61
ҚазаҚ стандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
ДЕРЕККЕ тОлы ҚОРЖыны
ЖуРналИСтІң БаСты маШығы – аҚПаРат КөзІн ЖылДам тауыП,
Сауатты ПайДалана БІлу
Журналист шынайы оқиғаларды, фактілер мен құбылыстарды сипаттап, түсіндіреді. Сондықтан
да, білікті журналист болу үшін жұрттың көбі біле бермейтін оқиғалар, фактілер мен құбылыстар
туралы жазу керек. Оның үстіне, редакторлардың көбі әлдекім жасырғысы келетін дүниені ғана
жаңалық деп мойындайтыны да бар.
Журналист қарапайым адамға қарағанда көбірек біліп қана қоймай, дерек көздерін жылдам
тауып, сол деректерді бір-бірімен байланыстыра білуі де керек. Осы тарау авторының ойынша,
журналистің өзге функцияларының бәрі – тек ақпаратты белгілі бір формаға салып, көпшілікке
таратуға мүмкіндік беретін техникалық машықтар ғана.
Сонымен, журналистің ең маңызды міндеті – эксклюзив ақпарат көзін табу. Ал ақпарат көзі деген
не, қандай ақпарат көздері бар, оларды қайдан іздеп, олармен қалай жұмыс істеу керек?
АҚпАрАТ КөзДЕрі: АнЫҚТАМА
Терминдер жөнінде бір ауыз келісіп алайық. Халықаралық БАҚ тәжірибесіне сүйене отырып,
автор ақпарат – қандай да бір мәліметті хабарлайтын ұйымдар, жеке тұлғалар немесе бір топ
адам (ньюсмейкерлер) бола алады деп есептейді. Әлдеқандай құжат, кітап, картина, видео немесе
аудиожазба ақпарат көзі бола алмайды – мұның бәрі тек ақпаратты жеткізудің түрлі құралдары
ғана.
Мысалы: Дүниежүзілік банк жылына екі рет Global Economic Prospects (ғаламдық экономикалық
перспективалар) атты баяндама жариялайды. Әлемдік іЖө және жекелеген елдердің экономикасы
қалай өсетіні туралы болжамдарды қамтитын еңбекті дүниежүзі бойынша мыңдаған медиа таратады.
Беделді ақпарат құралдарының бірі – британиялық ВВС ақпарат көзі ретінде баяндаманың өзіне
емес, оның авторы – Дүниежүзілік банкке сілтеме жасайды.
ИнСЕрТ-МулЬТИМЕДИА
Ақпарат көздерін мүдде топтарына қарай: мемлекеттік, жеке және эксперт ақпарат көздері деп
жіктеу дұрыс көрінеді.
Ақпарат көздерінің
санаты
Анықтамасы
Ақпарат ұсынудың стандарт
үлгілері
МеМлекеттік
Мемлекеттік органдар,
мемлекеттік қызметкерлер
немесе мемлекеттік
органдармен мүдделес өзге
ұйымдар мен лауазымды
тұлғалар
заң актілері, қаулылар, жарлықтар
және т.б.
ресми статистикалық ақпарат
Баяндама, есеп, лауазымды
тұлғалардың сөйлеген сөзі
пікірлер
Архив құжаттары
62
ҚАзАҚСТАнДАғЫ
ПРАКтИКАлыҚ жУРнАлИстИКА
3.0
прАКТИКАлЫҚ нҰСҚАулЫҚ
аҚПаРат КөзДЕРІмЕн ЖұмыС ІСтЕуДЕ ҚОлДанылатын тӘСІлДЕР ЖӘнЕ
ұСтанымДаР
Ақпарат ұсынудың недәуір көп қолданылатын үлгісі – пікір білдіру – ньюсмейкер мен журналист
арасындағы сөйлесу, журналист өзін қызықтыратын тақырып бойынша сұрақ қойып, ньюсмейкер
оған жауап беруі. Әдетте журналиске мұндай мүмкіндік ньюсмейкерлер ресми мәлімдеме жасайтын
ресми шаралар барысында немесе соңында туады.
Кез келген ақпарат көзінен алынған ақпарат оны берген адам қаншалықты беделді екеніне де, осы
ақпаратты жариялау қаншалықты резонанс тудыратынына да байланыссыз, жартылай не толық
тексеруді қажет етеді. Бұл ретте мемлекеттік ақпарат көздерінің ресми ресурстарында жарияланған
материалдар жеке тұлғалардың ауызша айтқан пікіріне қарағанда неғұрлым сенімді болып
есептеледі.
Ақпарат көздерінің барлығы ақпаратты өз атынан ресми түрде де, анонимдік шартымен де ұсына
алады. Екінші тәсіл мемлекеттік қызметкер, жеке компанияның өкілі немесе эксперт қандай да бір
Ақпарат көздерінің
санаты
Анықтамасы
Ақпарат ұсынудың стандарт
үлгілері
Жеке
өзінің бизнес-мүддесін
ойлайтын жеке компаниялар
және олардың өкілдері
Корпоративтік (қаржы, басқару және
т.б.) есептеме
ресми мәлімдеме, баспасөз
хабарламасы
пікірлер
Жарнама материалдары
тƏУелСіЗ ЭкСПеРт
АҚПАРАт кӨЗДеРі
Ұйымдық нысанына
байланыссыз, қандай да
бір мемлекеттік не жеке
құрылымдардың мүддесін
қорғамайды. ғзИ, ҮЕҰ,
тәуелсіз эксперттер
зерттеулері
Баяндамасы, сөйлеген сөзі
пікірлері
БаҚылау СұРаҚтаРы:
1. Ақпарат көзі ретінде көрінетін тұлғалар кім болады?
А. ньюсмейкер.
B. Трендсеттер.
С. Дискурсмонгер.
D. Компаниялардың ресми өкілдері.
2. Қай ақпарат көзін тәуелсіз эксперт ақпарат көздері тобына жатқызуға
болады?
А. Қр Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.
B. U.S. Energy Information Administration.
С. «Стратегия» қолданбалы стратегиялық зерттеулер орталығы» қоғамдық қоры.
D. Қр Ұлттық банкі.
63
ҚАзАҚСТАнДАғЫ
3.0
ПРАКтИКАлыҚ жУРнАлИстИКА
прАКТИКАлЫҚ нҰСҚАулЫҚ
БаҚылау СұРаҚтаРы:
3. Ньюсмейкерлердің журналистерге ақпарат ұсынуының ең көп қолданыла-
тын үлгісі:
A. Баяндама.
B. Хат.
C. Автореферат.
D. пікір.
4. Көптеген елдердің заңына сәйкес, журналист анонимдік шартымен сұхбат
берген ақпарат көзінің аты-жөнін қандай жағдайда жария ете алады?
A. Оқырманның бірінші талабы бойынша.
B. Құқық қорғау органдарының бірінші талабы бойынша.
C. Сот ісі барысында.
D. Ешқандай жағдайда.
себептермен: мансабына не өміріне қауіп төнеді деп қорыққаннан, не болмаса, өзі өкілдік етіп
отырған құрылымды жария еткісі келмегеннен, корпоратив саясатқа қайшы келіп отырған жағдайда
ресми мәлімдеме жасай алмағанда қолданылады. Әйтсе де, аты-жөнін жария еткісі келмеген
ақпарат көзінен алынған деректер мұқият тексерілуі керек. өйткені, мұндай жағдайда журналист
дерек берушінің қолшоқпарына айналып кету қаупі жоғары.
Аты-жөнін жария еткісі келмеген ақпарат көзі мен аноним ақпарат көздерін шатастырмаған дұрыс.
Алғашқыларының аты-жөні де, лауазымы да әдетте журналистерге жақсы белгілі, тек олар оны
оқырманға жария етпейді. Екінші жағдайда журналистердің өзінде ақпарат көзі туралы мардымды
дерек жоқ. Мұндайда журналистің қолшоқпарға айналу қаупі арта түседі.
Ақпаратты анонимдік шартымен хабарлайтын ақпарат көздерімен істес болғанда, журналистің
қолында өзі мен ақпарат көзі арасындағы әңгімеге дәлел бола алатын диктофон немесе видео
жазбалары, ақпарат көзінің фотосуреті, оның журналистке жазған хаттары болғаны жөн. Аноним
ақпарат көздері берген ақпарат мұқият тексерілуі тиіс.
Көптеген елдердің заңына сәйкес, журналист ақпарат көзінің аты-жөнін тек сот ісі барысында ғана
жария етуіне болады.
АҚПАРАт КөзДеРін ҚОлДАнғАнДА жУРнАлИстеР мынА еРежелеРДі
ұстАнғАны ДұРыс:
• БеДел
– зерттеліп отырған мәселенің ауқымы қаншалықты үлкен болса, ақпарат көзінің салмағы
мен беделі де соншалықты жоғары болуы керек; мысалы, нақты мұнай кен орнының геологиясы
мәселесін дәл осы кен орнын зерттеген геологпен, ал Қазақстанның жер қойнауы қаншалықты
зерттелген деген мәселені геология ғзИ директорымен талқылаған жөн;
• сәйКестіК
– ақпарат көзі оқиғаға тікелей немесе жанама болса да қатысы бар, пікір білдіретін
мәселелері бойынша жеткілікті құзыреті бар болуы керек; банк секторындағы мәселелер жөнінде
макроэкономика саласының маманынан емес, банкте жұмыс істеген тәжірибелі қаржы маманынан
сұхбат алған жөн;
• ОБЪеКтИвтіК
– журналист пайдаланатын ақпарат көздері оқиғалар мен құбылыстарды
біржақты баяндамауы керек; қандай да бір қақтығыс немесе келіспеушілік туралы жазатын болсақ,
тараптардың әрқайсысынан кем дегенде бір-бір дерек көзін пайдалануға тиіспіз.
Достарыңызбен бөлісу: |