпарат көздерімен жұмыс істеудегі ерекшеліктер әр елде БАҚ жұмысын реттейтін жергілікті заң 
талаптарымен байланысты. Қазақстан заңындағы ақпарат көздерімен жұмыс істеу нормаларының 
бірнеше ерекшелігін бөліп көрсетуге болады. 
Біріншіден,  БАҚ  туралы  Қр  заңының  2-бабының  2-тармағына  сәйкес,  «Мемлекеттiк  органдар, 
қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты 
оның құқығы мен мүддесiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен таны-
су мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндетті». Журналистердің дербес деректерді жинауына рұқсат 
берілген. Алайда, Дербес деректер және олардың қорғалуы туралы Қр заңының сәйкес нормала-
ры бұзылмауы керек.  
Осы аталған заңның 18-бабына сәйкес, «Мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар сұратылып 
отырған  ақпаратты  өтiнiш  түскен  күннен  бастап  үш  күннен  кешiктiрмей  беруге  немесе  беру 
мерзiмiн не беруден бас тарту себебiн көрсете отырып жауабын беруге мiндеттi». «Қосымша зер-
делеудi және тексерудi қажет ететiн өтiнiшке жауап ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен 
кешiктiрiлмей берiлуге тиiс» делінген заң бабында. Ақпарат беруден бас тарту жағдайында сотқа 
шағымдануға болады. Қандай да бір деректердің шығу тегін, олар қай кезде және қай жерде жа-
рияланғаны жөнінде түсінігі бар журналист үшін ақпарат іздеу оңайырақ болмақ. Мысалы, барлық 
дерлік  ашық  статистикалық  ақпаратты  Қр  Ұлттық  экономика  министрлігі  Статистика  комитетінің, 
сондай-ақ, Қр Ұлттық банкінің сайтынані , кеден статистикасын – Қр Ұлттық экономика министрлі-
гінің Мемлекеттік кірістер комитеті, құқықтық статистиканы – Қр Бас прокуратурасының Құқықтық 
статистика комитетінің сайтынан табуға болады.  
ИнСЕРт-мультИмЕДИа: 
Жекелеген тақырып аясында ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мысал – «Бензиновый кризис  в 
Казахстане» (осы сөйлемді іздеу жүйесінде тереміз).
Ең  алдымен,  мотор  жанармайы  өндірісі  туралы  ақпарат  алу  үшін  Қр  Ұлттық  экономика  ми-
нистрлігінің  статистика  комитетінің  сайтына  кіруіміз  керек:  http://www.stat.gov.kz/faces/
wcnav_externalId/homeNumbersIndustry?_afrLoop=11930660642729737#%40%3F_afr-
Loop%3D11930660642729737%26_adf.ctrl-state%3D1crq5hpxk8_21
Содан кейін «производство продукции обрабатывающей продукции в натуральном выражении»  
деген Excel форматындағы файлды көшіріп алып, «Топливо моторное» деген жеріне дейін парақтай-
мыз. Бұл журналистке өндіріс туралы сәйкес статистика алу үшін керек. 
Жанармай импорты туралы ақпаратты Қр Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік кірістер ко-
митетінің сайтынан алуға болады – http://kgd.gov.kz/ru/exp_trade_files
«рК», «Товар-страна» позициялары бойынша файлдарды  көшіріп алып,  «мотор  жанармайы»  бо-
йынша деректерді табу. Бұл журналистке ЕАЭО құрамына кірмейтін елдерден импортталатын өнім 
туралы сәйкес статистика алу үшін керек. 
Содан кейін Қр Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің сайтына қайта оралып, осы кезең 
бойынша «Взаимная торговля рК со странами ЕАЭС» бюллетенін көшіріп аламыз:  http://www.stat.gov.
kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersCrosstrade?_afrLoop=12002117540987063#%40%3F_
afrLoop%3D12002117540987063%26_adf.ctrl-state%3Dz79f5ha9a_21
«Мотор жанармайы» бойынша деректер табу керек. 
Бұл журналиске ЕАЭО құрамына кіретін елдерден импортталатын өнім туралы сәйкес статистика 
алу үшін керек. Қр Энергетика министрлігінің Мұнай өңдеу секторына жауап беретін өкілінің пікірін 
алу керек http://energo.gov.kz/index.php?id=1465
нарық қатысушыларының пікірлерін мына сілтемелер бойынша табуға болады: 
«Гелиос» ең ірі жанармай құю бекеттері желісіне иелік ететін компания «Гелиос» http://helios.kz/
helios/kontaktnaya-informatsiya/ 


