«Қазақстан тарихы, жалпы білім беру пәндері және ақпараттық жүйелер» кафедрасы


Объектілік ұстанымға негізделген программалық жабдықтардың ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптар



жүктеу 0,51 Mb.
бет95/105
Дата21.01.2022
өлшемі0,51 Mb.
#34296
түріЛекция
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   105
« аза стан тарихы, жалпы білім беру п ндері ж не а паратты ж йе

1. Объектілік ұстанымға негізделген программалық жабдықтардың ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптар


Объектіге бағдарланған программалау – бұл программалық жабдықты, қандай да болмасын кластың ӛкілі болып табылатын, объектілердің жиынтығы түрінде құратын программалау методологиясы.

Объектіге бағдарланған жобалау – бұл құрылатын ақпараттық жүйенің (немесе программалық жабдықтың) барлық статикалық және динамикалық модельдерін объектілі декомпозициялау процесі мен модельдердің логикалық, физикалық тұрғыдан беру тәсілдері негізінде жобалау методологиясы.

Объектіге бағдарланған талдау – бұл жобаланатын жүйеге қойылатын талаптар, пәдік облыстағы анықталған кластар мен объектілер тұрғысынан қарастырылатын методология.

Объектіге бағдарланған ұстанымның концептуалдық негіздеріне объектіге бағдарланған ұстанымның моделі жатады. Объектілік модельдеудің негізгі элементтері: абстаркциялау, инкапсуляция, модульділік және иерархия. Қосымша элементтері: типтелу, паралеллизм және тұрақтылық. Абстракциялау – бұл қандай да болмасын объектіні, ӛзге объектілерден ажырататын белгілері, сипаттамалары және т.б. арқылы бӛліп алу, жалпы абстракциялау объектінің сыртқы ерекшеліктеріне негізделеді. Объектіге бағдарланған ұстанымда, берілген объектінің дұрыс абстракциялануы, жобалаудың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Инкапсуляция – бұл объектінің, ӛзінің ішкі элементерінің, бір бірінен ажыратылу процесі. Бұл процесс кезінде объектінің ішкі құрылымдары мен оқиғалары бір- бірінен дұрыс ажыратылады. Инкапсуляция объектінің интерфейсін қорғау үшін қолданылады немесе объектілік ұстанымда класстың ресурстарын, тек оның ӛзінің ғана пайдалануын қолдайды.

Абстракциялау мен инкапсуляция бірін бірі толықтырады.



Модульділік – бұл программалық жабдықтың декомпозициялану кезінде ӛзара байланысқан, бірақ ӛте әлсіз байланысқан модульдерге бӛліну қасиеттері. Инкапсуляция мен модульділік қасиеттері абстракцияларды бір- бірінен ажыратады.

Иерархия – бұл жүйедегі абстракцияланудың бір- біріне бағынышты түрде реттеліп орналасуын тағайындайды. Бұл күрделі жүйедегі класстардың құрылымы (иерархиясы). Мысалы, жай және кӛп қабылдаушылықты айтуға болады.

Типтелу – бұл абстракцияға байланысты класстарды бір бірінен ажырату үшін қойылатын шектеулер.

Паралеллизм – бұл объектінің актив және пассив түрде болуын кӛрсетеді.

Тұрақтылық – бұл объектінің ӛмір сүру уақытын кӛрсетеді.

Объектіге бағдарланған ұстанымның негізгі түсініктері: объект, класс.

Объект класстың экземпляры тұрғысынан қарастырылады. Объектінің күйі, оқиғасы және жеке қасиеттері болады. Объектіге әсер етуді әдіс деп атайды. Класс қабылдаушылық пен инкапсуляция және полиморфизмді (абстракцияны) қанағаттандыратын құрылымдық жиынтық тип ретінде қабылданған..

Объектіге бағдарланған анализ бен жобалау әдістері модельдеу тілі мен модельдеу процестерінің сипаттамаларынан тұрады.





жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау