«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
Ж о б а
««КӘУСАР» ӘДЕБИ ЖАСТАР КЛУБЫ –
ПАТРИОТИЗМНІҢ ҮЗДІК ҮЛГІСІ»
Балқаш, 2017
Тұжырымдама
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты мақаласындағы айқын бағыттарды жүзеге асыру барысында жастардың патриоттық сезімі мен бәсекелік қабілетін дамыту. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.
«Кәусар» әдеби жастар клубы мүшелері арасында әдеби-тілдік орта қалыптастыру, өлкетану жұмыстарына, экология жақсартуға баулу. Жергілікті тарихи ескерткіштер мен қаланың іргетасын қалап, дамуына үлесін қосқан тұлғаларын дәріптеу.
Мемлекет басшысының аталмыш мақаладағы «Біз 21 ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз» деген бағыт-бағдарына сүйене отырып, жастарға үлгі болатын, жастар шығармашылығын дамытуға себепкер болатын аға буын мен жастар арасында ақпарат көпірін орнату. Қаламыздағы мәдениет, экология, білім, спорт бөлімдерімен тығыз байланыс жасау.
Жастармен жұмыс барысында мультимедиялық түрлі тәсілдерді қолдана отырып, БАҚ арқылы атқарылған шараларды насихаттау.
Мақсаты: Бәсекеге қабілетті ұлт болу үшін мәдени сауатты, толерантты, тарихи танымы мол, өлке жұмысын жандандыруға үлес қосатын, аймақ экологиясының жанашыры болатын, әдеби шығармашылыққа бейім, патриоттылықтың үлгісі бола білетін жастар тобын құру.
Өзектілігі: Елбасының «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол –әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» деген айқын мақсатын жүзеге асыруда жастар тобын түрлі шараларға қатыстыру, әдеби-шығармашылық орта қалыптастыру – кітапхана жұмысының маңызды бөлшегі. Кітапхана ресурстарын пайдалана отырып, клуб жұмысының сапалы әрі нәтижелі болуын қамтамасыз ету.
Жобаның өткізілу кезеңі: 2018 жыл
Жұмыс түрлері: Жастардың қатысуымен өлкетану, қоғамдық-саяси, адамгершілік, этно-мәдени және салауатты өмір салтын насихаттайтын, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін, мәдени және шығармашылық дүниетаным элементтерін, аға буынға деген ілтипатты, адамгершілік-психологиялық қарым-қатынасты насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.
Жұмыс барысы 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады:
Әдеби-шығармашылық бағыт (тілдің қолданыс аясын кеңейту, өзіндік жазу өрнегі бар жас таланттардың өнерін жандандыру, шығармашылығымен танылып жүрген жастарға қолдау көрсету, аға буын өкілдерінің дара жолын үлгі ету, аймақтық, республикалық және әлем әдебиет өкілдерінің шығармаларын дәріптеу)
Танымдық бағыт (айтулы күндер аясында қала іргетасын қалап, өлкенің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан тұлғалардың тағылымы мол еңбек жолынан үлгі алу, ескерткіштер мен мәдени нысандарды қорғау, қаламыздағы этнос өкілдерімен достық байланысты нығайта отырып бірлесе жұмыс істеу)
Күтілетін нәтиже:
Қаламыздағы қоғамдық бірлестіктермен тығыз қатынастағы коммуникативті жастар тобы;
Әдеби-шығармашылыққа икемді, тіл мәдениетін меңгерген, көркем әдебиет пен көсемсөз шеберлері;
Өлке өңірінің өркендеуіне үлес қосатын өрендер.
№
р/с
|
Атауы
|
Жұмыс түрлері
|
Мерзімі
|
1
|
Ұйымдастыру жұмыстары
|
Қызметтік байланыс:
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі;
Білім орындары (мектеп, колледж);
БАҚ;
Жастар ресурс орталығы;
«Қаламгер» әдеби бірлестігі.
|
Жыл бойы
|
2
|
Кітапханамен байланыс
|
Фондпен жұмыс (өлкетану кітаптарын толықтыру, аймақтық ақын-жазушылардың туындыларын топтастыру)
Әдістемелік нұсқаулықтармен жұмыс (библиографиялық көрсеткіштер дайындау)
Цифрлы-ақпараттық технологияларды қолдану (виртуалды көрме, электронды анықтамалық т.б.)
|
Жыл бойы
|
3
|
Іс-шаралар
|
Кітап көрмелері:
«Қазақ елінің алтын есімдері»
«Жастар қуатты Қазақстан үшін»
«Алғашқы Балқаш мысына 80 жыл»
«Таза қала – бақытты болашақ»
«Болашаққа жол» (Инновациялық өнер көрмесі)
«Балқаш тарихы тереңде» (қала ескерткіштері мен тарихи нысандарға арналған витруалды көрме)
«Ұрпаққа - өнеге, өреліге - өсиет» «Қаламгер» әдеби бірлестігі мүшелерімен кездесу;
«Адамдық борышың» - Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған оқырман конференциясы;
«Қайтпас қайсар Қайсенов» - Халық қаһарманы, жазушы Қ.Қайсеновтың туғанына 100 жыл, тарихи сағат;
«Өлең өлкесінде» - жас таланттардың тырнақалды туындыларына арналған поэзия сағаты;
«Ғылым шыңын бағындырған» - тәлімгер-ғалым Әлихан Мусиннің 110 жылдығына арналған танымдық сағат;
«Өмірі өлеңмен өрнектелген» - жергілікті ақын Мөлдір Бөлековамен мерейтойлық кездесу;
«Сезім сиқыры» - ағылшын жазушысы Джейн Остиннің «Гордость и предубеждение» туындысына 205 жыл толуына орай ой талқы;
«Шыңғыс шыңы» - қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» повесі (60 жыл) бойынша пікірталас;
«Мерейгер кітап» орыс жазушысы Николай Чернышевскийдің «Что делать?» шығармасы (155 жыл) бойынша дөңгелек үстел.
|
Жыл бойы
|
5
|
Жарнамалық қызмет
|
Афишалар, шақыру билеттері, тұлғалар өміріне арналған көрсеткіштер, таратпалар, телеарналар мен газет беттеріне жарнамалар.
|
Жыл бойы
|
Жоба бойынша қаржылық қолдау
№
|
Атауы мен формасы
|
Жалпы құны
|
1
|
Қорды өлкетану басылымдарымен толықтыру
|
200 000 тг
|
2
|
Қатысушыларды марапаттау сыйлықтары
|
200 000 тг
|
3
|
Жарнамалық материалдар
|
30 000 тг
|
4
|
Басқа шығын
|
20 000 тг
|
Барлығы:
|
450 000 тг
|
Достарыңызбен бөлісу: |