Қазақстанда Президент интиутының енгізілуі және Қр президентін бүкілхалықтық сайлау. 1990 жылы «республика Президенті»


Тәуелсіз Қазақстанның спорт және дене шынықтыру саласындағы жетістіктері мен табыстары



жүктеу 160,17 Kb.
бет27/48
Дата07.01.2022
өлшемі160,17 Kb.
#37033
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
ТАРИХ РК-2

25.Тәуелсіз Қазақстанның спорт және дене шынықтыру саласындағы жетістіктері мен табыстары.

Қазақстан Республикасы - жүзден астам этнос тұратын әлемдегі ірі көпұлтты мемлекеттердің бірі, олардың әрқайсысының бірегей айрықша материалдық және рухани мәдениеті бар, оның ажырамас құрамдасы тамыры тереңде жатқан дәстүрлері бар бұқаралық халықтық спорт түрлері болып табылады. Осылайша мемлекеттік ұлттық саясатқа көпұлтты қоғамның заманауи қажеттіліктері мен мүдделеріне сай келетін жаңа тұжырымдамалық тәсілдер қажет болып отырған, өріс алған жаһандану жағдайында спортты ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтатын ерекше мәні бар маңызды факторлардың бірі ретінде қарауға болады.

      Түптеп келгенде, спорт жалпыұлттық бірліктің, ынтымақтың нышанына айналып, жаңа қазақстандық патриотизмнің, мақтаныш сезімнің және өз елімен ынтымақтастықтың негіздерін қалыптастырудың маңызды аспектілерінің бірі болып отыр.

      Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану халықты сауықтыру, олардың өзін-өзі танытуы мен дамуының неғұрлым қолжетімді және тиімді тетігі, бейәлеуметтік құбылыстарға қарсы күрес құралы болып табылады.

Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жүйелі негізде ұйымдастырылған.

      Тек 2014 жылдың өзінде Саламатты өмір салты орталығымен бірлесіп, 34 мыңға жуық спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен акциялар өткізілді, оған 4,1 млн. астам адам қатысты.

      Жыл сайын 5 мыңнан астам мүгедек спортшылардың қатысуымен түрлі санаттағы мүгедектерге арналған 40-тан астам халықаралық және республикалық чемпионат пен турнирлер өткізіледі.

Қазақстан тәуелсіздігі кезеңінде 20-дан астам ұлттық спорт түрі жанданып дамыды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша қарқынды түрде дамыған ұлттық спорт түрлерімен 265,7 мыңнан астам адам шұғылданады (2012 жылы - 229,9 адам, 2013 жылы - 250,9 адам).

      Ұлттық ат спорты жарыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізуге жағдай жасалуда.

Отандық спортшылар жетістіктерінің халықаралық деңгейде мойындалуы ең маңызды нәтиже болып табылады.

      Қазақстанда 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарының өткізілуі жалпыұлттық спортты зор салтанатқа бөледі, онда ел құрамасы бұдан бұрынғы Азия ойындарының бәріне қарағанда, жеңіп алған медальдар бойынша рекорд орнатып, бірінші орынға ие болды.

      2012 жылы Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиада ойындары Қазақстан спортындағы елеулі оқиға болды, мұнда Қазақстан командасы өз тарихында тұңғыш рет әлемнің 205 елі ішінде бейресми командалық есепте 12-орынға табан тіреді.

      2014 жылы Инчхон қаласында (Корея Республикасы) өткен жазғы Азия ойындарында ұлттық құрама команда 84 медаль (28 алтын, 23 күміс және 33 қола медаль) жеңіп алып, 4-орынды иеленді.

      2014 жылы Сочи қаласындағы қысқы Олимпиадада қазақстандық 15 спортшы 6 спорт түрінен ғаламның 10 үздік спортшысы қатарынан орын алды.

      Қазақстанның маңызды халықаралық имидждік жобалары 2017 жылғы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін ХХVІІІ-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы дайындау және өткізу болып табылады.

      Сала заңнамасын жетілдіру шеңберінде 2014 жылы саланы дамытудағы заманауи талаптарға сәйкес келетін "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

      Ұсынылып отырған Қазақстан спортының дамуына шолу саланың орнықты даму жолына шыққанын сипаттайтын оң үрдістердің бар екенін айғақтайды.


жүктеу 160,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау