Қазақстандағы балалардың және әйелдердің жағдайын талдау
52
жастар суициді болып табылады. Ел жастар
суициді бойынша ТМД, Шығыс және Орталық
Еуропа елдері арасында ең жоғары көрсеткішке
ие: 1999-2008 жылдар арасында суицид жа-
саған жастардың саны 15-19 жастағылар ара-
сында 22,6 пайызға, ал 20-24 жастағылар
арасында 18,5 пайызға өсті
303
. 2010 жылы
көрсеткіштер 15-19 жастағы 100 000 қызға 14,8
суицидтен, ал 15-19 жастағы 100 000 ұлдан 24,8
суицидтен келеді)
304
. Қыздардың көрсеткіші
тізім де екінші тұрған Ресей көрсеткіштерінен
(7,6) екі есе жоғары
305
. Бас прокуратура бер-
ген соңғы дерек
тер балиғатқа толмаған жа-
стар арасындағы суицид саны 2012 жылдың
тоғызыншы айында 167 екенін және бұл 2011
жылдың балама мерзіміндегі көрсеткіштен
(199) 16,1 пайызға аз
306
. Алайда суицид жа-
сауға әрекеттенулер саны бірдей мерзімде
4,9 пайызға артты (2011 жылдың алғашқы
тоғыз айындағы 428-ден 2012 жылдың бала-
ма мерзіміндегі 449-ға дейін). Халықаралық
тәжірибе әр суицидке 100-200 суицид жасау
әрекеті келетінін көрсететінін есепке алғанда
мұндай әрекеттердің нақты саны әлдеқайда
жоғары деп пайымдауға болады.
Бұл статистика алаңдаушылық тудырады,
бірақ нақты жағдайды толығымен көрсетпейді.
Оқиғалардың жиілігі туралы жүйелік деректер
аз және көбінесе өзара сәйкес келмейді не-
месе қарама-қайшы және суицидке байланы-
Балалар мен жастардың 60 пайызы белгілі бір
мәселені шешкен кезде олардың дауыстары
назарға алмайтынын айтты. Олардың ойларына
сәйкес бұнын барлығы үлкендердің «үлкендердің
тәжірибесі мол» деп кең қолданылатын пікірге
байланысты болады. Жастар оны олардың өз
әрекеттері мен таңдауларына жауап бере ал-
майды және мінддеттемені атқара алмайды
деп ойлары ретінде таниды. Жастар олардың
шешімдері басқалардың арасынан жақсы
орынға тап болуы үшін өз әлеуметте волонтер-
лар ретінде, мектептер мен университеттерде
белсенді рөлдерін атқарады
301
.
жастардың өлім статистикасы
Қазақстан бұрынғы ТМД елдерінде, Орталық
және Шығыс Еуропа елдері арасында жастар
(15-24 жас) өлімі деңгейі бойынша екінші орын-
да, ер балалар өлімі (2008 жылы 3258) қыз
балаларға қарағанда екі есе көп (2008 жылы 1
287). Елде 15-19 жастағы жастардың өлімінің
ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан, Павло-
дар және Ақмола облыстарында, ал ең төменгі
деңгейі Маңғыстау облысы және Алматы
қаласында тіркелген. Өлім көбінесе бақытсыз
жағдайлар, улану және жарақат салдарынан
орын алады
302
.
Қазақстандағы нақты мәселелердің бірі болып
табылатын жастар өлімінің себебі балалар және
сты деректердің аз жиналуы және оның тый-
ым салынатындығы бұл статистиканы дәл деп
қарастыруға болмайтынын білдіреді
307
. Соны-
мен қатар, осы есепке сәйкес Қазақстандағы
балалардың суицид жасауының белгілі бір
себептері мен олардың пайдаланатын әдістері
туралы деректер жоқ. Мемлекеттік меке-
мелерде тұратын балаларға жүргізілген бір
шағын зерттеу өзін-өзі зиян келтірген немесе
суицидтік мінез-құлық көрсеткен балалардың
өздерін мұндай мекемелерде қауіпті сезінетінін,
қызметкерлерден және/немесе басқа бала-
лардан қорқатынын немесе мекемеде зорлық-
зомдылыққа куә болатынын анықтады.
308
Қазақстанда соңғы жылдарда балалар мен
жастардың суицидінің жоғары деңгейіне бай-
ланысты үкіметтегі ресми тұлғалар мен басқа
да мүдделі топтар талқылаулар жасап, 2012-14
жылдарға арналған балиғатқа толмағандардың
суицидін алдын алу бойынша біріккен жо-
спар жасалды
309
. Бұл жоспарға балаларға
мектептегі кеңесшілердің қол жетімді болуы-
нан бастап жанұядағы қайшылықтарды анықтау
әдістерін жақсартуға, қосымша сабақтардың
қол жетімділігін арттыруға дейінгі бірқатар ша-
ралар кіреді
310
.
салауатты өмір салты
Қазақстандағы жастар душар болатын
аурулардың басым көпшілігі тыныс алу жол-
дарының аурулары болып табылады; алай-
да 2009 жылға дейінгі бес жылда көр-
сеткіштердің артуы эндокриндік аурулардың
және асқазан жолы бұзылуы, жүйке жүйесі ау-
рулары, жарақаттар және уланулар қатарынан
байқалды. 2007 жылы жастарға жүргізілген
сауалнамада олардың 33,5 пайызы бұрын
күйзелісті өткергені, 25,9 пайызы тітіркенуді
сезінетіні, 37,5 пайызының жүйкесі бұзылғаны
және уайымшыл екені, 21,2 пайызының ұйқысы
бұзылғаны анықталды
311
.
Жастар арасында есірткі және алкоголь
пайдалану деңгейі төмендегенге ұқсайды,
алайда аймақтар арасында айтарлықтай
айырмашылықтар бар әрі Алматы және Аста-
на қалаларында көптеген жастар есірткіге
және/немесе алкогольге тәуелділіктен ем
қабылдауда. Алкоголь ішу деңгейі есірткі қа-
былдаудан жоғары, бірақ 2003 жыл мен
2008 жыл арасында оның көрсеткіші жалпы
төмендеген. Алайда, кәмелетке толмағандар
(11-14 жастағы) арасында алкоголь ішу аз-
дап қана төмендеген: 2004 жылы 9,9 пай-
300. Ольга Павловская, Қазақстандағы жастар саясаты-
на шолу. Орталық Азия Онлайн, 31 шілде 2012 жыл. Қол
жетімді: http://centralasiaonline.com/en_GB/articles/caii/
features/main/2012/07/31/feature-01.
301. A. Абсеметова, CYP үшін кеңестер: есептің жоспары,
жоба, 9 наурыз, 2013 ж.
302. ЮНИСЕФ және Ұлттық салауатты өмір салты
орталығы, жастардың және балалардың денсаулығы
болашақтағы Қазақстанның активі болып табылады,
ЮНИСЕФ, Алматы, 2009 ж.
303. ЮНИСЕФ, Жастардың және балалардың денсаулығы
болашақтағы Қазақстанның активі болып табылады,
ЮНИСЕФ, Алматы, 2009 ж.
304. Заң статистика және ҚР ГП бойынша арнайы шоттар
комитеті, 2010 және 2011 жылдары кәмелетке толмаған
балалар арасындаға суицид жағдайлары (соның ішінде
тырысулар) туралы ақпарат, Қазақстан мемлекеті,
Aстана, 2011 ж.; Трансмони Деректер базасы, 2012 ж.
305. ЮНИСЕФ, Трансмони деректер базасы, 2012 ж..
2010 жылғы көрсеткіштер.
306. Бас прокуратура басқармасымен ЮНИСЕФке
арналған ақпарат, 2012 ж.
307. Робин Хаар, «Қазақстандағы балалар суициді»,
ЮНИСЕФ Қазақстан, күні берілмеген, 6 бет
308. Робин Хаар, «Қазақстандағы балалар суициді»,
ЮНИСЕФ Қазақстан, күні берілмеген, 14 б., Робин Хаар
«Қазақстандағы мемлекеттік баспана мекемелеріндегі
балаларға қатысты жәбір: бағалау» жарияланымына
сілтеме, ЮНИСЕФ Қазақстан, 2010 ж..
309. Қазақстан Республикасының Үкіметі, 2012-2014
жылдарға арналған суицидтің алдын алу бойынша ведом-
ство аралық әрекеттер жоспары, жоба, наурыз 2012 ж.
310. Ажар Тулегалиева, Қазақстандағы балалар мен жа-
стар арасындағы суицид жағдайларының кең таралуын,
тәуекелдердің негізгі себептерін және факторларын,
суицидтың және тырысулардың қорғаныс факторларын
зерттеу, Powerpoint презентациясы, Денсаулық сақтау
министрлігі, мамыр 2013 ж.
311. ЮНИСЕФ, Жастардың және балалардың денсаулығы
Қазақстанның мемлекеттік активтері болып табылады ,
ЮНИСЕФ, Алматы, 2009 ж.
53