«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті



жүктеу 157,5 Kb.
бет1/3
Дата23.11.2018
өлшемі157,5 Kb.
#24441
түріРегламент
  1   2   3

PowerPlusWaterMarkObject85714205

 

   



«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті


  1. Негізгі ұғымдар

1. Осы «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» регламентінде (бұдан әрі–Регламент) келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

1) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға;

2) уәкілетті орган – «Осакаров ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.




  1. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органмен көрсетіледі, мекенжайлары осы Регламентке 1-қосымшасында көрсетілген.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 124 - 125-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – Стандарт) қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру немесе қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

6. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары және мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпараттарды осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайларда орналасқан орталықтардан алуға болады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 10, 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнді (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;

2) өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күту уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды;

3) өтiнiш берген күнi сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетiлетiн қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес іске асырылады.





  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
    (өзара әрекет) тәртібін сипаттау

10. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) жеке тұлғаның уәкілетті органның бастығының атына өзінің қорғаншы (қамқоршы) болуға ниеті туралы өтініші еркін нысанда ресімделеді;

2) егер қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;

3) егер қорғаншы (қамқоршы), тәрбиеші болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, мемлекеттік қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

4) стандарттың 3 - қосымшасына сәйкес қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адамның және некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;

5) егер мемлекеттік қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтама;

6) мемлекеттік қызметті алушының өмірбаяны еркін нысанда ресімделеді;

7) мемлекеттік қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеме;

8) жұмыс орнынан анықтама;

9) жалақысы туралы анықтама;

10) тұрғылықты жерінен анықтама;

11) некеде тұратыны туралы куәлік (некеде тұрған болса);
      12) мемлекеттік қызметті алушының және оның жұбайының (зайыбының) сотталмағаны туралы анықтама.

Аталған құжаттарды тапсырғаннан кейін баланы тәрбиелеуге үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша акт дайындалады.

11. Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) берілетін әр бала үшін қорғаншылық (қамқоршылық) ресімдеуге ниет білдірген адам келесі құжаттарды ұсынады:

1) мектеп әкімшілігі растаған баланың келісімі (егер бала 10 жастан асса);

2) баланың туу туралы куәлігі;

3) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді;

4) ата-анасы туралы құжаттар (қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, сот үкімі немесе шешімі, ата-анасының ауруы немесе іздестірілуі туралы анықтама, бала некеде тумаған жағдайда № 4 нысандағы анықтама);

5) баланың білім алу орнынан анықтама;

6) зейнетақы алатын балаларға зейнетақы кітапшасы, алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмесі;

7) аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың орналасқан жерлері туралы анықтама;

8) тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы құжаттар.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.


12. Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат беріледі, онда мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетіледі.

13. Анықтама мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен беріледі.


      Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде бармаған жағдайларда уәкілетті орган дайын анықтамалар мен қаралған құжаттардың екі ай сақталуын жүзеге асырады.

14. Уәкілетті орган:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы Регламенттің 10, 11-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбағанда;

2) қызмет көрсету үшін шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарда жалған немесе бұрмаланған мәліметтер анықталған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі- ҚФБ) қатысады:

1) Осакров ауданының әкімі;


      2) уәкiлеттi органның басшысы;
      3) уәкiлеттi органның маманы;

4) қорғаныш және қамқоршылық кеңес.

16. Әр әкімшілік іс-әрекеттің, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттер дәйектілігін және өзара іс-қимылының мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің функционалдық өзара іс-қимылының схемасы осы Регламентке 3-қосымшада келтірілген.



5.Мемлекеттiк қызметтерді көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi
18. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жауапты тұлғасы уәкілетті органның басшысы болып табылады.

 Лауазымдық тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметтің жүзеге асырылуына және сапалылығына жауапты болады.

"Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға


арналған құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк

қызмет көрсету регламентіне


1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның мекенжайы




Атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефоны

1

2

3

4

1

«Осакаров ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

101000, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Целинная көшесі, 3а

8 (72149) 4-13-94

"Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк

қызмет көрсету регламентіне


2-қосымша

Әр әкімшілік іс-әрекеттің, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттер дәйектілігін

және өзара іс-қимылының мәтінді кестелік сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы.




Іс-әрекеттің N (жұмыстың барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

6

7

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның маманы

Қорғаншылық және қамқорлық кеңесі

Уәкілетті органның маманы

Аудан әкімдігі

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның маманы

Іс-әрекеттің атауы (үдерістің, шараның, операцияның) және олардың сипаты

Мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу

Баланы тәрбиелеуге үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау жүргізу, оның қорытындысын шығару

Өндейді және аудан әкімінің қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы не қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуден бас тарту туралы қаулы жобасын үйлестіру

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы не қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуден бас тарту туралы қаулысын қабылдау

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама жобасын не мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтамаға не мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама не мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушыға беру

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-бұйрық шығару шешімі)

Барлық құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы не қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуден бас тарту туралы қорытынды

Аудан әкімінің қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы не қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуден бас тарту туралы қаулы жобасы

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы не қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуден бас тарту туралы қаулысы

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама жобасын не мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама не мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама не мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап

2-кесте. Қолдану нұсқалары. Қорғаншылық (қамқорлық) белгілеу жөніндегі анықтама берген жағдайдағы негізгі үдеріс.



Әрекет N (жұмыстың барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

6

7

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның маманы

Қорғаншылық және қамқорлық кеңесі

Уәкілетті органның маманы

Аудан әкімдігі

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның маманы

Іс-әрекеттің атауы (үдерістің, шараның, операцияның) және олардың сипаты

Мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу

Баланы тәрбиелеуге үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау жүргізу, қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу қажеттілігі туралы қорытынды шығару

Аудан әкімдігінің қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы қаулысының жобасын және келісімін әзірлеу

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы қаулы қабылдайды

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама жобасы дайындайды

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтамаға қол қояды

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама мемлекеттік қызметті алушыға береді

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-бұйрық шығару шешімі)

Барлық құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу қажеттілігі туралы қорытынды

Аудан әкімдігінің қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы қаулысының жобасы

Аудан әкімдігінің қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы қаулысы

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама жобасы

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтамасы

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтамасы

3-кесте. Қолдану нұсақалары. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын беру жағдайындағы альтернативті үдеріс.




Әрекет N (жұмыстың барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

6

7

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның маманы

Қорғаншылық және қамқорлық кеңесі

Уәкілетті органның маманы

Аудан әкімдігі

Уәкілетті органның

маманы


Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның маманы

Іс-әрекеттің атауы (үдерістің, шараның, операцияның) және олардың сипаты

Мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу

Баланы тәрбиелеуге үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау жүргізу, қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуден бас тарту туралы қорытынды шығару

Аудан әкімдігінің қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуден бас тарту туралы қаулысының жобасын және келісімін әзірлеу

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуден бас тарту туралы қаулы қабылданады

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын ресімдеу

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабына қол қою

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алушыға беру

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-бұйрық шығару шешімі)

Барлық құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуден бас тарту туралы қорытынды

Аудан әкімдігінің қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуден бас тарту туралы қаулысының жобасы

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуден бас тарту туралы қаулысы

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жобасы

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

"Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға


арналған құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк

қызмет көрсету регламентіне


3-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің функционалдық өзара іс-қимылының схемасы







жүктеу 157,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау