Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А


Балалардың өздерінен қандай да бір өтініштер келіп түскен жоқ



жүктеу 1,89 Mb.
бет7/8
Дата14.05.2018
өлшемі1,89 Mb.
#12638
1   2   3   4   5   6   7   8

Балалардың өздерінен қандай да бір өтініштер келіп түскен жоқ.

Барлық шағымдар бойынша Уәкіл білім беру, денсаулық сақтау және ішкі істер органдарымен бірлесіп, тиісті шаралар қабылданды.





    1. Босқындар мен оралмандардың құқықтары

Көшіп-қонушылардың құқықтарын қамтамасыз ету аса өзекті халықаралық проблемалардың бірі болып табылады. Былтырғы жылы қабылданған ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Астана декларациясында расталды.

Осы проблема жалпы көші-қон саласындағы ахуалға және атап айтқанда Қазақстанда босқындар мен оралмандардың құқықтарымен 2007 жылы Уәкіл мекемесі Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссар Басқармасымен бірлесіп жүргізген мониторинг объектісі болып табылды. Оның нәтижесі бойынша 2008 жылы талдау және бірқатар нақты ұсыныстар қамтылған арнайы баяндама дайындалды.

Баяндама Президент әкімшілігіне, Парламентке, Үкіметке, барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ құқық қорғау және халықаралық ұйымдарға жіберілді.

Қазіргі кезде Қазақстанда көші-қон процестерін реттеу үшін тиісті нормативтік құқықтық база жасалды. «Қазақстан-2030» стратегиясының аясында Көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді, оны іске асыру жөніндегі үкіметтік іс-шаралар жоспары және осы мәселе бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Салалық бағдарламасы әзірленді, халықаралық келісімдерге қол қойылды.

2008 жылдың басында Қазақстанда 451 босқын тұрды. 27 адамға баспа алудан бас тартылды.

Жалпы қандай да бір бұзушылықтарды зерттеу барысында тиісті халықаралық-құқықтық құжаттар шеңберінде Қазақстанның міндеттемелеріне қайшы келетін босқындардың құқықтарын немесе мүмкіндіктерін шектеу анықталған жоқ.

Сонымен бірге, оралмандардың құқықтарын қамтамасыз ету проблемаларын зерделеу мемлекет Басшысы жария еткен шетелдік отандастардың оралу және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды баяулататын бірқатар факторларды анықтады.

Мәселен, 1991 жыл мен 2007 жыл аралығындағы кезеңде Қазақстанға
166 мың отбасы (651 299 адам) келді, белгіленген көшіп келу квотасына сәйкес тек әрбір екінші отбасы ресми қабылданған (48, 7%).

Квотадан артық келген көшіп келушілерді қолданыстағы заңнама практикада олардың көптеген проблемаларымен ұшырасатын еңбек мигранттарының санатына шартты түрде жатқызды. Атап айтқанда, ішкі істер органдары олардан азаматтықты ресімдеуге құжаттарды тезірек берулі талап етті, ал бұл квотаға қосуды ұзақ күтумен жіне оралмандарға тиесілі жекілдіктер мен әжрдемақыларды алу құқықтарынан айырылуға ұштасады.

Осы ахуал заңнамалық шешуді талап ететін барлық параметрлер бойынша мәселелерді реттейтін ведомстволық нормативтік актілердің шамалы санының қабылдануынан туындап отыр. Мысалы, 2008 жылдың басына дейін қолданылған Ереже жергілікті атқарушы органдарға квотаға қосу үшін адамдарды анықтау кезінде көшіп келуге нақты мұқтаждарды емес, дәулетті оралмандар отбасына басымдық беруге мүмкіндік берді. Мұндай іріктеу амалы, Босқындардың ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар Басқармасының пікірі бойынша, осы саладағы негізгі халықаралық қағидаттардың бірі – оралмандардың қажеттіліктерін сақтау қағидатына қайшы келеді және жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарға алғышарттар тудырмайды (анықтама: жоғарыда аталған Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстан көшіп келушілерін іріктеудің селективтік қағидатына тек 2012 жылдан бастап көшеді).

2008 жылдың ортасына дейін оралмандар мәртебесін алған көшіп келушілерді жұмысқа орналасу үшін әлеуметтік-жеке кодтарын (ӘЖК) алуға құқықтық негіздері болмады. Үкімет осы проблеманы тағы да өзінің заңнамалық актісінің деңгейінде 1997 жылы қабылданған, оралмандарды оның субъектілерінің тобына қосу арқылы «Уәкілетті ұйымдардың әлеуметтік жеке код беру тәртібін бекіту туралы» қаулымен шешті.

Алыс шетелден келген және аса ерекшелігі бар оралмандарды жұмысқа орналастыру олардың кәсіби қазақ және орыс тілдерін білмеуі, олардың жоғары білім туралы дипломдарында ностирификацияның болмауы сияқты фактілермен қиындай түсті.

Дегенмен, алдыңғы Салалық бағдарламада «Оралмандарды жұмысқа орналастыру – жұмыс бастылық, кәсіби оқыту, өз ісімен айналысу» деген жыл сайынғы өңірлік бағдарламаларды әзірлеу көзделді. Нақтығында осы бағдарламаларды әзірлеу мониторингі анықталған жоқ.

Қытайдан және Ираннан келген оралмандарда осы елдердің бұл салада екі жақты келісімдерінің жоқтығына байланысты зейнетақы алуда елеулі проблемалар туындады. Қазіргі кезде осы санаттағы оралмандар азаматтық алған жағдайдың өзінде тек жасы бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алады.

Оралмандардың тұрғын үй алу құқығы да бұзылды.

Ресми статистикаға сәйкес 2008 жылдың басындағы жай-күй бойынша квота бойынша келген отбасылардың ішінен тек 68 % тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Квотадан артық келген отбасылар өздерінің тұрғын үй проблемаларын, әдетте өз күштерімен шешеді. Ал салалық бағдарлама оралмандар үшін тұрғын үй салуды қайтару негізінде бюджет қаражатын бөлу тетігін әзірлеуді көздеді. Алайда осы шара аяғына дейін іске асырылмай қалды.

