Соңғы жылдар бойы Астана, Алматы және Қарағанды қалалары бойынша келген хаттардың пайыздық ара қатынасы жоғары болып отыр (тиісінше 15, 11, 8,5 пайыз). Есепті кезеңде Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарынан келген хаттар саны өсуде (12,1 пайыз).
Есепті кезеңде 58 ұжымдық хат келіп түсті, оларға 700 жуық адам қол қойған.
Ұжымдық хаттар субъектілері негізінен шағын тұрғылықты жерлердің тұрғындары, үлескерлер, мұғалімдер, медициналық қызметкерлер, олар негізінен өздерінің қандай да бір заңды құқықтарын іске асыруға байланысты мәселелерін шешу жөнінде биліктің әрекеттері туралы нақты ақпарат алу мүмкіндігінің болмауына, сондай ақ сыбайлас жемқорлық жөнінде шағымданған. Лауазымды адамдардың мемлекеттік басқарудағы жариялылық және қол жетімділік сияқты негізгі қағидаларын ескермеуі қоғамда билікке деген сенбеушілікті тудыруы мүмкін.
Ұжымдық және жеке жазбаша хаттар санының ара қатынасы келесі диаграммада келтірілген.
Уәкіл мекемесінің қызметкерлері «Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарау тәртібі туралы» Заңның 13-бабына сәйкес, апта сайын бекітілетін кесте бойынша күн сайын азаматтарды жеке қабылдады.
Уәкіл мекемесінде жеке қабылдауда 169 адам, соның ішінде Астанадан
97 адам болды, оларға қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндірілді. Жазбаша және ауызша хаттардың мазмұндарында көбінесе сот шешімдеріне, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне, жер құқықтарының бұзылуына наразылық білдірілген.
Азаматтар телефон арқылы шағымдарында халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы сыбайлас жемқорлыққа назар аударған.
«Тіл туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес шағымдар мен сұратуларға хаттың келген тілінде жауап берілген (анықтама ретінде: түскен хаттардың 22 ғана мемлекеттік тілде жазылған).
Электронды поштаны пайдалану жандандырылды, ол бойынша 32 хат түсті. Цифрлік қолдың болмауына қарамастан олардың барлығы егжей тегжейлі қаралып нәтижелері бойынша тиісті жауап берілді.
Шалғайдағы азаматтардан және ауыл тұрғындарынан түскен шағымдар саны бұрынғыдай аз, бұл оларға Уәкіл институты туралы жеткілікті ақпарат жетпеуінің белгісі.
Азаматтардың өздерінің мемлекет істерін басқаруға (Конституцияның 33-бабының 1-тармағы және АСҚХП 19-бабы), сайлау процесіне (Конституцияның 33-бабының 2-тармағы және АСҚХП 25-бабы) қатысу, сондай-ақ бейбіт жиналыстар еркіндігі (Конституцияның 33-бабының 2-тармағы және АСҚХП 25-бабы) құқықтарының бұзылу фактілері туралы хаттары Уәкіл атына келген жоқ.
1.2. Уәкіл жұмысының нысандары, әдістері және тәсілдері
Уәкіл мекемесінің қызметкерлері азаматтардың шағымдарын іс жүзінде мынадай түрде тексереді:
а) шағымданушы қоса берген құжаттар шегінде ғана қаралды;
б) объективті шешу үшін шағымданушылардан қажетті құжаттарды қосымша талап ету арқылы шешілді;
в) тиісті құзырлы органдарға уәкіл мекемесіне міндетті түрде жауапты талап ете отырып, азаматтардың хаттарын қарау үшін жіберу;
г) «Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарау тәртібі туралы» Заңға сілтеме жасап тікелей шағымданушыға жауап беру үшін тиістілігіне қарай басқа органдарға (ұйымдарға) жіберілді.
Әдеттегідей, сұратулардың көпшілігі азаматтардың шағымдарында көрсетілген дерді тексеруге Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Денсаулық сақтау министрлігіне және Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне жіберілді.
Осыған байланысты уәкіл мекемесінің азаматтарға жауаптары осы сұратуларға алған мемлекеттік органдардың жауаптарына негізделген.
Уәкіл республикада адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде өзара іс қимыл жасау нысандары мен әдістерін жетілдіру мақсатында, есепті жылы Жоғарға Сот төрағасымен, Бас прокурормен меморандум жасады. Осындай екі жақты құжаттарға ІІМ және Әділет министрлігінің ҚАЖКмен қол қойылды.
Мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберілген сұратулар саны төмендегі кестеде көрсетілген.
Уәкілдің мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберілген сұратуларының кестесі
Органның атауы
|
Сұратулар саны
| Бас прокуратура |
177
|
Ішкі істер министрлігі
|
131
|
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
68
|
Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті
|
31
|
Әкімдіктер
|
83
|
Әділет министрлігі
|
57
|
Қаржы министрлігі
|
4
|
Кедендік бақылау комитеті
|
1
|
Денсаулық сақтау министрлігі
|
23
|
Білім және ғылым министрлігі
|
13
|
Қорғаныс министрлігі
|
3
|
Сыртқы істер министрлігі
|
3
|
Мәдениет және ақпарат министрлігі
|
1
|
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
|
39
|
Мемлекеттік мұрағат
|
5
|
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
|
2
|
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
|
20
|
Мардымсыз борышкерлермен жұмыс жүргізу комитеті
|
1
|
Ауыл шаруашылығы министрлігі
|
1
|
Көлік және коммуникация министрлігі
|
1
|
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі
|
3
|
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті
|
8
|
Шаруашылық ету субъектілері (АҚ, ЖШС), және т.б.
|
4
|
Барлығы
|
671
|
Достарыңызбен бөлісу: |