ҚазаҚстандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
45
8. Неліктен верификация процесін өзге ақпараттық ресурстардағы ұқсас
жаңалықтарды іздеуден бастауға болмайды?
A. өйткені, олар бастапқы ақпарат көзін тексерген-тексермегені белгісіз.
B. өйткені олар сіздің бәсекелестеріңіз.
C. өйткені өзге басылымдар сіздікінен кіші.
D. өйткені олар бұл тақырыпта маман емес..
Тесттің дұрыс жауаптарын кітаптың соңынан көре аласыз.
ҚАзАҚСТАнДАғЫ
3.0
ПРАКтИКАлыҚ жУРнАлИстИКА
прАКТИКАлЫҚ нҰСҚАулЫҚ
47
КРЕатИВ СаРаПтама
Әлем гиперақпаратты болып барады. Медиа құралдарының барлығы бұрын болмаған бәсекемен
бетпе-бет келіп отыр. Дәстүрлі БАҚ (газет, журналдар, телевизия, радио) қай кезде де барынша
қолайлы ортада тіршілік кешті. Ендігі жерде бәсекеге қабілетті болу үшін аудиторияға айрықша,
эксклюзив дүние ұсыну керек.
Аудиторияны айрықша бірегей технологиямен, интерфейспен, дизайнмен таңғалдыруға болады,
бірақ, ерекше контентсіз оны ұзақ ұстап тұра алмайсыз. Ондай контентті түрлі жолдармен жасауға
болады:
танымал авторларды тарту, ерекше, жанжал жаңалықтар табу, т.с.с.
Алайда, бірегей контент жасаудың ең айқын жолы – ақпаратқа деген өз көзқарасыңызды пайдалану,
оны өзіңізше, креатив жолмен сараптау.
Медиа саласындағылардың бәрі дерлік – журналистер, блогерлер, PR мамандары – ақпаратты
сараптауына тура келеді. Әрине, жаңалықтар форматында ғана жұмыс істейтіндер, яғни болған
оқиғаны хабарлап қана отыратындар да бар.
Әйтсе де, бұл жағдайда да, тақырыпқа барынша тың, өзгеше тұрғыдан қараған абзал. Олай етпесеңіз,
сіздің жаңалығыңыз, сюжет, пост, баспасөз хабарламасы не сұхбатыңыз басқалар сияқты болып
қалады.
тЕСт 1:
Қазір бұқаралық ақпарат құралдарына эксклюзив контент не үшін керек?
A. өйткені медиа бәсеке жағдайына түскен, сондықтан өзге ақпарат көздерінен ерекшелену
керек.
B. БАҚ эксклюзив контент керек емес.
C. Танымал блогерлер жала жапты деп сіздің үстіңізден сотқа шағымданбауы үшін.
D. Аудиторияны дизайнмен таңғалдыру үшін.
Ракурс
Айталық, елге танымал тұлға, саясаткер келеді делік. Әдетте ол жөнінде барлық БАҚ жазады.
нәтижесінде сол туралы жаңалықтардың барлығы біркелкі болады. Дәйексөздер, кіммен кездесіп,
қайда барғанының сипаттамасы. Оның үстіне, ол тұлға не айтып, оны жұрт қалай қарсы алатынын
алдын ала болжауға да болады. Кейде эксперттердің пікірі де кездеседі.
Бұл туралы өзіңізше, өзгеше етіп қалай жазуға болады? Әдетте журналистер эксклюзив алуға –
сұхбат алып, ерекше сұрақ қойып, ерекше кадр түсіруге тырысады. Бірақ мұның бәрі сізге емес, ол
тұлғаның журналистермен сөйлесуіне мүмкіндік беріле ме, ол сұрақтарға жауап беруге келісе ме
дегендей көптеген факторларға байланысты.
Сондықтан, тақырыпты өзгеше ракурстан ашуға көмектесетін, «эксклюзивке» кепілдік беретін өзге
жолдарын меңгеріп алуды ұсынамын. Оны өзімше бақылау, оқу, есептеу, салыстыру, себеп/болжам
деп атадым. яғни, қандай да бір оқиғаға сараптама жасау үшін:
- оның «кейіпкерлерін» мұқият бақылап, оқиға қалай өрбігенін қадағалаңыз;
- тақырыптың мәнін, мағынасын ұғу үшін сараптау нысаны туралы көбірек оқыңыз;
- нені есептеуге болатынын қараңыз. Кейбір тақырыптарда есептейтін дәнеңе жоқ демеңіз.
Джаз-фестиваль туралы айтып отырсаңыз да, оның бюджетін, қатысушылар мен көрермендер
санын есептеуге болады;
- осы тақырып аясында не нәрселерді салыстыруға болатынын мұқият іздеңіз. Кей кездері
тақырып аясынан шығып, салыстыруға келместей көрінетін нәрселерді салыстырған да пайдалы;