65
ҚАзАҚСТАнДАғЫ 
   
3.0
 
   ПРАКтИКАлыҚ жУРнАлИстИКА 
прАКТИКАлЫҚ нҰСҚАулЫҚ
аҚПаРат КөзДЕРІмЕн ЖұмыС ІСтЕу ЖөнІнДЕГІ ПРаКтИКалыҚ КЕңЕСтЕР 
Ньюсмейкерлер базасы. 
Эксперттердің аты-жөні, лауазымы, телефон нөмірі мен поштасы көр-
сетілген деректер базасы.  Excel немесе Access бағдарламасында жасалуы мүмкін. Қажет болған 
жағдайда спикерлерді мамандығы бойынша топтастырып, материал үшін қажет спикерлерді іріктеп 
алуыңызға болады.  
Ньюсмейкерлердің  әлеуметтік  желілердегі  парақшаларына,  пошта  тара-
тылымдарына  жазылу.
  Мемлекеттік  органдар  мен  жеке  құрылымдар  сайттарынан  тікелей 
ақпарат алудың ыңғайлы тәсілі. Бұл ньюсмейкерлердің сізге қызық тақырыптар бойынша белсен-
ділігін қадағалап отыруға, сондай-ақ, тақырыптар топтары бойынша жаңалықтар іріктеп отыруға 
мүмкіндік береді. 
Бәсекелестерін алға тартып «бопсалау». 
нарыққа шолу жасау және бизнес-қақтығыс-
тарға байланысты жағдайда нарық қатысушыларының бірі оқиға жөнінде пікір білдіргісі келмейтін 
кездер болады. Әлдене айту ниеті көбінесе осы компанияның бәсекелестері мәлімдеме жасап, пікір 
білдіріп қойған кезде ғана туындайды. Журналист ньюсмейкерге осыны хабарлауы керек.  
Сенім. Кей кездері журналист ақпарат көздеріне «сыйға – сый, қызметке – қызмет» ұстанымымен 
қол  жеткізе  алады.  Осының  арқасында  журналист  пен  оған  ақпарат  беруші  адамның  арасында 
сенімді қарым-қатынас құрылады. Ол  қызмет сіздің БАҚ арқылы спикерге қызықты ақпаратты жа-
риялау, сондай-ақ, журналистік қызметпен тікелей байланысы жоқ қолдау болуы да мүмкін. Алай-
да, журналист ньюсмейкердің қолшоқпарына айналып кетуі мүмкін екенін естен шығармаңыз. Сон-
дықтан, ақпарат көзімен қызметтен тыс қарым-қатынас орнатпай тұрып, журналист одан тәуелсіз 
болып қалу деңгейін бағалап, редакция саясатын да, өзінің жеке ұзақ мерзімді кәсіби мүдделерін 
де ескеруі керек. Ақпарат берушінің журналистке сенім білдіруіне оның қандай да бір қызметі үшін 
алғыс айту емес, кәсіби біліктілігінің жоғары екендігі себеп болуы тиіс. 
«Гелиосқа» ең жуық бәсекелес-компания ҚМГ өнімдері https://azskmg.kz/contacts/central_offi ce/
Енді қалғаны – тәуелсіз эксперттердің пікірін білу, оларға Мұнай және газ ақпараттық-сараптама 
орталығының эксперттерін http://www.iacng.kz/ru/contact/
және ресей мен ТМД елдерінің мұнай өнімдері нарығындағы жағдайды қадағалап отыратын ре-
сейлік  КОрТЕС  сараптама  қызметінің  эксперттерін  http://www.kortes.com/company/  жатқызуға 
болады.
БАҚЫлАу СҰрАҚТАрЫ:
5. Қазақстан заңына сәйкес, мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдар, сон-
дай-ақ,  БАҚ  кім  үшін  ақпарат  көздеріне  қол  жеткізуді  қамтамасыз  етуге 
міндетті? 
A. Ақпарат оның құқықтары мен мүдделеріне қатысты болған жағдайда – әр азаматқа.
B. Тек мемлекеттік орган арнайы құзырет берген тұлғаларға.
C. Қандай да бір ақпарат түрімен жұмыс істеуге құзыреті бар тұлғаларға.
D. Ешкімге.
6.  Қазақстандағы  фармацевтика  нарығының  дамуы  туралы  ақпаратты 
қай ақпарат көзінен іздеген дұрыс? 
A. Қазақстанның даму банкі.
B. Қр энергетика министрлігі.
C. Қр ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің сайты.
D. Қр Ұлттық банкі.


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау