18
6 . «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыруда білім беру
ұйымдарының қатысуын үйлестіру, қаладағы отбасы институты
статусының өркендеуіне көмектесу .
2009 жылдан бастап орталықта балалар мен жасөспірімдерге арналған
тәуліктік сенім телефоны қызметі жұмыс жасайды . Орталық мамандары
отбасы институтын қолдау бойынша қалалық бағдарламаларды жасап,
жүзеге асыруда: әумесерлік мінез-қылықты балалар мен жасөспірімдерге
арналған авторлық бағдарламалар, олардың мақсаты қатысушылардың
әлеуметтік маңызды мінез-қылық үлгілерін қалыптастырып және да-
мыту, олардың жалпы адами құндылықтарды қыбалдауы болып та-
былады . Жасөспірім қыздарға арналған «Бақытты болашаққа назар»
бағдарламасы . Бағдарламаның мақсаты – бағдарлама қатысушыларының
өздерінің болашақ отбасылық өмірге деген ұстанымдары, олармен болып
жатқан жайттарға жауапкершілік деңгейінің түсінігі . «Ата-аналық махаббат
сабақтары» бағдарламасы . Бағдарламаның мақсаты – отбасылық жағдай
төмендігін алдын алу, қараусыз қалушылық пен балалардың интернаттар
мен балалар үйіне түсуін болдырмау .
Орталық мамандары «Ана немесе әке ішкен кезде» бағдарламасын
жүзеге асыру арқылы балаларды қолдау тобының жұмысын
ұйымдастырады . «Асырап алушы ата-аналар мектебі», «Жас отбасы»
бағдарламалары жасалған .
Барлық аймақтарда дерлік «Ана Yйi» Қоғамдық Қордың филиалдары
жұмыс жасайды, олардың мақсаты баланы отбасында (туған анасымен)
сақтап қалу болып табылады . «Ана Yйi» өмірлік қиын жағдайларға тап
болған аналарға моральдық және материалдық көмек көрсету арқылы
көмектесуге бағытталған . Сынамалы жоба Қазақстанның астанасы –
Астана қаласында басталды . Бірінші дағдарыстық орталық 2013 жылғы
мамыр айында ашылды . Бес ай ішінде Үй толығымен адамға толы бол-
ды . Қолдау 15 әйелге көрсетілді . Осы мерзімде соншалықты бала жетім
қалмады . 2013 жылы қазан айында баларымен әйелдерге арналған тағы
да үш дағдарыстық орталық ашылды: Астанадағы екінші үй және Алматы
мен Қостанайды бір-бір үйден . 2015 жылғы маусым айынан Қазақстанда 23
Ана Үйі жұмыс жасауда . Қазақстанның барлық облыстық орталықтарында
барлығы 54 дағдарыстық орталық ашу жоспарлануда .
Айсайын орташа алғанда кризистік орталыққа жаңа туған балалары-
мен 40-45 ана келіп түседі . Жобаның жұмыс жасауы кезінде «Ана Yйi»(Дом
Мамы) паналарында 900 жуық балаларымен аналар көмек пен түсінік тап-
ты (2015 жылғы шілде айындағы мағлұматтар) .
Бақытқа орай, 2013 жылғы желтоқсан айынан 2015 жылғы шілде айы
19
*
Ата-аналарының
қамқорлығынсыз
қалған
балаларды
отбасылық
орналастыру/
қорғаушылықтың альтернативтік формалары туралы толық ақпарат мына сайтта барhttp://www .
usynovite .kz/; http://egov .kz/; http://www .bala-kkk .kz/
1-тарау. Жетімдік аясындағы жағдайға шолу
аралығында біздің аналарымыздың 50% отбасыларына қайтып орал-
ды . Бұл мағлұматтар аналардың балаларынан бас тартуына соқтыратын
мұндай қиындықтар қысқа уақытты болуы мүмкіндігін көрсетеді және әйел
адамға осынау қысқа дағдарыстық кезеңде көмек алып, аздап күте тұру
керек .
Зерттеу қорытындылары келесі күрделі мәселелерге нұсқауда: ҚР
Заңнамасы әлеуметтік жетімдікті алдын алу бойынша шараларды, ал яғни
баланың мүдделері, оның қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз
ету үшін дағдарыстық отбасын оңалту мен отбасы ішілік қарым-қатынасты
түзету үшін қажетті шараларды ешқалай қарастырмаған . Қиын кезеңде
мәселелер ата-аналық құқығынан айыру мүддесіне қарай шешіледі, бұл ав-
томатты түрде баланың отбасынан түбегейлі және үзілді-кесілді айырылуына
әкеліп соқтырады, себебі ата-аналық құқығын қалпына келтіру жағдайлары өте
сирек кездеседі .
Сонымен қатар қолданыстағы бала асырап алу, тәрбиелеу мен патронат
тәжірибелері әлеуметтік жұмысшылар мен психолог – мамандардың қолдауына
бекітілмеген . Мұндай қолдау отбасынң нығайту мен баланың асырап алған от-
басында жеңіл бейімделуне ғана емес, сонымен қатар балаларды интернат
мекемелеріне қайтарылу қауіпін де төмендетуге көмектесуі керек .
Альтернативті тәрбиелеу формалары және балаларды асырап
алушы отбасыларына жайғастыру тәртібі *
Отбасынан алып қойылған баланың «сапалы қамқорлығын» қамтамасыз
ету мақсатында ұлттық саясатпен альтернативтік қамқорлық бала үшін ең
тиімді формада жасалуы қарастырылады . Бірінші кезекте баланың отба-
сына тәрбиеленуге берудің (тәрбиелеу, қамқорлық, патронат, асырап алу)
барлық нұсқалары қарастырылады, мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда
- жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған барлық типтегі ұйымдарға жіберілуі қарастырылады . Осы
мәселелерге жауаптылар бала құқығын қорғау мақсатында қамқорлықтың
тиісті орындалуын бақылайтын жергілікті атқарушы органдар болып табы-
лады . Баланы асырап алушы отбасыға немесе ұйымға қамқорлыққа беру,
бір қамқорлық формасынан басқасына ауыстыру баланың ойын ескере
отырып, сонымен қатар егер отбасы мүдделі болса, отбасының ойын еске-
ре отырып жүзеге асырылады . Бірақ тәжірибе көрсететіндей интернаттық
мекемелерде қамқорлықта тұрған балаларды басқа мекемеге аудару тура-
20
лы немесе қамқорлықтың басқа формасына аудару туралы ойлары барлық
кезде ескеріле бермейді .
Альтернативтік тәрбиелеу бойынша БҰҰ басшылығы баланың қажеттілігін
және баланың отбасына берілу мүмкіндігін ескере отырып тәрбиелеу жо-
спарын жасауды ойластыруда . Сұрау нәтижелері көрсеткендей заңнамалық
деңгейде, сонымен қатар тәжірибеде тәрбиелеудің жеке жоспарларын жа-
сау жүргізіліп жатқан жоқ . Бірақ соған қарамастан балаға қамқорлық жаса-
уды ұйымдастыруға жауапты орган тәрбиелеудің альтернативті формасын
таңдауға жауапты болып табылады, тұрақты түрде жылына 1 рет баланы
қамқорлыққа беру сараптамасын жасайды және сараптама қорытындылары
бойынша тиісті шаралар қолданады .
БҰҰ Басшылық принциптеріне сәйкес мемлекет альтернативті күтім
нұсқаларының жиынымен қамтамасыз етуі керек . Ұлттық заңнамада
альтернативтік қамқорлықтың түрлі формалары қарастырылады: бала-
ны асырап алу, отбасында немесе балалар мекемелерінде қорғаншылық
(қамқоршылық), патронат .
Асырап алған отбасында қамқорлықты жүзеге асыратын тұлғаға
қойылатын талаптар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»
Кодекстің 122 б . жазылған . Қорғаншы немесе қамқоршы тек кәмілетке
толған тұлғалар бола алады, келесі жағдайлардан басқа:
1) сотпен іс-әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі іс-әрекетке қабілетті
деп танылған түлғалар;
2) сотпен ата-аналық құқығынан айырылған немесе сотпената-аналық
құқығынан шектелген тұлғалар;
3) ҚР заңымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін
қорғаншылық немесе қамқоршылық міндеттерінен алыстатылған;
4) егер сотпен асырап алушылық солардың кесірі бойынша жойылған
жағдайдағы бұрынғы асырап алушылар;
5) денсаулық жағдайлары бойынша тәрбиелеу немесе қамқорлық
міндеттерін жүзеге асыра алмайтын тұлғалар .
ПБалаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезінде қорғаншының
немесе қамқоршының адамгершілік және басқа да жеке сапалары, оның
қорғаншының немесе қамқоршының міндеттерін орындау қабілеттілігі,
бала мен қорғаншының немесе қамқоршының арасындағы қарым-
қатынас, қорғаншының немесе қамқоршының отбасы мүшелерінің балаға
дегенқарым-қатынасы, сонымен қатар, егер мүмкін болса баланың өз
қалауы да ескеріледі .
Сауалнамалардың алынған қорытындылары бойынша қамқорлық жа-
Достарыңызбен бөлісу: |