ҚазаҚстандағы балалардың және әйелдердің жағдайын талдау



жүктеу 1,55 Mb.
Pdf просмотр
бет29/33
Дата30.12.2019
өлшемі1,55 Mb.
#25516
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

Қазақстандағы  балалардың және әйелдердің жағдайын талдау

56

ересек балалар және жастар



4-кесте. 2007-2011 жылдардағы 15-18 жас тағы 

қыздар арасындағы аборттар саны (мың).

327

 2007 


2008 

2009 


2010 

2011


6

5

4



3

2

1



0

білген; бұл сұхбат алынған әйелдердің басқа 

топтарының көрсеткішінен төмен.

332


Әсіресе баспанасыз жастарға АИТВ қаупі 

көбірек тиеді. Жанұяның көмегінсіз, ата-ана 

нұсқауынсыз және жанұя қолдауынсыз болу 

қауіпті жүріс-тұрыстың ықтималдығын артты-

ратын факторларға жатады, ал кедейлікте өмір 

сүру, физикалық немесе сексуалдық қорлауға 

душар болу, тұрғылықты орнын ауыстыру не-

месе көшу көше жастарының АИТВ жұқтыру 

ықтималдығын арттырады. Мұндай жағдай әлі 

де болса нашар қарастырылған және қызметтер 

әлеуметтік маргиналды жанұялар үшін көбінесе 

қол жетімді болмайды.

333

Қазақстанда 1990 жылдары Павлодар облы-



сы АИТВ эпидемиясы 90 жылдардың соңында 

басталған облыстардың бірі және 2011 жылдың 

1 қазанында 1 730 АИТВ оқиғасы тіркелген. 

Павлодарда тұратын АИТВ анықталған 

адамдардың көпшілік жиырма жас шамасын-

да екенін көрсетті. 175 кәмелетке толмағандар 

тіркелді, Павлодардағы эпидемия жақында 

есепке алғанда бұл көрсеткіш жоғары болып 

табылады. Кәмелетке толмағандар арасында 

инфекцияның жұғу жолдары туралы ақпарат 

болмағандықтан, АИТВ таралуы негізгі есірткі 

қолдануға байланысты болғанға ұқсайды. Жа-

ман әдеттер жөніндені ұлттық орталық қаладағы 

балалар мен кәмелетке толмағандар үшін 

есірткіні теріс пайдалану бойынша бағдарлама 

жасап шығарды, оған жан-жақты жолдама жа-

сау жүйесі, ата-аналармен жұмыс, мектеп 

мұғалімдерімен, әлеуметтік қызметкерлермен 

және психологтармен жұмыс кіреді.

334


  

балалардың үйленуі

Әдетте назарға алынбайтын топтарға ерте неке 

құрған жастар жатады; Қазақстанда бұл жағдай 

әсіресе қыздарға қатысты болып келеді. Жал-

пы алғанда Қазақстанда тұрмыс құрған немесе 

серігімен бірге тұратын кәмелетке толмағандар 

саны төмен (15-19 жастағы қыздардың 2009 

жылғы санақ бойынша 1 пайызы, 2011 жылдың 

МИКС санағы бойынша 4,5 пайызы), бірақ 

кейбір аймақтар мен тығыз қауымдастықта 

өмір сүретін белгілі бір мұсылман этникалық 

топтарда (мысалы, түрік, ұйғыр, дүнген) мұндай 

жағдайлар жиі кездесетінін ескеру керек.

335

МИКС деректері бойынша балалардың үйленуі 



Алматы облысында ең жоғары (15-19 жастағы 

қыз балалар тұрмыс құрған немесе серігімен 

бірге тұрады), ал Алматы қаласында (1,4 пайыз), 

Астана қаласында (0,0 пайыз) ең төмен, сондай-

Жоғарыдағы график пен кесте соңғы жылдары 

15-18 арасындағы аборттар санының тұрақты 

түрде азаюының орын алғанын көрсетеді. Де-

генмен, көрсеткіш әлі үрейлі деңгейде болып 

жатыр. 2012 жылы ЮНФПА 15-19 жастар ара-

сында аборт жасаудың кең таралғанын мой-

ындады – 22 мың жағдай тіркелді

328


. Бұл реп-

родукциялық жастағы әйелдер (15-49 жас), 

деңгейінен айтарлықтай жоғары, олардың қа-

тарынан аборттардың жалпы саны екі жылдық 

мерзімі бойынша 1 000 мың әйелдерге 6,9 

аборт құрайды

329



жастар және аИтВ (адамның 



иммундық тапшылық вирусы)

15 пен 29 жас арасындағы жастар АИТВ 

орталықтарында қалдырылады және барлық 

осындай оқиғалардың 80 пайызын құрайды. Бұл 

топқа АИТВ инфекциясының жұғуы қаупі жоғары, 

себебі оларға ақпарат пен арнайы қызметтер 

жетпейді және қорғалмаған жыныстық қатынас 

пен есірткі пайдалану сияқты қауіпті әрекеттер 

жасауға баруы ықтимал. 2008 жылғы БҰҰ Бас 

ассамблеясының АИТВ/ЖИТС (БҰҰБААС) жө-

ніндегі арнайы сессиясының Қазақстан ту-

ралы ұлттық есебіне сәйкес сауал қойылған 

жастардың 19 пайызы ғана АИТВ қалай та-

райтынына дұрыс жауап берді

330

. 2012 жылы 



ЮНФПА мен Денсаулық министрлігі жүргізген 

зерттеу барысында 15-19 жас аралығындағы 

жастардың тек 12,4 пайызы ғана АИТВ-ге 

қатысты сұрақтардың барлығына дұрыс жа-

уап берді.

331


 2010/11 зерттеуге қатысқан 15-

19 жастағы қыз балалардың тек 67,2 пайызы 

ғана АИТВ таралуының екі негізгі жолы туралы 



ақ, бұл көрсеткіш қалалық жерлерге қарағанда 

(3,4 пайыз) ауылдық жерлерде (5,8 пайыз) 

жоғары. Қыздар өз еркінен тыс (не болмаса 

неке құру өзіне берілген жалғыз мүмкіндік деп 

ойлайды) және өздерінен үлкен ер адамдарға 

жиі күйеуге шығады. Ерте үйлену жасөспірім 

қыздарға жақсы денсаулыққа ие болуға (соның 

ішінде репродуктивтік денсаулық), оқуларын 

аяқтауға, азаматтық, экономикалық және са-

яси салаларға араласуға, сондай-ақ, жеке 

даму мүмкіндігіне айтарлықтай әсер етеді. Бұл, 

сондай-ақ, олардың жынысы бойынша зорлық-

зомбылыққа және жыныстық жолмен тарай-

тын инфекцияларға, соның ішінде АИТВ-ке ду-

шар болуы қаупін арттырады. Сонымен қатар, 

жасөспірім анадан туған балалар көбінесе 

кедейлікте өмір сүреді және нашар тамақтану 

мен әлсіз денсаулықтан зардап шегеді. Бір 

жасөспірім жұбайдың айтқандай «Тым ерте ана 

болды. Мен ол кезде әлі кішкентай қыз едім (16 

жаста). Өмірде көп ештеңе көріп үлгермедім 

және оның ең тамаша кезі енді артта қалды».

336

 

2011 жылы Аман Саулық Әлеуметтік Қормен 



жүргізілген зерттеуде Оңтүстік Қазақстан 

облысының басым көп жас респонденттері 

және Алматы облысы респонденттерінің жар-

тысы контрацепция туралы білмеген және 

алғаш үйленген жылы жанұя жоспарлау бой-

ынша білікті шешімдер қабылдамаған.

337

 ЮНФ-


ПА зерттеулері де осы мәліметті растайды: 

қатысқан барлық жасөспірім жұбайлардың 

ешқайсысы контрацепция туралы білмейді. 

Екінші бала дүниеге келгеннен кейін де олар 

жүктілікті жоспарламаған. «Аман-Саулық» 2011 

жылғы есебінде мәлімдегендей, дәстүр бой-

ынша қалыңдықтың жасы қаншада екеніне 

қарамастан, күйеудің туыстары неке қиылғаннан 

кейін бір жыл ішінде баланың дүниеге келуін та-

лап етеді. Жанұяны жоспарлау тек жанұяда ұл 

да, қыз да дүниеге келгеннен кейін мүмкін бо-

лады: дәстүрлі түрде ұлдың болуын қалаудың 

нәтижесінде әйелдер ұл дүниеге келгенше 

бала тууды жалғастырады, тек содан кейін ғана 

жанұя оның контрацептивтік құралдар пайдала-

нуына келіседі

338



Қазақстандағы қыз балалардың жұбайлардың 



өз күйеулерінің (әдетте жасы үлкен) тара-

пынан, сол сияқты күйеуінің ата-анасы және 

басқа да жанұя мүшелерінің тарапынан фи-

зикалық және сексуалдық зорлық-зомбылық 

көруі ықтималдығы жоғары. Сонымен қа 

тар, 


жасөспірім үй тұрмысынды еңбекті эксплуа-

тациялауға тап болады және ықтимал қолдау 

көзінен қол үзеді

339


327. Статистика агенттігі, Демографиялық жылнама, 

Астана, 2012 ж., http://www.stat.kz

328. Б.Жүсіпов, 15-19 жас арасындағы кәмелетке тол-

мағандар мен жастардың репродуктивті ден саулығының 

жағдайы (индикаторларды талдау), ЮНФПА және 

Денсаулық министрлігі Салауатты өмір салты орталығы, 

2012 ж.


329. Статистика агенттігі, ЮНИСЕФ және ЮНФПА, МИКС 

2010-11 ж., RH10 кесте. Тұратын мекен жайы бойынша 

индуцирленген аборттар саны.

330. АИТВ/ЖИТС жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының 

Бас Ассамблеясы арнайы сессиясы, Ұлттық есеп: 

Қазақстан, БҰҰБААС, 2008 ж.

331. Б.Жүсіпов, 15-19 жас арасындағы кәмелетке 

толмағандар мен жастардың репродуктивті ден-

саулығының жағдайы (индикаторларды талдау), ЮНФ-

ПА және Денсаулық министрлігі Салауатты өмір салты 

орталығы, 2012 ж.

332. Статистика агенттігі, ЮНИСЕФ жәнеЮНФПА, МИКС 

2010-11 ж., HA.1 кестесі, АИТВ таралуы туралы білім, 

Астана, 2012 ж.

333. Екатерина Лукичева, Алматыдағы көше жастарын 

анықтау: Жас баспанасыздардың үлгілерін анықтау 

жиынтық есебі, ЮНИСЕФ Қазақстан, 2011 ж.

334. ЮНИСЕФ, Павлодарға барған миссия есебі, 

Қазақстан, 7 -11 қараша, 2011 ж. 

335. Қазақстан ҮЕҰ жұмыс тобы «Балалар құқықтарын 

қорғау туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

төртінші мерзімді есебіне түсініктемелермен бірге 

үкіметтік емес ұйымдардың балама есебі: Балалар 

құқығы бойынша конвенцияны және БҰҰ Балалар 

құқықтары жөніндегі комитетінің ұсыныстарын ендіру 

Алматы, 2012 ж.

336. ЮНФПА, Қазақстан: балалардың үйленуі, ЮНФПА, 

қазан 2012 ж. http://unfpa.org/webdav/site/eeca/shared/

documents/publications/Kazakhstan%20English.pdf;; Ста-

тистика агенттігі, ЮНИСЕФ жәнеЮНФПА, МИКС 2010-11 

ж., CP.5 кестесі: Әйелдер арасындағы ерте тұрмыс құру, 

ЮНИСЕФ, Aстана, 2012 ж.

337. Әйелдердің шығармашылық бастамашылығы ли-

гасы (Қазақстандағы Сорос қорының қолдауымен), 

Қазақстандағы ерте және мәжбүрлі некелер туралы 

аналитикалық есеп, 2011 ж.

338. «Аман-саулық» әлеуметтік қоры, республикалық 

деңгейдегі конференциядағы «Әйелдер мен жастарға 

репродуктивті және сексуалды денсаулық қызметтердің 

қол жетімді болуы» есебі, 28 қараша 2011 жыл.

339. ЮНФПА, Қазақстан: балалардың үйленуі, ЮНФПА, 

қазан 2012 ж. http://unfpa.org/webdav/site/eeca/shared/

documents/publications/Kazakhstan%20English.pdf.

57



жүктеу 1,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау