23. ҚР 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы және оның жүзеге асырылу ерекшеліктері.
2016-2020 жылдар:
бірінші кезең: 2016-2018 жылдар
екінші кезең: 2019-2020 жылдар
Осы 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан
әрі – Мембағдарлама) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын, Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлыжол – болашаққа
жол» атты Қазақстан халқына жолдауын және «Бес институционалдық реформаны іске
асыру бойынша 100 нақты қадам» атты Ұлттық жоспарды іске асыру мақсатында
әзірленген, денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған және 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» алдыңғы мемлекеттік
бағдарламаларының қисынды жалғасы болып табылады.
Денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – 2005-2010 жылдарға арналған
мембағдарлама) негізгі шаралары саланың инфрақұрылымын құруға бағытталған болатын.
Бұл кезеңде республикада 500-ден астам жаңа денсаулық сақтау нысандары салынып, 4000-
нан астам аурухана мен емхана күрделі жӛндеуден ӛткізіліп, 75 миллиард теңгеден астам
сомаға заманауи құрал-жабдық сатып алынды.
Бағдарламаны іске асыру кезеңінде жүйенің кӛлденең және тік деңгейлері арасында
жаңа қарым-қатынас қалыптастырылып, ол, ең алдымен, шетелдік клиникалардан, әсіресе,
кардиохирургия және трансплантологияға жоғары технологиялар трансфертінің күрт
артуынан кӛрінді.
2014 жылғы желтоқсанда Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің (бұдан әрі –
ХҚДБ) сарапшылары «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын іске асыру нәтижелері
туралы есепті жариялады және, олардың пікірінше, оның 6 негізгі бағытын іске асыру
нәтижелері мынадай:
1) профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, әлеуметтік
маңызды негізгі аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды
жетілдіру – ӛте сәтті;
2) қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және
ведомствоаралық ӛзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру – айтарлықтай сәтті;
3) санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру – айтарлықтай сәтті;
4) Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық кӛмекті
ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру – ӛте сәтті;
5) медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру; медицинадағы
инновациялық технологияларды дамыту және енгізу – сәтті;
6) дәрі-дәрмектердің халық үшін қолжетімді болуы мен сапасын арттыру,
денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсарту –
сәтті.
Достарыңызбен бөлісу: |