Жергілікті жерлерде оралмандарды жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілмеуі тағы бір елеулі проблеманың пайда болуын – олардың ел ішіндегі қайтадан көшіп қонуын тудырды. Бұл көшіп келу квотасына енуді мақсат еткен және азаматтық алуға солтүстік облыстарға баратын, содан кейін оңтүстік өңірлерге қоныс аударатын Өзбекстаннан келген көшіп келушілерге тән.

Осындай мән-жайлар жалпы көші-қон процесін қадағалауды және оралмандардың қоғамға кірігуін қиындатты. Осындай реттелмеушіліктің айқын салдары мониторинг барысында квотаға енген және азаматтық алған оралмандардың саны туралы объективті әрі шынайы статистиканы белгілеуге мүмкіндік бермеді.

Уәкілдің пікірі бойынша, көші-қон процесінің бақылаусыз қалуы құқық қорғау саласының шеңберінен шығатын проблемаларға әкеледі және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігімен байланысты мәселелерді қозғайды.

Баяндамада көші-қон проблематикасымен айналысатын халықаралық сарапшылардың саяси-экономикалық ахуалы орнықты ел ретінде Қазақстанда жақын жылдарда сырттан көші-қон процесінің өсуі ішкі жағдайға елеулі әсер етеді деп болжайтындығы көрсетілген. Осыған байланысты, 2007 жылы жүргізілген шетелдік еңбек мигранттарының ағынын жария ету орын алған проблемаларды шешу үшін жеткілікті шара болмады.

Арнайы баяндаманың ұсынымдарында Үкіметке жергілікті мемлекеттік басқару органдарының оралмандарды перспективалы жерлерге, бболашақта өндірістік күштері орналасатын орындарға жоспарлы орналастыруды кеңінен қолданудың мақсатқа сәйкестігін қарастыру ұсынылды.

Баяндамада Үкіметке 1990 жылғы БҰҰ-ның барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенцияны ратификациялау алдында Босқындар туралы конвенцияны ратификациялаудан туындайтын Қазақстанның міндеттемелерін ескеріп, көші-қон саясатының ажырамас бөлігі болып табылатын стратегияны және аталған халықаралық шарттарға олардың нормаларын имплементациялаумен босқындардың және этникалық иммигранттардың мәселелері жөніндегі тұжырымдық жаңа құқықтық актілерді әзірлеу ұсынылды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен есептік жылдың аяғында алынған Арнайы баяндамада қамтылған ұсынымдардың орындалуы туралы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда босқын деп танылғандардың саны 2009 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша 128-ге көбейді және 578 адамды құрайды. Оның екеуі Эфиопиядан, біреуі Сомалиден, қалғандары Ауғанстаннан келген.

Қазіргі кезде Білім министрлігінің жанында Босқындар деп танылмаған адамдардың өтініштерін шағымдану жөніндегі республикалық орталықтандырылған комиссия құрылып, жұмыс істейді.

2008 жылы БҰҰ БЖКБ, ХКҚҰ өкілдерінің және қазақстандық Омбдусменнің қатысуымен Минситрлік әзірлеген «Босқындар туралы» жаңа заң жобасы Парламентке енгізілді.

Жоғарыда аталған ұсынымдардың шеңберінде Үкімет былтырғы жылдың соңында «Нұрлы көш» Бағдарламасын қабылдады, оның мақсаты этникалық мигранттарды, сондай-ақ елдің экологиялық қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды орналастыру және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болып табылады.

Облыс әкімдіктерінің жанында көшіп-келушілердің проблемаларын зертетумен және жылжытумен айналысатын Оралмандар кеңесі құрылды.





    1. Сотталғандардың құқықтары

Сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ететін негізгі құқықтық база қылмыстық-атқару заңнамасының тиісті нормалары, сондай-ақ жалпы елімізде сақталатын Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның (бұдан әрі - Конвенция) шеңберінде мемлекет қабылдаған міндеттемелер болып табылады.

Осы тұрғыда жылдың басты оқиғасы, сөзсіз, Қазақстанның жоғарыда аталған Конвенцияға Факультативтік хаттамасын (бұдан әрі - Хаттама) ратификациялауы болды. Хаттама адам құқықтарын қорғау саласында еліміздің имиджін нығайтуға ықпал етті және халықаралық стандарттарға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарында қоғамдық бақылау үшін оның ашықтығын растады.

Тағы бір маңызды оқиға былтырғы жылдың қарашасында Женевада Азаптауларға қарсы БҰҰ комитетіне Конвенцияның орындалуы жөніндегі Қазақстанның екінші ұлттық есебін ұсынуы болды.

Осыған байланысты, Уәкіл мекемесі мен ҚР әділетмині ҚАЖК олардың арасныда жасалған Ынтымақтастық туралы меморандумның шеңберінде қабылдаған барлық бірлескен шаралары көрсетілген есепке дайындалумен байланысты болды.

Атап айтқанда, Уәкілдің бастамасымен Бас прокуратураның, ІІм, ҰҚК, Жоғарғы соттың, ҚАЖК-нің басшы қызметкерлерінің ішінен, сондай-ақ белгілі құқық қорғау ұйымдарының өкілдерінен азаптау фактілерін тергеу жөніндегі жұмысшы тобы құрылды.

Объектілерді мониторингтік аралаумен қатар Жұмысшы топ Хаттаманың талаптарын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысты.

Жоғарыда аталған есепке енген Әділет министрлігінің мәліметтеріне сәйкес Қазақстан ҚАЖ-тың заңнамалық және ұйымдастырушылық негіздерін халықаралық стандарттарға жақындастыру жөніндегі бірқатар шараларды іске асырды; жазаны өтеудің прогрессивті жүйесі заңнамалық тұрғыдан бекітілді, сотталғандардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуы тиімді бола түсті, жүйенің материалдық базасы нығайды.

Қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жүйені басқаруды жетілдіру шараларын қабылдау, колонияларда адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту, сотталғандарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін жағдай жасау белгіленді.

Женевада ұлттық есепті қорғауға Бас прокуратура, ІІМ, Денсаулықсақтаумині, әділетмині және СІМ өкілдерімен қатар уәкілдің өкілі де атсалысты.

Азаптауларға қарсы БҰҰ комитеті есебінің нәтижелері бойынша 2001 жылы осы Комитетке ұсынылған алдыңғы есептен кейін Қазақстан қабылдаған мынадай оң шаралар атап өтілді:



  • адам құқықтары жөніндегі екі негізгі халықаралық пактіні ратификациялау;

  • Азаптауларға қарсы БҰҰ конвенциясына Факультативтік хаттаманы ратификациялау және аталған Конвенцияның 21 және 22-баптарына сәйкес Қазақстанның БҰҰ комитетінің мемлекеттердің хабарламасын және азаматтардың өтініштерін алу және қарау құзыретін тануы туралы мәлімдемесі;

  • Конвенцияға сәйкес ұлттық заңнамаға түзетулер қабылдау;

  • сот жүйесін реформалау, көптеген қылмыстарға қатысты ізгілендіру, балаламалы жазаны енгізу, сондай-ақ түрме контингентінің санын азайту;

  • 2004 жылы өлім жазасына мораторий енгізу және осы мәселеде конституциялық өзгерістерге сәйкес Қылмыстық кодекске түзетулер енгізу.

БҰҰ Комитеті Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты мекемесін ерекше атап өтті.

Сонымен бірге Комитет конвенциялықміндеттемелерді орындауды ескертулер мен кемшіліктер ретінде мыналарды атап өтті:



  • уақытша ұстау кезеңінде азаматтардың құқықтарын толық қамтамасыз етпеу (күдіктіні ұстау мен оны қамауға алудың нақты уақытын тану туралы нормалардың заңнамада болмауы, адвокаттар мен дәрігерлердің ұсталғандарға баруының шектеулігі, Хабиес корпус институтын енгізуден бас тарту);

  • Қазақстанда 2006 жылы басталған пенитенциарлық жүйе реформа барысының баялауы;

  • бас бостандығынан айыру орындарында адамдарды ұстау жағдайларының БҰҰ-ның түрмедегілермен қарым-қатынастың ең төменгі стандарттық ережесіне сәйкес келмеуі;

  • қоғамдық байқау комиссияларының уақытша ұстау изоляторларына және пенитенциарлық жүйенің медициналық қызметтеріне кіруінің заңнамалық кепілдіктерінің жоқтығы;

  • ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі тергеу изоляторларының жабықтығы;

  • қатыгездік құрбандарын тәуелсіз медициналық тексеру мәселелері бойынша Стамбул хаттамасының ұсынымдарын сақтамау;

  • қорғаушының тергеу изоляторларында ұсталғандарға кіруінің шектелуі;

  • бас бостандығынан айыру орындарында өлім-хітім деңгейінің өсуі.

Бұдан басқа, хаттама Конвенцияға қатысушы мемлекеттерді бір жылдың ішінде оны ратификациялаған күннен бастап бас бостандығынан айырылған немесе шектелген адамдардың құқықтарын сақтау мониторингі жүйесін жасауды міндеттейді. Жасалатын жүйеде басты роль мониторингтің ұлттық алдын алу тетігіне (бұдан әрі - ҰАТ) тиесілі болуға тиіс.

Осыған байланысты 2008 жылы Қазақстанда Уәкіл мекемесі белсене атсалысқан ҰАТ қазақстандық үлгісін әзірлеу жөніндегі екі жобаны сынақтан өткізді.



Бірінші жобаны Халықаралық түрме ұйымы (PRI) жүзеге асырады және қаржыландырады. Былтырғы жылы ҰАТ бойынша ұстанымды әзірлеу жөнінде екі «дөңгелек стол» өткізді. Оның біреуі ҚР Әділетмині облыстық ҚАЖ басқармалары басшыларының және бүгінгі таңда заңнамалық тәртіппен көзделген бас бостандығынан айыру орындарында қоғамдық бақылаудың нақты тетіктері ретінде танылатын қоғамдық байқау комиссиялары (бұдан әрі - ҚБК) төрағаларының қатысуымен өткізілді. Пікір-талас барысында Уәкілдің өкілі оның қатысушыларының назарын ҚБК жұмысын реттейтін үкіметтік Ережелер мазмұны бойынша оларды құру проблемаларына ғана негізделгеніне және осы комиссиялардың қызмет тәртібі мен шарттарын регламенттейтін ережелер қамтылмағандығына аударды. Олардың қызметі әкімшілік колонияларға тәуелді, өкілеттіктері медициналық қамсыздандыру, еңбекті ұйымдастыру, сотталғандардың демалысы мен оқып-үйрену мәселелерімен танысумен шектелген.

Екінші форумда РRI қатысушылары қазақстандық ҰАТ үлгісін халықаралық мониторинг объектілері тек пенитенциарлық мекемелер ғана емес, сонымен бірге басқа да мемлекеттік бостандықты шектеу мекемелері: психоневрологиялық диспансерлер, балалар үйі, әскери бөлімдер де болып табылатындығына байланысты «Омбудсмен Плюс» формуласы бойынша заңнамалық тұрғыда бекіткен мақсатқа сәйкес келеді деп мәлімдеді.

ҰАТ әзірлеу жөніндегі екінші жоба Қазақстанда Еурокомиссияның қолдауымен жұмыс істейді және «Фридом Хаус» Халықаралық құқық қорғау ұйымы мен Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы іске асыруда.

Алматы қаласы мен Алматы облысы тергеу изоляторларының және колонияларының мониторинг нәтижелері бойынша жұмысшы тобы 2008 жылдың қыркүйегінде Уәкіл бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдемесінде ҚАЖ мекемелеріне тән кемшіліктерге қатысты оның мүшелерінің ортақ пікірін білдірді:



  • колониялардағы жатын үй-жайларының асыра толуы;

  • уақытша ұстау изоляторларында ұсталғандарды ұстаудың тиімсіз жағдайы;

  • өтініш иесі сотталғанның азаптауды қолдануға оның шағымдарын қарауға қатысу мүмкіндігінің жоқтығы;

  • колония әкімшілігі қызметкерлерінің түрмедегілермен қарым-қатынастың ең төменгі стандарттық ережелерін жеткілікті білмеуі;

  • ҚАЖК медицина қызметінің азаматтық денсаулық сақтаудан «автономдығы»;

Есептік жылы Уәкілдің атына сотталғандардан немесе олардың мүддесіндегі басқа да адамдардан 106 өтініш келіп түсті, оның 67-сі сот қаулыларымен келіспейтіндігіне қатысты. Олардың кейбіреулерінде сотталғандар бір мезгілде қадағалау шағымын жасауға немесе аппеляциялық немесе қадағалау сатысындағы сот отырыстарына қатсуға көмектесуді өтінеді. Жекелеген өтініштер соттарға немесе прокуратура органдарына «беруге» арналды. Осы статистикаға сотталғандар мамандандырылған прокурорлардың әрекетіне немесе соттарда осы мәселенің оң шешілуі үшін сыбайлас жемқорлық көріністеріне шағымданған шартты-мерзімінен бұрын босатуға соттың бас тартуына сотталғандардың шағымдары кірді. Заңды күшіне енген сот актілеріне қатысты барлық осы өтініштер және осыған байланысты Уәкілдің құзыретіне кірмейтін ретінде мәнісі бойынша қараусыз қалдырылды. Бұл туралы өтініш иесі-ссотталғандарға заңнамада белігленген тәртіппен хабар берілді.

Қалған 39 өтініш, соның ішінде 15-і сотталғандардың мүддесі үшін жақын туыстарынан, 10-ы – адвокаттардан, сондай-ақ 10-ы – құқық қорғау және діни ұйымдардан, 14-і – сотталғнадардың өздерінен алынды. Оларды мазмұны бойынша мынадай тәртіппен топтастыруға болады:



13-і – басқа колонияға ауыстыруға жәрдемдесуіне, колония әкімшілігінің осындай қолдаухаттарды қанағаттандырудан баст тартуына қатысты. Өтініш иелері өз өтініштерінде көптеген жағдайларда соталғандардың жеке қауіпсіздік мүдделеімен негізге алады. Барлық осы өтініштер бойынша Уәкіл Түрмедегілермен қарым-қатынастың ең төменгі стандарттық ережелерінің 37, 79, 92-баптарына және ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 68-бабына сәйкес Әділетминінің ҚАЖ комитетіне сауалдар жолдады. Тек үш сауал бойынша ғана оң жауап алынды.

14-і – азаптауды қолдануға немесе ар-намысты қорлауға, 5-еуі – медициналық қызметтің тиісінше көрсетілмеуі, 4-еуі – жазаны өтеу режимінің өзгеруіне, 3-еуі – сотталғандарды құжаттандыру проблемаларымен байланысты.

Уәкіл сотталғандардың колонияларда оларға азаптаулары және қорлаудың басқа да тәсілдері мен нысандарын қолдану туралы шағымдарын қарауға баса мән бере отырып, сондай-ақ осы шағымдарды мекеме басшыларының, сонымен юірге жергілікті жерлерде арнайы прокурорлардың тиісті түрде қарамайтындығын пайымдай отырып, осы мәселемен Қазақстан Республикасының Бас прокурорына жүгінді. Үндеуде сотталғандардың нақты шағымдары мен Уәкілдің сауладарын қарастыру кезінде лауазымды адамдар жіберген бұзушылық фактілері келтірілді.



Мысал ретінде аталған өтініште келтірілген эпизодтардың біреуін келтірген жөн.

2008 жылдың тамызында Уәкілдің атына Жамбыл облысы бойынша ҚАЖКБ ЖД-158/7 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ұлының мүддесі үшін азамат А. колония қызметкерлерінің ұрып-жыққандығына шағымданды. Осы факт бойынша Уәкіл мекемесі Бас прокуратураға сауал жолдады.

Өтінішті қарау кезеңінде А-тың әкесінен дәрігерлердің тексеруінен өткен және оған жедел хируриялық араласу ұсынылған ЕЦ-164/4/4 мекемесіне ұлының жасырын этаппен жіберілгендігі туралы екінші шағым келіп түсті. Осыған байланысты Мекеме әкімшілігі науқасты Шығыс Қазақстан облысы ҚАЖКБ мамандандырылған емдеу мекемесіне ауыстыру туралы Әділетмині ҚАЖ Комитетіне сауал жолдады.

Алайда емдеуге жіберудің орнына сотталған Жамбыл облысы ІІД ТИ тергеушісінің қаулысына сәйкес оны ұрып-соққан колония қызметкеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу эксперименттерін өткізу үшін басқа қолонияға Жамбыл облысына қайтадан этаппен жіберіледі.

Тергеушінің қаулысымен науқас А. түскен мекемеде оған медициналық көмек көрсетілмейді. Осыған байланысты Уәкіл шағымды тексеруге облыстық қоғамдық-байқау комиссиясының мүшелерін тартады. Осындай жағдайда А-тың әкесі Уәкілге ұлы келген колония әкімшілігінің науқас ұлына медициналық көмек көрсету бойныша уақтылы шаралар қабылдамауды жалғастырып келген әрекетіне үшінші рет шағымданды.

Осыған байланысты Уәкіл жедел прокурорлық ден қою шараларын қабылдау туралы өтінішпен Бас прокурордың атына Үндеу жолдайды.

Ең соңында 2008 жылдың желтоқсанында Бас прокурордың орынбасары сотталған А-тың денсаулығына нұқсан келтірген ЖД-158/7 мекемесінің қызметкеріне қатысты жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша ҚР ҚК-нің 308-бабы 4-ші бөлігінің а-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалғандығын хабарлады.

Жамбыл облысы прокуратурасының ұсынымы бойынша ЖД-158/7 мекемесінің режимдік бөлімінің аға жедел уәкілі Д.Т. Жұнұсов Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруі туралы ереженің 98-бабы 8-тармағы бойынша ҚАЖ органдарынан шығарылды. Мекеме бастығы Иманбеков Р. және режимдік бөлімнің бастығына Медетбеқовқа Н. қызметке толық сәйкес келмейтіндігі туралы ескерту берілді, мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарына Е.Л. Тұрлыбеқовқа сөгіс жарияланды.

Облыс прокурорының бұйрығымен облыс мекемесінде заңдылықты тиісінше қадағалауды қамтамасыз етпегені және қызметтік міндеттерін адал орындамағаны үшін облыс прокурорының жазалауды орындау заңдылығын дәне азаматтарды оңалтуды қадағалау жөніндегі аға көмекші Е.Н. Сатыбалдиевқа қатаң сөгіс жарияланды. Қазіргі кезде ол атқарып отырған қызметінен босатылды және жұмыс көлемі аз қызметке ауыстырылды.

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Жамбыл облысының түзеу мекемелерінде заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор Е.К. Сарұзенов прокуратура органдарынан шығарылды.

Уәкіл мекемесі халықаралық ұйымдардың пилоттық жобаларымен, соның ішінде аталған қазақстандық ҰАТ үлгісін айқындау бойынша ынтымақтастықты жалғастыруда, Жұмысшы тобының ҚАЖ, денсаулық сақтау жүйесіндегі мекемелерге және Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне мониторингілік іссапарлар жоспарланды.

2009 жылға Бас бостандығынан айыру орындарында жатқан адамдардың құқықтарын сақтау проблемалары жөніндегі арнайы баяндаманы әзірлеу жоспарланды.

Уәкіл Азаптауларға қарсы конвенцияның және оған Факультативтік хаттаманың ережелерін орындау үшін:


  1. Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

  • Азаматтық сектордың қылмыстық-атқару жүйесінің, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдары қызметінің мониторингін жүргізу үшін құқықтық негіз әзірлеу мен қабылдауды тездетуді;

  • Сотталғандармен азаптауларға немесе лайықсыз қарым-қатынасқа жол беретін лауазымды адамдарды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ететін тетік әзірлеуді;

  • 2008 жылы қарашада Жеенвада өткен Азаптауларға қарсы конвенцияның ережелерін орындау жөніндегі Қазақстанның екінші мерзімдік есебін қарау қорытындысы бойынша Азаптауларға қарсы БҰҰ комитетінің ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді;




  1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына:

Сотталғандарды шартты-мерзімінен бұрын босату туралы арнайы прокурорлардың ұсынымдарын қарау бойынша соттардың практикасын жинақтаудың мақсатқа сәйкестілігін зерделеуді;


  1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына:

Азаптаулар мәселелері жөніндегі БҰҰ Арнайы баяндамашысының 2009 жылы Қазақстанға іссапарына дайындық іс-шараларының шеңберінде түзеу мекемелерінде заңдылықты қағалау жөніндегі арнайы прокурорлардың, сондай-ақ ҚАЖК басшылығының және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету проблемаларын талқылау жөнінде кеңес өткізуді.


  1. Қазақстан Республикасына Әділет министрлігіне:

Азаптауларға қарсы конвенцияның ережелерін орындау жөніндегі Қазақстанның екінші мерзімдік есебінің тұсаукесер нәтижелері туралы жұртшылық пен БАҚ-ты хабардар ету жөнінде шаралар қабылдауды ҰСЫНАДЫ.

2.15. Елден тыс жердегі Қазақстан азаматтарының

құқықтарын қорғау
Қазақстан Конституциясының 11-бабы өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi. Мұндай норма «ҚР азаматтығы туралы» заңда да қамтылған.

Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау «ҚР дипломатиялық қызметі туралы» заңға сәйкес консулдық қызметтердің міндетіне жатқызылған.

Уәкіл туралы ереже оған олардың тұратын немесе болатын жеріне қарамастан, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға міндеттейді.

Есептік жылы Уәкіл шетелде қазақстандықтардың құқықтарын қорғауға қатысты бірнеше өтініштерді қарастырды.



Уәкілге Қытай Халық Республикасында оқыған, осы елдің сотымен сотталған студент ұлының мүддесі үшін аз. Е. жүгінді. Бұл ретте ол Қытай сот органдарынан оның ұлына қатысты қабылданған қылмыстық процесс туралы ақпарат алу мүмкін еместігіне шағымданды.

Уәкіл отандасымыздың шетелдегі оның ұлының құқықтарын қорғау туралы ақпарат алуға құқықтарын қорғау мақсатнда ҚР Ішкі істер министрлігіне жүгінді.

Жауаптан «Қазақстан Республикасының консулдық қызметі туралы» заңға сәйкес Қытайдағы Қазақстан Елшілігі Жоғары Халықтық сотта, ҚХР Жоғары халықтық прокуратурасында қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қазақстан азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар мен уақтылы шараларды қабылдаған еді: Қытай ұлттық заңнамасында көзделген қылмыстық әрекеті үшін сотталған қазақстандық студен оқып жатқан елдің құқық қорғау және сот өкілдерімен кездесу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі және консулдық қызметкер іссапарға жіберілді.

Нәтижесінде алынған шынайы ақпаратты Уәкіл өтінің иесінің назарына жеткізді.

Уәкілдің шетелдегі отандастардың құқықтық және өзге де проблемаларын зерделеуі шетелдіктер асырап алған Қазақстан балалары азаматтығының мәселелерін шешудің жай-күйі алаңдаушылық туғызады.

Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес 1999 жылдан қазіргі кезге дейін «Неке және отбасы туралы» заңға сәйкес Қазақстан азаматтары болып табылатын 7117 бала сот тәртібімен асырап алынды.

Дегенмен Қазақстанда шетелдіктердің бара асырап алу практикасы 1992 жылдың өзінде нақты енгізілді. Жоғарыда аталған заң енгізілгенге дейн қолданыста болған заңнамаға сәйкес, яғни 1998 жыл басталғанға дейін Қазақстанда бала асырап алу жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің негізінде жүзеге асырылды. Осыған байланысты Әділет министрлігінің деректер қорында шетелдіктердің 1992-1998 жылдары қазақстандық балалардың асырап алу туралы мәліметтер жоқ.

Бүгінгі таңда 90-шы жылдардың басында асырап алынған және Қазақстаннан тыс жерге әкетілген балалар кәмелеттік жасқа толды.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңның 27-бабына сәйкес Қазақстан азаматы болып табылатын, бірақ шетелдіктер асырап алған бала кәмелет жасына дейін өз азаматтығын сақтайды. Бұл ретте осы балалардың Қазақстан азаматтығынан шығуы осы заңға сәйкес тек олардың кәмелет жасына толғанда және олардың қалауы бойынша жол беріледі.

Сонымен бірге асырап алу тәртібімен қазақстандық балалар кеткен елдерде олардың заңнамасына және мемлекетішілік рәсімдерге сәйкес балаларды асырап алудың сот тәртібі жаңадан қайталанады. Нәтижесінде асырап алынған балалардың Қазақстан азаматтығына тиесілі өз күшін жоғалтады.

Халықаралық бала асырап алудың осы және басқа да проблемалары бойынша 2007 жылы Уәкіл қоғамдық тыңдауларға бастамашылық жасады. Осы іс-шараның нәтижесі бойынша Парламент депутаттарының, БАҚ пен жұртшылық назарына жеткізілген Ұсынымдар қабылданды. Осындай ұсынымдардың бірі Шетелдіктер асырап алған балаларды қорғау және ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясын ратификациялаудың мақсатқа сәйкестігі болды.

Алайда осы мәселе 7 жыл бойы талқылау сатысында қалып келеді.



2.16. Шетелдіктердің Уәкілдің атына түскен өтініштері
2008 жылы Уәкіл шетелдіктерден, сондай-ақ еліміздің аумағында түрлі негіздермен келген шетелдік туыстарының мүддесі үшін Қазақстан азаматтарынан немесе үкіметтік емес ұйымдардан 20 өтініш алды.

Атап айтқанда 6 өтініш еліміздің аумағына шетелдіктердің келуі туралы заңнама нормаларын бұщғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы әкімшілік соттардың қаулыларымен келіспейтіндіктеріне қатысты болды. Осыған байланысты оларға сот шешімдеріне және соттарға өтініштерді қарау Уәкілдің құзыретіне кірмейтіндігі түсіндірілді. Сонымен бірге өтініш берушілердің жауабында олардың одан арғы пайдаланылмаған құқықтық мүмкіндіктері туралы ескертілді.

Уәкіл Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясының азаматтарынан олардың Қазақстан азаматтығын тезірек қабылдауына немесе оларды елімізде тұрақты тұруын қалдыруына жәрдемдесуі туралы, сондай-ақ шетелдіктер алған балалардың Қазақстан азаматтығына тиесілігін тану мәселесі бойынша 7 өтініш алды.

Осы өтініштер «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңға сәйкес тиісілі бойынша қарау үшін Ішкі істер министрлігіне жолданды.



Уәкілдің атына Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық соты соттаған Өзбекстан азаматы А.-дан жаза мерзімін өтеу үшін оны өз еліне экстрадициялауға көмектесуі туралы өтініш келіп түсті.

Осы мәселелерді реттейтін халықаралық нормативтік актілерді зерттеу ТМД-ның 11 мемлекетінің арасында Мәскеуде 1998 жылы наурызда жасалған Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды одан әрі жазасын өтеу үшін беру туралы конвенцияны Өзбекстанның ратификацияламағанын көрсетті. Осыған байланысты өтініш иесіне оның өтінішіне ҚР Бас прокуратурасының алдында шешуді қолдау үшін құқықтық базаның жоқтығы түсіндірілді.

Түсіндіру өтініш иесінің назарына заңнамада белгіленген тәртіппен жеткізілді.

Қырғызстанның және РФ Приморский өлкесінің Адам құқықтары жөніндегі уәкілдерінен оларға жүгінген адамдардың мүддесі үшін Қазақстан азаматтығынан шыққанын растайтын құжаттарды жіберуге жәрдемдесуі туралы өтініштер келіп түсті.

Осы өтініштер бойынша Уәкіл мекемесі тиісті шаралар қабылдады.

Ресей азаматтарының Ақмола облыстық көші-қон полициясының азаматтық туралы олардың сауалын қарау кезінде қазақстандық заңнама нормаларын заңсыз қолдануы туралы өтініштері, сондай-ақ Ресей азаматын Атбасар аудандық көші-қон полициясының Қазақстанда шетелдіктердің болу ережесінің талаптарын оның қолданылуында қарастырмайтын әкімшілік сот қаулысына қарамастан Қазақстаннан тыс жерге шығаруы туралы шағымы шара қабылдау үшін ҚР ІІМ-ге жіберілді.

Аталған көші-қон қызметтерінің лауазымды адамдарды жіберген құқық қолданудағы қателіктері мен қызметтегі жаңылысулары кейіннен жойылды.

Шетелдіктерден «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңда кепілдік берілген және осы салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстанның арнайы заңдарында көзделген олардың еңбек қызметін жүзеге асыру, денсаулығын қорғау, тұрғын үйге құқықтарын және өзге де мүліктік құқықтарын, сондай-ақ білім беру немесе неке-отбасы қатынастары саласындағы құқықтарын бұзу туралы қандай да бір өтініштер Уәкілдің атына келіп түскен жоқ.

Әркімнің еркін жүріп-тұруна және тұрғылықты жерін еркін таңдауға құқығы туралы Конституцияның 21-бабын іске асыру туралы ақпарат алу тәртібімен Ішкі істер министрлігіне жіберілген Уәкіл мекемесінің сауалына мынадай деректер алынды:

2008 жылдың 11 айында Қазақстанға белгіленген тәртіппен шет мемлекеттерден 1 264 546 , соның ішінде ТМД елдерінен 1 137 214 азамат келген және тіркелген. Олардың ішінде белгіленген келу ережесін бұзғаны үшін 121 мыңнан астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның негізгі бөлігін еңбек мигранттары құрайды.

2.17. Адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттардың нормаларын ұлттық заңнамаға имплементациялау және БҰҰ-ға ұлттық баяндамаларды даярлау мәселелері бойынша ұсынымдар
Халықаралық шарттарды ратификациялау олардың мемлекет заңдарының алдында басымдығын танумен қатар онда көзделген халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамада өзгертудің міндеттілігін білдіреді.

Осыған байланысты бүгінде халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларының үстемдігін қамтамасыз ету проблемалары сапалы жаңа амалдар деңгейін талап етеді.

Халықаралық шарттардың нормаларын имплементациялау жөніндегі мемлекеттік саясат конвенцияларды іске асыру жөніндегі ұлттық жоспарлар әзірлеу; зерттеу жұмыстарын жүщеге асыру; орталық мемлекеттік органдарда имплементациялауға жауапты адамдарды белгілеу сияқты құрамдарды қамтитындығы белгілі.

Сонымен бірге бүгінгі таңда аталған ұлттық жоспарлар адам құқықтары жөніндегі барлық конвенция бойынша әзірленген жоқ.

Адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттарға қосылудың құқықтық және өзге де салдарлары, осы салдардың «бағасы», қосылудың мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкестігі және басқалары зерттелмейді, халықаралық проблемалармен және халықаралық құқық нормаларын қолданумен айналысатын министрліктер мамандарының орталықтан оқыту және құқықтық деңгейін арттыру ретке келтірілмеген.

Осыған байланысты Уәкіл бірнеше жылдар бойы Халықаралық шарттарға қосылу және ратификацияланған шарттардың нормаларын имплементациялау стратегиясын әзірлеу қажеттігі труралы ойын білдіріп келеді.

Осы міндетті шешу үшін осы процеске жауапты мемлекеттік органдарды белгілеген дұрыс болады. Өйткені Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Гуманитарлық құқық және халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия жылына екі рет жиналады, негізінен халықаралық мәселелер бойынша министрліктің ақпаратын тыңдаумен шектеледі.

Адам құқықтары саласында орын алған және әлеуетті проблемаларды шешуге жүйелі тәсілдер әзірлеу мақсатында халықаралық шарттар жүйесінің шеңберінде халықаралық ұйымдармен серіктестік бағдарламасын да әзірлеу қажет.

Осындай ынтымақтастықтың пайдалы болуы ратификацияланған шарттар бойынша міндеттемелерді орындау туралы мемлекеттердің ұлттық баяндамаларын БҰҰ Комитеттерінде қараудың:

ұлттық заңнама нормаларын, әкімшілік ережелер мен рәсімдерді, сондай-ақ есеп беретін мемлекеттің құқық қолдану практикасының адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігін жан-жақты талдауға;

халықаралық шартта бекітілген құқықтардың сақтаулының ағымдағы жай-күйіне жүргізілетін мемлекетішілік мониторинг туралы ақпарат алуға;

қабылданған міндеттемелердің орындалуына бағытталған шараларды әзірлеу мен жүргізуді қоғамдық бақылауда мемлекеттік азаматтық секторға оның өкілдерін ресми жіберуде көрсететін жәрдемінің дәрежесі туралы ақпарат алуға;

қабылданған міндеттемелерді бағалау мен оның тиімділігінің ұлттық өлшемдерін (стандарттарын) белгілеуді бақылауға;

мемлекеттің өз міндеттемелерін іске асыру кезінде туындайтын проблемаларға талдау жасауын бақылауға;

адам құқықтары саласындағы жалпы және мемлекетаралық проблемалар туралы ақпаратты халықаралық алмасуда мемлекетке жәрдем көрсетуге бағытталуынан туындайды.

Сонымен бірге БҰҰ-да қорғау кезінде түпкі нәтижелерге әсер ететін келіспеушілік элементтері тән ұлттық баяндамаларды даярлау практикасы қайта қарауды талап етеді.

Сыртқы істер министрлігінен алынған мәліметтерге сәйкес алдағы 3 жылда еліміз БҰҰ-ға мынадай баяндамалар мен ақпаратты ұсынуға тиіс:


  • Экономикалық және мәдени құқықтар жөніндегі БҰҰ комитетіне Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің орындалуы туралы бастапқы баяндама;

Мерзімі – 2009 жылғы қараша


  • Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ комитетінде ӘМШ1 (адам құқықтары жөніндегі әмбебап мерзімдік шолу) рәсімдерінің өтуіне арналған ұлттық баяндама;

  • Мерзімі – 2010 жылғы сәуір




  • Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция бойынша төртінші мерзімдік баяндама

Мерзімі – 2011 жылғы қыркүйек


  • Бала құқықтары туралы конвенцияға екі Факультативтік хаттаманың орындалуы туралы ақпарат;

Мерзімі – 2011 жылғы желтоқсан
Көрсетілген баяндамаларды даярлауға жүйелі амалдарды белгілеу, олардың мазмұн сапасын арттыру, сондай-аұ оларды БҰҰ-да қорғау үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін белгілеу мақсатында Уәкіл:


  1. Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

Қазақстан ратификациялаған адам құқықтары саласындағы халықаралық-құқықтық актілердің нормаларын ұлттық заңнамаға имплементациялау үшін жауапты мемлекеттік органды айқындаудың мақсатқа сәйкестігін қарауды;


  1. Сыртқы істер министрлігіне:

Ұлттық баяндамаларды даярлау кезінде министрліктер мен ҮЕҰ ұстанымын және ақпаратын есепке алу жүйесін әзірлеуді;

Конвенцияларды іске асыру жөніндегі ұлттық есептер мен ұлттық жоспарлардың жобаларын әзірлеуде Гуманитарлық құқық және халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның консультациялық және сарапшылық жұмыстарын жандандыру шараларын қабылдауды;




  1. Әділет министрлігіне ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп:

Халықаралық проблемалармен айналысатын, сондай-ақ халықаралық шарттарды имплементациялауға жауапты министрліктер мен агенттіктер мамандарының құқықтық деңгейін арттыратын арнайы бағдарлама әзірлеуді ҰСЫНАДЫ.


ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның адам құқықтарын қамтамасыз етуде қол жеткізген процесі айқын әрі даусыз. Қазіргі кезде еліміз осы саладағы барлық негізгі халықаралық конвенциялар мен пактілерге қосылды. Конституцияға және жалпы қабылданған әлемдік стандарттарға сәйкес азаматтардың құқықтарын іске асыратын және олардың сақталуын қамтамасыз ететін ұлттық заңнама дамуда және жетілдірілуде.

Адам құқықтарымен байланысты ахуалдың едәуір өзгеруін халықаралық қоғамдастық таныған қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыруда белгілі бір дәрежеде ықпал ететін қоғамдық және мемлекеттік құқық қорғау институттарының белсенді қызметі айғақтайды.

Сонымен бірге мемлекеттің өз азаматтарының құқықтарын заңнамалық қамтамасыз етуде және заңның нормаларын күнделікті өмірде қолдануда жоғары аталған ауқымды жұмыстардың арасындағы белгілі бір сәйкессіздіктерден көрінетін жоғарыда аталған процесті баяулататын факторлардың бар екендігін мойындауымыз қажет.

Жекелеген билік өкілдерінің құқықтық нигилизмі азаматтарды көбінесе өз конституциялық құқықтарына құқықа қарсы тәсілдермен қол жеткізуіне мәжбүр етіп, оларға өз міндеттерін айрықша құзырет ретінде түсіндіріп беруге мүмкіндік береді.

Өз құқықтары мен міндеттерін түсінудегі мұндай сәйкессіздік мемлекет Басшысының жария еткен әкімшілік реформаны жүргізу барысында да көрінеді. Оның мақсаты билікті халыққа барынша жақындастыру, осы қарым-қатынастардың айқындылығы, сондай-ақ мемлекетті басқару процесіне азаматтық секторды белсене тарту болып табылады.

Елде адам құқықтарының толықтығын қамтамасыз етуге сыбайлас жемқорлықтың да кедергі жасауы жалғасуда.

Әлемдік экономикалық дағдарыспен шиеленісе түскен осы ахуалда Уәкілдің оған мемлекет жүктеген функциялары өзекті әрі талап етілуде. Ұлттық құқық қорғау институты ретінде оның қызметінің тиімділігі адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласныда мемлекеттің жалпы қабылданған баға өлшемі ретіне танылады.

Осындай өзектілік Қазақстан үшін осы есепте аталған БҰҰ-ның тиісті құрылымдарында тікелей өз құқықтарының бұзылуына шағымдармен жүгінуге азаматтарға мүмкіндік беретін халықаралық құжаттардың алдағы уақытта күшіне енуі байланысты болып отыр.

Мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың көбінесе бірлескен күш-жігер мен өзара іс-қимылдан орындалуы байланысты болатын адам құқықтарын қамтамасыз ету міндеттерінің ортақтығын түсінуі тұрақтылық пен экономикалық орнықтылықты сақтауға, сондай-ақ елдегі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететіндігі күмәнсіз.

Ең соңында Конституциялық Кеңеске, Жоғарғы Сотқа, Парламент депутаттарына, мемлекеттік органдарға, халықаралық және ұлттық құқық қорғау ұйымдарына, Уәкіл аппаратына құқық қорғау процесінде, сондай-ақ осы есепті дайындауда бірлескен жемісті жұмысы үшін ризашылығымызды білдіреміз.



ҚОСЫМША:

Астана қаласының әкімі

И.Н.Тасмағамбетовке

Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы!
Өткен жылдың қазан айында менің атыма тұрғын үй құқықтарын қорғау үшін Астанда тұратын, көп жылдары радиациясы жоғары сынақ полигондарында жұмыс істеген зейнеткер С.Р. Мұздыбай С.Р. жолданған.

Оның шағымын қарау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25- тармағына сәйкес Астана қаласы әкімінің атына 2007 жылғы 19 қарашада аталған шағымданушыны мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке енгізу негізін өзгерту қажеттігі туралы ұсыныс жіберілген. Онда өтініш берушінің ұсынған құжаттарына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес С.Р. Мұздыбайды кезекте тұрғандар тізіміне «жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысыныа қатысушыға теңестірілгендер» ретінде енгізу ұсынылған.

Бірақ әкімнің орынбасары С. Хорошун аталған ұсынысқа жауабында өтініш берушінің үй алуға кезекте түрғанын растаған, ал шағымданушының тұрғын үй құқықтарын іске асыру үшін құқықтық негізді өзгерту мәселесін назарға алмаған.

Мазмұндалғанның негізінде және азамат С.Р.Мұздыбайдың тұрғын үй құқықтарын қорғау үшін құрметті Иманғали Нұрғалиұлы Сізден оны тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж адамдардың тізіміне енгізу енгізу негізін өзгерту мәселесін мәні бойынша қаралуын тапсыруды сұраймын.



жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау