|
Қазақстанда Президент интиутының енгізілуі және Қр президентін бүкілхалықтық сайлау. 1990 жылы «республика Президенті»
|
бет | 1/48 | Дата | 07.01.2022 | өлшемі | 160,17 Kb. | | #37033 |
| ТАРИХ РК-2
Қазақстанда Президент интиутының енгізілуі және ҚР Президентін бүкілхалықтық сайлау.
1990 жылы «республика Президенті» деген лауазым енгізілді. «Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау,Конституциясына өзгертулер,толықтырулар енгізу» Заңы қабылданды.Сартаев «Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау» баяндамасын жасады.Баяндамасында президенттік билік туралы мәселе атап өтілді. Президенттік институтты талқылау жүргізілді.Кейбір депутаттар президентті жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайлау керектігі туралы пікір білдірді. Қазақ КСР Президенті болып Назарбаев сайланды.Президенттің орынбасары Терещенко болды.Президент қызметін қамтамасыз ету үшін Президент Кеңсесі (Аппараты) және Президент кеңесі құрылды. Президент аппаратының басшысы болып танымал администраторлардың бірі Нұртай Абықаев тағайындалды. Президент кеңесіне – Мемлекет басшысы жанындағы саяси-кеңесші органға – Жоғары Кеңес Төрағасы Ерік Асанбаев, премьер-министр Ұзақбай Қараманов және бірқатар депутаттар енді. Президент лауазымын тағайындау халықтың экономикалық және саяси реформаларын жедел іске асыруға, әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруға деген халық үмітін білдірді. КСРО және Қазақстандағы саяси құбылыстардың барысы Президент Н.Ә. Назарбаевтың беделі мен танымалдығының артуына ықпал етті. Қазақстанның егемендігі мен экономикалық тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған Мемлекет басшысының қызметі, кеңестік басшылықтың кемшіліктері мен олқылықтарына айтылған өткір сын Қазақстан азаматтары арасында ғана емес, Кеңестік Одақ республикасы азаматтары арасында да қолдау мен құптауға ие болды. Н.Ә. Назарбаевтың КСРО-дағы танымалдығының артқаны соншалық, 1990 жылдың желтоқсан айында Федерация Кеңесінде оны КСРО вице-президенті етіп сайлау туралы мәселе қойылды. Қазақстанда президенттік институтты енгізу Ресейден бір жыл бұрын орын алғанын айта кету керек. Осылайша, Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңында басқару формасы басқарудың бірнеше формаларын: президенттік, вице-президенттік, премьер-министрлік институттардың болуын жорамалдайтын президенттік, жартылай президенттік және парламенттік белгілерді біріктірді. 1991 жылы президенттік институт дамуы Жоғары Кеңес сайлауынан жалпыхалықтық сайлауға қарай маңызды қадам жасайды. Қазақстан үшін тарихи маңызды күндері, 1991 жылдың 1 желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау өткізілді, оның қорытындысымен Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Н.Ә. Назарбаев сайлауға қатысқан сайлаушылар ішінен 98,78% дауыс жинады. Бір мезгілде вице-президент сайлауы өтті: оған Е.М. Асанбаев сайланды. 1991 жылдың 2 желтоқсан күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл халық сайлаған алғашқы Президент мандатына ие болады. Қазақстанның вице-президенті болып Н.Ә. Назарбаевпен бірге сайлауға түскен Е.М. Асанбаев тағайындалады. 10 желтоқсан күні Алматы қаласында Республика Сарайында Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн» деген антын берді. 10 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы Заң қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|