11
2 сурет . Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балалар мен жетім балаларды жайғастырудың формалары
Бала асырап алу (қыз асырап алу) – шығу тегі бойынша туысқандардың
құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін балаға қатысты құқықтар мен
міндеттерді туғызатын сот шешімі негізінде отбасына тәрбиелеуге ба-
ланы (балаларды) берудің құқықтық формасы . Баланы асырап алу тууы
заңнамалық тәртіпте тіркелген, кәмілетке толмаған балаларға қатысты
және тек солардың мүдделері үшін толық физикалық, психикалық, руха-
ни және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып
рұқсат етіледі . Сонымен қатар баланың асырап алуға келісімі, жасы мен
жетілу деңгейі де ескеріледі .
Патронат – ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар
тәрбиелеуге алуға ықылас білдірген тұлғы (патронаттық тәрбиелеуші)
мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында жасалатын шарт бойынша
азаматтардың отбасына тәрбиеленуге берілетін балаларды тәрбиелеу
формасы болып табылады .
Қорғаншылықпен қамқорлық жасау балаларды күту, тәрбиелеу және
оқыту мақсатында, сонымен қатар олардың мүліктік және жеке мүліктік емес
құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балалар мен жетім балаларға орнатылады . Балалардың мүдделеріне
жауап беретін жағдайлар болмаса, бір отбасында тәрбиеленген, туған
12
ағайындылар мен апалы-сіңлілердің әртүрлі тұлғалармен қорғаншылық
немесе қамқоршылық жасалуына жол берілмейді . Қорғаншылық 14 жасқа
толмаған балаларға, ал қамқоршылық жасау 14-18 жастағы балаларға
рәсімделеді .
Институционалдандырылған қорғаншылық – балаларға арналған
мамандандырылған
мекемелерде
балалардың
туысқандарымен
тәрбиеленуге алынбаған және асырап алынбаған бала/асырап алынбаған
қыз бала, жетім балаларды күту мен тәрбиелеудің мемлекеттік форма-
сы . Мекемелерде отбасылыққа жақындатылған жағдайлар жасалады .
Баланың күтілуге, тәрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуына, ары
мен абыройының құрметтелуіне, өзінің қызығушылықтарының қамтамасыз
етілуіне, туған тілі, мәдениеті, ұлттық салттары мен дәстүрлерін сақтауына
құқығы бар .
«Балалардың құқықтары туралы» ҚР Заңының 5 тарауының 30 бабында
баланың құқықтарын қорғау бойынша қызметтерді атқаратын ұйымдардың
түрлері жазылған:
• Туғанынан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған балалар үйі;
• Жетім балалар мен ААҚҚ балаларға арналған интернаттық ұйымдар;
• Ақыл-ойы кеміс балаларға арналған интернаттық үйлер;
• Отбасылық типтегі балалар ауылдары;
• Жасөспірімдер үйлері .
• КБОы;
• Кәмілетке толмаған балаларға арналған жетімдер үйі .
Балаларға альтернативтік күтім бойынша БҰҰ Нұсқаулығында әрбір
бала оның қабілеттерінің толық ашылуына көмек көрсететін және оған
қолдау, қорғаныш пен күтімін қамтамасыз ететін ортада өмір сүру керектігі
жазылған . Тиісті қолдау көрсетудің өзінде отбасы балаға қажетті күтім жа-
сай алмаса немесе оны қалдырып/бас тарқан күнде мемлекет баланың
қорғанысына жауапкершілік алады және оған альтернативтік күтімді
қамтамасыз етеді .
БҰҰ Нұсқаулығында альтернативтік күтім келесі формаларға ие
(төмендегі сұлбаны қараңыз) .
Ұлттық заңнамада формалды емес қамқорлық түсінігі жоқ .
Мемлекеттің саясаты отбасылық тәрбиеге бағытталған, өз баласының
тәрбиесіне басым құқыққа ата-аналар ие . Егер ата-аналар баладан бас
тартса немесе оны тәрбиелеу құқығынан айырылса, онда мемлекет бала
үшін өзіне жауапкершілік алады және бірінші кезекте уәкілетті органдар
13
1-тарау. Жетімдік аясындағы жағдайға шолу
атынан жергілікті атқарушы органдар баланы отбасына жайғастыру бой-
ынша шаралар қолдану керек (баланы асырап алу, қорғаншылық, патро-
нат) және ондай мүмкіндік болмаған жағдайда ғана, бала жетім балаларға
арналған ұйымдарға орналастырылады . Бала тәрбиеленуге тапсырыла-
тын кандидатты таңдау кезінде оның некелік статусы мен материалдық
жағдайы ескеріледі .
2 сурет . Альтернативтік күтім формалары
Баланы асырап алу ресми тіркелген кәмілетке толмаған балаларға
қатысты асырап алу кезінде жол беріледі . Егер балада оның тууын
растайтын ресми құжаты болмаса, онда асырап алу баланы тіркеуге
қатысты шаралардан кейін ғана мүмкін болмақ .
Егер балалар бірін-бірі білмесе немесе бұл балалардың мүдделеріне
жауап беретін жағдай болмаса, ағайынды және апалы-сіңлілердің
әртүрлі тұлғалармен асыранып алынуына жол берілмейді .
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған ба-
лаларды отбасына орналастыру кезінде баланың мүддесі үшін оның
14
ұлты, нақты бір дін мен мәдениетке қатыстылығы, туған тілі, тәрбиелену
мен оқытылудағы мирасқорлықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі
мүмкін .
Бір жынысты отбасыларына балаларды асырап алуға, қамқорлыққа,
патронатқа алуға рұқсат берілмейді .
Әлеуметтік жетімдікті алдын алу бойынша заңнамалық шаралар
Ұлттық заңнамада балалардың отбасынан ажыратылуы жағдайларын
болдырмау бойынша шаралар жазылған .
2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 «Балалардық құқықтары туралы»
ҚР Заңы
Заңда әрбір бала отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар деп
жазылған (21 б .) . Баланы қорғау мақсатында қажетті жағдай болмаса,
баланың ата-анасымен бірге тұруға құқығы бар және баланың еркіне қарсы
оны ата-анасынан айыруға тиым салынады (25 б .) .
«Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы»
ҚР Заңы
Осы Заңға сәйкес балалары бар отбасыларға: баланың тууына
қатысты уақтылы мемлекеттік жәрдемақы (отбасының табысына тәуелсіз);
отбасындағы балалар санына қарай дифференциалданған көлемде
(отбасының табысына тәуелсіз) ол бір жасқа толғанға дейін бала киімі
бойынша жәрдемақы; азық-түліктік себет құнынан төмен орташа жандық
табыстарымен жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 18 жасқа дейінгі
балаларға жәрдемақы төленеді .
«Азаматтардың жеке санатына әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі
бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актыларына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы, 2010 жыл
Әлеуметтік төлемнің жаңа түрі енгізілді – мүгедек баланы тәрбиелеуші
ата-аналарға, қамқоршыларға бір минималды еңбекақы көлеміндегі
жәрдемақы .
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 806 қаулысы. 2010-2015
жылдарға арналған ҚР Үкіметі мен БҰҰ Балалар Қорының Операцияның
негізгі жоспары жобасын қолдау туралы.
Осы ынтымақтастық аясындағы шаралар сонымен қатар әлеуметтік
жетімдікті алдын алуға бағытталған .
1.2.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕТІМДІКТІ АЛДЫН АЛУ: ШЫНДЫҚ
ПЕН КЕЛЕШЕК
Достарыңызбен бөлісу: |